Познавательный
Күннен қуат алатын электромобильдің концепті таныстырылды
2015-жылдың қараша айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін SEMA автошоуында бұрын белгісіз болып келген австралиялық EVX фирмасы жаңа электромобильін таныстырады.
Бұл электромобильдің басқа электромобильдерден ерекшелігі аккумолятор қуаты біткенде күннен қуат алатындығы. Электромобильге Immortus деген атау берілген. Жергілікті тілден аударғанда "өлмейтін, мәңгі" деген мағынаны білдіреді.
Электромобиль мейлінше ірі планда жасалған. Ұзындығы - 5 м, ені - 2 м, биіктігі - 1,1 м, ал, дөңгелек базасы - 2,5 м электромобильдің басты ерекшелігі - төбесіне орнатылған фотоэлектрлі панелдер арқылы күннен қуат алатындығы. Күннен алынатын қуат мөлшері 10 кВт/сағатты құрайды. Бұл дегеніміз, орташа деңгейдегі 85 км/сағ жылдамдықпен 550 км-ге дейін жүре алады деген сөз.
Егер қарашада өтетін автошоуда нақты сатып алушылар мен тапсырыс берушілер табылып жатса, EVX фирмасы Immortus электромобильдерінің сериялық өндірісін қолға алмақ. Қазірше ол прототип ретінде қала береді.