Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен , оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Экономиканы ақша-неиселi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi iске асырады.
Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер арасындағы шот айыру ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық банкi мемлекеттiк ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкi ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабiлеттiлiгi мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын, бiр сөзбен айтқанда экономикалық жағымсыз құбылыс болып табылатын инфляцияға қарсы саясатты қамтамасыз етудi көздейдi.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Тiптi соңғы уақытта бiздiң елiмiздiң банктiк жүйесiнен ТМД елдерi тәжiрибе де алып жүр. Бұл әрине үлкен жетiстiктерiмiздiң бiрi деп санаймын.
Мiне, сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикадағы банктердің мәні мен рөлі» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Менің бұл жұмысты орындау барысындағы алдыға қойған мақсаттарыма келесілер жатады:
- Банктердің экономиканың тиімді қызмет етуіндегі мәнін, маңызын және рөлін ашып көрсету;
- Банктердің негізгі қызметтерін және олардың қоғамдық дамудағы маңызын атап өту;
- Еліміздің Ұлттық банкінің негізгі банк ретіндегі атқаратын қызметтері мен саясаттарын талдау;
- Ұлттық банктің 2003-2006 жылдардағы іске асырып отырған ақша-несие саясатының жүргізілуін қарастыру;
- Коммерциялық банктердің қаржы делдалы ретіндегі атқаратын қызметтері мен негізгі операцияларына тоқталып өту. I ЭКОНОМИКАДАҒЫ БАНКТЕРДIҢ МӘНІ МЕН РӨЛІ
1.1 Банк – экономиканың тиімді қызмет етуінің негізі ретіндегі мәні мен рөлі
Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi және несие жүйесінің негізгі буыны болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым бөлігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектецлі серіктестіктердің, халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады.
«Банк» деген ұғым италиян сөзі «bank» - орындық, «айырбас орны» деген ұғымды білдіреді. Тарихта банктің ең алғашқы қызметтері тұқым сату барысында ақшаны несиеге беру қызметтері жаңа эраға дейінгі ғасырларда орын алған болатын.
Банктердiң және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушылардың экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi, ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi. (1-сызба).
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық , ауданаралық үлестiру механизмiн қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметiн атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын , жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе-теңдiк саясатын жүргiзедi. Әр түрлi көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының “тобын” құрайды және оларды жұмыс iстеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлi шарттарға несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелiк қызмет көрсетуiн ұйымдастыру және несиелiк жүйенiң қызмет етуi шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие.
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналыды және барлық қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып , ұдайы өндiрiстiң барлық фазасының аясына ғана кiредi. Банктер шаруашылық өмiрдiң орталығы, барлық экономиканың негiзгi түйiнi болып табылады.
Банктiк жүйенiң мақсаты мен мiндеттерi негiзiнен экономиканы жалпы басқарудың мақсаттары және мiндеттерiмен бiрдей, әйтсе де банктер басқарудың кiшiгiрiм жүйелерi ретiнде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн, өзiне тән жеке мiндеттерiн орындайды. Экономиканы басқару органы ретiндегi негiзiнен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетедi, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретiнде көрiнiс алады, ал экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдiстемелердi пайдаланады. Мүдденi осылай деп түсiнуден келесi туындайды, яғни оларға қажеттiлiктердi қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты.
Банктер басқарудың экономикалық әдiстерi мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлi буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттiлiктерiн әр түрлi несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздiксiз қызмет қызмет етуiндегi қажеттiлiгiн қанағаттандырады, қоғамдық өнiмнiң тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етедi.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргiзудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн айыппұл, төлем төлеу күнiн созғаны үшiн өсiм, несиенi өз уақытында қайтармағаны үшiн жоғары пайыздарды алуымен өзiнiң мүддесiн ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесiн қорғайды.
Банктер өз қызметтерiн орындау кезiнде функционалдық (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергiлiктi орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс iстейдi.
Банктерде басқарудың басқа органдарындағы жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетiлген клиенттерiнiң негiзгi қызметi туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктiк несиелердi қайтару үшiн қаражаттың болмауы тек объективтi ғана емес, сонымен бiрге, осы шарт иесiнiң жұмысының нашар екендiгiнiң күнделiктi оперативтi көрсеткiшi болып табылады. Банктiң мәлiметтерi бухалтерлiк есептi құруды күтпей-ақ кәсiпорын қызметтерiнiң көптеген маңызды факторлары туралы, әрi олардың нәтижелерiн алдын-ала көруге мүмкiндiк бередi.
Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуынабелсендi қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол арқылы ұдайы өндiрiстiк үрдiске әсер етедi. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда. Меншiктi жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру нәтижесiнде жеке меншiк, меншiктiң ұжымдық және акционерлiк түрлерi, кооперативтiк қозғалыс кең етек алуда, меншiктiң аралас түрi негiзiнде кәсiпорындар құрылуда. Қоғамда белгiлi-бiр класқа ие комерсанттар, кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердiң ролi күшеюде. Олардың жұмысында әмiршiл - әкiмшiл әдiстердiң орнын – экономикалық әдiстер алмастырды. Сөйтiп экономикаға банктiк ықпал етудiң құндық құрылымдарының мағынасы арта түстi.
Бұл жағдайда экономикада инфляцияның төмендеуiнде және олардың нарықтық жолға көшуiнде , ең алдымен меншiктi жекешелендiрудегi ролi айрықша. Мұнда банктiк жүйенiң негiзгi мақсаты – несиелiк механизмдi жетiлдiру, ақша массасын реттеудегi әдiстерiн жетiлдiру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртiбiн сақтау болып табылады. Елiмiзде 1993 жыл 15 қараша айынан бастап өзiмiздiң ұлттық валютамыз – төл теңгемiздi енгiздi. Бiрақ инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шiлде айында 46% -ке жеттi. Ұлттық банкпен үкiметтiң монетарлық саясаты қабылдануының нәтижесiнде 1994 жылы тамызда 13,5%-ке, ал бүгiнгi таңда инфлиция жоспарланудан ауытқымай 5,8%-тi құрады.
