Алматы. 4 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанда қаңтар айында ғана 107 млрд теңге болатын түсті металл кені өндірілді, - деп хабарлайдs Finprom.kz.
2019 жылдың қаңтар айында түсті металл кенін өндіру көлемі 107 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 25,2%-ке артық. Бұл соңғы жылдары тіркелген ең ауқымды көрсеткіш екенін атап өту керек. 2018 жылы ғана аталмыш кен өндірісі 33,2%-тік өсіммен 85,5 млрд теңгені көрсеткен болатын.
2018 жылдың 12 айында мыс өндірісі 103,2 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың көрсеткішінен 8,2%-ке артық болған. Сол секілді өткен жылы 12,9 млн тонна мыс концентраттары (+15,7%-тік өсім), 4,8 млн тонна мысты-мырышты кен (-4,2%-ке кеміген), 580,6 мың тонна мыс концентратындағы мыс (+15,5%-тік өсім) өндірілген.
Қазақстандық мыстың негізгі тұтынушылары – Азия мен ТМД елдері. 2018 жылдың 12 айының ішінде рафинатталған мыстың және өңделмеген мыс қорытпаларының экспорт көлемі 2,4 млрд долларға жеткен.
Жалпы, 2018 жылдың 9 айында металл кендеріне тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 368,2 млн долларды құраған.