Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар кешегі қалпын сақтап қалды

Доллар кешегі қалпын сақтап қалды

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 14 маусымдағы доллардың орташа бағамы 335,85 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 335,40 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 336,04 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 336,04 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 31 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 66.

Ақша айырбастау орындарында 14 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 337 теңгені құраған.

Похожие материалы