Мемлекеттiк меншiкке кәсiпорындарды жекешелендiрудi қайта құруға банктiк жүйенiң ролi маңызды. Сондықтан, банктiк реформаның негiзгi мақсаттарының бiрi – экономикалық жеке секторды құру және кәсiпорынды жекешелендiруде демеушiлiк көрсету болып табылады.
Банктiк жүйенiң реформасы инвестициялық қорлардың ролiн жоғарылату және сауықтыру банктерiн құру жолымен жекешеленген кәсiпорындарды қайта құруға қолғабыс етедi. Сауықтыру банкiнiң ролi жекешелендiру бағдарламасының негiзгi мақсаты болып табылатын , тиiсiнше жекешеленген және көп шығынды кәсiпорындарға корпоративтi жетекшiлiктi күшейтуге қатысты арта түседi.
Банктiк жүйенiң реформасы жеке кәсiпорындардың банктен несие алуын қамтамасыз етедi, жеке сектордың дамуына жәрдемiн тигiзедi. Осы мерзiмде ол шығынды мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта құруды ынталандырады.
Банк ісі – қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктердің экономикадағы маңызының ерекше екендігін олардың жүргізетін 200-ден аса қызметтері мен операцияларынан көруге болады.
1.2 Банкттердің атқаратын негізгі қызметтері
Қандай жүйе болмасын оның өзiнiң формалары мен қызметтерi болатыны анық. Жалпы банктiң атқаратын қызметтерiн төмендегiдей қарапайым жiктеуге болады:
- Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
- Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу;
- Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы клиенттерiне айырбас, ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады;
- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiне тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттiк чектердi , вексельдердi шығарумен де несиелейдi;
- Экономикалық және қаржылық ақпарат берiп отыру ;
- Орындайтын айрықша қызметтерiне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгiлерiн эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте Орталық банк деп аталады. Бiздiң елде ол – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi деп аталады. Мемлекеттiң Орталық банкiнiң негiзгi мақсаты – айналысқа ақша бiрлiгiн шығару, қалған банктерге ерекше тауар – ақша белгiсiн сату және банк жүйесiнiң несие есеп, эмиссиялық жұмысын басқару болып табылады.
Мемлекеттегi басқа банктердiң барлығының да ақша белгiлерiн шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететiн қызмет түрлерiн үнемi ұлғайтып тұратын әмбебап үлгiдегi банк. Ал басқа банктер бiр-екi қызмет түрiне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердiң екi түрi де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейiн ұзақ мерзiмге қарызға бередi. Инвестициялық банктер кәсiркерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеудi және оны игерудi несиелейдi.
Ипотекалық банктер – жердi және жылжымайтын мүлiктердi кепiлдiкке алып, ұзақ мерзiмге несиеге бередi. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.
Бағанадан бергi банктiк жүйеде басты банк деп айтып жүрген Орталық банктiң қызметтерiне тоқталсақ. Кез-келген орталық банктiң мiндетi – ұлттың ақша өлшемiнiң төлем қабiлеттiлiгi мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Осы мiндеттердi атқару үшiн орталық банк негiзiнен мынадай қызметтердi орындайды:
- Банкноталарды монополиялы түрде эмиссиялау;
- Ақша – несиелiк қатынастарды реттеу;
- Сыртқы экономикалық қатынастарды жүргiзу;
- Банктердiң банкiсi болу және үкiмет банкiсі қызметі;
Орталық банктiң ең алғашқы қызметi – ежелден қалыптасқан мемлекеттiң өкiлi ретiнде заңды түрде – банкнота шығару. Ол – елде төлем мiндеттемелерiн өтейтiн, халық қабылдаған жалпы ұлттық төлем құралы. Кейбiр мемлекеттерде орталық банк монополиялы түрде монеталар шығарады. Көп елдерде монетаны қаржы министрлiгi соғып, орталық банк оларды номиналымен сатып алады. Сөйтiп , орталық банк сатып алған монеталарды өзi өзi шығарған банкноталармен қосып айналымға түсiредi.
Орталық банктiң эмиссиялық монополиясы оны банк жүйесiнiң эмиссиялы-кассалық орталығына айналдырды. Себебi орталық банктiң мiндеттемелерi кез-келген коммерциялық банктiң кассалық қоры болып табылады. Өйткенi орталық банктiң басты клиентi – коммерциялық банктер, ал олар орталық банк пен экономика салалары арасында делдал ретiнде қызмет атқарады.
Орталық банктiң ақша несиелiк реттеу қызметi. Экономиканы ақша және несие айналымына әсер ету жолымен реттеу – мемлекеттiң экономикалық саясатынығ құрамдас элементi. Оның негiзгi мақсаты экономикалық өсудiң тұрақтылығы, инфляция мен жұмыссыздықтың төменгi деңгейiне және төлем балансының тепе-теңдiгiне қол жеткiзу болып табылады.
Орталық банктiң сыртқы экономикалық қызметi – ол орталық банктiң мемлекеттiң валюталық саясатын жүргiзетiн және валюталық бақылау органы болуы. Ол – ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтау және оны реттеу; елдiң ресми алтын валюта резервiнбасқару жөнiде операциялар жүргiзу; халықаралық есеп айырысу, төлем балансын реттеу; елдегi және одан тыс жерлердегi валюталық құндылықтардың қозғалысын қадағалау; болжамдарды жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын жүргiзу. Орталық банк дүниежүзiлiк қарыз капиталы нарығы мен алтын нарығына қатысу үшiн халықаралық келiсiмдердi дайындауға, сонымен бiрге, халықаралық және аймақтық валюта-несие ұйымдарында өз еленiң өкiлi болып қатысады.
