Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.
Банктің басты қызметі - елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық.
Сонымен қатар, банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді,яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, ммемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.Сондықтан,банктегі қаржылық менеджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады.
Банктің қаржылық менеджменті банктің белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталынады және банк жұмысындағы ең маңыздысы. Себебі, банктің қайта бөлуге бағытталған ақша ресурстарының басым бөлігі (орташа 80-85%) - қоғамдікі, яғни банктен тыс субъкетілерден тартылған қаржылар. Сондықтан, қоғам ақша қаражаттарын сеніп тапсырған коммерциялық банктердің қаржылық белсенді болуын ҚР Ұлттық Банкінің шығарған заңдары мен нормативті құқықтық актілері арқылы реттеліп отырады. Болашақ маман ретінде осы көзқарас бойынша мәселенің маңыздылығының деңгейі дипломдық жұмысымның тақырыбына бірден-бір арқау болды.
Сонымен қатар, соңғы 7 жыл ішінде елдегі коммерциялық банктер саны 237-ден қазіргі кезде 35-ке жуығы қалды. Бұның себебі еліміздегі нарықтық экономиканың дамуына сәйкес банктік қаржылық менеджментте позитивті өзгерістердің болуы, яғни ішкі қаржылық бақылау мен сыртқы қадағалау тетіктерінің күшеюі.
Осы орайда, дәл осы процесстерді ашу, қаржыны басқаруды түсіну, оң және теріс жағына көз жеткізу, сәйкесінше, туындайтын мәселелердің себептерін және оларды шешу жолдарын іздеу дипломдық жұмысымның тақырыбына қызығушылық танытты және мақсатына айналды.
Банктің қызметі ұдайы өзгеріп отыратын жалпы экономикалық және әлеуметтік-саяси жайлардың, қаржылық нарықтағы жағдайлардың өзгерістерінің барысында жүргізіледі.Сәйкесінше, бұл құбылыстар банктің жалпы экономикалық белсенділігіне әр түрлі әсер етуі мүмкін. Сол себепті банктегі қаржылық менеджменттің негізгі бағыты келесі мәселелерге жұмылдырылуы қажет.
Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес Қазақстанда банктер-қаржы нарығында әртарапты операцияларды орындайтын айрықша құқыққа ие әмбебап несие мекемелері. Олар әр түрлі түрде және әртүрлі мерзімге несие берумен және бағалы қағаздарды және шетел валюталарын сату және сатып алу, сақтаумен айналысады.
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктер - өз клиенттеріне әр түрлі қызмет көрсететін ерекше кәсіпорын.Қазіргі кезде банктің клиенттерге ақылы негізде қызмет көрсететін қызметтерін жүзеге асыруға байланысты жүргізілетін операциялардың дәстүрлі емес формалары көбеюде.Осыған байланысты банк қызметінің коммерциялық сипаты арта түспек.Сондықтан коммерциялық деген термин екінші деңгейдегі банктердің қандай да болмасын меншікті формасына жататындығынан емес, олардың ақы негізінде (%-ставкамен немесе коммисиондық төлемдермен) клиенттерге көрсететін қызметтердің сан алуандығымен байланысты. Коммерциялық банктер-коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын.
Дипломдық жұмысымның бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қаржы менеджменті туралы жалпы түсінік және оның экономикалық маңызы жайлы қарастырдым. Сонымен қатар, банктің қаржылық тұрақтылығын және қаржылық қызметті басқару қарастырылған.
Екінші бөлімде
1 тарау Банктік менеджменттің теориялық негіздері және оның ерекшеліктері
1.1. Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің экономикалық маңызы және ролі
Коммерциялық банк - бұл қоғамдағы экономикалық және саяси өзгерістерге әсер ететін әлеуметтік-экономикалық сала. Экономикалық және қаржылық қызметтерден басқа банктік жүйе әлеуметтік қызметтерді де жүзеге асырады, яғни әлеуметтік бюджеттік бағдарламаларды салықтық төлемдер арқылы қамтамасыз ету, жұмыс орындарын қалыптастыру және салымшылар үшін қосылған құнды қалыптастыру.
Коммерциялық банктердің тұрақтылығының проблемасы болып Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақтылығы болып табылады.
Коммерциялық банктердің тұрақтылығына әсер ететін факторлар:
- Әлеуметтік-саяси жағдай, яғни үкімет тұрақтылығы, оппозиция әсері, әкімшілік-территориялық мамандықтың орнықтылығы.
- Жалпы экономикалық жағдай-экономиканың нақты секторының потенциалы, өндірістік күштердің жаңартылуы, тауар өндірушілердің бәсекеқабілеттілігі, инвестициялар.
- Қаржы нарығындағы жағдай, яғни банктік салымдардың пайыздық мөлшерлемесі, ақша нарығының табыстылығы, бағалы қағаздар нарығының табыстылығы, ұлттық валютаны алмастыру курсы, сұраныс көлемі, (валюталарға ұсыныс, валюта биржасындағы операциялар, ақша эммисиясы, инфляция қарқыны, ҚР Ұлттық Банкінің саясаты, алтын валюта қорының көлемі, банк өнімінің бәсекелестігі)
- Несиелік ұйымның ішкі тұрақтылығы-банк стратегиясы мен миссиясы, кадрлардың кәсіби мамандануы, банктік менеджменттің сапасы, капитал жеткіліктілігі.
Коммерциялық банктің тұрақтылығы сипаттамасын жалпы қарау үшін қның жалпы экокномикалық мазмұнының құрылымын қарау керек:
- Коммерциялық банктің капитал тұрақтылығы. Бұл банктің меншікті капитал мөлшерімен анықталады. Банктің меншікті капиталының мөлшері банктік салымдар туралы талаптарды қанағаттандыру үшін ақша қорларының көлемін, күтілмеген шығындар мен қарыздарды жабу және банкті дамыту үшін қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
- Коммерциялық банктің коммерциялық тұрақтылығы, яғни мемлекетпен қарым-қатынас байланысының дәрежесі, банкаралық қарым-қатынасқа қатысу, елдегі қаржы ағымын бақылау, банктің ақша капиталының нақты капитал нарығымен тығыз байланысы.
- Коммерциялық банктің функционалдық тұрақтылығы:
- Коммерциялық банк қызметінің шектелген шеңберде мамандандырылуы;
- Банк қызметінің нығаюы немесе әмбебаптануы;
- Коммерциялық банктің ұйымдық-құрылымдық тұрақтылығы:
Банктің ұйымдық құрылымы және оны басқару банктің мақсаты ретінде сәйкес болуы керек. Коммерциялық банктің ұйымдық-құрылымдық тұрақтылығының басты параметрі болып функционалды-технологиялық құжаттар негізінде банктік іс-әрекеттің ұйымдық технологиялық жіктелуі табылады.
- Коммерциялық банктің қаржылық тұрақтылығы: Бұған банк іс-әрекеті жағдайының қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жатқызуға болады, жеке құрылымдардың көлемі және құрылымы, өнімділік, банктің қосылған құн құруы.
Банктік менеджмент-жалпы стратегиялық және тактикалық жоспарлаумен, реттеумен, банктік іс-әрекетті қадағалаумен, қызметкерлерді басқарумен байланысты қарым-қатынастарды басқару. Басқаша айтқанда банктік менеджмент-бұл ақша ресурстарын пайдалану және құрумен байланысты қарым-қатынасты басқару, яғни банктік саладағы қаржы менеджменті және қызметшілерді басқару жиынтығы.
