Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы тұрақты

Доллар бағамы тұрақты

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 маусымдағы доллардың орташа бағамы 330,88 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 330,75 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 331,20 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 330,76 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 62 млн 300 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 151.

Ақша айырбастау орындарында 5 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 332 теңгені құраған.

Похожие материалы