Орталық банктiң банктердiң банкiсi қызметi – ол орталық банктiң кәсiпорындарға және халыққа тура қызметкөрсетпеуi, яғни орталық банктiң негiзгi клиентi коммерциялық банктер болуы. Бұл оның коммерциялық банктерден айырмашылығы. Орталық банк коммерциялық банктердiң кассалық қорларын жинақтау және сақтау қызметiн атқарады. Бұл қорлар банктiк мiндеттiрезерв қорлары деп аталады. Орталық банк банктердiң депозиттерi бойынша мiндеттемелерiнiң ең аз резервтерiне арақатынасын, яғни мiндеттi резервтердiң нормасын бекiтедi.
Коммерциялық банктердiң кассалық резервтерiн сақтауға қабылдаумен қатар орталық банк оларға несиелiк көмек көрсетедi. Оның несие үшiн проценттiк төлем мөлшерi нарықтық мөлшерден анағұрлым жоғары болады, сондықтан орталық банктiң несиесiн басқа несие алу мүмкiндiгi болмаған ақырғы жағдайда ғана алады.
Орталық банк банктердiң банкiсi ретiнде елдiң төлем жүйесiнiң басты реттеушi органы қызметiн атқарады. Ол банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру, есептесу жүйесiн реттеу және үйлестiру жұмыстарын жүргiзiп , банк жүйесiнiң есеп есеп айырысу орталығы болып табылады.
Орталық банктер қадағалау мен бақылауды негiзiнен мынадай бағытта жүргiзедi:
- Банктiк қызмет түрлерiне лицензия беру;
- Кейбiр операция түрлерiн жүргiзуге,
- Банктер берген қаржылық есептi тексеру және талдау;
- Клиенттердi ревизиялау (тексеру);
- Мiндеттi резервтердiң нормативтi және экономикалық нормативтердiң жүйесiн белгiлеу, сонымен бiрге олардың орындалуын тексеру.
Орталық банктiң үкiмет банкiсi қызметi. Үкiметтiң банкирi ретiнде орталық банк оның әрi кассирi, әрi несие берушiсi, әрi қаржылық кеңесшiсi. Орталық банкте үкiмет мен мемлекеттiк органдардың есепшоттары ашылған. Орталық банк мемлекеттi несиелеумен, мемлекеттiк заемдарды орналастыру және оларды өтеу мәселелерi бойынша, нарықтық жағдайларға байланысты мемлекеттiк бағалы қағаздарды және оның табысты уақытын таңдау жөнiнде кеңес берумен, мемлекеттiк борышты басқарумен шұғылданады.
Қорыта айтқанда, орталық банктiң атқаратын қызметтерi бiрiмен-бiрi тығыз байланысты.
Мемлекеттiң несие жүйесiнде коммерциялық банктердiң алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлi саласында жан–жақты iс-әрекет етедi. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негiзгi бөлiгiн шоғырландырып, өз клиенттерiне нсие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу – сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетедi.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу үшiн олардың қызметтерiн айтып өтейiк:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына берiлiп, өндiрiстiң кеiеюiн қамтамасыз етедi.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесiнсiз тұрақты экономика болуы мүмкiн емес. Сондықтан банктiң келесi қызметi шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзудiң ролi зор. Кәсiпорындар арасындағы есеп айырысудың негiзгi бөлiгi қолма-қол ақшасыз жүредi. Банктер делдал ретiнде клиенттердiң тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуiн және берiлуiн есептейдi.
Коммерциялық банктердiң ерекше қызметi құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немес азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттiк және несиелiк қызметтерiне тiкелей байланысты. Депозит екi түрлi жолмен: клиенттiң банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктiң несие беруi арқылы жүргiзiледi.
Коммерциялық банктер акция және облигация түрiндегi бағалы қағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық – құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердiң жинақтарды өндiрiстiк мақсатқа жұмсайтын мүмкiндiгi бар. Сөйтiп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесiн толықтырып, әрi онымен тығыз байланыста жұмыс iстейдi. Ұзақ мерзiмдi инвестиция тарту мақсатында кәсiпорындар акция және облигациялар шығарады.
Банктер сенiмхат бойынша клиенттердiң мүлкiн басұару қызметiн де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметтi атқаруға құқығынан айрылғандардың мүлкiн уақытша басқару; iзбасарларының мүддесi үшiн өлген адамның мүлкiн басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететiн қызметтерi: банктiң облигациялар бойынша кепiлшi болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансферттердi тiркеу үшiн өкiл болуы; корпорацияның зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.
Экономикалық мағлұматтарды өзiне жинақтауы банктердiң клиенттерiне кеңес беру қызметiне мүмкiндiк туғызады. Банктер төмендегiдей кеңес бередi: шот ашу; есеп-несиелiк және кассалық қызметкөрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргiзуге дейiн нұсқау бередi.
Сонғы кездерi коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерiнiң арасындағы бәсеке күшшейе түсуде. Бәсеке банктердiң жаңа қызмет түрлерiн iздестiруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерiн өсiруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгерiп, қаржылық кәсiпкерлiкте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердiң экономиадағы ролi күннен-күнге артуда.
II ЕЛІМІЗДЕГІ БАНКТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН АТҚАРАТЫН ШАРАЛАРЫ
2.1 Ұлттық банктің экономикадағы рөлі және жүргізетін саясаттары
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Қазақстан Республикасының Орталық банкi және республикамыздағы банк жүйесiнiң жоғары деңгейi болып табылады.