Банктік менеджментті қаржы менеджментіне және қызметкерлерді басқаруға бөлу коммерциялық банктнгі объект құрылымына байланысты.Сондықтан оны банктік іс-әрекет ретінде қарауға болады.
Кесте 1.1
Банктік менеджменттің қызметі
Қаржы менеджменті | Қызметкерлерді басқару |
1.Активтер мен пассивтерді басқару 2.Өтімділікті басқару 3.Меншікті капиталды басқару 4.Қарыз капиталын басқару 5.Банктік тәуекелділікті басқару 6.Несие қоржынын басқару 7.Банк ішіндегі бақылауды ұйымдастыру | 1.Әкімшілік ұйымдастыру жүйесі және еңбек ақы. 2.Қызметшілерді таңдауды ұйымдастыру 3. Қызметшілерді дайындауды ұйымдастыру |
Банк-жеке және қарыз капиталын басқаратын ұйым.Бірақ капиталды әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуының негізі ретінде қарауға болады .Капиталға берілген осы түсініктеме адамдар арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды.Сондықтан адам капиталын басқару-бұл несиелік ұйымды басқару процессінде адамға деген қатынас.Банк үшін бұл пайда, өтімділік, тұрақтылық т.б. болуы мүмкін.Банктік менеджменттің үлгісі келесі кестеде көрсетілген.(1.2. кестені қара)
Банктік менеджменттің міндеті
Міндеті | Шешілетін міндеттің мазмұны |
1 | 2 |
Банктік саясат Банктік маркетинг Банктік өнімдерді құру Клиенттерге қызмет көрсету, қызметтерді сату, банктің клиенттік базасының құрылуы. Экономика және қаржы Ақпараттық қамтамасыз ету Әкімшілдік | 1.Негізгі міндеттерлің мазмұны 2.Кешенді бағдарлама мен жобаны өңдеу 3.Банк іс-әрекетін басқару әдістемесін өңдеу 4.Банкті дамыту саясатымен байланысты банктің ұйымдық құрылымын өңдеу. 5.Банктің қызметшілерін басқару стратегиясы. · Қызметші жұмысын ұйымдастыру. · Қызметшіні ынталандыру. 1.Нақты нарықты таңдау. 2.Банктік қызметті дамыту үшін ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарды орнату. 1.Клиенттерге қызмет көрсету үшін жаңа банктік технологияларды енгізу. 2.Банк клиенттерінің қажеттілігін қанағатандыру үшін банк іс-әрекеті процесінде ақша қорларының нысанын өңдеу. 1.Банктік қызметтің жаңа нарығын жаулап алу. Бәсекелестікті нығайту, банктің ресурстық базасын кеңейту, қосымша пайда әкелетін ақша ағымдарын құру. 2. Пайда табу. 1.Капитал өсімі 2.Өтімділікті және пайданы басқару 3.Банк дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету. 4.Банк шығындарын басқару. 1.Қаржы операциясын жоспарлау жүйесі 1.Банктің даму стратегиясын таңдаумен байланысты қызметшінің мамандығы. |
Банктік менеджменттің жүйесі:
- Банк іс - әрекетін бағдарламалау-банк іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасының құрылуы.
- Банк іс-әрекетін жоспарлау-несие ұйымының мақсатына сай сандық параметрлерді өңдеу.
- Ақпараттық қамтамасыз ету-банк клиенттерімен жасалған алғашқы құжаттар.
- Экономика және қаржы-банк бағдарламасының орындалу дәрежесін бағалау.
- Технология-функционалды технологиялық құжаттарды өңдеу
- Маркетинг-сыртқы ортаның қажеттілігін анықтау
- Әкімшілік-бақылау қызметі
- Кеңес беру және сарап (экспертиза)-сыртқы ортаның басқару әсерімен байланысты кеңес беру, сараптама жүргізу.
- Қамтамасыз ету – материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету
- Паблик-рилейшнс – ақпараттық зерттеуді қамтамасыз ету, жарнама.
Банк өзінің экономикалық табиғаты бойынша қаржы делдалы болып табылады, ал клиент керісінше, өндірістік тауар және қызметтің иесі.Бірақ экономиканың нақты секторына айналым қорларының қаржыландырылуы және инвестиция керек, ал банктерге актив көлемінің өсімі керек.Коммерциялық банк нарықтық экономикада өз міндетін жүзеге асыру үшін, осы екі мақсат бір-бірімен байланысты болуы керек.
Банктік менеджмент – коммерциялық банктің өз функцияларын атқару процесін тікелей басқарумен байланысты тәжірибелік қызмет.Бұл аспектіде банктік менеджмент басқару объектісіне басқарушылық ықпалдарды өңдеу жүйесі ретінде көрінеді: активтік пассивтік операциялар, есеп – кассалық операциялар, нормативтік қаржылық – экономикалық көрсеткіштердің орындалуы, банктік аудит және бақылау және т.б.
Қаржылық қорды жасауды және оны тиімді пайдаланудың жан-жақты әдістері мен кешенді технологиялары, тұтынушыларға реинжинирингті бизнес әдістемелерін қолдану, коммерциялық банктің жұмысын және оның қаржысын бақылап отыратын жүйелік басқару «қаржылық менеджмент» деп аталады.
Қаржылық менеджменті:
- Активтер мен пассивтерді басқару
- өтімділікті басқару
- Жеке капиталды басқару
- Қарыз капиталын басқару
- Банктік тәуекелділікті басқару
- Несие портфелін басқару
Банкілік ішкі бақылауды ұйымдастыру
Қызметкерлерді басқару
- Ұйымдастыру жүйесі мен еңбек ақысын администрациялау
- Қызметкерлерді іріктеу мен орналастырудың ұйымдастырылуы.
- Қызметкерлерді дайындау жүйесінің ұйымдастырылуы
Банктардің алға қойған мақсаттары да маңызды орын алады.
Қазіргі уақытта кеңінен қолданылып жүрген «қаржы менеджменті» деген сөз көп ұғымды қамтиды. Мамандар қаржы менеджменті дегенімізді ақша ресурстарын пайдалану және қалыптастыру қатынастарын басқару деп санайды. Коммерциялық банктердегі қаржы менеджмент мәселесі ТМД ғалымдарының еңбектерінде аз болса да шешімін тапты.
Коммерциялық банктердің қаржы делдалы сияқты ақша ағымын басқаруы әрекеттерінің себебі ақша функциясының өзіне тән барлық жиынтығын қамтуында. Бұл мәселені жандандыру мемлекеттік басқару органдарының нормативтерін сақтау ережесімен дәл келеді. Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджмент және реттеу органдарының талаптарын сақтау позициялары туралы мәселелерге еңбектер арналған.
Коммерциялық банктердің жұмыс істеу процесстері микроэкономикалық факторлар мен клиенттер тұрақтылығына байланысты.
Қазіргі уақытта мұндай байланыс өте тұрақты, 1-ші топтағы өнім шығару бұл материалдық құндылықтар болып табылады. Коммерциялық банк нарықтық экономсика үшін алғашқы, Ұлттық Банк банк жүйесіндегі қайта құру ұйымдарымен сәйкес келеді.
