Қазақстан аумағында айналымда жүрген ұлттық валютаның монетасы мен банкнотасын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тартқандар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстың 206-бабы бойынша жауапқа тартылып, 10-25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Бұл туралы Қаржы қызметтерін дамытудың ұлттық қорынан хабарланды.
"Заңды төлем қабілетінен айырылмаған, шынайылығына күмән келтірмейтін және Ұлттық банк белгілеген банкнота көлемінің кем дегенде 70%-ы сақталған, оның номиналын білдіретін белгілері сақталған және кішкене көлемде ғана зақым келген (егер олар банкнотаның шынайылығын анықтауда кедергі келтірмесе) және ескірген ақшалар төлем орындауға жарамды болып табылады"- деп атап өтілген мәлімдемеде.
Егер анық жалған ақша белгілері байқалса, техникалық шарттардан (пішінінің, сандық белгілеудің, бояу үйлесімділігінің дұрыс болмауы және басқа да) алшақтап кеткен белгілері бар ақаулы банкнота мен монеталар болса, ақша айналымынан алынып тасталған және қайтарылған, бұдырланған монеталар болса, «ҮЛГІ», «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN» деген жазулары бар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкнотасы мен монеталары заңды төлем құралы болып табылмайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024