Ұлттық банк - ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне – банк iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сйкес Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемiнде мына қаражаттар есебiнен құрайды: республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттар, мемлекеттен алынған негiзгi қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Ұлттық банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:
- Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
- Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
- Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары. Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массасының көлемiн реттеу жолымен ҚР-да мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзiп, ҚР аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
- кепiл берушi Үкiмет болып табылатын ҚР-ның iшкi және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
- ҚР-сы аумағында еншiлес банк ашуға рұқсат бередi;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкiлдiлiктерiн ашуға келiсiм және банк операцияларын жүргiзуге лицензия бередi;
- Банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тiркелуiне дейiн өзi белгiлеген тәртiппен мiндеттi сараптауын жүргiзедi;
- Ол банктерге несие беруге , банктердiң қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясын бақылау жасауға құқылы. Банктерге сонғы сатыдағы несие берушi болып табылады;
- Банктердiң жұмысына және шетелдiк валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргiзедi;
- Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелердi өзгерту арқылы банктiк пайыз мөлшерлемелерiнiң деңгейiн реттеудi жүргiзедi;
- Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртiбiн , жүйесiн және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгiлiнде және үздiксiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн жүйенiң жұмыс iстеуiн ұйымдастыруы тиiс;
- ҚР-да валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрiн жүргiзуге құқылы;
- Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн банктерге, шетелдiк валютаны сатып алу , сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухалтерлiк, статистикалық, тағы басқа есеп берудiң тiзiмiн, формасын және мезгiлiн бекiтедi;
- Қолма-қол банкноталар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерiн бекiтедi;
- Iшкi және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер щығарады;
- ҚР-ғы банктiк жүйеге кадрларды даярлауға қатысады.
Сондай-ақ ҚР-ның заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтердi атқарады.
ҚР-ның Ұлттық банкi “банктердiң банкi” ретiнде ең басты мақсаты экономиканы төлем құралдарымен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдiң барлық несие жүйесiнiң қызмет етуiне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесiн қалпына келтiру, банк қызметiн реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейдi және өз қызметiнде пайданы табу мақсатын көздемейдi. Оның клиенттерi – коммерциялық банктер және басқа да несиелiк мекемелер болып табылады. Осыдан келiп, Ұлттық банкiнi “банктердiң банкi” деп атайды.
Ұлттық банк “банктердiң банкi” қызметiн атқару үшiн:
- коммерциялық банктердiң резервтерiн сақтайды;
- коммерциялық банктерге қысқа мерзiмдi қажеттiлiктерiне байланысты қысқа мерзiмдi қарыздар бередi;
- жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргiзедi;
- банктердiң қызметiне бақылау және қадағалау жүргiзедi.
Ұлттық банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық – несиелiк мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “сонғы сатыдағы несие берушi” деп атайды.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңында былай жазылған: ҚР-ның Ұлттық банкi Үкiметтiң бас банкирi, қаржы кеңесшiсi әрi агентi ретiнде және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара мәмiлеге келуi бойынша әрекет етедi.
ҚР-ның Ұлттық банкi ҚР-ның орталық банкi ретiнде басқа елдердiң орталық банктерiмен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста ҚР-ның мүддесiн қорғайды. Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтiк, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жүргiзу құқығына ие, “банктердiң банкi” ролiн атқарады, сондай-ақ ақша – несие және валюта саясаттарын жүргiзетiн бiрден бiр ұйым.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы уақытқа дейiн өзiнiң ең бiрiншi атқаратын мiндетiн елдегi инфляция қарқынын төмендетуге және оның тұрақты деңгейiн қалыптастыруға қызмет етiп келе жатыр. Соңғы бiрнеше жылда Ұлттық Банк елдегi инфляция деңгейiн бiршама жақсартқанын және оны қз уысына алғанына куә болып отырғанымыз рас. Оны 2001 жылы жалпы жылдық инфляцияның 6,6%-ға төмендегенiнен және одан кейiнгi аралықта елдегi инфляция деңгейiнiң 5-7% аралығында тұрақты деңгейде болып отырғанына көзiмiз жеттi.
Өз кезегiнде өспелi инфляция мемлекеттiң экономикаға бақылау жасауы төмендегенiн көрсетедi. Неғұрлым экономикада инфляция деңгейiнiң анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсiпкерлердiң инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейдi. Ал инвестициялық активтердiң төмендеуi өз кезегiнде өндiрiстiк мүмкiншiлiктердi төмендетедi. Сондықтан мемлекет және елдiң қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргiзiп отырады.
Ұлттық банк осы экономикалық жағдайларды ескере отырып 2003-2006 жылдарға инфляцияның белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2003 және 2004 жылдары орындалды. Экономикалық қатынастар да тиімді дамулы қолға алды. Ал 2005 жылы инфляция деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша биылғы еетк алып отырған инфляциялық шағын толқуға қарсы саясаттарды экономикалық тұрғыдан қолға алуда.
Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.
Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргiзуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесiдей ақша-несие саясатының негiзгi құралдарының көмегiмен реттеледi:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi деңгейiн белгiлеу;
- Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
- мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргiзу;
- банктерге және үкiметке несие беру;
- валюталық нарықтағы басқыншылық;
- кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi.
Қазақстан Ұлттық банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн , сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол жеткiзуi тиiс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын 2002 жылдан бастап алдағы үш жылға алдын-ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жылғы өзгерістерді ескеріп оған Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге отырып түзетулер енгізеді.
Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу. 2004-2006 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық инфляцияны – 2004 жылы 4-6% және 2005-2006 жылдары 3-5% шегінде ұстау қажеттігі мақсат етілді.
2004 жылдан бастап Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцтяның көрсеткіштерін бағдарға ала бастады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкеністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша – ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен 5 компонентті және бағаның неғұрлым төмендегенін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді.
Осы аталған ақша-несие саясаты Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Инфляцияны таргеттеу мынадай факторлар негізінде жүзеге асады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Ұлттық банктің тәуелсіздігі, Ұлттық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттардың ашықтығы.
Осы аталған инфляцияны таргеттеудегі ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығының толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді.
Сондықтан ендігі уақыттарда еліміздің Ұлттық банкі экономикалық толқулардан қорғану мақсатында қысқа мерзімді пайыз қойылымдарын өзгерту немесе жоғарлату негізінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру саясатын атқаруды қолға алды. Ұлттық банк қаржы рыногындағы реттеу шараларының бірі қысқа мерзімді банк ноталарын шығару. Бұл өз кезегінде экономикадағы ақша айналысын төмендетуге септігін тигізеді. Осы жағдайда басты құрал болып Ұлттық банктегі банктердің депозиттары болып табылады.
