Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 3 қаңтардағы доллардың орташа бағамы 333,43 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,15 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 333,73 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 333,30 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 63 млн 100 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 147.
Ақша айырбастау орындарында 3 қаңтардағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 335 теңгені құраған.
Похожие материалы
Финансы
Отбасы банк увеличил максимальную сумму по своей самой популярной ипотеке
- 02 желтоқсан, 2025
Финансы
Кредиты бизнесу могут измениться в Казахстане: банки получат новые льготы
- 01 желтоқсан, 2025