Шетел банктерінің тәжірибелері қызықты. Бірақ шетелдік қаржы жүйесінің Қазақстанның несие – банк жүйесінен елеулі айырмашылықтары бар. Мысалы, АҚШ-ң Федералды Резерв жүйесінің тәжірибесі Қазақстан жерінде таралуы керек, ал Қазақстан банктік жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк талаптарына негізделген.
Қаржылық менеджменттің өзіндік ерекшелігіне несие банктік жүйенің экономикалық процестердегі біркелкі технологияларды қамтуында деп білуге болады. Коммерциялық банктегі қаржының, мнеджменттің басты ерекшелігі – нарықтық экономикасының алғашқы тобындағы барлық ақша функциясын жүйелі түрде басқару, яғни ерекше экономикалық субъект болуында.Қаржылық менеджменттің негізгі банктегі қаржылық операцияларды зерттеу және банк клиенттерінің ақшасын басқару процесстері болып табылады.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджмент – бұл ақша ресурсын пайдалану мен құрылымдық процесстерді басқару.Ол ұйымдастырушы -технологиялық менеджмент банк бөлімшелерін басқарумен және банк қызметін әртүрлі процестердегі олардың өзара қатынастары. Сонымен бірге банк қызметтеріне басқарумен бірге тығыз байланыста.Қаржылық несиелермен қатар коммерциялық банктің ұйымдастырушы технологиялық сипатында маңызды мәселелер болып, коммерциялық банктің менеджментіне сәйкес аналитикалық қамтамасыз ету.Коммерциялық банктің пайдалы қызметін субъектік түрде қарастыру және технологиялық процестердің өндірістілігімен ұйымдастырушылық құрылымдары болады.
Банктер әрқашанда нарықтың жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыру керек, банктік емес қаржылық ұйымдармен бәсекелесуге даяр болуы керек. Банктік менеджменттің негізгі міндеті болып қатынастар жүйесін құру табылады.Осыған байланысты банктік менеджмент қатынастар жүйесі ретінде қаржы - экономикалық, құрылымдық - функционалдық және функционалды – технологиялық параметрлер байланысын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, банктік менеджмент бір – бірімен байланысты және бір – біріне қатысты параметрлер жүйесін көрсетеді:
Қаржы – экономикалық көрсеткіштер (ҚЭ)
Ұйымдық құрылым (ҰҚ)
Функционалды – технологиялық құрылым (ФТ)
Бұлардың байланысын былай көрсетуге болады: ҚЭ ____ ҰҚ ___ФТ
Банктік менеджмент қаржы – экономикалық, ұйымдық және технологиялық параметрлердің өзара байланысын басқарушы ретінде келесі 1.2. суреттегі схема арқылы беріледі
Қазіргі уақытта Қазақстанда коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментіндегі ерекшелік – ол банк - несие жүйесі шеңберінде несиелік ұйымдағы экономикалық процесстерді басқару технологиясының біркелкі болмауы. Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің негізгі ерекшелігі – бұл ақшаның барлық қызметін жүйелі басқаратын экономикалық субъект.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің іс-қимыл объектісі – банктің қаржы операциясын басқару процесі.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің мақсаты – банктің қаржы операциясын жоспарлауды қамтамасыз ететін функционалды-технология жүйесінің қызметінің тәртібін талап етуді анықтау.
Коммерциялық банктің тұрақтылығына әсер ететін параметрлер келесі 1.3. кестеде көрсетілген.
Қызметтер тәртібінің параметрлері
Берілген параметрлер | Қызметтер тәртібі |
Банк пайдасын максимизациялау Банк өтімділігінің максимизациясы Пайда мен өтімділіктің тепе-теңдігі | Төменгі мөлшердегі өтімділік нормативі Пайда мөлшері Нарықтық табысты қамтамасыз ететін пайда мөлшері |
Коммерциялық банктердегі қаржы менеджменті екі жүйеден тұрады.
- Басқарылатын жүйе немесе басқару объектісі
- Басқарушы жүйе немесе басқару субъектісі
Коммерциялық банктің қаржы менеджментінде басқару объектісінің негізі болып ақша табылады.
Коммерциялық банктің қаржы менеджментінде басқару субъектісінің негізі болып банк менеджменті табылады. (банк қызметкерлері, басқару аппараты)
Басқару объектісі – банк клиентурасының ақша қаражаты. Бұл процестің хұқықтық жағы, яғни басқару субъектісі коммерциялық банк арқылы жүргізіледі.Экономикалық жағы банктің қаржы операциясы негізінде жүргізіледі.
Төменде коммерциялық банктің тұрақтылығының блоктары мазмұндарымен көрсетілген:
Банктің қаржы тұрақтылығы | ||
1.Банктің қаржы экономикалық нормативі қызметі негізінде банкті бағдарламалау (сыртқы және ішкі) банк қызметінің стратегиясы. | 2.Банк қызметін талдау және мониторинг. | 3.Экономикалық тиімділікітің ағымдағы бағалануы. |
Банктің ұйымдық тұрақтылығы | ||
1.Банк қызметін жоспарлау маркетингтік стратегиясы. | 2.Банктің ұйымдық құрылымы. | 3.Адам капиталын басқару: ынталандыру, материалдық ынталандыру. |
Банктің функционалды тұрақтылығы | |
1.Банктің мамандануы. | Банктің әмбебаптығы |
Банктің коммерциялық тұрақтылығы | |
1.Банктің өнім саясаты және банк өнімдерін функционалды-технологиялық қолдану. | Клиенттің қажеттілігі негізінде банк қызметінің инновациялық бағытта дамуы және банк клиентурасының қаржы менеджменті. |
Банктің капитал тұрақтылығы | |
11.Банктің несие-инвестициялық саясаты. | 12. Банктің қор эммисиялық саясаты. |
Қаржы менеджментінің мақсаттарын іске асыру үшін коммерциялық банктің негізгі қызметтерін анықтау керек.
- Стратегиялық жоспарлау – болашақтағы қаржылық міндеттерді анықтау және іс-шаралар бағдарламасын өңдеу.
- Үлгілеу (моделирование) – ақпараттарды дайындауда, сонымен қатар басқару объектісінің ағымдағы жағдайын бағалауда құрал-жабдықтарды және технологияларды қолдану әдісінің жиынтығы. Үлгі (модель) материалды объект немесе таңбалы жүйе.
- Оперативті жоспарлау – ағымдағы қаржылық міндеттерді тиімді анықтау тәсілі болып табылады.
- Мониторинг – қоршаған орта және басқару объектісінің жағдайы туралы ақпараттар жиынтығы.
- Диагностика – объект жағдайын мінездейтін параметрлердің ағымдағы мәндерінің сәйкестігін бағалау.
- Басқару мақсаты – басқару объектісінің сенімділігін қамтамасыз ету.
Коммерциялық банктердегі бизнес-стратегияны жоспарлау кезеңдері:
- Банктің микро және макро орталарын оқыту – банктің бизнес-стратегиясының бәсекелес ортасын анықтайтын экономикалық, қаржылық, құқықтық, банк қызметінің ұйымдастырушылық және ресурстық жағдайлары.
- Әр жағдайдағы анализ.
