Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күрішті жалға өсірудің экономикалық тиімділігі (курстық жұмыс)

Күрішті жалға өсірудің экономикалық тиімділігі (курстық жұмыс)

Қазақстанда кейінгі жылдарда күріш шаруашылығының экономикалық тұрғыдан қиындықтарға тап болуына ең басты себептердің бірі осы саланы техникалық тұрғыдан жарақтандырудың нашарлап кетуі. Ауылшаруашылығы техникаларының тозуы 75,4 пайызға жеткен. Он жылдан астам мерзім бойында үздіксіз пайдаланылып кележатқан тракторлар құрамы 82,1 пайыз, егін жинайтын комбайндар 70 пайыз, барлық техниканың тек 40-50 пайызын ғана жұмысқа жарамды күйде ұстауға мүмкіндік бар. Жұмыстарды  жүргізудің мерзімдері де бірнеше есе ұлғайып, сапасы да мүлдем нашарлай түсуде. Күріш шикізатының, одан әрі күріш жармасының сапасының нашарлауына  және егін жинау жұмыстарын орындау кезінде егістік алқаптағы астықтың шығын болуына ауылшаруашылығы техникасының жетіспеуі және тозуы себеп болуда.  Сонымен қатар, он жылдан астам уақыт бойы үздіксіз қолданылып келе жатқан ауылшаруашылығы техникасының амортизациялық құны күріштің өзіндік құнына мейлінше күшті ықпал етпек, ал ауылшаруашылығы техникасы шетелден қымбат бағаға импорт талады.

Күріш өсірушілер техника паркін жаңартуға тырысуда. Алайда, күріш өсіру саласын дамыту жөнінде көңілге қонымды және стратегиялық саясат әзірге жоқ. Мысалы, 2008 жылы ұзақ жылдар бойы айтылып келген құрғақ уәдеден кейін Үкімет күрішке субсидия беруді 1 гектарға 20 000 теңгеге дейін арттырды. Әрине, шаруашылықтардың осындай қаржыдан дәмеленіп, лизингке техника сатып ала бастауы да қисынды. Ал, бұл 2003-2009 жылдар аралығында жаңартылған техниканың үштен бірі.  Алайда,  келесі жылы, ешқандай себептерін түсіндірмей-ақ 1 гектарға субсидияны 14 000 теңгеге қысқартып тастады.

Күрішті жалға өсірудің экономикалық тиімділігі

Ауылшаруашылығы мамандарының алдына қойылған негізгі міндет-   ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеру, оны өндіркге кететін  шығынын төмендетіп, шаруашылықтың әртүрлі саласының рентабельділігін көтеру.Бұл дегеніміз, шаруашылықтың келешегін, айта берсе оның саяси да, экономикалық болмысын анықтайтын категория.

Шараушылықта дақылдарды өсірудің басты көрсеткіші олардың шараушылыққа келтіретін экономикалық тиімділігі. Егерде шарауашылықта өсірілетін негізгі дақылдың тиімділігі төмен болса, ол жалпы шаруашылықтың дамуын тежейді.

Дақылдың экономикалық тиімділігі өсіру технологиясын толықтай қолданғанда ғана жоғарылайтынын білеміз. Мысалы: аймақта немесе шаруашылықта ұсынылған өсіру технологисы дақылдың өнім потенциялын ашып тиімділігін жоғарылатады.

Күріш дақылын өсіруге экономикалық баға бергенде алдымен мына көрсеткіштер белгілі болуы керек.

-   Күріш дәнінің өнімділігі, ц/га;

  • Күріш өсіруге 1 гектарға кететін шығын, тг;
  • Күріш дәнінің 1 центнерінің өзіндік құны, тг;
  • 1 ц күріш дәнінің сатылу бағасы, тг;
  • 1 гектардан түсетін шартты таза пайда, тг;
  • Рентабельдік деңгейі, % .

