Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ (курстық жұмыс)

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ (курстық жұмыс)

Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.

Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық жағдайындағы потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады. Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Он төрт жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет /1/. Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң  нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң  алатын орны үлкен болуы керек. Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу, жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу болып табылады. Халық санының өсуiмен қатар, экономикалық өсу бұл өмiр сүру деңгейiнiң жоғарылауын қамтамасыз етедi. Осы көрсеткiш бүкiл әлеуметтiк мәселелердi, жалпы елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн шешетiн көрсеткiш.  Оның тиiмдi болуы үшiн ең алдымен елдегi жүргiзiлiп отырған экономикалық саясат дұрыс жүргiзiлуi және оның орындалуы үшiн ұлттық экономиканы қолдайтын, ешқандай жалалы болмайтын нақты экономикалық стратегиялар болуы керек. Мiне осыдан келiп мен курстық жұмысымның тақырыбын “Экономикалық өсу: үлгілері мен факторлары ” деп алдым. Бұл тақырыпты жазудағы басты мақсат жұмыс барысында жалпы экономикалық өсудiң әдiстемелiк негiзi және оның Қазақстандағы ерекшелiгi қарастыру, сондай-ақ дамушы елдердiң жоғары экономикалық өсуге қол жеткiзген жетiстiктерiн талдап, оны ұлттық экономика дамуына тиiмдi жақтарын көрсету,  сонымен қатар, экономикалық өсуге басты бағыт болып саналатын Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңдағы атқарып отырған  индустриялы – инновациялы дамуы туралы тоқталу. Жұмыс барысындағы мiндеттерiме келетiн болсақ:
  • Экономикалық өсу теориясы мен оның экономикалық мазмұнын талдау;
  • Экономикалық өсудің үлгілері, түрлері мен факторларына тоқталу;
  • Экономикалық өсудің қамтамасыз етудегі ҒТП мен экономикалық өсу факторларына тоқталу;
  • ҚР-ның экономикалық дамуының динамикасы мен бүгінгіт таңдағы даму жағдайын қаарстыру;
  • Экономикалық өсудің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету проблемалары мен ұлттық экономиканың экономикалық қауіпсіздік мәселесіне тоқталу болып табылады.
  • Қазіргі таңдағы тұрақты экономикалық өсуiне керi әсерiн тигiзiп отырған мәселелердi анықтау және оның шешу жолдарын табу.
Курстық жұмыстың құрамы екі тараудан тұрады: бірінші тарауда жалпы экономикалық өсу ұғымына түсінік беріліп, экономикалық өсудің үлгілері мен түрлеріне кеңірек тоқтвлу, ал екінші тарауда ҚР бойынша экономикалық өсудің бүгінгі таңдағы жағдайы мен өсудің тұрақтылығын, ұлттық экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз етудің іске асуы туралы қарастырылды. 1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ БАСТЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕ 1.1 Экономикалық өсудiң жалпы түсінігі Экономикалық өсудiң теориясы бұл көптеген концепциялар және бұлар әр кезеңде әр түрлi бағытта дамыды. Бұл жағдайлар экономикалық өсудiң бiр деңгейден екiншi деңгейге ауысуына негiз болады. Оларды  әдiстемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:
  • Неокейнстiк;
  • Неоклассикалық;
  • Тарихи-әлеуметтiк.
  • кейнсиандық (неокейнсиандық) мекроэкономикалық тұрақтылық теориясы.
  • классикалық (неоклассикалық) теориялар, өзiнiң теориялық бастауын сонау Ж.Б. Сэйден алып және Дж.Б. Кларк, Р.Солоудың еңбектерiмен аяқталды.
Классикалық бағыттағы ойда рыноктық жүйенiң тиiмдiлiгi, яғни өзiн-өзi реттеу механизмi қарастырылған, мұнда тек қана экономикалық субъект қана емес бүкiл экономикалық өндiрiс факторлары қарастырылады. Мүлтiксiз еркiн бәсеке, рыноктық баға жалпы тепе-теңдiктi қамтамасыз еттi. Осы мақсатта классикалық теория XIXғ. және   XX ғ. Басында экономикалық өсуде басты орында болды. Ұлы экономистер А. Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус және К.Маркс халықтар байлығы қорлануына басты көңiл бөлдi. Ал екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Р.Харрод өзiнiң ғылыми статьясында ұлттық өнiмнiң өсуiне байланысты өсудiң үш концепциясын ұсынды: неокейнсиандық (Т.Харрод, Е.Домар); неоклассикалық  (Р.Солоу); посткейнсиандық (Н.Калдор); Ал XX ғасырдағы болған дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс тұсында, яғни өндiрiс қатынастары бұзылуы нәтижесiнде классикалық теорияның экономиканың рыноктық тепе-теңдiкте бола алмайтындығын дәлелдедi.  Осы дағдарыстан шығуда экономикаға мемлекеттiң араласуы керек болды, яғни кейнсиандық бағыт қалыптасты. Ол экономиканы қысқа мерзiмде қарастырады. Кейнсиандық модельдiң таянышына ұлттық шаруашылық түгелiмен кiредi. Кейинсиандық теорияның басты макроэкономикалық мәселесi ұлттық табыстың анықтауыш деңгейi динамикасы және оны бөлу болып табылады. Бұл факторлар кейнсиандық эффективтi сұраныс арқылы қаралады. Дж. Кейнс концепциясы макроэкономикалық тепе-теңдiкке жетуде толық жұмысбастылықты айта отырып , ЖҰӨ көлемiне қашан эффективтi сұраныс болмай болмай қалған жағдайда оған мемлекет жағынан қосымша инвестициялар бөлiну керек дедi. Кейнстiк өсу үлгiсi негiзiнде логикалық құрал қолданылады, бiзге белгiлiсi кейнстiк қысқа мерзiмдiк тепе-теңдiк моделi. Кейнстiк өсу моделiнiң қарапайым түрi Е. Домар үлгiсi болып табылады, бұл моделде қапиталдың шектi өндiрiсi Леонтьев функциясы ретiнде қарастырылады. Домар үлгiсi еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескередi. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың У-ке қатынасы ( K / Y) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келедi. Өнiм тек 1 ресурсқа ғана тәуелдi деп айтуға болады, ол – капитал. Неоклассиктер көзқарасы бойынша, экономикалық дамудағы басты шарт бұл iшкi ресурстар жиыны, яғни шетел көмегi емес, капиталдың қорлануы және халықтың өсуi. Неоклассикалық модельдiң жалпы көрiнiсi келесi көрсеткiштерде:
  1. Өндiрiстiк функция, яғни тоқтаусыз еңбек және капитал комбинациясы санына байланысты өнiмнiң белгiленген мөлшерiн беруге мүмкiншiлiк беретiн.
  2. Еңбек ұсынысы функциясы. Халықтың тұрақты экзогендi өсу қарқыны, ал адам-сағат та тұрақты өседi.
  3. Жинақ функциясы.
  4. Рыноктағы қызметтердiң тепе-теңдiгi
Яғни неоклассикалық модельде басты орында өндiрiстiк функция тұрады. Ендi экономикалық өсудiң бiрнеше жаңа модельдерiне тоқталсақ. Жапондық модель 70-80 жылдары, өнеркәсiп, ғылым, қоғамдық кәсiпкерлiк, қаржы кеңiстiгi экономиканы мемлекеттiк реттеу, сыртқы экономикалық қатынасқа байланысты құрылды. Ондағы бәсекелестiк фирмаларға жаңа материалдардыигеруге және өңдеуге, шикiзаттарды өңдегенде жаңа әдiстердi енгiзуге, жартылай фабрикаттардың мөлшерiн арттыруға, ресурс жинақтаушы және қалдықсыз технологияға ауысуға итермеледi. Мемлекет қандай жағдай болмасын экономикаға өзiнiң тиiмдi әдiстерiмен қатысып отырды. Еңбек ресурсын пайдалануды қарқындандыру жұмыскүшiнiң тиiмдiлiгн арттырып, жапониядағы экономикалық өсудiң ыңғайлы жаңа моделiн ұсынды. Жапонияның экономикада көлемдi құрылымдық бағытышикiзаттық тапшылығына байланысты құрылды. Осының есебiнен қызмет көрсету, ақпараттық және интелектуалдық кеңiстiкте экономика қарқынды дамыды. ҒТП ұлттық шаруашылықта 70-80 жылдары экономикалық өсудiң 70%-iн, ал қалған жылдары 90% iн қамтыды. АҚШ-тың экономикалық өсудегi жаңа моделi қауiп-қатердiң көзiн құрту немесе әлемдегi лидерлiк позициясын ұстау есебiнде қарастырылады. Ұлттық шаруашылықтың дамуының басты жолы экспортты кеңейту және импортты алмастыруға байланысты. Жапондық моделден өзгешелiгi Американдық экономикалық модель статистикалық көрсеткiштерге бағындырылады. АҚШ-та мемлекеттiк реттеу негiзiнен сырқты саясатта жүргiзiледi. 1.2 Экономикалық өсудiң  үлгілері мен  факторлары Экономикалық өсу факторлары қызмет ету әрекетiне байланысты нақты және жанама факторлар болып бөлiнедi. Нақты факторлар экономикалық өсудiң физикалық өсуiнiң мүмкiншiлiгiн көрсетсе, ал жанама факторлар осы әрекеттердiң iске асуын қамтамасыз етедi. Олар нақты экономикалық өсу факторларына оң немесе терiс әсер етуi мүмкiн. Нақты факторларға негiзгi бес факторды жатқызуға болады, яғни жиынтық ұсыныс пен өндiрiстiң динамикасын көрсететiн факторлар:
  • еңбек ресурстарының сандық және сапалық өсуi;
  • негiзгi капиталдың сапалы құрамының көлемiнiң өсуi;
  • өндiрiстi ұйымдастыру және технологиялар қатысуымен;
  • табиғи ресурстардың айналымының сандық және сапасының артуы;
  • қоғамды ксiпкерлiк қызметтiң дамуы.