- Мақсаттар мен міндеттердің қайта құрылымы
- Банктің басты мақсаттары мен тапсырмаларын жоспарлау
- Банк бағдарламасын құрастыру
- Несие беру ұйымдарының күнделікті есебіндегі ортақ стратегиясындағы банктің барлық деңгейдегі басқарудың параллельді стратегиясының құрастырылуы
- Алға қойған мақсаттарды жүзеге асырудың жолдарын бөлініп алған және потенциалды ресурстар есебімен бірге анықтау.
- Қаржылық мақсаттардың қайтадан құрылуы.
- Басқарудың барлық деңгейіндегі банктің басқару жүйесінің (эндогенді және экзогенді) ақпаратты басқару ағымдарын жоспарлау.
- Банк құрылымының бейімделу жобасын жасау.
- Банктің кадр саясатын жоспарлау.
- Іс-қағаздардың функционалды-технологиялық құрастырылуы
- Технологиялық бақылау және базалық іс-қағаздарының банктің бизнес-стратегияларындағы қызметі жайлы.
- Бюджетті жоспарлау.
- Банктің бизнес-стратегиясы жоспарларын жинақтау.
Осыдан коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің ерекше тармағы тарайды.Ол банктің бірқатар өнім құруы.
«Банк операциясы» түсінігінің «банк өнімі» және «банк көрсететін қызметі» түсінігімен байланысын қарастырамыз.Мақсатына байланысты операциялар келесі кластарға бөлінеді:
- Пассивтік операциялар – банктік қызметті көрсету үшін ақша ресурстарын шоғырландыруы.
- Активтік операциялар – ағымдық кезеңде және болашақта табыс табу үшін меншікті және тартылған қорларды пайдалану.
- Делдалдық операциялар – комиссиондық сыйақы үшін клиенттерге қызмет көрсету.
Банктің делдалдық операциясы және оның қысқаша мазмұны 1.5. суретте көрсетілген.
Банк операциялары схема керек
Банк үштігі бұл үш түсініктің сәйкестігі, яғни «өнім – операция – қызмет көрсету». «Банк үштігі» түсінігі «клиенттерге банк технологиясымен қызмет көрсету» түсінігінің мүмкіндігімен анықталады. Ол келесі схемамен белгіленген.
Технология = (Материал + Инструмент + Іс-әрекеттер жиынтығы) →Қажеттілікті қанағаттандыру
Клиенттерге банк технологиясымен қызмет көрсету = (Клиенттердің қажеттілігі + Өнімдер + Операциялар)→Қызмет көрсету = Банк үштігі + Оның элементтері арасындағы өзара байланыс.
Үштіктер | Өнімдер+Операциялар+ Қызметтер | ||
Элементарлы | Жай | Типтік | Көпшіліктік |
Араласқан | Күрделі | Кешенді | Топтық |
Интегралдық | Жүйелік | Процеске біріккен | Жеке |
1.6. банк үштігінің кластары
Банк өнімі – банктің клиентке қызмет көрсету тәсілі; банк қызметшілері мен клиенттер арасындағы өзара байланыс;
Банк операциясы – клиенттерге қызмет көрсету бойынша қойылған міндеттерді орны және уақыты бойынша жүзеге асыру жүйесі.
Банктік қызмет көрсету – банк клиентінің қажнттілігін қанағаттандыру нысаны (несие, кассалық есеп, кепілдіктер, бағалы қағаздарды сату және сатып алу, сақтау бойынша)
Әрбір коммерциялық банктің негізгі концепциясы: сенімді клиент – тұрақты банк.
1.2. Коммерциялық банк әрекетін қаржылық талдаудың объективті қажеттілігі
Коммерциялық банк әрекетін қаржылық талдау дегеніміз – арнайы білім жүйесі. Бұл жүйе банк әрекетінің қаржылық, экономикалық нәтижелерін меңгерумен, шаруашылық процестердің факторын және тенденцияларындағы пропорцияларын айқындау, банктің даму жолдарын негіздеумен байланысты.
Банктің талдау объектісі болып, әрбір жеке банктердің және оларды топтастырудың коммерциялық іс-қимылының территориалды, функционалды және т.б. белгілері бойынша топтаулар табылады.
Қаржылық талдаудың белгілері | Ерекшеліктердің сипаттамасы | |
Ішкі қаржылық талдау | Сыртқы қаржылық талдау | |
1 | 2 | 3 |
Талдау мәні | Қаржылық-экономикалық процестер, олардың факторлары және нәтижелері. | Қаржылық-экономикалық процестердің нәтижелері. |
Талдау объектілері | Қаржылық нәтижелер, рентабельдік және банктің қаржылық жағдайы, басқарудың экономикалық тиімділігі. | Қаржылық нәтижелер, банктің қаржылық жағдайы. |
Талдау субъектілері | Банк мамандарының көпшілігі, әртүрлі деңгейдегі менеджерлер, аналитиктер, ішкі аудиторлар мен бақылаушылар, банк басқармасы, сырттан келген аудиторлар мен кеңес берушілер. | Бақылау ұйымдары мен меншік иелері. |
Қаржылық талдаудың белгілері | Ерекшеліктердің сипаттамасы | |
Ішкі қаржылық талдау | Сыртқы қаржылық талдау | |
Регламент дәрежесі | Банк басқармасы ұйымының шешімі. | Халықаралық және ұлттық стандарттар |
Қолданылатын ақпараттардың көлемі | Қоршаған орта, банк қызметі туралы ақпараттардың барлық жүйесі | Ағымдағы қаржылық есеп беру шегінде. |
Алынған ақпараттардың талдау нәтижесінің сапасы. | Көптеген жағдайда ықтималды және субъективті сипатта болады. | Алдын-ала жасалған операциялар бойынша бақылау ұйымдастырудың бекітілуі мен ақпараттарға негізделген талдау объективті сипатта болады. |
Ақпараттың көрсетілу әдістері | Кез-келген | Жалпы алынған принциптер мен есептер стандарттары негізінде |
Ақпараттардың жүргізілу кезінде қолданылатыны қай уақытқа жататынына байланысты талдау түрлері. | Ағымдағы, ретроперспективті талдау | Ретроперспективті талдау |
Өлшем бірліктері | Кез-келген | Ақшалай және өлшемсіз |
Жүргізу жиілігі | Кез-келген | Бекітілген нормативтік актілер бойынша |
Жауапкершілік дәрежесі бойынша | Дисциплинарлы | Әкімшілік |
Сурет 1.7. Банктің ішкі және сыртқы қаржылық талдауының салыстырмалы сипаттамасы
Осы суретке байланысты коммерциялық банктегі қаржылық талдау мерзіміне қарай:
- Күнделік
- Апталық
- Айлық
- Тоқсандық
- Жылдық
Зерттеу көлеміне байланысты:
- Толық
- Тақырыптық
Зерттеу мақсатының сипатына байланысты:
- Алдын-ала талдау
- Бақылау-жеделдік талдау
- Қорытынды және болжамдық талдау болып бөлінеді.
Қаржылық талдаудың негізгі міндеті – мамандарға, банк қызметкерлеріне қаржылық талдауды жүргізу үшін жан-жақты ақпарат беру.
Банк жүйесінде қаржылық есеп беруді талдау кезінде келесі әдістер қолданылады:
- Топтастыру әдісі – бұл жылдық баланстан, есеп берудің басқа да түрлерінен мәліметтерді жүйелеуге, оларды талдау үшін барынша қолайлы талдауды қолдану шарттарын жариялауға тиімді әдіс.
