Apple жанкүйерлері ең алдымен смартфонның 12 мегапикселдік түсірілім жасайтын және HD-видеосын төрт есе көбейте алатын iSight камерасына баға беруде. Селфиді ұнататындар үшін 5 мегапикселге дейін рұқсат етілген жарқылды-фронтальды камера қарастырылған. Сондай-ақ суреттерді қарауда Live Photos технологиясын пайдалануға болады.
3D Touch технологиясы саусақты экраннан алмай-ақ контентті ашып жабуға мүмкіндік береді. Мысалы хабарламаны көру үшін оны жай ғана басасыз. Егер қаттырақ басса хат толық ашылады.
Жаңа смартфондар iOS 9 операциялық жүйесімен қамтамасыз етілген. "Операциялық жүйе iPhone-ның барынша көшбасшы болуына көмектеседі. Қолданушыларды қорғауда, ақпаратты іздеуде белсенді көмек көрсетеді", - делінген компания баяндамасында.
Бұдан бөлек, смартфон барынша қуатты. Аэрокосметикалық мықты әйнек пен қалайыдан жасалған.