Күріш  дақылын өндірудің экономикалық  тиімділігін  арттыру  үшін бұл  дақылдың  қаншаға  түскенін  зерттей,  өнімнің  өзіндік   құнының құрамы мен  құрылымын  анықтай  отырып, шығынның  қай  түрінен жоспардағыдан   артық немесе  кем  жұмсалғанын  салыстыру шаруашылықтағы  шығындардың дұрыс жұмсалуына  бақылау жасау болып табылады.

Күрішті жалға өсірудің тиімділігі

Күрішті жалға егу технологиясын қолдану арқылы суды үнемді пайдалану және оның ұтымды шарттары. Күрішті жалға егу технологиясын қолдану су пайдалануды азайтып, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартады, аумақтың экологиялық ахауларының түзелуіне септігін тигізеді, тұқымдық материял мен жанар-жағар майды үнемдейді, соның нәтижесінде фермерлер қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа технологиялар енгізу жалға себуге арналған жаңа сепкіштер, гербицидтер мен пестицидтер алу арқылы егіншілік мәдениетін жоғарлатуға септігін тигізеді. Сондықтан ресурс шығынын үнемдеуде күріш және күріш ауыспалы егіс дақылдары егістік жерлерінің топырағын өңдеуде лазерлік жер тегістеу негізінде немесе қысқартылған суару қолдана отырып, жерді жеңіл өңдеуді пайдалану көкейтесті мәселелердің бірі.

Күріш өсіру саласын одан әрі экономикалық тұрғыдан қайта құру қисыны сапалық тұрғыдан өркендеудің жаңа сатысына көтерілуді, осы саланың көкейтесті проблемаларын концептуалдық тұрғыдан шешуді талап етеді.

Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмейінше күріш шаруашылығын тұрақты дамыту мүмкін емес. Дамыған елдердің үкіметтері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсетуді мемлекет саясатының маңызды тармағы ретінде бағалайды. Мемлекет тарапынан қолдау күріш егістіктерін суару жүйелерін қайта жаңартуға, тұқым шаруашылығына субсидия беруге, механикаландыру құралдарын жаңартуға, тыңайтқыштар сатып алуға, аграрлық өнеркәсіп кешенін ақпараттық-маркетингілік тұрғыдан қамтамасыз етуге, аграрлық өнеркәсіп кешенін ғылыми, нормативтік-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге және аграрлық өнеркәсіп кешені үшін кадрлар даярлауға,  салықтық, бюджеттік, кедендік-тарифтік және техникалық тұрғыдан реттеуге және т.б., сондай-ақ еліміздің аумағы ішінде өнім сатуға қолайлы жағдай жасауға бағытталады.

Күріш өсіруге субсидия беруді ұлғайтудың қажеттігі күріш жармасының бағасы арзандауына орай, тұқым себу және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтар бағасының күрт қымбаттауына да байланысты болып отыр. Кейінгі жылдарда мемлекет тарапынан беріліп отырған субсидияға қарамастан, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін мұндай шығын түрлері аса маңызды болып табылады. Саланың рентабелділігі субсидиясыз ―  4пайыздан аспайды, субсидияны қоса есептегенде 6-7 пайыз.

Күріш Гималай тауының оңтүстік –шығыс беткейі етегіндегі жауын-шашыны мол жерлерден  шыққан, ал күріштің шыққан жері Үндінстан, Үндіқытай  немесе Қытай деп есептейді. Алайда   физиологиялық қасиеті  және  анотомиялық құрылымы бойынша  күріш – гигрофиттік өсімдік ал  оның құрғақтау  өсетін кейбір түрлерінің су өсетін  түрлерінен  шыққан экологиялық топ екенің дәлелдеді .

Қазақстанда күріш егіншілігі екі  оазисте шоғырланған, олар Іле мен Қаратал өзендері алқабы және Сыр өңірі, Қызылорда мен Шымкент облыстары территориясында.

Іле мен Қаратал өзендері алқабында күріш егіп өсіруді 1871-1882 жылдары Қытайдың Құлша правинциясынан келген донғандар мен тарагандар бастаған. Олар өздерімен бірге күріш тұқымын әкеліп, ирригациялық құрылыс жұмыстарын жасап, тәжірбиесін үйретті.