- Салыстыру әдісі – бұл әдісті қолдану банктің қаржы жағдайын сипаттайтын коэффициенттер мен көрсеткіштердің динамикалық өзгерістер әсерімен дәлелденіп анықталатынын көрсетеді.
- Коэффициенттер әдісі – бұл әдіс әртүрлі топтар арасындағы байланысты табуға мүмкіндік береді, яғни шоттар тобының, активтердің немесе сол сияқты банктердің оған үлес салмағын ажыратуға мүмкіндік береді.
- Графикалық әдіс – талдаудың барынша көрнекті және тиімді әдістерінің бірі.
Жалпы коммерциялық банк әрекетін қаржылық талдау туралы ақпарат сыртқы және ішкі пайдаланушылар үшін қажет.
Ішкі пайдаланушылар – банктің басқару аппараты, банк қызметкерлері.олар әртүрлі қаржылық сипаттағы шешім қабылдайды.
Сыртқы пайдаланушылар – несиегерлер, аудиторлық қызметкерлер, баспасөз, құнды қағаздар биржасы.
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
- Банк балансына қаржылық талдау жүргізудің реті және ұйымдастыру жүйесі
Коммерциялық банк қызметін қаржылық талдау – бұл банк қызметінің қаржы-экономикалық нәтижесін меңгерумен байланысты арнайы білім жүйесі.
Комерциялық банк өз қызметін талдау негізінде пайданы ұлғайту мақсатында активтік және пассивтік операциялар құрылымын тиімді етуге тырысады.
Мемлекеттік салық қызметі коммерциялық банктің есебін талдау процессінде банктің бюджет алдындағы міндетінің орындалуына бақылау жүргізеді. Банктік қадағалаудың екі түрі бар: реттеуші (есептерді тексеру) және қадағалаушы (банкті бақылау). Қадағалау органдары бухгалтерлік баланс және шығыстар мен кірістер туралы есеп негізінде банктің қызметін бағалайды.
Қазақстан Республикасының «Банктер және банктік ұйымдастыру туралы» заңына сәйкес банктің қаржылық жылы 1 қаңтардан басталып, 31 желтоқсанда аяқталады.
Банк балансы – коммерциялық банктің өзіндік және сырттан тартылған қаражаттарыныің қозғалысын, олардың корлану және құрылу көздерін жан-жақты көрсетеді. Баланс бойынша ақша қаражаттарының орналасуына немесе пайдалануына несиелік есеп айрысу және т.б.банктік операциялардың, сонымен қатар бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың қозғалысына бақылау жүргізеді.
Банктегі бухгалтерлік есеп есептеме әдісі бойынша жүргізіледі.осы есептеме әдісінің бірнеше элементтері бар:
- Құжаттау
- Түгендеу
- Ақшалай бағалау
- Калькуляциялау
- Бухгалтерлік шоттар
- Екі жақты жазу
- Баланс
- Есеп беру
Құжаттау – банктегі барлық құралдар мен қорлардың қаражаттарының әрбір айналысының орындалуын, әрбір операциялардың жүзеге асырылуы жөніндегі көрсеткіштер жүйесін үздіксіз бақылап отыру үшін арнайы жасалған белгілі құжаттар.
Түгендеу – көп салалы банк операцияларын іске асырып, тиімді жұмыстар жүргізуде, кейбір операцияларды құжаттар арқылы тіркеуде есеп қызметкерлері тарапынан жіберілетін қателерді жинақтау. Міндетті түрде жүргізілетін түгендеулер Ұлттық Банкпен белгіленіп отырылуы керек, ал қосымша жүргізілетін түгендеулер коммерциялық банктің жеке меншігімен анықталады.
Ақшалай бағалау – бұл элементтің атқаратын міндеті есеп көрсеткіш мәліметтерін ақшалай көрсеткіштерге айналдыру.
Калькуляциялау - бұл банктің қызметінің өзіндік құныны анықтау.
Бухгалтерлік шоттар – банктегі бухгалтерлік есептің барлық операцияларының белгілі бір мазмұнына қарай ашылған шоттарды немесе бухгалтерлік есепті көрсету үшін қажет.
Екі жақты жазу – жүзеге асырылып жатқан барлық банктік операциялардың міндетті түрде бір шоттың дебетіне, екінші шоттың кредиті бойынша көрсетілуі керек.
Баланс – барлық шоттардың жатқызылатын класына жинақталып, жүйеленіп көрсетілуі. Баланс - «таразы», «тепе-теңдік». Банк балансы активтен және пассивтен тұрады.
Есеп беру – банктің барлық операцияларынан тұратын белгілі бір мәлімет.Сонымен қатар әртүрлі басқару шешімдерін қабылдау үшін белгілі бір бекітілген есеп берудің түрлері жинақталуы керек.
Есеп берудің түрлері:
- Бухгалтерлік баланс
- Банктің кірістері мен шығыстары туралы есеп
- Банктің ақшалай қаражаттары туралы есеп
- Банктің капиталы туралы есеп
Банк балансына қаржылық талдау жүргізудің негізгі бағыттары:
- Активтік операциялапр құрылымын талдау (меншікті, тартылған қаражаттарды орналастыру операциясы бойынша);
- Пассивтік операциялар құрылымын талдау (қаражатты тарту операциясы бойынша);
- Коммерциялық банктің қызметінің қаржылық нәтижесін талдау;
Пассивтік операциялар – қаражаттар көздерін мінездейді. Банктің пассивтік операциялары банк қызметі үшін маңызды роль атқарады.Соның көмегімен банктер ақша нарығында несие ресурстарын сатып ала алады.
Пассивтік операциялардың негізгі нысандары:
- Бастапқы бағалы қағаздарды шығару;
- Банк пайдасынан қорларды қалыптастыру және көбейту үшін аударма жасап отыру;
- Басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер мен қарыздар;
- Депозиттік операциялар;
Пассивтерді басқарудың негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:
- активтік операцияларды дамыту үшін клиенттер алдында міндеттемелерді орындау.
- банктің пайда табуын қамтамасыз ету.
Банктің жинаған ресурстарын табвс табу үшін және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен оргаластырылуын активтік операциялар дейді.
Активтік операциялардың негізгі нысаны:
- несие есептеу операциясы, оның нәтижесінде банктің несиелк қоржыны қалыптасады.
- инвестициялық операциялар, ол инвестициялық қоржынның негізін құрайды.
- Кассалық және есептеу оперпациялары, ол банктің клиенттерге көрсететін қызметтерінің бірі.
Активтерді басқарудың негізгі міндеті – банк балансының өтімділігін сақтай отырып, банк жұмысының табыстылығын қамтамасыз ету.Ақша нарығы дамыған елдерде активті басқару экономикалық-математикалық әдіс және болжамдау негізінде жүргізіледі.Біздің елеміздің көптеген коммерциялық банктері талдаудың осы бағытын таңдауға тырысады.
Коммерциялық банк қызметініің қаржылық нәтижесін талдау баланстың «қызметтер қорытындысы» бөлімін пайдалану арқылы жүргізіледі.Мұнда ағымдық жылдың өткен жылмен салыстырғандағы кіріс бөлімінің көрсеткіштері есептеледі.
