Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Kaspersky Lab: Trojan тіпті көбейіп жатыр

Kaspersky Lab: Trojan тіпті көбейіп жатыр

Нұр-Сұлтан. 17 мамыр. 7kun.kz – Елордада киберқауіпсіздік тақырыбында Cyber & Digital Security 2019 конференциясы өтті. Оған ақпараттық қауіпсіздік және инновация саласының, ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және ақпарат, құқық қорғау саласының мамандары қатысты.

Конференция IT-инфраструктурасы өсіп, интернет қолданушылары артып келе жатқан Қазақстан үшін сындарлы кезеңде өтіп отыр. Оны аңғару үшін келесі статистика жеткілікті. Елімізде тіркелген мобил байланыс абоненттерінің саны — кемінде 26 млн-нан астам (2017 жыл бойынша мәлімет), олардың кемінде 13,9 млн данасы — интернетке қосылған (2017 жыл бойынша мәлімет), яғни әр 100 адамға кемінде 143-147 интернет-қосылыс келген. Оған қоса, мемлекеттік органдар мен жеке тұлғалардың барлығы дерлік компьютерленген деуге болады, олар тікелей әлде жанама түрде ме - есептеуіш техникамен әйтеуір қарым-қатынаста.

Көріп отырғандарыңыздай, осындай орасан инфраструктура ұдайы баптауды, жетілдіруді талап етеді. Аппараттық-программалық жаңарып отырғаннан басқа, киберқауіптерге төтеп беру мәселесі де күрделеніп, жеке проблематикаға айналып отыр.

Kaspersky Lab (бұл тауарлық белгі қазақстандықтарға антивирустық программасымен белгілі) мәліметінше, 2018 жылы Орталық Азиядағы өндірістік компьютерлерде байқалған зиянды программалық нысандардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 57,3% өскен.

Қазақстанға байланысты көрсеткіштер де мазасыздық тудырады. Trojan санатындағы қауіптер тіркелген өндірістік компьютерлер саны елімізде 41,7% артқан. Зертхана мамандары қауіптің бұл түрі мақсатты шабуылдан емес, көбіне кездейсоқ жұқтырудың салдары деп отыр. Сонымен бірге Қазақстан әлем бойынша өндірістік компьютерлерде байқалған зиянды программалық нысандардың саны жағынан (2018 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы) Top-15-тікке кіреді, бұл жерде еліміз Перумен иін тіресіп тұр. Ал тізімнің көшбасшысы — Вьетнам.

Сонымен бірге, Қазақстан электронды тасымалдаушылар (флэш, SD-карталар және т.б. сияқты) арқылы жұққан иянды программалық нысандардың саны жөнінен де әлемдік Top-15-тікке кіреді. Бұл жерде аталмыш есептің Kaspersky антивирустық-файрволлдық жабдықтарының негізінде ғана жасалғанын атап өту керек.

Похожие материалы