Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

iPhone 6s және iPhone 6s Plus сатылымға шықты

iPhone 6s және iPhone 6s Plus сатылымға шықты

 Apple компаниясының кезекті смартфондары iPhone 6s және iPhone 6s Plus 25 қыркүйектен бастап сатылымға шықты. Әзірге гаджеттер АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Канада, Қытай, Франция, Германия, Гонконг, Жапония, Жаңа Зелендия, Пуэрто-Рико және Сингапур мемлекеттеріне жетті. Бұл туралы Apple компаниясы хабарлайды. 

Смартфондар алтын түстес, күміс, "сұрғылт ғарыш" түсі және күлгін түсте болады. iPhone 6s-тің Америкадағы бағасы  649 доллардан басталады. Ал iPhone 6s Plus — 749 доллар.
Apple жанкүйерлері ең алдымен смартфонның 12 мегапикселдік түсірілім жасайтын және  HD-видеосын төрт есе көбейте алатын iSight камерасына баға беруде. Селфиді ұнататындар үшін 5 мегапикселге дейін рұқсат етілген жарқылды-фронтальды камера қарастырылған. Сондай-ақ суреттерді қарауда  Live Photos технологиясын пайдалануға болады. 3D Touch технологиясы саусақты экраннан алмай-ақ контентті ашып жабуға мүмкіндік береді. Мысалы хабарламаны көру үшін оны жай ғана басасыз. Егер қаттырақ басса хат толық ашылады. Жаңа смартфондар iOS 9 операциялық жүйесімен қамтамасыз етілген. "Операциялық жүйе  iPhone-ның барынша көшбасшы болуына көмектеседі. Қолданушыларды қорғауда, ақпаратты іздеуде  белсенді көмек  көрсетеді", - делінген компания баяндамасында. Бұдан бөлек, смартфон барынша қуатты. Аэрокосметикалық мықты әйнек пен қалайыдан жасалған.

Похожие материалы