Жанама факторларға мына факторларды жатқызуға болады:
  • нарықты монополизациялаудың төмендеуi,
  • өндiрiстiк ресурстарға бағаның төмендеуi,
  • пайдаға салықтың төмендеуi,
  • несие алу мүмкiншiлiктерiнiң артуы және т.б.
Қазiргi экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндiргiш күштердiң ұзақ мерзiмдiк дамуымен байланысты өндiрiстiң нақты көлемiнiң табиға дәрежесiнiң ұзақ мерзiмдегi өзгерiстерiн атайды. Соңғы жүзжылдықта дүниежүзiнiң көптеген мемлекеттерiнде адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың  өсуi кеңiнен тараған құбылыс болып есептеледi.  Экономикада болып отыратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi қарқыны ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына шаққандағы табыстың өсуi – бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Экономиканың өсуiн өлшеудiң екi жолы бар:
  • Макроэкономикалық көрсеткiштердiң өсуi (ЖҰӨ,ЖIӨ, ТҰӨ, ҰТ) арқылы;
  • Әлеуметтiк институттар үрдiсiнiң өзгерiсi (жеке меншiк құқығы құрылымының өзгеруi, өндiрiстi ұйымдастыру және бөлу формалары).
Әрине қандай пән болмасын оның өзiнiң басқалардан ерекшелеп тұратын факторлары және түрлерi болады. Экономикалық өсу факторларына нақты өндiрiс көлемiнiң кеңеюiмен байланысты оның өсiнiң тиiмдiлiгi мен сапасын анықтайтын үрдiстер. Экономикадық өсу экономикадағы прогрессиялық қозғалысқа байланысты деп бiр анықтама келтiрсек ал екiншi экономикалық өсу бұл халық басына шаққандағы ЖҰӨ-нiң өсуi. Егер әскери-саяси мәселе болса онда көбiнесе  алғашғы анықтама қолданылады, ал халықтың тұрмыс деңгейiне байланысты екiншi анықтамаға жақынырақ боламыз. Экономикалық өсу қандай болмасын барлық әлеуметтiк-экономикалық жүйеде басты қызметтi атқарады. Экономикалық өсудiң басқа экономикалық категориялардан ажырата көрсететiн бiрнеше бегiлерi бар:
  1. Негiзгi факторлардың құрылымы мен деңгейiн анықтайды.
  2. Экономикалық өсу макроэкономикалық категория, ұлттық экономиканың жағдайымен сипатталады.
  3. Экономикалық өсу динамикалы түрдегi заңдылық үрдiс
  4. Ол тек қана елдiң iшкi экономикалық қызметiне ғана емес, сыртқы факторларға да байланысты.
  5. Бұл макроэкономикалық көрсеткiш бола отыра, микроэкономиканы да қатар бақылайды. Яғни салааралық және индустриялық дамудағы негiзде.
Экономикалық өсудiң негiзгi мақсаты халықтың тұрмыс-тiршiлiгiнiң өсуi, ол бiрнеше жағдайда көрiнедi:
  1. Халықтың орта кiрiсiнiң өсуi, яғни жан басына шаққандағы ұлттық табыс.
  2. Бос уақыттың өсуi.
  3. ҰТ өсуiнiң халықтың орта тобы арасында бөлiнуi.
  4. Әр-түрлi товарлар және қызмет көрсетулердiң санының және сапасының өсуi.
Нақ осы факторлар өндірістің өсуін нақты түрде мүмкін етеді. Ұсыныс факторлары түпкілікті бір сипатқа ие: олар өте сирек немесе мөлшері шектеулі. Ал адам қажеттіліктерінің іс-жүзінде ұшы-қиыры жоқ. Сондықтан әлеуметтік экономикалық дамудың белгілі бір деңгейінде елдердің әйтеуір біреуінде азық-түліктік, экологиялық, демографиялық проблемалар туындайды. Өндірістік ресурстардың сиректік немесе шектеулілік салдарынан экономика соған бейімделуі, қайта жаңғыру (өзгеруі), өсудің жаңа үлгілерін таңдауы тиіс, үрдістерді ынталандырып немесе, керісінше, керексіздерін тежеп отырады. Экономиканың нақты өсуі, сондай-ақ сұраныс факторларына да байланысты болады. Олар өндірістің өскелең көлемін іске асырудың мүмкіндігін анықтайды. Солардың ең маңыздыларының қатарына тұтынушылық, инвестициялық, мемлекеттік шығындарды, өткізудің жаңа рыноктарын игерудің есебінен экспортты ұлғайтуды немесе елде шығарылатын өнімнің әлемдік рыноктағы бәсеке қабілетін арттыруды атауға болады. Жоғарыда көрсетілген факторлармен қатар экономиканың бөлу факторлары да ықпал етеді. Экономикалық өсуге ықпал жасайтын осындай факторларға жататындар:
  • өндіріс ресурстарын салалар, кәсіпорындар, елді аймақтар бойынша нақты бөлу;
  • шаруашылық қызмет субъектілірнің арсында табыстарды бөлудің қоғамда қолданылатын тәртібі.
Экономикалық өсуге екі жол арқылы жетуге болады: экономикалық қызметке жаңа жұмыс күшін тарту және экономикалық белсенді халықтың бұрынғы сондай санын анағұрлым тиімді пайдаланудың есебінен, яғни экстенсивті және қарқынды даму жолдарының көмегі арқылы қол жетеді. Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі  ұлғайтылған үдайы өндірістің ең қарапайым жолы. Соның көмегімен жұмыссыздықты жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар. Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден, капитал қайтарымы, материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайды ұдайы өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімде бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің басты айрықша белгісі-техникалық прогресс базасында өндіріс факторларының тиімділігін арттыру. Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз құндылығы табиғи ресурстардың шектеулілігінен туындайтын экономикалық өсу тосқауылдарын жеңетіні болып табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде өндіріс ауқымын ұлғайту анағұрлым ілгерішіл техниканы, озақ технологияларды, ғылым жетістіктерін қолданудың, сондай-ақ кадрлардың біліктіліктерін арттырудың есебінен жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда экономикалық өсу қарқынының өте жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми-техникалық прогресс жұмыссыздықты тудыру мүмкін. Сонымен, экономикалық өсу қарқынды және экстенсивті сипат алу ықтимал. Бұл ретте мемлекеттің экономикалық дамуы өндіріс ресурстарын пайдалану тиімділігін ұдайы өсу жағдайларында, яғни өндірістің қарқынды сипат кезінде қамтамассыз етіледі. Экономиклық өсуді сипаттайтын индикатор болып табылатындар: ЖІӨ нақты өсу, халық табыстарының нақты өсу, инфляция деңгейі, валютаның айырбас бағамы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және ЖІӨ қатысты үкіметтің сыртқы борышының деңгейі, елдің сауда балансы (экспорт, импорт және сауда сальдосы),экономикаға тартылатын инвестициялардың нақты өсуі, сондай-ақ экономика салалары мен экономикалық қызмет түрлері бойынша тауарлар және көрсетілетін қызметтер өндірісінің өсу қарқындары. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизімнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз. Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің  экстенсивті түрін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз. Бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу ретінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттады. Өңделген кезінде ресурстар құнының  бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуіне өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендігінде экономикадағы пропорциональдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды. Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайда тап болған қоғам өзінің бағыт - бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға- материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсткіші: жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу  абсолюттік және салыстырмалы  мөлшерде өлшенеді. Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі (Кейнс кресі, IS-IM үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясаты тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы экономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады. Жекеленген уақыт мерзімінде экономикалық өсу  жылдық өсу қарқынымен анықталады. ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз тұрінде көрсетеді. Жалпы ұлттық өнімнің ЖҰӨ біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады. Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Ол мынамен байланыстырылады: оның артта қалуы XX-шы ғасырдың 50-шы жылдары басталған ғылыми - техникалық революция дамуымен сәйкес келді. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында әндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады. ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), мынаны байқатады: еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни робототехниканы кеңінен қолданатын. Экономикада нақты пайданың өсуі “Экономикалық өсу” деп түсіндіріледі және әрібір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады. Мысалы: DҮ=Үt –Yt-1  немесе    Yt =DYt /Yt-1,                                         (1) t- уақыт индексі. Егер экономикалық өсу  сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторларының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалылығына немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты болады. Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге-технологиялық прогресс, масштаб арқылы үндемеу, білімді және маман жұмысшылар деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдісінің басты катализаторы ретінде және экономикалық өсуінің дербес факторы ретінде бөлінеді. Экономиканың өсуін шектеп тұрған себептер ретінде мыналарды айтуға болады: экологиялық және ресурстық шектеулер, әлеуметтік шығындардың ауқымды спектрі және де үкіметтің тиімсіз экономикалық саясаты. Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдалынылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді. Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс факторларының өсу ықпалымен. Яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады. Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капиталдың экономикада амортизация есебінен қысқаратыны және таза инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз   экономиканың өсуінің  өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы – халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну бағасының динамикасын қарастыру керек. Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі. Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің шарттарын анықтауға болады. Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домор  үлгісі болып  табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндіріс Леонтьев функциясы ретінде қарастырылады. Домор үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың (К) Ү-ке қатынасы (К/Ү) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келеді. Өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол - капитал. Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі: DYAD =DI * m=DI(1/1-b) =DI1/s                            (2) m-шығын   мультипликаторы b-тұтынуға шекті бейімділік s-қор жинағына шекті бейімділік DYA =a* DК-жиынтық ұсынысының өсуі. a-капиталдың шекті өнімділігі Капиталдың DК өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамассыз етіледі, осыдан DYA=a*І. Экономиканың өсуінің тее-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілудің шартында пайда болады. DI/s=a*І немесе DI/І=a* s, яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті өнімділігі мен қор жинағының шекті бейімділігіне тең болуы керек. Тепе-теңдік шарты бойынша инвестиция қор жинағына тең болғандықтан, І|=S, ал S=sY; s=const  болғанда, табыс деңгейінің көлемі инвестицияның деңгейіне пропоционал болады, сонда DY/Ү= DI/І=a* s Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы  нақты табыстың тепе-теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігі және қор жинағының нормаларына тура пропоционал немесе DК/DҮ- капиталының қайтарылуының өсімшесіне тура пропорционал болады. Инвестиция мен табыс бірдей қарқында өседі. Егер үлгіде берілген деңгейде жеке сектордың жоспарлы инвестициясының өсу қарқыны ауытқыса, мұндай динамикалық  тепе-теңдік тұрақсыз болуы мүмкін. Е.Домардың үлгісі өсу теориясына сай келе алмайды. Бұл кейнстік қысқа мерзімді тепе-теңдікті ұзақ мерзімге кеңейтудің әрекеті және дамып келе жатқан жүйе үшін қандай шарттар орындалатынын көрсету. Инвестицияның эндогендік функциясын қоса отырып  Р.Ф. Харрод (1939ж) экономикалық өсудің арнайы үлгісін құрады. Акселератор принципіне сай, табыстың кез-келген өсуі капитал салымының өсуіне алып келеді, бұл өзгеріс табыстың  өзгеруіне пропорцианалды: It =v(Үt –Yt-1)                                                  (3) Мұндағы v-акселератор. Экономикадағы алдыңғы кезеңде қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, кәсіпкерлер өндіретін өнім көлемін жоспарлайды. 1.3 Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс Экономикалық өсу сандық және сапалық өсуiне байланысты  интенсивтi және экстенсивтi  түрлерi болады. Экстенцивтi түрiне:
  • Технологияда инвестицияның артуы;
  • Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
  • Тұтынушы шикiзат көлемдерiнiң, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу қарқыны;
Интенцивтi факторларға:
  • Ғылыми техникалық прогрест дамыту;
  • Қызметкерлердiң мамандық деңгейiнiң жоғарылауы;
  • Негiзгi және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;
Экономикалық өсудi өлшеу әдетте келесi көрсеткiштерден тұрады:
  • ЖIӨ-нiң өсуi немесе ұлттық табыстың өсуi;
  • ЖIӨ және ҰТ-тың өсу қарқынының жан басына шаққандағы мөлшерi;
  • Өндiрiстiк саладағы жан басына шаққандағы өсу қарқыны.
Экономикалық өсудiң тиiмдi жақтарымен қатар егер ол дұрыс iске аспаса адамзат баласына зиянды жақтары да бар. Оған мысал ретiнде экологиялық проблемаларды алуға болады. Нақты өмiрде экономикалық өсудiң экстенсивтiк немесе интенсивтiк типтерi таза түрде болмайды. Ғылыми техникалық жетiстiктердi (ҒТП) енгiзунегiзiнде жүзеге асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетiлдiру, қашан болмасын өндiрiс құрал-жабдықтарын және жұмысшы күшiне инвестициялар салымын жасауды талап етедi. Жұмысшы күшi мен құрал-жабдықтардың өсуi, олардың сапалық сипаттамаларына өзгерiс енгiзедi. Сондықтан нақты экономикалық өсудi талдағанда, оның теориялық үлгiсiн емес, өсу типтерiн басымырақ экстенсивтiк және басымырақ интенсивтi деп бөледi. Өндiрiсте қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестiгiн белгiлейтiн макроэкономикалық көрсеткiштердiң өзгерiстерiне әсер етуiне байланысты ҒТП бiрнеше түрге бөлiнедi. Егер ҒТП дамуында еңбектiң капиталмен жабдықталуының әрбiр белгiленген шамасына өндiрiс факторларының шектi өнiмдiлiгiнiң ылғи бiр ғана көрсеткiшi сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын алады. Егер еңбектiң капиталмен жабдықталуы белгiленген жағдайда шектi еңбек өнiмдiлiгi капиталдың шектi өнiмдiлiгiнен тез өсiп отырса, экономикаға еңбектi үнемдейтiн техникалық прогресс тән болады. Керiсiнше жағдайда – шектi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсу қарқыны мен шектi капитал өнiмдiлiгiнiң арақтынасы керiсiнше болғанда ҒТП капитал үнемдейтiн типi пайда болады. Егер ҒТП дамуында белгiленген еңбек өнiмдiлiгiнiң орта дәрежесiне еңбектiң шектi өнiмдiлiгiнiң бiрдей шамасы сәйкес келсе, онда осындай түрi Солоу бойынша бейтарап деп аталады. Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:
  1. инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
  2. инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
  3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
  4. инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде.
Осындағы төртiншi аспектi бiздiң елiмiз үшiн маңызды болып табылады. XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты. Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:
  • экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
  • экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
  • интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi болып табылады.
Қазiргi заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын негiзгi 4-ке бөледi :
  • елде экономикалық ресурстардың өсуi;
  • өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;
  • шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;
  • адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi.
Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3 факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi экономикалық емес фактор болып табылады. ҒТП-ні қаржымен қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары қаржыландыру көздерінің көптігі және олардың мақсатты бағыттылығы болуы тиіс. Ғылым жалпы нарықтық қатынастарға бағдарлана алмайтын қызмет сферасына жатады: мәселен ғылым түгелдей коммерцтялық критерийлерге түсіп кетпейді, сондықтан экономиканың маңызды секторларындағы технологияны революцияландыра алатын іргелі зерттеулер мен келешектегі зерттемелерді қаржыландырудың міндетін мемлекет өзіне алады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық, инвестициялық, экологиялық және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қаржыландырудың орталықтандырылған қаражаттар есебінен жүргізілуі мүмкін. Экономиканы тиімді дамытуда негізгі шығындардың бірі болып табылатын ҒТП-ні қаржымен қастамасыз етудің көзі қаржылық қолдау көрсетуге арналған инновациялық қорлардың ресурстары бола алады; бұл қорлар салаларда немесе аймақсатрда ғылыми-техникалық өнімді әзірлеушілер мен тұтынушылардың, банктердің басқа мүдделі кәсіпоырндар мен ұйымдардың, сондай-ақ биліктің жергілікті органдарының бюджет қаражаттары есебінен құрылуы мүмкін. Соңғы уақытта алдын ала ескерілген шарттарда нақтылы ғылыми зерттеулер жүргізуге азаматтар мен заңды ұйымдардың, соның ішінде шетелдік, халықаралық ұйымдардың да өтеусіз және қайтарусыз  беретін гранттары – арнаулы ақша және басқадай қаражаттарды беру жолымен қаржыландырудың демеушілік сияқты көзі айқын дамып келеді. Негізінен бұл нысан мақсатты қолданбалы зерттеулер мен енгізбелік жұмыстарды қолдау үшін қолданылады. Кейін жекеше бизнестің дамуына қарай, бұл көз іргерлі зерттеулерді қаржыландыруда көрнекті рөл атқарады. Шаруашылықтың басқару органдары ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық жұмыстарының және ғылымды қажетсінетін өнімдердің жаңа түрлерін игерудің арнаулы салалық және салааралық бюджеттен тыс қорларын құра алады. Ғылыми зерттеулерді қалыпты қамтамасыз ету ғылыми орталықтарда күштерді біріктіруді, осы мақсат үшін қаржы ресурстарын орталықтандыруды қажет етеді. Ірі ресурстар не шаруашылық субъектілердің, аймақтардың, егеменді мемлекеттердің аударымы жолымен шоғырландырылуы, немесе жеткілікті ірі бюджеттен мақсатты арналым түрінде бөлінуі мүмкін. Нарық жағдайында ғылыми өнім тауар болуы және сұраным мен ұсынымның бағасы бойынша сатып алынуы тиіс. Мұндай жағдайда ғылыми өнімді сатып алушы шығарған шығындардың орнын толтыру үшін ғылым нәтижесін тез және тиімді пайдалануға мәжбүр болады. Бұл жағдайда ғылыми өнім үшін есеп айырысуда кредиттің рөлі артады, ол ғылыми-техникалық зерттемелерді өндіруден алынатын ұтыстардың есебінен өтеледі. Өндірістің тиімділігін арттыруда қаржының рөлі сондай-ақ ғылыми техникалық прогресті жетілдіруге, оны қолдауға арналған қаржылық жұмсалымдармен де тығыз байланысты болып келеді. Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау кезеңдерге, тиісінше ғылыми-техникалық зерттеулерге байланысты, соның ішінде: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, жобалау-конструкторлық зерттемелер, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың әдістерін енгізу. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың басымдығы жалпы мемлекеттік маңызы бар аса маңызды іргерлі зерттеулерге, салааралық проблемалар бойынша жұмыстарға, мемлекеттік және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тапсырмаларына беріледі. ҒТП-нің қолданбалы және енгізбелік шаралары шаруашылық есеп қорларынан және банк несиелері есебінен қаржыландырылуы тиіс. Бұл шаралар өндіріс тиімділігіне тікелей ықпал жасайтындықтан, оның түпкілікті нәтижелеріне әсер ететіндіктен шаруашылық жүргізуші субъектілердің кірістерін ҒТП сферасындағы олардың қызметінің түпкілікті нәтижелерімен тығыз байланысын қамтамасыз ететін икемді салық саясаты жүргізілуі тиіс. ҒТП-ні жеделдетуді ынталандырудың маңызды бағыты ҒТП-нің басым бағыттарын жүзеге асыратын субъектілер үшін мақсатты субсидиялар мен жеңілдікті несиелер беру, жаңа техника мен технологияларды игеру жөнінде арнайы құрылатын көтеріңкі шығындардың инвестициялық қорлары есебінен өтемақы төлеу, негізгі құрал-жабдықтардың жеделдетілген амортизациясын қолдануболып  табылуы мүмкін. Рыноктық қатынаста бәсекенiң дамуымен экономикада мемлекеттiң ролi төмендейдi. Бiрақ дамыған елдер тәжiрибесi бойынша тек қана нарықтық принциптер негiзiнде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкiн емес. Елдегi инновациялық даму мемлекеттiң араласуынсыз оң нәтиже бермейдi, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттiң реттеудiң объектiсi болып табылады. Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы бар, ол - жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Қазіргі таңда ел экномикасы дамуының шешуші факторлары - ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады. Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады.Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та –4, Еуропада 2 айдан кейін шығады.Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай. Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриалды парктер/ айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды,бір сөзбен айтқанда , кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды.Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз.1991ж. –2587, 1992 ж. –9678, 1996 ж. –13722, 2000 ж. –20796. Ал Корея Республикасының /Оңтүстік Корея/ ғылым мен техниканы соңғы 50 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады.Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын Ғылым және технология Министрлігі құрылды және Ғылым мен техниканы қолдау туралы Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған. Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті.Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж  3,5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады.Оның міндеті- Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу.Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды. 1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады.Мұның бәрінің себебі – нарықтың қатал талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер аяғына шырмауық болып оралды. Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуы шикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни “көз бояушылық” екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриалды-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж шілде айында ҚР Президенті Жарлығымен “Инновациялық қызмет" туралы Заң күшіне енді. Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 ж.ж дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда, мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай. Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
  1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетт, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады;
  1. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу немсе қаржылық қолдау;
Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.Негізгі қойылатын шарт- зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау
  1. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау үшiн ең бiрiншi құқықтық нысандары елiмiзде жоғарыдағы стратегия бойынша орындалуда. Ал мемлекеттiк қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшiн оған көп мөлшерде қаржы керек. Осы мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселенiң бiрi болып отыр, сондықтан қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негiзделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкi, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды. Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік. Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады.Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды. Ал мемелекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-н құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%- ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру болып табылады. Мемлекеттік деңгейде кәсіпорындарына мынандай қолдау көрсетеді:
  1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық кәсірорындарға кеңес беретін комисссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындарға көмек көрсетеді.
  2. Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету;
Оны 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады. Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі элементі ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған “Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау” туралы Заңнан бастап “Жаңа қызмет түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар” туралы Заңға дейін т.б. заңдар кешнін қамтиды. Жапонияда орталық банктер кредиттердің 47% -н, ал жергілікті коммерциялық банктер100% кредитті шағын және орта кісіпорындарға береді. Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері қолданылады. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен алады. 2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ БАРЫСЫ МЕН ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ 2.1 Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы мен даму барысы Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды. Қайта жандану кезеңiнде экономикаға әлемдiк тәжiрибелер бойынша мемлекет мiндеттi түрде араласып, экономикалық реформалар жүргiзуi керек. Экономикалық реформа қоғамдық жарасымдылық, өткен кездiң оң жетiстiктерi мен тенденцияларын сақтау, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн және халықтың барлық топтарының құқықтары мен оның ерекшелiктерiн қамтамасыз ету принциптерiне негiзделген шаралар жүйесi. Әрине, нарықтық экономикаға көшкендiктен мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке өту үшiн жекешелендiру саясатын жүргiзу керек болды. Мұндай нарықтың реформалары жүргiзiлгеннен соң ол халыққа, жалпы экономикаға 90-шы жылдардан кейiн керi әсер етiп, 90-шы жылмен салыстырғанда экономикамыз құлдырап кеттi, жұмыссыздық деңгейi өстi, халықтың өмiр сүру деңгейi төмендедi. Халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын жақсарту бұл қоғамдық дамудағы республиканың әлеуметтiк – экономикалық саясаты арқылы iске асырылады. Халықтың өмiр сүру деңгейiнiң негiзгi индикаторы: халықтың табысы, еңбек ақының мөлшерi, зейнет ақы көлемi, мемлекеттiк минималды еңбек ақы деңгейiмен өлшенедi. ЖIӨ-нiң құлдырауы 90-шы жылмен салыстырғанда 1995 жылы 38,5% болды. Макроэкономикалық тұрақтылық елiмiздiң экономикалық саясатының және ұлттық Банк жүргiзген шараларға байланысты 1996 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ке өсуiмен және инфляцияның айтарлықтай төмендеуiмен көрiндi. Елiмiз осыдан бастап экономикалық даму сатысына өттi. 1999 жылы сәуiрде ақшаны еркiн айналымға жiберу отандық товарлардың бәсекелестiгiн қалыптастырды. Сол жылы ЖIӨ-нiң өсуi 1,7%-ке жеттi. Отандық товар өндiрушiлердiң қызметтерiн активизациялау, iшкi және сыртқы рыноктағы сұраныстың өсуi бұл негiзгi 1999-2001 жылдардағы экономикалық өсу болды. Нақты ЖIӨ 2000 жылы 9,8%, ал 2001 жылы оның өсу қарқыны 13,5%-ке жеттi. Қазақстанда 1991-1995 жылдар 1990 жылмен салыстырғанда ЖIӨ көлемi 38,6%-ға төмендедi, яғни жылына шамамен 8%-ды құрап отырды.  2000 жылға дйiнгi ЖIӨ көлемiнiң өсу қарқыны байқалғандығымен 1990 жылмен салыстырғанда 69,3% -құрады. Ал сонғы 2001-2003 жылдар аралығында ЖIӨ-нiң жиынтық өсiмi 30%-дан астам болды. Сонда ЖIӨ динамикасына назар аударатын болсақ Қазақстанда экономикалық өсудiң динамикасын келесi түрде көруге болады екен. Жоғарыдағы суреттен көретініміз еліміздің экономикалық өсуінде 2007 жылға дейін ЖІӨ көлемінің өсу динамикасы жоғарғы 8-11% деңгейінде болып келсе, ал биылғы 2008 жылы орын  алған әлемдік дағдарыс салдарының ұлттық экономикамызға әсер етуінен отандық ғалымдарымыздың болжауынша 2008 жылы Қазақстан экономикасының өсуі 5-6% шамасында болады деп айтылуда. Бiрақ та бiздiң экономикалық өсуiмiз толықтай шикiзат түрiнде болып отыр, ал бұл әлемдiк тәжiрибе бойынша ел экономикасына тиiмсiз. Ол өзiмен бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жымысшы күшiн қажет етедi. Әлемдегi дамыған елдердiң барлығы шикiзатты және өндiрiстi экономикадан толық құтылып, сервистiк-технологиялық экономикаға көшiп отыр. Шикiзат және өндiрiстiк экономика дамушы және даму жағынан артта қалған елдерге өтуде. Елбасымыздың жолдауы бойынша Қазақстан әлемдегi алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы керек. Ендi осы мақсатты жүзеге асыру үшiн индустриялы-инноваиялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикға  өту үшiн 2003-2015 жылға арналған стратегиялық жоспар жасалды /10/. Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжiрибесi көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиiмдi модернизациялауды қамтамасыз етедi. Бұл әсiресе Қ.Р-сы үшiн өте маңызды, өйткенi 1990 жылдан бастап елiмiзде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндiрiстiң техникалық деңгейi құлдырады, ғылыми өнiмдердiң шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциялымыз қысқарып кеттi, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелiмiн жойылды, елiмiз өзiнiң iшкi сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды.  Осының салдарынан ЖIӨ көлемi де 1990 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейiн азайды. Ал 1996 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ға өсуiмен экономикалық дағдарыс керi бұрылып экономикалық жандану кезенiне өттiк. Осы жылдардағы ЖIӨ көлемiне назар аударсақ тек қана 2003 жылы 1990 жылғы деңгейге жеткен екенбiз.                       Сонымен қатар елiмiзде  ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемi  0,9% құрап отыр. Ал индустриалы-инновациялы саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесi 0,6%-ға дейiн кемидi екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖIӨ-нен бөлiнетiн қаржы 1,7%-ға дейiн өсудi жоспарлап отыр. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ. Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем. Стратегияның басты  мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады. Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды , жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Елiмiздегi инновациялық саланы мемлекеттiк қолдауды ҚР-ның  “Инновациялық қызмет” туралы Заңынан көрумізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:
  1. Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламарды жасау.
