Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЭКСПО-дан кейін теңгенің девальвация болатыны туралы болжам жалған - сарапшылар

ЭКСПО-дан кейін теңгенің девальвация болатыны туралы болжам жалған - сарапшылар

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz - Қазақстандық қаржы, экономика саласының мамандары TeleTrade Central Asia  сарапшыларының теңге девальвациясы туралы болжамы өтірік дейді.

Еске салайық, кеше аталған ұйымның сарапшылар тобының жетекшісі Сергей Полыгалов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында  «Қазан айының ортасына дейін теңге бағамы тұрақты болады. Одан ары қарай 400-420 теңге көлемінде девальвацияға ұшырайды», деген еді. Оның айтуынша Үкіметке Ұлттық банк арқылы Қазкоммерцбанкті «құтқаруға» жұмсалған 2,4 трлн теңгені орнына қойып, ЭКСПО-ға жұмсалған $1,7 теңгені «жабу» керек. Сондықтан қараша айында Ұлттық банк теңгенің құнын түсіреді. Бұл пікірді отандық БАҚ жаппай жарыса жаза бастаған еді. Алайда әлеуметтік желідегі қаржы мамандары мен сарапшылар бұл болжамды сынай бастады. Қор биржасы, теңге, мұнай бағамы туралы үнемі пікір білдіріп отыратын әлеуметтік желі белсендісі Данияр Темірбаев «Мұндай апокалипсистік болжамдар жасалғанда, табыс табудың уақыты келгенін білдіреді. Байқасаңыз: болжам валютаның құбылмалы кезінде табыс табатындардан шығып отыр» деп жазды. «Халық Финанс» АҚ басқарма мүшесі Мұрат Темірханов болса «ЭКСПО-дан кейін девальвация болаатыны туралы болжамға еш негіз жоқ. Теңге курсына әсер ететін факторларға қарау керек. Тіпті мұнайдың Brent  марасының бағасы барреліне 40 долларға дейін түссе де теңге бағамы ұзақ уақыт қазіргі бағаммен тұрады, онда біздің болжам бойынша  долларға шаққанда 340-360 теңге болады» деген пікір білдірді.    

Похожие материалы