Сондай-ақ Ұлттық банк еркін қалқымалы ақша айырбасын сақтайды және елімізде 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап валюталық режимдегі валюталық операцияларды лицензиялауды алып тастайды. Осы шара арқылы шетелдік валюталардың еркін қозғалысы негізінде инфляциялық тұрақтылықты және оның төменгі деңгейін қамтамасыз етеді.
2.2 Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретінде экономикадағы рөлі мен негізгі операциялар
Елiмiздегi банктiк жүйе екi деңгейлi екенiн бiлемiз, яғни соның екiншi деңгейiндегi коммерциялық банктер халық шаруашылығы мен Ұлттық банк арасындағы негiзгi қаржы делдалы болып табылады . Қазiргi кезде коммерциялық банктер өз клиенттерiне 200-ге жуық әр алуан өнiмдер мен қызмент көрсете алады . Мұндай кең көлемдi операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерiн сақтай отырып қолайсыз жағдайдың өзiнде пайдалы жұмыс жасауға септiгiн тигiзедi.
Депозиттiк – қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қары делдалы ролiн орындайды . Банктiң бұл қызметi екi жаққа да пайда әкеледi. Салымшылар үшiн өздерiнiң депозиттерi айналыс құралы қызметi мен өтiмдi активтер қызметiн атқара отырып, кей жағдайда оның үстiне пайыз әкеледi. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарыздарды пайдаланады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретiнде iскерлiк операциялар жүргiзiп уақытша бос қаражатын тарту мүмкiн емес .
Коммерциялық банктердiң басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бiр қабiлетi ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Банктердiң ақша жасау мүмкiндiгi экономика үшiн өте маңызды. Ол тиiмдi несие жүйесiн iске асыра отырып , экномиканың өсуiне қажеттi жағдай туғызады. Банк несиелерiнiң жетiспеушiлiгi және өте жоғары пайыз мөлшерлемесi тұсында өндiрiстi кеңейту кеңейту мүмкiн емес.
Коммерциялық банктердiң қызметтерi мен операциялары.
Банк қызметiн – банк пен клиент мүддесi үшiн белгiлi бiр iс әрекеттрдi орындауын сипаттауға болады. Қазiргi кезде негiзгi дәстүрлi қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлiгiнiң осы операциялар бойынша пайыздық операциялардан алады .
Коммерциялық банктер желiсi ақша нарығының қалыптасуына ықпал етедi, ал заңды және тұлғалардың мемлекетке уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және экономика мен халықтың қысқа мерзiмдiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негiзi болып табылады.
Коммерция банктер негiзiнен өз клиенттерiнiң шаруашылық қызметтерiне қызмет көрсетумен байланысты несиелiк есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрiмен айналысады .
“Қазақстан Республиксындағы банктер және банктiк қызмет туралы” Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негiзде депозиттердi тарату;
- клиенттер мен банк корреспонденттердiң шоттарын жүргiзу және оларға кассалық қызмет жүргiзу;
- қайтарымдылық, мерзiмдiк және төлемдiк шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзiмдiк несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерiнiң немесе иемденушiлердiң тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетiлген тәртiппен бағалы қағаздарды шығару;
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, оларме басқа да операцияларды жүргiзу;
- банктiк операциялар бойынша брокерлiк қызметтердi көрсету, клиенттердiң тәуекелi бойыншаолардың агенттерi ретiнде әрекет ету;
- коммерциялық мәмiлелердi қаржыландыру;
- клиенттердiң тапсырмалары бойынша сенiмдiк операцияларды (қаражаттарды қарау, орналастыру және бағалы қағаздарды басқару)
- лизингтiк операцияларды жүзеге асыру.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердiң алғашқы дәстүрлi-базалы қызметi. Бұл қаражаттардың негiзгi бөлiгiн депозиттер құрайды. Ал бұл экономикадағы босақшаларды айналысқа шығарып салымшыға да және халық шаруашылығына да өз пайдасын тигiзедi.
Коммерциялық банктердiң екiншi басты қызметi – экономиканы және халықты несиелендiру. Бұл қызмет банктiк қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкiнiң актив операцияларына жатады. Коммерциялық банктiң несиелiк операциялары мерзiмiне байланысты жiктеледi: қысқа мерзiмдi (1 жылға дейiн), орта мерзiмдi (1-5 жылдар аралығында), және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан жоғары). Яғни бұл қызметтiң елiмiз экономикасы үшiн, оның тұрақты өсуiне тигiзетiн пайдасы көп. Олар елдегi жүргiзiлiп отырған реформаларға байланысты басты секторларға несиенi жеңiлдiкпен беру арқылы экономиканы ынталандыру шараларын iске асырады. Мысалы, елiмiзде жекешелендiру саясатына байланысты кәсiпкерлерге несие берудiң пайыздық қойылымын азайту арқылы оларды дамыту саясаты iске асып , ол өз нәтижесiн беруде.
Сонғы жылдары екiншi деңгейдегi банктердiң несиелеу үлесi артуда, оған әсер етiп отырған негiзгi себеп ол Ұлттық банктiң банктiң проценттiк пайызына ставкасының түсуiмен байланысты болып отыр.
Әсiресе инвестиция тарту арқылы ұлттық экономиканы дамыту , оның iшiнде шетел инвестициясын тартудың тиiмдiлiгi туралы iс шаралар кең көлемде жүргiлуде.
Жалпы айта келе елiмiздегi екi деңгейлi банктiк жүйенiң құрылымы және оның жүргiзiп отырған саясаттары ТМД елдерi iшiндегi ең көрнекiсi болып отыр. Осы банктiк жүйенiң дамуы, инфляцияның төмендеуi, кәсiпкерлiктiң дамуы арқылы елiмiзде 1996 жылдан берi экономикалық өсу көрсеткiшi көрiнуде. Яғни банк жүйесi ең дұрыс ұйымдастырылған жүйе десек те артық болмас едi.
