МИЛАН – Соңғы 68 жылда Италия 17 жалпы сайлауды және бірнеше референдумдарды өткізді. Бірақ тек үш рет итальяндық дауыс беру халықаралық назарды аударды: таңдау Батыс пен коммунизм арасында болған 1948 жылы; 1976 жылы сайлаушылар Христиан демократтар және Энримко Берлингуэмрдың «Еврокоммунизмы» арасында тап осындай таңдауда болды; және қазір, конституциялық реформалар туралы алдағы референдумы.
Алдағы дауыс беру салдары зор болып табылады. Премьер-Министр Маттео Ренци дауыс беруге өзінің саяси болашағымен тәуекелге бел байлады, егер реформалар қабылданбаса, ол (әрине, бірден емес) қызмет орнын босатуға уәде берді. Мұндай нәтиже солшыл үкіметтік коалицияны әлсіретер еді: Ренцинің демократиялық партиясының (PD) өзінде реформаларға байланысты дау-күрестер жүріп жатыр. Шын мәнінде, PD дауыстың көбшілігі премьер-министрге берілсе де, бөлінуден аман қалмайды.
Ренци жеңілісі Италияның екі ірі популистік партиялар үшін жеңіс болады: Lega Nord және актер Беппе Грилло басқаратын үлкенірек Five Star қозғалысы. Екі партия одақтас болмаса да, екеуі де үкіметті қолдамай, Италияның проблемаларына қарсы «ұлттық шешімдерді», - мысалы, итальяндық лираға қайта оралуды - жақтайды.
Егер Ренци жеңілсе, Lega Nord және Five Star қозғалысы жаңа үкіметті қолдау үшін өз күштерін біріктіріп, осы жолы евро тақырыбында жаңа референдум жасай алады. Егер Италия - әлемдегі ең ірі борышкерлердің бірі - жалғыз кетуге шешім қабылдаса, бүкіл Еуропалық жоба өлім пышақпен соққы алғандай болуы мүмкін. Дональд Трамп және Brexit заманында, бұл нәтиже мүмкіндей көрінеді.
Референдум басында тұрған сұрақ маңызды, бірақ ол Еуропаның тағдырын шешпеуі қажет. Итальяндықтар сенаттың (парламенттің жоғарғы палатасы) мүшелерін үштен екісін босатып, оның заңнамалық күшін азайту, сонда ол Германиядағы Бундесраттің екінші палатасы сияқты жай ғана “әңгіме дүкеніне” айналдыру, және облыстардың кейбір өкілеттігін орталық үкіметке қайтару -осындай мәселелер бойынша дауыс береді.
Осы сияқты өзгерістер 30 жыл бойы талқыланып келе жатыр. Егер сайлаушылар олар склеротикалық жүйесін реформалауға осындай сирек мүмкіндікті қолдану керек деген қорытынды жасаса, қозғалыстың болмауы Ренци үшін тиімді болар еді. Президент Серджо Маттарелла бейтарап, бірақ ол реформалардың алға басуын қалайды. Оның ізашары, Джорджо Наполитано да реформаларды қатты қолдайды, және оның айтуы бойынша олар «Италия үшін үлкен жаңалық» болады.
Бірақ реформалар, сондай-ақ қатты қарсылыққа тап болды. Кейбір мемлекеттік мекемелер атқарушы билікке көп өкілеттікті беру идеясын ұнатпайды; магистраттар, мысалы, судьялардың ауқымды және тексерілмеген өкілеттігінен айрылуларынан шын қорқады. Содан кейін жаңа популисттер, бірнеше ескі ПД мүшелері және өзге де мекеме қайраткерлері, оның ішінде әдетте, өзгерістен қауіптенетін конституциялық соттың бірнеше бұрынғы мүшелері де бар. Бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускони, бұрын-соңды оппортунист, реформаларға қарсы болуда.
Оппозиция, әдеттегідей, өзінің қарапайым хабарламасын айтарлықтай пайдалы қолданып жатыр. «Жоқ» деп дауыс беру ол «жүйе» және оның сыбайлас жемқорлығының барлығына қарсы дауыс беру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы емес кісі бар ма? Бұған өскелең Евроскептизмді қосыңыз, және нәтижесі бас айналдыратын саяси қоспа болып шығады. Сауалнамалар сайлаушылардың 20% әлі де шешім қабылдамағанын ал 5-6-балдық көпшілік Жоқ деп таңдайтынын көрсетеді.
Жалпы сайлау референдумдай болса, Грилло Ренци ПД-мен тепе-тең келуі анық. Италияның жаңа сайлау заңы бойынша жеңімпазға үлкен сыйлықақысы (Ренци оның пайдасын өзім көрем деп сенімді болды) ескере отырсақ, осындай болжам шын мәнінде қорқынышты болып табылады.
Грилло - Lega Nord-тың Маттео Сальвинисі сияқты - аз саяси тәжірибесі бар, Еуропа тарихы бойынша аз білімі бар, бірнеше әдемі дәлелдері ғана бар, және болашаққа ешқандай сенімді көзқарасы жоқ. Ол Италияның қателіктері үшін Еуропаны кінәлайды, мысалы қазір ЖІӨ-нің 132% -ын құрайтын жаппай мемлекеттік борыш үшін. Және ол жағдайы жоқ барлық азаматтарға кепілді табыс беру тәрізді қисынсыз уәделерді берді.
Хуан Перон, нағыз популист, ол Аргентинада осыған ұқсас бағдар алған кезде осындай уәделердің қаншалықты сәтсіз болатынын дәлелдеді. Бұл Грилло жасай алатын жалғыз аргентиналық қате емес. Ол сондай-ақ өз шарттарын орындамай, төлемеу арқылы қарыздармен айналысудың Аргентиналық үлгісін қолдайды. Ол мұндай абсурд ұсыныс, себебі, Италия, ешқашан дефолтқа бармады, әрине, Муссолини басқаруы кезінде, ол «өз жолымен» баруға тырысты, бірақ апатты нәтижелерге тап болды, осыған орай Грилло саясат және комедияны ажырата ала ма деген сұрақ туындайды.
Ұлыбритания мен АҚШ-тағыдай өзгеріс бүгін Италияда да сиқырлы сөз. Ешкім өзгеріске қарсы болғысы келмейді. Оның орнына, реформаға қарсы оппозиция керісінше жақсы реформаларды қолдау ретінде көрсетілген. Тек қана Конституцияны өзгерту емес, “Жоқ” науқаны сайлаушылардан “бәрін өзгерт!” деп өтінеді. Джузеппе Томази ди Лампедузаның Il Gattopardo (Қабылан) ұлы романындағыдай, барлығын өзгерту тек бәрін сол қалпында ұстап қалу жолы ғана болуы мүмкін. Бұл Италияға қажет ең соңғы нәрсе болып табылады.
Автор туралы: Марио Марджoкко ең соңғы кітабы Il disastro аmericano. Riuscirа Обама а cambiare Wall Street e Washington? (Американдық Апат: Обама Уолл-Стрит және Вашингтонды өзгерте ме?).
Авторлық құқық: Project Syndicate, 2016. www.project-syndicate.org
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024