  2. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.
  3. Инновациялық инфрақұрылымды құру.
  4. Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру
  5. Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.
  6. Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қаматамасыз ету.
  7. Отандық инновацияларды шетелге шығару.
Осы мәселелердi шешу қызметi барысында стратегияның келесi мiндеттерiн атап өтсе болады: Стратегияның мiндеттерi:
  • өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету:
  • өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
  • кәсiпкерлiк құрылымды қалыптастыру; бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрестерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi итеру;
  • ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
  • сапаның әлемдiк стандартына көшу;
  • дүниежүзiлiк ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8-9,2% қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8% еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9%-тен  2015 жылы 1,5-1,7%-ке  арттыруға мүмкiндiк беру. Әйтсе де бұл инновациялық жобаларға көптеген қаржы қажеттiлiгi туындап отыр, ол қаржыларды ЖIӨ-нiң құрамынан көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткенi елiмiзде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, әсiресе әлеуметтiк салаларға. Сондықтан қаржы тартудың бiрден бiр көзi инвестиция тартуды ынталандыру болып табылады. 2006 жылдың 1-ші наурызындағы Елбасымыздың халыққа кезекті Жолдауында Қазақстан алдағы уақытта әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі керек деп алдыға үлкен мақсат қойды. Ал бұл бағдарламаларды іске асырып, экономиканы тиімді және бәсекеге қабілетті етіп дамыту үшін ең бірінші қаржы көзінің негізі болып табылатын және кәсіпорындарды ынталандырудағы маңыздылығымен ерекшеленетін инвестициялар болып табылады. Қазақстан бүгiн әлемдiк рынокта бәсекеге тек қана шикiзаттық ресурстар арқылы ғана түсе алады. Бүгiнде елiмiздiң мұнай және метал салаларының құралдары ғана жоғары сапада болып, олардың өндiрген өнiмдерi бәсекеге түсiп отыр. Ал елiмiздегi негiзгi құралдардың 80% моралдық және физикалық жағынан тозған құралдар екенi белгiлi. Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз. Инвестициялық дағдарыс Қазақстанда Республикасында инвестициялық қызметтiң дереу тоқталуымен белең алды. 1991-1996 жылдар аралығында негiзгi капиталға инвестиция тарту тұрақты түрде кемiп отырды. Осы аралықта негiзгi капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемi 10 есе кемiдi. Осылайша елiмiзге инвестиция ағымы азаюымен қатар жоғарыда көргенiмiздей экономикалық өсуде дағдарысқа ұшырады. Жалпы экономикада өндiрiстер құлдырап, көбiсi банкротқа ұшырады. Сондай-ақ бұрынғы құралдардың жаппай тозуы басталды. Осының салдарынан әлеуметтiк салада жұмыссыздық күннен-күнге өсе бастады. Қазақстан Республикасының егемендігін алған жылдардан кейінгі жаппай өндірістік құлдырау кезінде еліміз экономикасының инвестицияларға деген мұқтаждығы өте жоғары болды. Ол жылдары отандық инвестициялардың әлі де болса тиімді дамымауына байланысты еліміз сол жылдардан бастап елдегі тиімді ресурстық жағдайларды ескере отырып, шетелдік инвестициялардың келуіне оңтайлы жағдайлар жасай бастады. Осы кездерде шетелдік инвестициялардың басым бөлігі шикізаттық салаларға ағыла бастады және оларға шектен тыс еркіндіктер берілді. Оның зардабын Қазсқатан Республикасы бүгінгі таңда түсіне бастағанымен, шаралар қолдануға әлсіздік танытып отыр. Мемлекетiмiз осы мәселеге тiкелей араласа бастады. Ол экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру саясатын жүргiздi, шетлдiң тура инвестициялар келуiне ынғайлы жағдайлар жасады. Сондай-ақ iшкi экономикалық инвестиция тартуды дамытты. Осылайша 1997 жылдан бастап елiмiзде инвестициялық қызмет өсу бағытына бет алды. Оның өсiмi 1997 жылы 11,6%, 1998 жылы – 41,9%, 1999 жылы – 3,8%, 2000 жылы – 29,4%, 2001 жылы – 30%-ды құрады. Осы мәселеге байланысты ендiгi жерде iшкi және сыртқы инвестициялардың негiзгi бөлiгiн өңдеушi салаға құйылуын мемлекеттiк және кәсiпкерлiк қолдау арқылы ынталандыруымыз керек. Ол үшiн ондай салаға салынатын инвестицияларға белгiлi дәрежеде қолайлылықтар туғызуымыз қажет. Мысалы, оларға салық жеңiлдiктерi, пайыз мөлшерлемесiнiң жоғары болуы және қолайлы инновациялық орта жағдайын айтып өтсем болады. Жалпы Қазақстан Республикасы экономикасындағы инвестициялық қызметтiң даму көлемiн келесi 1-ші кестеден көре аламыз: Кесте 1 - Елiмiздегi 2002-2007 жылдардағы жалпы инвестициялар
Көрсеткiштер, млн. теңге 20044 2005 2006 2007
Барлық инвестициялық активтер 512332 752645 1158148 1307249
Негiзгi капиталға инвестиция 369084 595663 943398 1099986
Капиталды жөндеулерге шығындар 21893 43013 85657 146264
Айналым активтерiне инвестиция 140147 153526 207067 202912
1-шi кестеден көрiп отырғанымыздай жалпы инвестициялар құрамында негiзгi капиталға инвестицияның алатын үлесi айтарлықтай басым. Бұл әрине жақсы көрсеткiш болып табылады. Бiрақ осы негiзгi капиталға тартылған инвестициялардың экономикалық қызмет  түрi бойынша алатын үлесiнiң ара  салмағының маңызы жоғары. Себебi, елiмiздегi негiзгi капиталға тартылған Ендi келесi 2-шi кестеден тiкелей шетел инвестицияларының өнеркәсiп саласындағы үлесiн көре аламыз. Кестеден көретiнiмiз шетел инвесторларының тiкелей инвестиция тартудағы мақсаты бiздiң елдiң экономикасының тұрақты дамуы емес, қайта бiздiң елдiң қойнауындағы шикiзат қорының молдығы болып отыр. Олар өз инвестицияларын шикiзат саласына құю арқылы тез арада пайда тауып, елiмiздiң шикiзат бағытындағы тұрақсыз экономикалы ел бола беруiне ықыласты. Өйткенi, олар өңдеушi салаға инвестиция салса, ол салалар кейiн дамып, сол елдердiң өздерiне бәсекелес болып табылады. Сондықтан, елiмiз ұлттық экономиканың тұрақты дамуын  қамтамасыз етуi үшiн отандық инвесторларды осы салаға тарту, отандық өнеркәсiп салаларын басты орынға қойып, оларға қолдау көрсетуi керек. Дегенмен, экономикадағы соңғы жылдары қалыптасқан өсу үрдiсi кейбiр кәсiпорындардың қайта бас көтеруiне оң септiгiн тигiзiп отыр. Әсiресе, “Казмұнайгаз” ААҚ мәлiметтерi бойынша 2007 жылы мұнай өндiрушiлердi машина жасау өнiмдерiмен жабдықтау 26 млн. АҚШ доллары құраған. Сөйтiп, қазiргi кездегi республикада машина жасау кешенiнiң үлесiне, статистика мәлiметтерi бойынша, өнеркәсiптiк өнiмiнiң 3%-ы, өнеркәсiптiк өндiрiстiң – 12-13%-ы, инвестиция көлемiнiң – 0,86%-ы келедi екен. Мұның өзi бұл саланың перспективасы болашақта жоғары екенiн көрсетедi. Кесте 2 - 2007 жыл бойынша тiкелей шетел инвестицияларының түсiмi
Экономикалық қызметтiң түрi Тiкелей шетел инвестицияларының үлесi $ млн % Өнеркәсiптiң негiзгi капиталына инвестиция көлемi$ млн
Барлығы   4418,5                100 3752,35
Тау-кен өнеркәсiбi   3291,4         74,5 2848,65
Мұнай және газ өндiру   3287,8               54,04 2644,0
Өңдеушi өнеркәсiп   301,1                 6,8 714,6
Машина жасау саласы   136,6                  3,1 37,43
Сонымен, бүгiнгi таңда басты мәселенiң бiрi болып отырған, Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымына кiру алдындағы дайындық жұмыстары өнеркәсiп салаларына жаңа мiндеттердi шешудi жүктеп отыр. Ол сыртқы және iшкi нарықтарда бәсекеге төтеп бере алатын тауарлардың инновациялық деңгейiн көтеру болып табылады. Мұны, Оңтүстiк Корея, Сингапур, Тайвань елдерiнiң өнеркәсiптiк тауарлары әлемдiк нарықта дәлелдеп шықты. Яғни, тауар саясатын дайындауда кез келген өндiрiстiк кәсiпорын өнiмнiң ғылыми-техникалық сиымдылығын көтеруi тиiс, сөйтiп инновациялық мәнi бар тауар өндiруде өз бағыты мен механизмiн анықтап алуы керек. 2.2 ҚР экономикалық дамудың тұрақтылығын сақтаудағы қазіргі күнгі  мәселелері Экономикалық қауіпсіздік бір елдің экономикалық дамуындағы келеңсіз жағдайлардың орын алуы және оның одан әрі дами түсуі болып табылады.  Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы экономикалық қауіпсіздігінің мәселелерін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады және олардың қауіпсіздік деңгейі де әр түрлі болып отыр. Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:
