Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 333,03 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 333,03 теңге

Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 333,03 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 332,86 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 333,25 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 333,15 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 45 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 123.

Ақша айырбастау орындарында 5 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.35) Алматыда 334,50 теңгені құраған.

Похожие материалы