Еліміздегі ең танымал Kaspi.kz мобильді қосымшасын қолданатын қазақстандықтар саны 7 миллионнан асты. Бұл туралы Kaspi.kz баспасөз қызметі хабарлады.
Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді:
«Біз мобильді супер-қосымшамызды клиенттерімізге махаббатпен ұсынып, дамытудамыз. Қазір Kaspi.kz қосымшасын қолдану ыңғайлы, тиімді ғана емес, әрі қауіпсіз. Біздің сүйікті клиенттеріміз үйден шықпастан 5000 астам қызметке комиссиясыз төлем жасап, Kaspi Gold пен Kaspi Депозит ашып, туыстары мен жақындарына ақша аударып, жеткізу қызметімен бірге тиімді зат сатып алады және бонус алады. Әрқайсыңызға бізбен бірге болғаныңыз үшін рахмет айтамыз!».
Kaspi.kz мобильді қосымшасы 2017 жылдың маусым айында іске қосылған және қазіргі кезде 7 миллионнан астам қолданушысы бар елдегі ең танымал қосымша. Kaspi.kz - комиссиясыз төлем, туыстар мен жақындарға аударым, ірі интернет магазин, ең үлкен бонустық бағдарлама, жеке қаражатты басқару және тағы басқа да ең танымал қызметтердің басын қосқан әлемдегі санаулы супер-қосымшаның бірі.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024