  • экономиканың бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
  • әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
  • ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
  • iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
  • өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
  • кластерлiк желiлердiң дамымауы, яғни кәсiпорындардың бiр орталыққа шоғырланбауы;
  • мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
  • кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
  • ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi;
  • ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстыболмауы;
  • мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;
  • экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
Сонымен қазіргі кездегі Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіндегі басты мәселесі  өнеркәсіптік жағдайы, экономиканың шикізат бағыттылығы, өңдеуші саланың даму қарқынының төмендігі. Кесте 3 - Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштері
Индикаторлар Шекті мәндер (әлемдік стандарт) Қазақстан бойынша нақты көрсеткіштері
1.  Инфляция деңгейі 30-40% 11,50%
2.  Сыртқы қарыз көлемі, ЖІӨ-ге пайыз бойынша 25% 28-30%
3.  Өндірістегі қайта өңдеуөнеркәсібінің үлесі 70-50% 22-27%
4.  Шығарылатын өнімкөлеміндегі жаңа өнімтүрлерінің үлесі 10% 2,8-3,8%
5.  Ішкі тұтынымдағы (оныңішінде сатудағы) импорттыңүлесі 30 (25)% 65%
6.  10 пайыз өте төмен табыстыжәне 10 пайыз өте жоғарытабысты халық топтарыарасындағы айырмашылық,көлеңкелі экономиканықоса есептегенде 8 рет 14-16 рет
7.  Ұлттық экономиканыңбәсекеге қабілеттілігі (10балдық шкаламен) 5 балл 2,5 балл
8.  Инвестициялар көлемі, ЖІӨ-ге пайыз бойынша 25% 13%
9.  Ғылыми зерттеулергежұмсалған шығындар, ЖІӨ-ге  пайыз ретінде 2% 0,23%
Алынған көзі: «Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері», Қаржы полициясы органдарының халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары – 1 бөлім, Астана, 2007ж. Сандық мәнге ие болған индикатор-көрсеткіштердің жүйелері төнген қауіпсіздік жайында дер кезінде хабардар етіп, оның алдын алу үшін шаралар қолдануға мұмкіндік береді. Негізгі айта кететін жайт, қауіпсіздіктің ең жоғарғы деңгейіне барлық көрсеткіштер жүйесі өздерінің бастапқы мәндерінен ауытқуының белгілі бір жіберілетін (рұқсат етілетін) шегінде болғанда ғана қол жеткізіледі, ал бір көрсеткіштің бастапқы мәніне жету үшін басқаларына зиян келтірмеу қажет. Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз. Өйткенi егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз. Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей , елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда өнеркәсiптi дамытуға барлық жағдайдың бар екендiгi белгiлi. Шикiзат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, жағрапиялық жағынан орналасу тиiмдiлiгi, iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтар – мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады. Әрине, отандық өнеркәсiптiң қарқынды дамуына терiс әсерiн тигiзер факторлар мен кедергiлер жоқ емес. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады десек қателеспеймiз:
  • өтпелi кезеңдегi жекешелендiру мен мемлекет иелiгiнен алуда жiберiлген қателiктер осы кезге дейiн өзiнiң терiс “жемiсiн” беруде;
  • кәсiпорындардағы табиғи және моралдық тозығы жеткен негiзгi қорлардың үлес салмағының 80% көлемiнде болуы;
  • жаңа техника мен технологияны, шикiзат пен комплект бұйымдарын импорттау өндiрiс шығындарының артуына әсерiн тигiзедi, соның салдарынан өнiм бағасы қымбаттайды;
  • отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары және импорт алмастыру саясатын тоқтаусыз және табанды түрде жүргiзудiң болмауы;
  • өнеркәсiп кәсiпорындарының сыртқы және iшкi инвестицияларға мұқтаждығы, мемлекет бюджетiне тәуелсiз даму үшiн өз қаржыларынан құралатын амортизациялық, сақтандыру, резервтiк, даму қорларын құра алмай отырғандығы;
  • өнеркәсiп салалары арасындағы салааралық, салаiшiлiк компаниялар мен фирмалардың аздығы;
  • өндiрiстiк инфрақұрылымның жетiлмеуi, сонымен бiрге, өнеркәсiпке қызмет көрсетушi әр түрлi инновациялық, инжинирингтiк, маркетингтiк, консалтингтiк құрылымдардың ұсақ түрдегi қызметтерден аса алмауы;
  • iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
  • өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
Стратегияның даму болжамдары бойынша өңдеу өнеркәсiп салалары Қазақстан экономикасының индустриялық негiзiн құрамақ. Яғни, машина жасау, автомобиль шығару, авиация, мұнай-химия, жоғары технологиялы электорондық техника өндiру, ғылыми жаңалығы жоғары, энергия, материал, еңбек шығындарын үнемдейтiн, бiрақ қоршаған орта мен адам денсаулығына қаупi жоқ өнiмдер өндiру өнеркәсiптi жаңа индустриялық деңгейге көтеретiнi анық. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын ойдағыдай iске асыру экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негiзiнде елдiң экономикасының ұзақ мерзiмдi тұрақты өсуiне және өнiмнiң бәсекелес түрлерiн өндiру мен экспорттың өсiмiне жағдай жасау қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс. Ел экономикасында жеке бастамалар басымдыққа ие болады. Барлық рынок субъектiлерi үшiн тең бәсекелес жағдай жасалады. Экономиканың бәсекеге қабiлетiн арттыруда ғылым жетiстiгiн пайдалану жақсарады, менеджмент және маркетингтiк зерттеулер, өнiмдi стандарттау және сертификаттау және т.б. салаларда кейiндеп қалуды еңсеру шаралары қабылданады. Инвестициялық және инновациялық жобаларды мемлекеттiң қаржы ресурстарының қатысуымен қаржыландыру үшiн таңдау бөлiгiнде iрiктеу рәсiмдерi өзiнiң мақсатқа сәйкестiгi мен ашықтығына ие болады. Инвестициялық идеялар мен жобалардың келешегiн айқындау саласында қазiргi кездегi әдiстер қолданатын, жаңа қаржы институттары құрылады.      Шағын және орта, әсiресе инновациялық бизнестi дамытуда шешушi бетбұрыс болады. Елде экономиканың нарықтық емес секторларының үлесi күрт қысқарады. Кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң ашықтығы қамтамасыз етiледi. Импорт көлемiн азайту экспортқа бағытталған өнiм өндiру барлық дамыған және дамушы елдердiң басты мақсаты. Осы мақсатта өңдеушi салалардың техникалық деңгейiн көтеруде машина жасау өнеркәсiбiн көтеруге барлық күш-жiгер салынуы тиiс болып отыр. Себебi, көптеген кәсiпорындар техниканы, құрал-жабдықтарды импорттауға мәжбүр. Минералды шикiзатты өндiруден өңдеуге дейiн, тамақ, киiм, ауыл шаруашылығы, көлiк жiне құрылыстың техникасыз күнi жоқ. Республикада машина жасаудың ең қуатты өндiрiстерi көлiк және ауыл шаруашылығына қажеттi техника өндiруi тиiс. Елiмiздегi машина жасау саласының экспорттағы үлесi бар жоғы 7%. Өйткенi, экономикаға құйылған инвестицияның 75% шикiзат саласына тиесiлi болып отыр, яғни өңдеу өнеркәсiбiне қарағанда 4 есе артық.  