- Банк балансы материлдарын баланс активтерін және пассивтерін талдауға қолдану
Банк қызметін талдауды анықтау үшін әртүрлі әдістер мен нысандар қолданылады. Несиелеу және басқа коммерциялық банктермен корреспонденттік қатынастарға отыру үшін банктің жалпы өтімділік жағдайын және пайдалығын (табыстылығын) анықтау керек. Талдау әдісінің негізінде өзгертілген (модифицированный) баланстық теңдік жатыр: Активтер=Пассивтер
Банк өтімділігін басқару процессінде актив пен пассив қатынастарын сақтап отыру қажет.Осы қағида бойынша банктің агрегировты балансы құрылған (2.2.1. кестеде көрсетілген) актив сапасы мен пассив құрылымы анықталады.
Кесте 2.2.1.
Банктің агрегировті балансы.
Агрегат | Банк активінің баптары | Агрегат | Банк пассивінің баптары |
1 | 2 | 3 | 4 |
А1 а2 а3 а4 а5 А6 а7 а8 а9 А10 а11 а12 а13 а14 А15 а16 а17 а18 а19 | Кассалық активтер, барлығы: Касса Резервтік талаптар Ұлттық банктегі қаражаттар Корреспонденттік шоттағы қаражаттар Бағалы қағаздар барлығы: мемлекеттік бағалы қағаздар портфельдегі бағалы қағаздар мерзімінде төленбеген вексельдер Қарыздар, барлығы: Қысқа мерзімді Банктік Ұзақ мерзімді Мерзімі өткен Басқа да активтер, барлығы: Инвестициялар Материалды емес активтер Басқа да активтер Залал және шығын | 01 02 03 04 05 06 07 08 09 010 С1 с2 с3 С4 с5 с6 с7 с8 | Онколды міндеттемелер Дереу талап етілетін салымдар Корреспонденттік шоттар Жедел міндеттемелер Жедел салымдар және депозиттер Банктік қарыздар Нарық айналысындағы ұзақ мерзімді міндеттемелер Басқа да міндеттемелер, барлығы: Несиелер Басқа да міндеттемелер Капитал, барлығы: Жарғылық қор Банк қорлары Қосымша капитал, барлығы: Бағалы қағазға салымды қамтамасыз ететін резервтер. Резервтер Валюта қорларын қайта бағалау Пайда |
Баланс (А1+А6+А10+А15) | Баланс (01+04+08+С1+С4) |
Банк өтімділігі, тұрақтылығы және пайдалылығы активтерді сапалы басқарумен байланысты.
Банктік заңдардың және Ұлттық Банктің талаптары активтік операцияларға белгілі бір депозиттердің бөлігін резерв түрінде сақтауды міндеттеу жолы арқылы ықпал етеді.
Банктердің жинаған ресурстарын табыс табу үшін және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыру актив операциялары деп аталады.
Коммерциялық банктің актив операциялары келесі түрлерге бөлінеді:
- Несие есептеу әдісі. Оның нәтижесінде банктің несиелік қоржыны қалыптасады.
- Инвестициялық операция. Ол инвестициялық қоржынның негізін құрайды.
- Кассалық және есептеу операциясы. Ол – банктің клиенттерге көрсететін қызметтерінің бірі.
- Басқа да операциялар.
Активті басқарудың негізгі қағидаларына мыналарды жатқызуға болады:
- Актив құрылымын сақтау.
- Актив операцияларын диверсификациялау.
- Несиелік тәуекел есебімен резерв құру.
- Актив табыстылығына демеу жасау.
Банктің активтерін талдаудың экономикалық параметрлері 2.2.2. кестеде көрсетілген.
Кесте 2.2.2. Банк активтерін талдау.
Көрсеткіштер | Есептелуі | Коэффициенттің ұтымды мәні | Көрсеткіштің экономикалық мазмұны |
К1= Табысты активтер/активтер К2=табысты активтер/Ақылы пассивтер К3=Несиелер/Міндеттемелер К4=Банк қарызы/банк несиесі К5 = Несие/капитал К6=Мерзімі өткен несиелер/несиелер К7=Несиелерге арналған резерв/несиелер | (а5+А6+А10+а16+а18)/(А1+А6+А10+А15 (а5+А6+А10+а16+а18)/(01+04) А10/(01+04+08) 06/а12 А10/(С1+С4) а14/А10 с6/А10 | 0,75-0,85 ≥1,0 >0,7(агрессивті саясат) <0,6(сақтық саясат ≥1,0 қарыз алушы ≤1,0 несиегер ≤0,8 ≤0,04 ≤0,04 | Барлық табысты әкелетін активтердің үлес салмағы Табысты активтердің ақылы пассивтерге қатынасы Банктің агрессивтік немесе сақтық саясаты. Егер банк-қарызгер, онда К3=0,6; егер банк - несиегер, онда К3=0,7; Несие саясатының тәуекелділігі:егер мән 0,8-ден үлкен болса, онда ол капитал жеткіліксіздігін көрсетеді. Несие қоржынындағы мерзімі өткен несиелердің үлес салмағы Нсиелер бойынша залады жабу үшін резервтер |
Банкте әр кезде өтімді активтердің белгілі бір сомасы болу керек. Егер олар өз міндеттемелерін қамтамасыз етуге жетпесе, онда банк өз активтерінің бөлігін қолма-қол ақшаға айырбастауға икем болуы қажет. Бұл актив трансформациясы деп аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі табысты активтердің активтерге салмақтанған саласын табу үшін мынадай жүйе ұсынады.
К1=Табысты активтер/активтер
- Банк балансы негізінде банк өтімділігін талдау
Банк өтімділігі – ол сол банктің салымшылары мен кредиторлары алдындағы өз міндеттемелерін уақытылы және ысырапсыз орындау қабілеті.
Банктің міндеттемелері нақты және потенциалды міндеттемелерден тұрады
Нақты міндеттемелер – баланста көрсетілген дереу талап етілетін депозиттер, мерзімді депозиттер, банкаралық несие ресурстары, кредиторлар қаражаты түрінде көрсетіледі.
Потенциалды міндеттемелер – банктің берген кепілдіктері (гарантии), клиенттерге ашқан несие желісі (кредитная линия) түрінде көрінеді.Банктің өз міндеттемелерін ысырапсыз уақытылы орындау үшін оған банк қызметінің сапасын анықтайтын ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді:
Ішкі факторларға: банктің мықты капиталдық қоймасы, активтердің құрылымы, ресурстарды тарту және орналастыру мерзімдерінің сәйкес келуі, пассивтер құрылымы, менеджменттің сапасы жатады.
Сыртқы факторларға: елдегі экономикалық және саяси жағдай, бағалы қағаздар және банкаралық нарықтың дамуы, қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру жатады.
Банк өтімділігін бағалау өлшемдері төмендегідей көрсетілген коэффициенттер көмегімен жүргізіледі:
1.Өтімділігі шектелген ресурстар үшін, яғни өтімді активтер (банктің қайтарым мерзімі 30 күнге дейінгі несиелер) саласының банктің дереу талап етілетін міндеттемелеріне қатынасы;
- Өтімділігі орташа ресурстар үшін, банктің мерзімді уақыты 30 күннен 1 жылға дейінгі уақыттағы актив шотындағы қаражатының банк міндеттемелеріне қатынасы;
- Өтімділігі жоғары ресурстар үшін, уақыты 1 жылдан астам актив шотындағы қаражаттардың банк міндеттемелеріне қатынасы;
Республикада банк жүйесін дамыту үшін банк өтімділігінің көрсеткіштер жүйесі өңделген.