Қазақстан Респупликасының активтік банктік операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:
- Несиелік операциялар;
- Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
- Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
- Кассалық операциялар
- Делдалдық-комиссиондық операциялар.
Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.
Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз түрiнде табыс алу.
Экономика саласындағы екiншi деңгейдегi банктердiң кредит салымдары 2005 жылы қыркүйек айында 1974,7 млрд. теңгені құрады. Мұның ішіндегі 1000,2 млрд. теңге ұлттық валютада, ал қалған 974,5 млрд. теңге шетел валюталарында орын алды. Сонымен қатар экономикада ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелердің өсімі бірдей орын алуда. Ұзақ мерзімді несиелердің жалпы құрамы 1329,6 млдр. теңгені, ал қысқа мерзімді несиелердің мөлшері 645 млрд. теңгеге өсті. Елдегі несие қатынастарының өсуі әсіресе ұзақ мерзімді несиелер экономиканың шикізат өндіріс саласында, ипотекалық-құрылыстағы несиелерді және ірі көлемдегі коммерциялық қызметтер негізінде орын алуда. Ал қысқа мерзімді несиелер (микрокредиттер) халық тұтынатын өнімдерді несиелеу, шағын бизнесті несиелеуде және кепілдік заттар беру арқылы қысқа мерзімді қарыз ақша тартуда көрініс табуда. Сонымен қатар банктер арқылы шағын бизнеске берілген несиенің үлесі 339,5 млрд. теңгеге жетті.
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік опеарциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырдың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
- Мемлекеттік бағылы қағаздар;
- Корпоративтік бағалы қағаздар.
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:
- Акциялар;
- Облигациялар;
- Депозиттік және жинақ сертификаттары;
- Ипотекалық куәліктер;
- Депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг – бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтiң несиеден айырмашылығы келiсiмшартта көрсетiлген төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң банктiк меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады.
Лизингтiк қатынастардың дамуы инвестициялық процестiң кең көлемде көрiнiс табуына жол ашады және қолайлы инвестициялық климат қалыптастырады.
Лизингтiң артықшылықтары мен кемшiлiктерi келесiдей.
Лизингтiң қарапайым несиеден келесідей артықшылықтары бар:
- Лизинг көмегiмен кепiлге беретiн мүлкi жоқ ұсақ кәсiпорындарды несиелеуге болады;
- Лизинг 100%-ға дейiн несиелеудi ұсынады, яғни кәсiпорынға қысқа мерзiм iшiнде өзiнiң меншiктi капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсiптiк өнiм шығаруға және пайда табуға мүмкiндiк бередi;
- Кәсiпорынға мүлiктi несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебi, бұл жерде ол мүлiк кепiл ретiнде болады;
- Құрал-жабдықтың лизинг берушiнiң меншiгiне болатындығына байланысты, өнiмнiң құнына лизингтiк төлемдер ғана қосылып, мүлiкке салынатын салықты жалға берушiнiң өзi төлейдi. Сөйтiп, лизинг алушы салықтық жеңiлдiктер алады.
Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастардың дамуы 2000 жылдан бастап қарқынды түрде дами бастады. Басты лизингтік қызметтердің үлесі «Казагрофинанс» лизингтік компаниясының үлесіне тиді. Ол компания ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында құрылған 100%-дық мемлекеттік компания болып табылады. Еліміздің коммерциялық банктері лизингтік операцияларды жекелеген лизинг компаниялары арқылы іске асырып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда 20-дан астам лизингтік компаниялар бар, ал олардың 8-і жергілікті банктердің еншілес компаниялары болып табылады. Олардың осы нарықтағы үлесі 50%-дан артып отыр.
Коммерциялық банктердің келесі операцмясына кассалық операциялар жатады.
Кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сортау, орау және сақтаумен байланысты операцияны бiлдiредi.
Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшiн банктерде мынадай бөлiмшелер болуға тиiс:
- кiрiс кассасы;
- шығыс кассасы;
- кiрiс-шығыс кассалары;
- қайта санау кассасы;
- кешкi касса;
- сыртқа шығатын касса.
Банк кассасына клиентерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттiк шоттар бойынша есепке алу мынадай кiрiс кассалық құжаттар көмегiмен жүргiзiледi:
- қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;
- кiрiс кассалыө ордер бойынша.
Кассадағы қолма-қол ақшаны өткiзу үшiн клиент кiрiс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткiзiлетiн банкнота мен монеталардың тiзiмiн жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың сомасын санмен және жазбаша түрде көрсетедi.
Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейiн, кассир қабылдаған соманы, кiрiс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кiрiс кассалық құжатқа қолын қойып, түбiртекке “Кiрiс кассасы” деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға бередi.
Банк клиентiнiң ағымдық және корреспонденттiк шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:
- ақшалай чекпен;
- шығыс кассалық ордермен.
Банк клиентi қолма-қол ақша алуға арналған кассалық құжаттарын операциондық жұмыскерге бередi, ол құжаттарға қажеттi тексерулер жүргiзiп, оларды бақылаушы-бухгалтерлерге бередi, сөйтiп шығыс кассалық ордерiнде көрсетiлген қолма-қол ақша сомасы шығыс жөнiндегi кассалық журналда есепке алынады.
Шығыс құжатын алған бақылаушы-бухгалтер мынадай жұмыстарды жүогiзуге мiндеттi:
- қолма-қол ақшаны беруге құқығы бар банктiң жауапты тұлғаларының қолдарының барлығын тексерiп, оны қол қою үлгiсiмен салыстыруға;
- құжатта көрсетiлген соманың саны мен жазба түрдегiсiн салыстыруға;
- клиентттiң лауазымды тұлғаларының шығыс құжатында қолдарының болуын тексеру және оларды үлгiде қойылған қолдарымен өзара салыстыру.
Содансоң барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны кассаға чектегi номерi бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатындығын нақтылап алып, содан кейiн ақшасын бередi.
Қайта есептеу кассасы клиенттiң инкассацияланған ақшалай түсiмдерiн қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирi, бақылаушы кассирдiң қатысумен кешкi кассаның кассирiнен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкенi қабылдап, ақшаны оған тiркеме құжаттар негiзiнде қайта санаудан өткiзiп, қабылдап алады.
Инкассаторлардан қолма-қол ақшасы бар сөмкелердi кассирлер қабылдау барысында мыналарды тексередi:
- келiп түскен сөмкелердiң тұтастығын;
- сөмкедегi қойылған пломбаның банктегi пломбының үлгiсiмен сәйкестiгiн;
- инкассаторлар тапсыратын сөмкелердiң құжаттағы сөмкенiң номерiмен сай келуiн;
- қабылдайтын соманың құжатта көрсетiлген сомамен сәйкестiгiн.
Инкассалық сөмкенi қабылдап алған соң, бақылаушы-кассир және бригаданың әрбiр мүшесi қабылдаған сөмкелердi есепке алу журналдарының екеуiне де қолдарын қояды. Журналдың екiншi данасын бақылаушы инкассаторлардың басшысына бередi.
Отандық банк тәжiрибесiнде банктердiң есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге бөлiнедi:
- банктiк шоттар ашу;
- ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
- алдағы уақытта валюталау күнi қойылуға тиiстi, ұлттық валютадағы аударым операциялары;
- төлемнiң шартын өзгерту немесе қайтару;
- валюталық операцияларға бақылау жасау;
- шоттың архивiн беру;
- шоттан қолма-қол ақша берк;
- ұсақ ақшаларды iрiлеп беру;
- банктен кеңсеге дейiн немесе керiсiнше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;
- құндылықтарды жеткiзiп беру.
Коммерциялық банктердiң тағы да бiр активтi операциясы бұл траст. “Траст” ағылшын тiлiнен аударғанда “сенiм” деген сөздi бiлдiредi. Траст бұл сенiммен басқаруға берiлген мүлiкке деген құқықты анықтайтын және меншiктi иеленудiң ерекше нысаны.
Траст операциясы – клиенттiң сенiмдi тұлғасы ретiнде оның мүлкiн басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктiң операциялары.
Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- Траст құрылтайшысы – сенiмдi меншiк иесiне сенiмхат арқылы басқаруға беретiн, мүлiктiң немесе мүлiктiк құқықтардың меншiк иесi. Траст құрылтайшысы ретiнде кез келген қолында мүлкi бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.
- Трастыны иемденушi – траст келiсiмшартындағы көрсетiлген жағдайға сәйкес, мүлiктi басұару құқығын өзiне қабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлiкке жылжитын және жылжымайтын мүлiктер де жатады.
- Бенефициар – траст келiсiмшартын өзiнiң пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға.
Сонымен, банктiң траст операциясы – бұл банктiң өз клиенттерiне көрсететiн әр түрлi қызметi түрiндегi сенiм операцияларын бiлдiредi.
Траст қызметiне: бiрiншiден, жылжымайтын және жылжитын мүлiктердi басқару; екiншiден, инвестициялық портфельдi қалыптастыру және оны басқару; үшiншiден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; төртiншiден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушiлердiң қоятын талаптарын реттеу; бесiншiден, мұраға қалдыруға байланысты мүлiктi басқару қызметтерi жатады.
Коммерциялық банктiң траст бөлiмiнiң атқаратын қызметi үлкен үш топқа бөлiнедi:
- Клиенттердiң мұраға қалған мүлкiн иемдену;
- Сенiмхат бойынша операцияларды жүзеге асыру;
- Агенттiк қызметтер.
Траст операциясын жасау үшiн ең бастысы, сенiм бiлдiрген банк пен ұйымның арасында жасалатын келiсiмшарт болуы қажет. Осы келiсiмшарт негiзiнде мынандай қызметтердi атқарады:
- Бағалы қағаздарға деген меншiк құқығын беру;
- Пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу;
- Мүлiктi кепiлдiктен босату;
- Сенiмхатқа сәйкес бiр бағалы қағазды алып, басқасын беру, яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттiк қызметтi жүзеге асыру;
- Акционерлiк қоғамдардың акциялар бойынша дивидендтер төлеу.
Банктiң траст қызметiн көрсетудiң басты шеңберiн жеке тұлғалар, үкiмет органдары, iскер кәсiпорындар үшiн агенттiк қызметтi атқару құрайды. Банк көрсеткен траст қызметi үшiн комиссионды сыйақы алады.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің жүргізетін негізгі пассивтік операцияларының формаларын келесідей топтауға болады:
- Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- Банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- Басқа да заңды тұлғалардан несие алу;
- Депозиттік салымдар.
Осы аталған пассивтік опеациялар формасының алғашқы екі нұсқасы арқылы банктің меншікті ресурстары құрылады. Ал келесі екі формасы негізінде заемдық немесе тартылған ресурстар қалыптасады.
Банктің меншікті қаражаты банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы жоғары. Себебі, меншікті қаражатсыз банк қызметін бастау мүмкін емес. Осы қаражаттар негізінен банкте қажетті резервтер құрылады. Банктің меншікті қаражатына жататындар:
- Банктің жарғылық капиталы;
- Банктің резервтік капиталы;
- Пайда есебінен құрылған капиталдар;
- Сақтандыру резервтері;
- Бөлінбеген пайдасы.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде несиелік операциялардың 90%-ға деген ресурстар қажеттігін қанағаттандырады. Банктер заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажеттілігін қанағаттандырады.
Банктердің тартылған қаражаттары депозиттер және депозиттік емес тартылған қаражататр болып бөлінеді. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, Жалпы рыноктық қатынастарда шаруашылықтың тиімді ұйымдастырылуы мен қызмет етуі олардың қаржылық жағдайына, несиелер алу жолдарына байланысты болады. Сонымен қатар рыноктық экономикада экономиканы реттеуде және тұрақты дамуын қамтамасыз етуінде жүргізілетін тікелей және жанама экономикалық саясаттар сол елдің банк жүйесі қызметтері мен оның атқарып отырған саясаттары арқылы іске асады. Елдің ақша-несие саясатының бағыттарын, элементтерін және экономиканы тиімді дамыту, инфляция деңгейін төмендету және оның тұрақты деңгейін сақтауды іске асыратын Ұлттық банктің өзі бұл қызметтерді экономикадағы екінші деңгейлі крммерциялық банктермен бірлесе отырып атқарады.