Төмендегi 1-шi кестеден елiмiздегi өнеркәсiп өнiмдерiнiң экспорттық және импорттық құрылымын көре аламыз. Яғни, өнеркәсiптiң негiзгi дамуы жер қойнауымыздағы шикiзат байлығының себебiнен болып отыр. Кестеден көрiп отырғанымыздай 2001 – 2006 жылдары арасында минералды өнiмдердi экспорттау 43,6%-дан 65% -ға дейiн өссе, ал өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесi бар болғаны 7-8% -ды құрап отыр. Сонымен, бүгiнгi таңда басты мәселенiң бiрi болып отырған, Бүкiләлемдiк Сауда Ұйымына кiру алдындағы дайындық жұмыстары өнеркәсiп салаларына жаңа мiндеттердi шешудi жүктеп отыр. Ол сыртқы және iшкi нарықтарда бәсекеге төтеп бере алатын тауарлардың инновациялық деңгейiн көтеру болып табылады. Мұны, Оңтүстiк Корея, Сингапур, Тайвань елдерiнiң өнеркәсiптiк тауарлары әлемдiк нарықта дәлелдеп шықты. Яғни, тауар саясатын дайындауда кез келген өндiрiстiк кәсiпорын өнiмнiң ғылыми-техникалық сиымдылығын көтеруi тиiс, сөйтiп инновациялық мәнi бар тауар өндiруде өз бағыты мен механизмiн анықтап алуы керек. Экономикалық қауіпсіздіктің бүгінгі таңдағы екінші мәселесі инфляцияның жоғарғы деңгейінің орын алуы және оның ақша-несие саясаты белгілеген мөлшерлемесінен асып кетуі болып отыр. 2007 жылдың соңғы айларындағы инфляцияның жоғарғы қарқынының орын алуы негізінен астық өнімдері, осының негізінде орын алған тағам өнімдерінің күрт қымбаттауы, энергия мен коммуналды қызметке деген бағалардың жоғарлауы. Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 2007 жылы қаңтар-тамыз инфляция деңгейі 6,3% болды, ал өткен 2006 жылы осы мезгіл аралығында бұл шама 5,3% болған. Әсіресе инфляция деңгейі осы кезде тағам өнімдерінің бағасының өсіп кетуі негізінде көрініс табуда. Жалпы тағам өнімдері қаңтар-тамыз айларында 7,6% ( 2006 жылы 4,6%), осы аралықта ет және ет өнімдері 12,6%, нан өнімдеріне деген бағаның өсуі 8,8% болды. Биылғы жылы отандық нарықта барлық тауарлардың бағасының өсуі орын алуы, әсіресе тамақ өнімдері, оның ішінде нан бағасы мен өсімдік майының бағаларының өсуі жалпы нарықтық бағалардың өсуіне алып келді. Оған себеп биыл астық өнімдеріне деген сұраныс бағасының жоғары болуы, олардың экспорттық бағасының жоғары болуымен сипатталады. Жоғарыда аталғандар негізінде халық арасында инфляциялық күтудің орын ала бастауы. Сонымен қатар 2004 және 2003 жылдары анықталған инфляциялар «лидерлерсіз», яғни барлық өнімдерге бағаның біркелкі өсуі байқалса, ал  2005-2007 және 2008 жылдары инфляция барысында ондай лидерлер орын алды. Оларға: мұнай өнімдері дәне жеміс-жидек, астық және тағам өнімдері. Ал тағам және жеміс жидекке 20% шамасында болып отыр. Жеміс жидекке бағаның өсуі бұл жылдағы маусымдық бағалардың түсуі биылғы жылы орын алмады және жанар-жағармайдың жоғары болуы ауыл шаруашылығына ауыр тиуіне байланысты болса керек. Сондай-ақ 2008 жылғы инфляцияның одан да әрі үдей түсуіне ең біріншіден  бүкіл әлемдік қаржы дағдарысы себепші болуда. Осы аталған қаржылық дағдарыстан бүгінгі таңда әлемнің барлық елдерінде экономиканың дағдарысқа ұшырауы, тұрақсыздықтың орын  алуы және ірі компаниялардың акцияларына деген бағалардың жаппай түсуі орын алды. Жалпы еліміздегі 2000 жылдан бергі инфляцияның жылдық көрсеткіштерін келесі суреттен көре аламыз. Осымен бұл бөлімде инфляция жағдайының, оның еліміздің егемендік алған жылдарынан бастап осы уақытқа дейінгі көрінісін талдап өттік. Талдау барысында келесідей қорытындылар айтсақ болады, яғни елімізде гиперинфляция 1991-1995 жылдар аралығында болса, 1995-1999 жылдар инфляцияның баяулау кезеңі болды, ал 2000-2006 жылдар инфляцияның төмен (5-8%) және тұрақты деңгейі сақталса, ал 2007-2008  жылдары жоғарыдағы аталған себептерге байланысты инфляция деңгейі біршама өсіп кетіп отырғандығын қарастырдық. Енді келесі суреттен аталған инфляция қарқынының өзгерісінің макроэкономикалық талдаудың басқа да көрсеткіштерімен байланысын көре аламыз. Суреттен көріп отырғанымыздай инфляция мен жұмыссыздық бір-біріне тура байланысты екендігін, ал екеуінің ел экономикасының өсуіне кері байланыста, яғни, жұмыссыздық пен инфляцияның жоғарғы деңгейде болуы ЖҰӨ-нің кемуіне әкелетіндігін көре аламыз. Оған мысал ретінде соңғы 2007-2008 жылдардағы орын алған дағдарыстық жағдай кезіндегі шамаларды айтсақ, яғни 2007-2008 жылы инфляция мен жұмыссыздық деңгейі бірдей өсу бағытына бет алса, ал ЖҰӨ керісінше азаю көрсеткіштерін бейнелеуде. Осыған байланысты қазіргі уақытта ҚР ұлттық экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін орын алып отырған әлемдік дағдарысқа жылдам бейімделіп, экономикалық саясаттарды дұрыс іске асыруы қажет. Егеменді ел болған жылдар тәжірибесі көрсеткендей, тек шикізатты факторды қолдану арқылы ел радикалды өзгерістерге жете алмайды. Себебі минералды шикізаттар қоры шектелген, қайта орны толтырылмайды және уақыт өткен сайын азаяды. Ал бұл жарқын болашақта елдің саяси және экономикалық тәуелсіздігіне теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан да ғылыми технологияларды қолдану арқылы жоғарғы қосылған құны бар жаңа өндірістерді дамыту қажеттілігі Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық сипатқа ие. Отандық экономиканың дамуының бір перспктивасы ретінде Президентіміз сонымен қатар кластерлерді атап көрсетті. Кластерлік даму – бұл салалардың, ұлттық экономиканың, елдің бәсекелестің қабілеттілігін жоғарылату стратегиясының негізгі бөлігі. Кластерлер мен экономика, әсіресе Қазақстанның экономикалық жағдайымен тығыз байланысты болуы керек. Қазақстандағы іскерлікті енгізудің алғы шарттарының жақсаруы кластерлердің қалыптасуының қолайлы жағдайын тудырады. Бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан іскерліктің әлсіз тұстарына қазақстандық компаниялардың тасымалдаудың жаһанды желісінде жеткіліксіз интеграциялануын, жаңа өндірістік технологияларды қолдаудың төмен деңгейін, сондай-ақ жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін, антимонополиялық саясаттың төмен тиімділігін, әкімшілік кедергілердің жоғарғы деңгейін, қаржы секторының жеткіліксіз деңгейде дамуы мен венчурлық капиталға қол жеткізу мәселелерін жатқызуға болады. Қазақстандағы бизнес-климаттың күшті жағына білім беру инфрақұрылымы мен адамзат ресурстарының міндеті мен жоғары сапасын, ҒЗТКЖ үшін қиындықтар, жол инфрақұрылымының жоғары сапасын, сондай-ақ Қазақстан ішіндегі тасымалдаушылардың қол жеткізуінің қатысты жоғарғы деңгейін жатқызуға болады. Саясаты бәсекелік артықшылықтардың белсенді дамуына бағытталған елдерден ерекшелігі, Қазақстан өзінің күшті жақтарын айтарлықтай тиімді қолданбайды. Қазақстан дәстүрлі шикізат өндірісін есептемеген кезде, кемінде тоғыз салалық сегментте бәсекеге қабілетті екені ҚР Үкіметінің Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін бағалау жобасымен жасалған келісім бойынша «Austin Associates» американдық консалтинг мамандары мен Гарвард университетінің сарапшылары бірігіп жүргізген жұмыстарының нәтижесімен анықталды. Бәсекеге қабілетті салалар бірнеше критерийлер арқылы іріктелді. Бірінші критерий  - адамдық ресурстар саны мен сапасы. Екінші критерий – кластерге әлеуетті қатысушы кәсіпорындардың орналасуы. Яғни, шикізатты өндіретін, өңдейтін, қайта өңдейтін және соңғы нәтижесінде қосымша құнды жоғарылататын түпкі өнімді дайындайтын кәсіпорындардың өзара байланыс жасауы, бір–біріне жақын орналасуы. Бұдан кейін табиғи ресурстардың, инфрақұрылымның болуы назарға алынып, ең соңында кәсіпорынның технологиялық сәйкестігі тексерілді. Қазақстан экономикасына жүргізілген осы зерттеулер нәтижесінде  негізгі 7 «пилотты» кластерлерді құру туралы шешім қабылданды, яғни тамақ өнеркәсібі (ауыл шаруашылық облыстарында), туризм (Алматы), тоқыма өнеркәсібі (Оңтүстік Қазақстан), көліктік логистика кластері, құрылыс материалдары өндірісі (Алматы облысы), металлургия (Орталық Қазақстан), мұнай–газ машиналарын жасау (Батыс Қазақстан облысы). Қорытындылай айтқанда, біздің ойымызша,  өнеркәсіпті қайта құру үшін келсідей шаралар орындалуы қажет:
  • Аталған бағдарламаны жүзеге асыру барысында ғылым мен жоғар - ғы дәрежелі мамандарды дайындауды қаржыландыруды анықтайтын қолданыстағы заңдар мен салалық бағдарламаларға өзгерістер енгізу және осы мақсатқа бюджеттік қаражаттардың бөлінуін көбейту қажет.