Сыр өңірі өте көне суармалы егіншілік аймағына жатады. Мұны ескі қоныс орны мен көне ирригациялық құрылыс жүйесі қалдықтары дәлелдейді. Сыр өңірінде суармалы егіншілік дамыған.Сыр өңірінде ирригациялық құрылыс жүйесі болған. Қаратау етегі алқабында, Талас, Шу өзендері жағасында, Жетісуда суармалы егіншілік дамыған. Отырықшы шаруалар бидай, арпа, тары, күріш т.б дақылдар өсірген. Қызылорда облысы территориясында күріш Орталық Азиядан келген. Ташкент аймағынан және Қызылорда облысы территориясынан Бүкілодақтық өсімдіктер шаруашылығы (Қазіргі бүкіл Ресейлік өсімдік шаруашылығы, ВИР) институты экспедициясы жинаған күріш үлгілеріннің морфологиялық және биологиялық қасиеттерін салыстыра зерттеу нәтижесінде олрдың бір-бірімен тікелей генетикалық байланысты екенін анықтау арқылы Сыр өңіріндегі күріштердің тегі Ташкент оазисы екенін делелденді.

Орта Азия аймағы күріш егіншщілігінің ең көне аймақтарының біріне  жатады. Орта Азиядан күріш  басқа  аймақтарға, оның ішінде Сыр өңіріне тараған. Қазақстанда күріш егіншілігі негізінен Іле мен Қаратал өзендері  алқабында (Ақдала мен Қаратал массивтері)  және  Сырдария өзені  бойында (Қызылқұм массиві мен Қызылорда облысынан) орналасқан  Іле  мен Қаратал өзендері алқабында күріш өсіруді 1871-1882 жылдары Қытайдың Құлжа провинциясынан келген Донгандармен  таранғандар бастаған Сыр өңірі өте көне суармалы  егіншілік аймағына жатады.  Мұны  Отырар, Суран т.б  көптеген көне қалалармен қоныстар олрындарынан  табылған ирригациялық құрылыс жүйесі қалдықтары дәлелдейді. КСРО Ғылым Академиясы Хорезм экспедиециясының мәләметтеріне қарағанда б.з.б. 2-1 мың жылдық кезхінде Сыр өңірінде суармалы  егіншілік дамыған. Антикалық дәуір кезінде мұнда 2,2-2,5 млн.га көлемінде  мәдени егіншілік алқабы болған. VI –VII Xғасырларда Сыр өңірінде ирригациялық  құрылыс жүйесінің іске қосылуына  байланысты, Қаратау етегін, Талас, Шу өзендері жағасында, Жетісуда  суармалы егіншілік дамып, ондағы отырықшы шаруалар бидай, арпа, тары, күріш т.б. дақылдар өсірген.

Күрішті жалға өсіру технологиясы

Қазақстан Республикасында күріш тұқымын негізінде тар қатарлы(7,5 см) етіп, 1,5-2,0 см тереңдікке немесе СРН-3,6; СЗ-3,6 сепкіштерімен шашып себеді. Әдетте тұқымды сіңіру үшін сепкіш соңына жеңіл тырмалар тіркеледі. Дегенмен, соңғы жылдары көптеген күрішті жалға егу тәсілі кеңінен қолданыла бастады. Оның ерекшелігітері: күріш тұқымы 2-4 қатарға ені 60-120 см-ге дейін жалға, қатар аралығы 25-30 см етіп, гектарына 3,0-4,5 млн (100-150 кг) өнгіш дән себіледі. Қалыптасқан күріш өсіру технологиясында қолданылатын алғашқы суға бастыру кезінде 12-20 см деңгейінде ұстап тұру режимі күріштің көк өскіні пайда болғанша қарық арқылы суару тәсілімен алмастырылады, одан әрі күріш қалыптасқан су режимімен суарылады. Күрішті жалға егу технологиясын қолданғанда су шығыны,тұқым себу мөлшері, топырақ өңдеуге, жанар-жағар майға жұмсалатын шығындар азаяды.

Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу инс­титутында ресурс және су үнем­дегіш жаңа технологияларды зерт­теп, оларды күріштің және күріш ауыспалы егісі дақылдарының (арпа, рапс, соя) бастапқы және эли­талық тұқым шаруашылығын­да пайдалану бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары да қарқынды жүр­гізілуде. Атап айтқанда, күріш егістігі топырағын нөлдік-минималды өңдеу және күрішті жалға егу технологиялары зертте­ліп, олардан оң нәтижелер алы­ну­да. Аталмыш технологияны жүзеге асыру үшін қолданылып жүрген тұқым сепкіштерге культиватор табандарын салу арқылы және арнайы Индияда дайындалған сепкіштерді пайдалануда.

Бүгінгі таңда облыстың күріш шаруашылығы нөлдік техно­логияны пайдалануға дайын емес. Себебі, мұндай технологияда атыз­дың бетін суға бастырғаннан кейін өсімдік қалдықтары шіріп, улы заттар түзе бастайды. Сондықтан қолданылып жүрген күрішті тұрақ­ты суға бастыру технологиясын қол­данғанда нөлдік технология ұсынылмайды. Алайда, бұл техно­логияны су қабатын күріш көгін алғаннан кейін көбейтіп, ерте көк­темде тұқымды топыраққа терең сіңіріп себу технологиясын қол­данғанда әбден болады.

Ылғал және тұқым үнемдеу тұр­ғысынан қарағанда күрішті жал­ға (жүйектеп) егу әдісінің бо­лашағы зор. Онда күріш арнайы не модификацияланған (бейімдел­ген) сепкіштермен жалға себіліп, тұрақты немесе үздік-создық суға­ру­дың орнына қысқартылған ре­жиммен суғарылады. Бұл әдісті не­гізінен тұқым шаруашылығында көбейту питомнигі мен суперэлита егістіктерінде қолдану ұсынылады. Ол үшін жал жасап, оның екі бүйіріне егуге бейімделген арнайы отандық немесе шетелдік (мысалы, үнділік әмбебап сепкіш) сепкіш­термен тұқым 2-3 см тереңдікке се­бі­леді. Тұқым себумен бір мез­гілде бірден минералды тыңайтқыштар да беруге болады. Себу нормасы әдеттегіден 2-2,5 есеге дейін аз бо­латындықтан, бұл әдісті қолдан­ған­да тұқым да көп үнемделеді. Бұл әдісті егістікті суға алғашқы бас­тыру және су деңгейін реттеу жүй­ектердің бойымен ыңғайлы жүргі­зілетіндіктен қысқартылған су режимін қолдануға болады.

Күрішті жалға егу технологиясын көпжылдық шөптердің аударма қыртысына, мелиоративтік және күріштен кейінгі танаптарда орналастырған тиімді. Күріштің жоғары әрі тұрақты өнім алуына ауыспалы егіс көп септігін тигізеді.

Қорытынды

Ылғал және тұқым үнемдеу тұр­ғысынан қарағанда күрішті жал­ға (жүйектеп) егу әдісінің бо­лашағы зор. Онда күріш арнайы не модификацияланған (бейімдел­ген) сепкіштермен жалға себіліп, тұрақты немесе үздік-создық суға­ру­дың орнына қысқартылған ре­жиммен суғарылады. Бұл әдісті не­гізінен тұқым шаруашылығында көбейту питомнигі мен суперэлита егістіктерінде қолдану ұсынылады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Ж.Ш.Шарақымбаева, Ж.Ш.Бекова. - «Жаршы» журналы, 4/2008, 16-18б.
  2. М.Т Жетпейсов. «Ізденістер нәтижелер» №3., 2007/ 10-12 б.
  3. К.Б Бегалиев, А.Е Уалиева. Қызылорда өңірінде күріш  өндірісінің  бәсекеге   қабілеттілігін  кластерлік   негізде  дамыту - «Жаршы» ,2008/3-4 б.
  4. К.Н.Жайлыбай, Г.Сатыбалдиева «Жаршы» № 2/2000.37-38б.
  5. О.В. Корякина, Ж.Е. Қожабаев. «жаршы» №9/2009. 29-30б.

 

 

Похожие материалы