Коммерциялық банктер сонымен қатар экономиканың шаруашылық салалары, халық пен Үкіметтің экономикалық шаралары, Ұлттық банк саясаттары арасында қаржы делдалы қызметін атқарады. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын экономикалық шаруашылықта сол ақшаға сұраныс туып отырған салаларды несиелеуді, әр түрлі делдалдық операцияларды жүзеге асыруға, елдің қаржы саласының толық қанды дамуына, отандық инвестицияның өсуіне, халықтың экономикалық қызметті еркін жүргізуіне, жалпы бір сөзбен айтқанда нарықтық экономика жүйесінің бір негізгі тармағы болып табылады.
Ұлттық банк “банктердiң банкi” атағын алып, ал коммерциялық банктер экономикалық салаларды дамытуда басты құрал болып отыр. Олар арқылы экономикада қызмет атқарушы жеке және заңды тұлғаларға несие берiлiп, олар өндiрiстi алға жылжытады. Қазiргi кезде елiмiзде банктiк жүйедегi екiншi деңгейлi банктерсаны 34 болып отыр. Ал бұл 6-7 жыл алдында 4 еседей көп болған. Ұлттық банк жүргiзген сапалы даму нәтижесiнде банк саны азайса да, олардың қызметi өсуде.
Жалпы елiмiздiң банк жүйесi нарықтық экономика жүйелерi iшiндегi ең бiр дұрыс қалыптасқан жүйе және ол экономикалық өсудi қамтамасыз ететiн бiрден-бiр құрылым десек артық болмас.
Сонымен қатар, елiмiздiң банктiк жүйесiнiң болашағы оң көрсеткiштерге жете беремiз деп айтсақ артық болмас, өйткенi елiмiз экономиканы әлi де болса, тиiмдi реформалау үстiнде. Яғни, экономиканың тұрақсыз өсуiне алып келетiн шикiзаттық бағыттағы экономиканы, 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновация стратегия негiзiнде тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу және елiмiздiң қаржы-банктiк жүйесiн жетiлдiру, сондай-ақ халықаралық стандарттарды қабылдау iсi iске асырылуда.
Қазақстанның экономикалық дамуында жағымды тенденцияның сақталуы еліміздің Ұлттық банкінің ақша-несие саясатында жаңа режим болып табылатын инфляциялық таргеттеуге өтуіне байланысты болып отыр. Қазіргі таңда инфляциялық таргеттеудің негізгі саясаттары мен құралдары, басты себептері мен әдістері қарастырылып бұл режимді Ұлттық банктің қолға алуы жақсы жаңалық болып табылады.
Елдің макроэкономиклық тұрақтылығы, қаржы секторының жедел әрі сапалы дамуы, соңғы жылдардағы сыртқы экономикалық жағдайлың жақсаруы Ұлттық банктің жаңа сапалы кезендік дамуына көшуіне себеп болды. Бұл банк стратегиясы ақша-несие саясатиын нақты жүргізуге, осы арқылы коммерциялық банктердің қызметтері мен активтілігін дамытуды және ақша айналысын тұрақтандыруды жолға қоюда.
Ұлттық банктің ақша-несие саясаты нфляцияны минимизациялауға бағытталуды, яғни тек қана ақша агрегаттары мен теңгенің бағамына тәуелді емес, ауыл шаруашылығы бағаларын, бензин және тұрғын-комуналдық бағаларды реттеп отыру шаралары болып табылады.
Бәрiмiзге белгiлi, 2007 жылдар төңiрегiнде Алматы қаласын халықаралық қаржы орталығына айналдырмақшы. Әрине бұл елiмiздiң экономика және қаржы саласы үшiн үлкен жетiстiк болмақ, осыған байланысты елiмiздiң екiншi деңгейлi банктiк қызметтерiн ииновациялау және әлемдiк деңгейдегi қызмет көрсету үлгiлерiн дамытудың маңыздылығы артып отыр.
Ұлттық банк арқылы коммерциялық банктерминималды резервтік талаптарға жауап беруге міндетті болады. Ақша-несие саясатының басты жетістіктерінің бірі Қазақстанда валюталық режимді ары қарай либеризациялау. Валюталық режим либеризация жоспары бойынша 2007 жылы 1 қаңтардан бастап резидент еместердің капиталдық операцияларына толықтай либеризация жүргізу керек. Бұл өз кезегінде валюталық операцияларды ұлттық валюта теңгенің толық қанды қызмет етуін қамтамасыз етеді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
- Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
- Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. – алматы: Издат Маркет, 2004. – 248 бет.
- “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
- Банки Казахстана, 2003 г. №12; “Банковскаы система Казахстана – крупнейший институтциональный инвестор национального фондового рынка” // Донцов С.
- Банки Казахстана, 2004 г. №1; “О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерцеских банков” // Кил А. Б.
- Вестник КазНУ, экономическая серия, 2001 г. №4; “Проблемы стабильности банковской системы РК” // А. А. Ильясов.
- Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка» // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2005 г.
- С.Кабашев «Депозитная составляющая оценки кредитного развития банковского сектора республики» // Қаржы-Қаражат, №2, - 2004. 58-61 стр.
- Каренов Р. Лизингтiк қызметтер. Оның ерекшелiгi неде? // Егемен Қазақстан. – 2004. – 24 сәуiр (№105106). – 2 б.
- Мақыш С.Б. Коммерциялық банктiң делдалдық операциялары: факторинг және форфейтинг // ҚазЭУ хабаршысы. – 2003. - №2. – 70-75 бет.
- Мырзабеков Ш. Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2004.-1 қазан (№39).-13 бет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024