Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 372 теңгеге дейін қымбаттады

Доллар 372 теңгеге дейін қымбаттады

Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 371,83 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (370,75 теңге / $1) ұлттық валюта 1,08 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 371,60 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 372,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 371,90 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 29 млн 200 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 55.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 374 теңге, Алматыда – 374 теңге.

Ұлттық Банктің 26 желтоқсандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 371,08 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы