Фрилансерлер - өз қызметін қандай да бір міндеттемелерсіз, ақылы түрде ұсынатын адамдар. Олардың жұмыс уақыты сағатпен, тәулікпен немесе бірнеше аймен есептеледі. Сіздің басшыңыз да, қызметкерлеріңіз де жоқ. Яғни сіздің нақты графигіңіз болмайды, штатта есепке алынбайсыз. Бастысы - тапсырысты уақытында және сапалы түрде орындау қажет.
Қазақстандағы фрилансерлік
Әзірге Қазақстанда фрилансты таңдаған қызметкерлерге ұсыныс көп емес. Отандық жұмыс берушілеріміздің әрбір 5-сі фрилансерлермен серіктес болуға дайын. Бірақ қазақстандық интеллектуалдық капиталды ресейлік және батыстық компаниялар белсенді түрде пайдаланады. Фрилансерліктің артықшылықтары болғанымен, еліміздегі еркіндіксүйгіш қызметкерлердің өзіндік минустары да кездеседі. Олар еңбек демалысы, мереке күндері тәрізді қандай-да бір әлеуметтік кепілдіктерден айырылған және тек өз күштеріне сенеді. Өздерін фрилансқа арнаған қызметкерлердің еңбек кітапшаларында жұмыс мерзімі туралы жазбалары болмайды. Олардың науқас ретінде жұмыстан уақытша босауға мүмкіндіктері жоқ. Қаншалықты жұмыс істесеңіз, соншалықты нәпақаңызды табасыз. Тағы бір қауіп - тапсырыс берушінің жұмыс біткеннен кейін ақы төлеуден жалтаруы. Бірақ алдын-ала барлығын сауатты реттеп алсаңыз, бұл проблеманың да шешімін табуға болады. Бүгінде қазақстандық фрилансерлер клиентпен келісім-шарт жасау кезінде 2 жүйені пайдаланады:- құжатты рәсімдеусіз
- жұмыстың атқарылуы бойынша немесе ИК (индивидуалды кәсіпкерлік) ретінде арнайы келісім-шартқа отырады
Қалай бастау керек?
Жоғарыдағы факторларға қарамастан, кәсіптің осы түрін меңгеруді шешсеңіз, фрилансер қызметімен толығырақ танысуды ұсынамыз. Фрилансер болу үшін ең алдымен өзіңнің күшті жақтарыңды және жаныңызға жағатын кәсіпті таңдау қажет. Сіз өз салаңызды еркін білетіндігіңізге әбден сенімді болыңыз. Осыған дейінгі жинаған тәжірибеңіз фрилансерлік қызметіңіздің табысты болуына әсер етеді. Фриланс биржасындағы жұмыстар санаты:•Мәтіндермен жұмыс, копирайтинг, журналистика •Интернет-жарнама және сайттардың жарнамасын жасау •Графика, дизайн және иллюстрациялармен жұмыс •Бағдарлама жасау, компьютермен жұмыс •Аударма жасау •Менеджерлер •Интернет-консультант •Жазушы
Келесі қадам - фрилансер үшін қажетті жабдықтарды дайындап алу. Олар: жылдам интернет, ноутбук немесе компьютер, электронды пошта, ICQ, мобильді телефон, клиенттермен хабарласып, тапсырма алу үшін Skype, пластик карта және электронды әмиян. Қызметіңізді бағалаңыз. Фриланс биржасын аралап, сіз орындай алатын тапсырмаға басқа орындаушылар қанша сұрайтындығын қараңыз. Өз деңгейіңізді бағалап, қызмет үшін құныңызды анықтап алу қажет. Портфолио жасау керек. Портфолио - ол сіз жасаған жұмыстар тізімі. Осы арқылы клиент сізбен серіктес болу туралы шешім қабылдайды. Портфолионың болуы - міндетті! Ал егер жұмыс тәжірибеңіз және клиенттерге көрсететін еш жұмысыңыз болмаса не істеу керек?Мысалы, сіз графикалық бағдарламалармен жақсы жұмыс істей аласыз, демек компьютеріңізде "өзіңіз үшін" деп жасаған жұмыстарыңыздың болатыны анық. Тек ең сәтті дегендерін таңдап, портфолиоға салыңыз. Әрине, тапсырыс беруші үшін сіздің "шығармашылығыңызды" қарап отыру қызық болмайды, дегенмен де ол арқылы сіздің кәсіби деңгейіңіз бен қабілетіңізді бағалай алады.
Көп жағдайда енді бастап келе жатқан фрилансерлер портфолио үшін тапсырманы тегін орындауға дайын болады. Сізде осы әдісті пайдаланып көріңіз. Ол үшін еңбек биржасына "Логотип (сайт, визитка және т.б.) дизайнын портфолио үшін тегін, уақытылы және сапалы орындаймын" деген мазмұндағы хабарландыру ілу жеткілікті.
Алғашқы тапсырмалар іздеу. Барлық биржаға тіркеліп, контактілеріңізді қалдырыңыз. Ұсынатын қызметіңізді, артықшылығыңызды, ерекше қабілетіңізді барынша толық жазып, профиліңізді кем дегенде 10-15 жобамен толтырыңыз. Тек күтумен шектелмеу керек. Бұрынғы жұмыс берушілеріңізбен хабарласып, қосымша жұмыстар сұрастырыңыз. Достарыңыз бен жақындарыңызды да көмекке шақырып, жан-жақтан тапсырыс іздестіріңіз.
Кәсіби қауымдастықтар мен форумдарға жиі қатысып тұрыңыз.
- Сізге қарағанда тәжірибелі әріптестеріңізбен көбірек байланыса аласыз. - Сізді тапсырыс берушілер байқайды. - Уақыт өте келе кәсіпқойлар арасында бедел жинау мүмкіндігіңіз бар.
Тапсырыс алуға болатын сайттар:
9-дан 6-ға дейін кеңседе отыруға үйренгендер үшін өмір сүру дағдысын күрт өзгертіп, еркін ағысқа шығу күрделі болуы мүмкін. Өзіңізді психологиялық тұрғыдан дайындап, өз-өзіңізге деген сеніммен кірісіңіз. Жақындарыңыз бен отбасыңыз да сіздің жаңа жұмысыңызға үйренуі қажет.
Өзіңді фрилансер ретінде жарнамалап, қалыптасып алуға шамамен 3-4 айдай уақыт кетеді. Қомақты қаржы тең еңбекпен ғана келмек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024