Өкінішке орай, көпшілігі оның ішінде Ұлттық банк девальвацияның тек бір жағын ғана байқайды. Барлығы да девальвацияның қажет екендігін мойындайды. Алайда девальвацияны күрт немесе кезең-кезеңімен жүргізу қажет пе деген мәселенің айналасында ғана талас жүріп жатыр. Мәселе тереңде. Ол тек жылдамдыққа ғана емес, оның диапазоны мен құбылмалылығына байланысты.
Бірінші фактор - жылдамдық. Девальвация жүргізудің 3 жылдамдығы бар:
1. Кезең-кезеңімен. Құнсыздану кезең-кезеңімен жүргізілгенде, экономикалық процесстерді басқару мен жоспарлау жоғалмайды. Бизнес жағдайға бейімеліп, өзінің жоспарлары мен инвестицияларын реттеп отырады. Отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі де біртіндеп қалпына келеді. Ең бастысы, бұл әдіс қолданылғанда ең минимальді құбылмалылыққа қол жеткізуге болады. Кезең-кезеңімен девальвация жүргізуді жақтаушылар: О.Құдайбергенов, Ә.Үшбаев.
2. Күрт, бір сәтте жүргізу. Девальвация кенеттен жүргізілгенде, нарық шокта болады. Бірақ біртіндеп қалпына келіп, өзінің тұрақты әрекетін жалғастыра береді. Отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі күрт көтеріледі. Бұл әдістің кемшілігі - оны жүзеге асыру үшін арнайы қор болу қажет. Жақтаушы: Денис Кривошеев.
3. Алдын-ала болжамдауға болмайтын, құбылмалы. Бұл ең нашар әдіс. Ешкім ештеңені жоспарлай алмайды, тиісінше ешкім жағдайға бейімдей алмайды. Барлығы да "уақытша" деген режимде жүреді, кез келген инвестициялық процесс тоқтатылады. Экономика толығымен долларланады. Ешкім ұлттық валютамен сауда жасағысы келмейді, тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі жоғарылмайды. Тауар өндіру мүмкіндігінің өзі қауіп астында қалады. Мұны тіпті әдіс деп те айтуға болмайды. Жақтаушы: ҚР Ұлттық банкі.
Екінші фактор - девальвация диапазоны.
Тым шағын девальвация оң әсер ете алмайды, ал тым күшті болғанда оң нәтиженің салдары теріс болып шығады. Диапазонды негізгі макроэкономикалық факторларға байланысты айқындап, девальвация жүргізу жылдамдығына байланысты реттеп отыру қажет.
Үшінші фактор - курстың құбылмалылығы. Бұл - ең бастысы, бірақ Ұлттық банк тарапынан мүлде назарға алынбайды. Курс не тұрақты өсуі, не тұрақты төмендеуі немесе тұрақты реттеліп отыруы қажет. Барлық экономикалық субьектілер үшін ортақ қасиет - тұрақтылық.
Ал қазіргі жағдайға тоқталайық. Ұлттық банк күрт, құбылмалы, алдын-ала болжауға келмейтін, қалыпты диапазоннан да артық құнсыздану жүргізді. Құбылмалылық жоғарылап, экономика долларланып, әлеуметтік шиеленіс арта түсті. Былайша айтқанда, Ұлттық банк ең нашар деген нұсқаны таңдады. Енді девальвация жүргізудің ең табысты үштігінің орнына ең сәтсіз деген үштікке ие болып отырмыз.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024