  • Осы салаға инвесторларды тарту (шет ел және отандық) мен осы саладағы ең перспективті, қызықты ұсыныстарды қарастыру
  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату
  • Машина жасау саласындағы негізгі қорларды жаңарту мен өнімдер номенклатурасын кеңейту
  • Машина жасау саласы зауыттарының қарқынын төмендетпеу, олардың басқа кәсіпорындармен кооперациясы мен байланысын тереңдету
Өнеркәсіптің диверсификациясы мәселесін шешу жолдарының бірқатар жолдарын айтып өтетін болсақ:
  • тиімді рыноктық инструменттерді пайдалана отырып, өнеркәсіптің
өңдеуші саласына үлкен көлемді инвестициялар тарту
  • Экономика құрылымын өзгерту және экспортты диверсификациялау
Соңында Президентіміздің (2005 ж. ақпаны) Жолдауынан үзінді келтірер болсақ, «Қазақстан өз азаматтары үшін жоғары стандарттарды қалыптастыра отырып әлемдегі алдыңғы қатарлы дамушы елдердің қатарына кіруі қажет. Мұны біз ұлт пен экономика бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана іске асыра аламыз». Елбасымыздың 2008 жылғы 5-ші ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру -  мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты халыққа  Жолдауында айтылғандай Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдарындағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орны алу мен 30 корпоративтік көсбасшыларды қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру  міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек. Қазақстан 2008 жылы жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси  жетістіктерімен жаңарған саяси құрылыммен қарсы алды. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарады. Еліміздің әлеуметтік ахуалы да тұрақты қалпында 2000 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға  және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам адамдарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда екі есе артық. ҚОРЫТЫНДЫ Экономикалық өсу кеңiнен тараған құбылыс болып табылады. Экономикада болып тұратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi трендi ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына шаққандағы табыстың өсуi  болып отыр. Өйткенi осы көрсеткiш халық жағдайының көтерiлуiне әкеледi. Сондай-ақ экономикалық өсу ресурс шектеулiгi ахуалын шешедi. Өзiнiң егемендiгiн алғанына ендi ғана 17 жыл болып отырған  елiмiздiң алдынғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн экономикада тұрақты интенсивтi экономикалық өсу қажеттiгi туындап отыр. Экономиканың мұндай жас кезiнде мемлекеттiң экономикаға араласуы, оның тиiмдi дамуы үшiн экономикалық саясаттар жүргiзу арқылы iске асыру керек. Қазiр елiмiз ТМД елдерi iшiнде нарықтық қатынастар неғұрлым толық қалыптасқан, ЖIӨ-нiң өсу қарқыны жағынан алдынғы қатарда. Сонғы жылдары елiмiздегi ЖIӨ көлемi 10% деңгейiнде болып отыр. Бұл әрине жоғары көрсеткiш.          Бiрақ бiзде экономикалық өсудiң негiзгi қоры болып отырған бұл елiмiздiң жер қойнауының бай шикiзаттары болып отыр. Шикiзаттық және өндiрiстiк экономиканың тиiмсiз екенi бiзге белгiлi, сондықтан индустриялық-инновациялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн стратегиялар жасалуда. Онда негiзiнен шикiзат бағытына қарап қалған экономикадан қол үзiп, экономика салаларын әртараптандырып, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн өңдеушi өнеркәсiптi дамытып, отандық товарлардың iшкi және сыртқы рынокта бәсекелестiгiн, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру бүгiнгi ұрпақтың мiндетi. Бүгінде Қазақстан өмір сүру сапасы жағынан әлемде 78-орында екен. Ал еліміздегі табиғи байлықтарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіші 31 пайыз ғана. Бұл Жапо­ния, АҚШ, Германия сияқты дамы­ған елдермен салыстырғанда 6 пайызға дейін төмен. 2013 жылы осы көрсеткіш 37 пайызға, ал 2019 жылы 43 пайызға өскен жағдайда ғана Қа­зақ­стан дамыған елдермен бәсекеге түсе алады. Экологиялық заңдылық пен саясат жөніндегі Йель орталығы­ның мәліметі бойынша, Қазақстан әлемдік экологиялық тұрақтылық индексінде 70-орынға тұрақтаған. Соған сәйкес, еліміздің балдық көрсеткіші 63,8 ұпай болса, бәсекеге қабілетті Финляндия, Швеция және Жаңа Зеландия мемлекеттері 87-88 ұпайлық көрсеткішке ие. Елiмiздiң экономикалық даму барысында бүгiнде көптеген мәселелер мен кедергiлер де баршылық. Олар:
  • демографиямыздың әлсiздiгi және көп ұлттылық;
  • бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
  • әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
  • кәсiпорындардың жалпы техникалық-технологиялық артта қалуы;
  • өңдеушi өнеркәсiптiң мардымсыздығы;
  • ғылым мен өндiрiс арасында ықпалды байланыстың болмауы;
  • халықтың кейбiр бөлiгiнде әлi де кеңестiк ойлаудың сарқыны қалушылық;
  • ел территориясында глобалды және өңiрлiк экологиялық проблемалардың көптеп болуы;
  • елiмiзде туристiк индустрияны дамытудың қолайлы жақтары бола тұрып, оның тым мардымсыздығы;
Қорыта келгенде, елiмiзде жүргiзiлген экономикалық шаралар өз өнiмiн берiп, экономикалық өсуге қол жеткiздiк. Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және соған жету үшiн бiр адамдай жұмылып қызмет iстеу барлық Қазақстан Республикасының алдындағы мiндетi десек артық болмас. Сонымен курстық жұмыс негізінде мынадай ұсынымдар қабылданды: Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру үшін отандық бизнес ел ішінде бәсекелестікке шыдап қоймай, одан тысқары жерлерде де өз өнімдерін және қызметтерін өткізу үшін жаңа нарықтар табуға тиіс. Осыған байланысты, ДСҰ-ға кіру оның тиімді пайдаланылуы елдің коммерциялық мүдделерінің сыртқы нарықтарға табысты жылжуын қамтамасыз ететін тетік ретінде қаралады. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Н.А. Назарбаев. // “ Қазақстан – 2030 “ ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы.
  2. Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.
  3. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. -  Макроэкономика: - Оқулық. – Алматы: Экономика, - 2003. – 432 бет.
  4. Стратегия “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы. 2003 ж.
  5. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
  6. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы,   Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
  7. Статистика Казахстана. Алматы, - 2007 г. – 467 стр.
  8. «Обзор макроэкономической ситуации в Казахстане» // Бердибек Сапарбаев, РЦБК, №4, 2007 г.
  9. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2007ж. 23 ақпан.
  10. «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.
  11. Тұрсымбаева М.Ж. Экономиканың шикізаттық құрылымын өзгертуде кластердің рөлі // АльПари – 2005 - №4 – 42-44 бет.

Похожие материалы