Кесте 2.2.20
Банк өтімділігінің көрсеткіштер жүйесі:
Өтімділік көрсеткішінің атауы | Формула | Алымы | Бөлімі |
Капитал жеткіліктілігі коэффициенті | Меншікті капитал | Тәуекел есебімен өлшенген актив | |
Ағымдағы өтімділік коэффициенті | Ағымдағы өтімді активтер | Ағымдағы міндеттемелер | |
Жедел өтімділік коэффициенті | Жоғары өтімді активтер | Талап етілетін міндеттемелер | |
Ұзақ мерзімді өтімділік коэффициенті | Ұзақ мерзімді қарыз | Меншікті капитал+1 жылдан жоғары депозиттер бойынша міндеттемелер |
Банктің өтімділігін талдау процессінде келесі міндеттемелер (талаптар) қойылады:
- Нақты өтімділікті анықтау;
- Оның нормативтерге сәйкестігін анықтау;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бекітілген өтімділік нормативі мәндерінен ауытқу факторларын анықтау;
Банк өтімділігін талдаудың негізгі мақсаттары:
- Банк өтімділігінің жағдайы туралы қорытынды жасау;
- Жағымсыз тенденциялар туғызатын факторларды талдау;
- Талдаулар нәтижесі бойынша банк өтімділігін анықтау;
Банк қызметінің кешенді экономикалық бағытын талдауды 2.5. суреттен көруге болады.
Өтімділікті талдау банктің капитал жеткіліктілігінен басталады.Бұндай талдаудың негізі болып, банктің меншікті капиталының сандық бағасы табылады.
Капитал жеткіліктілігі коэффициентін анықтау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен былай ұсынылады:
- Өтімділік тәуекелін талдау
Банктің өтімділігін сақтаудың негізгі қағидасы банк активтерінің қайтару мерзімінен қаражаттарды тұтынудың тууы мүмкін уақытының байланысы болып табылады. Өтімділік төменде көрсетілгендей қамтамасыз етілуі мүмкін:
- жақын арада қайтарылу мерзімі болатын немесе талап етуі бойынша төлеу құқымен берілген несиелер бойынша төлемдер қабылдау;
- несиелік талаптардың бөлігін сату;
- өтімділіктің анықталған коэффицентін ұстау үшін пассивтің әрбір түрін қандай бөлігін активтің өтімді немесе өтімдірек баптарына орналастыруды анықтау мақсатында пассивтің барлық шоттарында кестеге құру жолымен активтерді бөлу;
- пассивтермен операция жүргізу:
а) айналыстағы депозиттік сертификаттар, облигацияларды шығару;
б) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі қарыздары;
в) евронарықтағы қарыздар.
Банкте өтімділік мәселесі банктік несиелерді, қаражаттарды тарту уақытынан гөрі ұзағырақ уақытқа беру тәжірибесіне байланысты туындайды. Банктің пайдасы қаражаттарды қысқа мерзімге тарту бойынша пайыз мөршелмесі мен қаражаттарды орта мерзімге орналастыру арасындағы айырма ретінде анықталады.
Банктің қажетті өтімділік деңгейін ұстап тұрудың маңызды шарты – бұл банкте өтімді активтердің жеткілікті сомасының болуы. өтімді қаражаттар банктің қаржылық міндеттерін жабу үшін қолданылады. Өтімділікті қолдану банктің қызметін басқарудың бірден-бір негізгі әдісі болып табылады.
Банк өз қызметін тек клиенттері мен басқада банктер арасындағы барлық міндеттерін атқара алатынына сенген жағдайда ғана жүргізе алады. Банк мұндай сенімді тез жоғалтып алуы мүмкін, егер олар бұл банкті барлық заңды үлестік міндеттерімен жасай алмайды деп ойлаған жағдайда.
Егер активтерді қайтару мен міндеттерді өтеу мерзімінің арасындағы дәл сәйкестікті қамтамасыз ете алған жағдайда өтімділіктің қажетті деңгейіне қол жеткізуге болады. Бірақ та банк қаржы делдалы ретінде түсіп отырғандықтан, ол бұл мерзімді әрдайым түрлендіріп отыруға міндетті. Бізге белгілі банк қарызға ақша қаражатының аз ғана бөлігін көп мөлшерлерге қысқа мерзіге алады да, ұзақ мерзімге ірі соманы қарызға береді. Бұл кезде банк алдағы уақытта да міндеттерін өтеу үшін салымдарды татып және талап еткенге дейінгі шоттардан алынған ақша қаражаттарын қайтарамын деп есептейді. Бірақ та, нақты жағдайда әлемдегі бірде-бір банк мерзімсіз салымдарға орналастырылған барлық ақшаны бір күнде қайтаруға жағдайы жетпйді.
Банкте өтімділікпен мәселеге туындағанда ол ақша қаражатына сұраныс туады. Бұны алудың бірден- бір көзі активтерді сату болып табылады. Активтердің кейбір түрлері жиі сатылып және сатып алынып отырады, сол себепті бұл активтерге нарықтың әділ бағасы қойылғандықтан, банктің қысқа және тез арада сатып алушыны табуына мүмкіндігі бар.
Бұндай категориядағы активтер біртекті болып және өтімді деп аталады. Сол себепті бұлар тез арада қолма-қол ақшаға айналады. Қолма-қол ақша ең өтімді актив болып саналады.
Қолма-қол ақшаға басқа банктерге қысқа мерзімді қарыздар немесе басқа банктердегі депозиттерін жатқызуға болады, себебі бұл қарыздарды немесе депозиттерді сатып алатын басқа банктерді іздеу сияқты қандай да бір қиындықтар тумайтыны сөзсіз. Мемлекеттің құнды қағаздарды және баланстың есептегі активтерді өтімділіктің тез сатылатын көзі болып табылады. Активтердің жиі сатылмайтын және сатып алынбайтын түрлері де кезеседі осындай жағдай болғанда олардың бағасын сатып алушы мен сатушының арсында келісімге келу қажеттілігі туады, себебі нарықтың бағасын алудың мүмкіншілігі жоқ. Бұндай активтерді сатып алушыны табу қиынға түседі. Осындай түрдегі активтер бір-бірінен ерекшелене түскендіктен, оларды салыстыру қиыншылық туғызады. Бұндай активтер өтімсіз активтер деп аталады. өтімсіз активтердің бағасын анықтаушы – осы активті өткізуді қажет ететін уақыт аралығы. Банктің сатып алушыға иктивті күту жағдайы қаншалықты көп болса, осы активті алуға кеткен баға да соншалықты жоғары болады. Керісінше, егер банкке осы активті алу қажет болғанда, ол бағадан ұтылу негізінде ғана сата алады. Бұл жерде ескеретін жайт, бизнесмендер мен жеке тұлғалардың банк арасында ссуда жиі сатып алынып, сатылуы болғанымен, олар өтімсіз активтер болып табылады.
