Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Коллекторлық агенттік сотқа береміз дейді

Коллекторлық агенттік сотқа береміз дейді

Қайырлы күн! Мен 13.09.2007 жылы банктердің бірінен кредит алған болатынмын. Негізгі қарызды төледім.  Бұл кредитті алған себебім, отырған квартирамды өсіріп, жөндеу үшін алғанмын. Сол жылдары жолдасым, балам да жұмыстарынан шығып қалды. Жолдасым 3-топ мүгедек, жұмыссыз. Күні бүгін балам да жұмыссыз. Борышкерлермен жұмыс жасау бюросының қызметкерлері күні бүгінге дейін қайта-қайта телефон соғып банкомат карточкаңды жабамын, сотқа беремін деп сес көрсетіп маза бермейді, осылары қаншалықты дұрыс. Осы жөнінде кеңес беруіңізді сұраймын.

Нурия, Алматыдан

Жауап:

Сіздің кредитіңіз банктен коллекторлық агенттікке өтіп кеткен болуы керек. Сізге заңгер көмегі керек. Заңгердің көмегімен заң аясында банкке, сосын сізге қоңырау шалып отырған коллекторлық агенттікпен екі ортадағы мәселені шешуге тырысыңыз. Борышкерлер жұмыс жасау бюросының қызметкерлерінің борышты өндіріп алу үшін сізге қоңырау шала алады. Бірақ, қоқан-лоққы жасауы, қорқытуы дұрыс емес. Бірақ, біз олардың сізді қорқытып, сес көрсеткен-көрсетпегенін білмегеніктен олардың әрекеті қаншалықты заңсыз екенін айтуымыз қиын. Сондықтан сізге заңгер көмегі қажет. Сол арқылы егер жоғарыдағы бюро қызметкерлерінің әрекеті дұрыс емес деп тапсаңыз Ұлттық банкке, құқық қорғау органдарына, сотқа шағым түсері аласыз. Ал кредитті қайтаруыңыз керек. Ол бойынша төлем қабілетіңіз мүлдем нашар болса аталған банкке, борышкерлермен жұмыс бюросына, Ұлттық банкке барып, төлем қабілетіңіздің нашарлығын, жұмыссыз болсаңыз соны дәлелдейтін құжаттарды, күйеуіңіз, балаңыздың жұмыссыздығын дәлелдейтін құжаттардың көшірмесін қосып, арыз жазуыңыз керек. Банк 15 жұмыс күні ішінде жауап береді. Егер сот арқылы шешкіңіз келсе сотқа шағымдансаңыз болады. Сот сіздің кредит бойынша шешім шығарып, қашан, қалай төлеу керегін айтады. Бірақ бұл үшін сізге заңгер керек. 

Похожие материалы