Банктер несиелік келісім-шарттарды қалай құрастырады, оларда не жазылады, олар қайда орналастырылады және ұсақ әріптер бар ма – осы жайлы толығырақ.
Банктер келісім-шартты ұсақ әріптермен жазып қояды екен. Ондағы мақсаттары банктің қитұрқы әрекеттерін тұтынушыларынан жасыру екен деген «аңыздарды» жиі естимін. Бұл шынымен де аңыз. Банктер шарттардағы ең маңызды мәліметті ұсақ әріппен жазып, тұтынушыдан жасыра ма? Әрине, ол олай емес. Қазақстандағы барлық коммерциялық банктер мемлекет тарапынан Ұлттық банк арқылы қатаң қадағаланады. Банктер өздерінің банк қарызының шарттарын (БҚШ) Ұлттық банк шарттарына сәйкес құрастырады. Мемлекет банк қарызы шартының барлық мәтіні, барлық әріптер мен сандар, яғни мөлшерлемелер де тек 12 өлшеммен (Times New Roman қаріпі) жазылу қажеттігін бекіткен. Егер банк шартта Times New Roman-ға қарағанда әдемірек және ыңғайлырақ басқа қаріппен жазғысы келсе немесе 12-ден кішірек өлшемді қолданатын болса, онда бұл ереженің бұзылуын білдіреді. Яғни, егер шартта әріптер немесе сандар кішірек өлшеммен жазылса, онда бұл заңға қайшы келеді. Көп адамдар бөлімшелерде шартпен асықпай танысуға уақыт аздық етеді дейді. Келісім-шарттармен кез-келген уақытта банктердің ресми сайттарынан таныса аласыз. Сондықтан, несие алу үшін бөлімшеге барар алдында, үйде отырып, шартты және басқа қажетті құжаттарды асықпай зерттеу қажет. Ұлттық банктің №137 Ережесіне сәйкес шартта сыйақының атаулы мөлшерлемесімен қатар Сыйақының Жылдың Тиімді Мөлшерлемесі (СЖТМ) міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Бұл ретте СЖТМ атаулы мөлшерлеме көрсетілетін сөйлемде болуы тиіс. Сондай-ақ, несие құны шартпен қатар клиентке берілетін құжаттарда да көрсетілуі мүмкін, мысалы, жеке шарттарда. Шарттарда СЖТМ заңнамамен бекітілген шектен аспауы тиіс (несиелер бойынша максималды мөлшерлеме – 56%). Егер шартта 56%-дан артық мөлшерлеме көрсетілсе, онда батыл түрде қадағалаушы органдарға жүгінуіңізге болады. Банк атаулы және тиімді жылдық мөлшерлемен қатар, қарызды жасасуға және оған қызмет көрсетуге қатысты комиссияларды және клиент төлеуі тиіс өзге шығындарды қоса алғандағы тарифтердің барлық тізбегін клиент қаперіне жеткізуі тиіс. Бұл талап 28.02.2011 жылдың №19 Қаржылық қадағалау агенттігінің Қаулысында анық көрсетілген. Банк клиенттен банк қарызының шартында көрсетілмеген ешбір комиссияны ала алмайды. Шартты үзіп-үзіп немесе кейбір тұстарын ғана емес, толығымен оқу қажет. Шартқа қойылған қол – бұл қағаздағы формалды қол емес, бұл заңи салдары бар міндеттеме. Сондықтан қол қоятын барлық құжатқа мұқият болыңыз. Егер қол қойып жатқан құжаттың мәтінін түсінбесеңіз – түсінбегенше, қол қоймаңыз. Сұрақтар қоюдан ұялмаңыз, менеджерлерден сұраңыз, кол-центрге хабарласыңыз, таныс заңгерлерден кеңес алыңыз. Болашақта туындайтын сұрақтарды келісім-шартқа қол қойғанға дейін анықтап, жауап алуға тырсыңыз.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024