Негізгі қорлар, ғимарат, жиһаздар, құрылғылар өтімсіздігі жоғары активтер болып табылады, себебі олар әр түрлі. Мысалы,тек бір ғана кеңселік ғимараттың өзі бірнеше сипатқа ие, олардың бірі – оны басқа кеңселік ғимараттардан ерекшелейтін қызмет ету уақыты мен орналасқан жері. Осындай себепке байланысты, сатып алушы қаншалықты төлейтінін білу үшін бірнеше сипаттары мен танысуға уақыт пен күштің жеткілікті көлемін жұмсауы тиіс. Қандай да бір шешім қабылдау үшін сатып алушы қосымша уақыт пен күш ұмсай отырып өзі қарастырып отырған ғимараттың сипаттамасы мен осыған бара-бар ғимараттарды салыстыру қажет.Өткізуді тездету үшін сатушы ғимараттың құнын төмендету арқылы сатып алушының бағаны салыстурыдан бас тартуына әрекет жасауы тиіс. Банктерді негізгі қорлардың өтімсіздігіне қатысты екінші себеп – көптеген банктің негізгі қорлары, оның ішінде сейфтік қоймалар, кассаны есептейтін машиналар (аппараттар) тек банктерде қолдану үшін жасалғандығы.
Ал бұл күшті сатып алушылардың сатып азайтатың сөзсіз. Осыған орай, әр түрлі типтегі активтерді өтімді актив қолма-қол ақшадан бастап, өтімділігі төмен, негізгі қорларға дейінгі аралық ыдырайтын спектр секілді қарауға болады. Басқа банктердегі қарыз үкіметің құнды қағаздар осы спектрдің екі санының арасында орналасатын болады.
Ақша қаражатын көшіруді қажет ететін банк активті сатудан басқа жолы қысқа мерзімге басқа банктерден немесе ҚР Ұлтық банкінен қарызға қаражат алу мүмкіншілігі бар. Осыған байланысты баламалы қаражат көзін алу үшін алдын ала келісім жасау қажет етеді. Банк егер осындай туындай қалған жағдайда қанша қаражат тарта алатынын әрдайым білуі қажет. Осындай қаражат сомасы несиені алғандағы қолданылмаған мүмкіндіктер деп аталады. Бұл өтімділіктің көзі әлі баланстық есепте көрсетілген жоқ және кейде көрінбейтін өтімділік көзі деп атайды.
Банктін қарыздық мүмкіншілігін анықтайдын негізгі фактор екінші денгейлі банктердің және ҚР ҰБ-ның өтімділікті қажет ететін банктерге қарыз беру саясаты болып табылады.
Егер несие беруші банктің қысқамерзімге өтімділік мақсаты үшін несие беруі туралы өтінішін орындау кезінде өзінің қаржылық қызушылығы шегінде іс-әрекет жасаса, онда ол келесідей талдау жүргізуі қажет.
Ең алдымен несие беруші тапшылықтың себебін анықтайды. Егер өтімділік жетіспеушілігі ағымдық шығындары немесе депозиттердің жиі ауысуы сияқты банктің өз мәселелерінен туындаса, онда несие беруші несиені бөлуге онша көңіл бөле қоймайды. Ол жоғары сапалы тез арада өтетін активтерін кепідікке салынуын талап етуі мүмкін. Керісінше, егер өтімділік тапшылығы несие беруге деген сұранысың өсуі сияқты позитивті даму негізінен туындаса, банктің қарыз алу мүмкіншілігі әрине жоғарылайды.
Әрі қарай несие беруші банктің барлық қаржылық жағдайына талдау жасап, осы талдаудың нәтижесіне сүйене отырып қаншалықты қаражат беретінін және қандай уақытқа беретінін анықтайды.
Орталық банк ретінде ҚР ҰБ-і біздің республикамыздағы банк жүйесінің осындай жағдайдағы қызмет етуіне жауап береді. Ол өтімділік тапшылығы бар банктерді несиелеуді ҚР ҰБ-ң өзінің қаржылық қызығушылығына әсер ету міндетті емес шаралар негізінде жүргізу саясатын қолданылуы мүмкін.
ҚР-да Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің өтімділік тәуекелін реттеуге бағытталған пруденциялық норматив қатарында берілген.
Өтімділікті бақылап отыру мақсатында банктер ағымдағы өтімділік коэффициенттерінің есебін береді.
Өтімділік коэффициенті екі коэффициент көмегімен анықталады:
- банктің ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4.1);
- банктің қысқа мерзімді өтімділігінің коэффициенті (к4.2).
Ағымдағы өтімділік коэффициентінің ең төменгі мәнін Ұлттық банктің басқармасы бекітеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4) өтімділігі жоғары активтердің орташа айлық шамасының талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасына қатынасы арқылы есептеледі.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4.1) төмендегідей түрде есептеледі:
Аор к4.1 = ¾¾¾¾ , Мор |
мұндағы,
Аор- өтімді активтердің орташа айлық шамасы;
Мор – талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы;
к4.1 – ағымдағы өтімділік коэффициенті.
Өтімділігі жоғары активтерді есептеуге мыналар жатады:
- қолма-қол ақшалар;
- мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының боырыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;
- құйма қымбат бағалы металдар;
- Ұлттық банктегі Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейрезидент-банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;
- Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің “А” төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар ҚР банктерге берген “овернайт” займдары.
Талап етілуге дейінгі міндеттемелерге мыналар есептеледі:
- клиенттердің және банк-корреспонденттердің талап етуге дейінгі депозиттері;
- “овернайт” банкаралық несиелері;
- есеп айырысу мерзімі көрсетілмеген басқа да талап етуге дейінгі міндеттемелер.
Банктердің қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті (к4.2) үш ай мерзімнен аспайтын өтелу мерзімі бар активтердің орташа айлық шамасының үш ай мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасына қатынасы арқылы есептеледі:
Аор к4.2 = ¾¾¾¾ , Мор |
мұндағы,
Аор- өтелу мерзімі үш айдан аспайтын активтердің орташа айлық шамасы;
Мор – үш ай мерзімге дейін тартылған талап етілетін міндеттемелердің орташа айлық шамасы;
к4.2 – қысқа мерзімді өтімділік коэффициенті.
Банктер ағымдағы өтімділік коэффициентін есебімен қатар активтер мен міндеттемелердің мерзімдері бойынша салыстыру кестесінде беруге міндетті ( қосымшаны қараңыз).
Аталған активтер мен міндеттемелерді мерзімдеріне қарай салыстыру кестесін толтырғанда әрбір активтер (міндеттемелер) үшін ең аз мерзім қарастырылады және сол мерзім ішінде банк дебиторлар мен корреспонденттерінің міндеттемелерді орындауын талап етуге құқы бар. Бұл жерде активтер банктің қызметіне байланысты зияндарды жабуға арналған резервтерді (провизияларды) шегермей-ақ қамтиды.
Активтердің, міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің графаларының барлық мәліметтері 1 мен 5-жолдар бойынша өсу нәтижелеріне қарай толтырылады. 5 және 6-жолдардың сомалары “Барлығы” деген жолға жазылып баланстың мәліметтерімен салыстырылады. “Барлығы” деген графа мен жіктелген активтер (стандарты активтерден басқасы) бөлігінің нәтижесінің алшақтығы банктің құрған резервтерінің (провизияларының) сомасына сәйкес келуге тиіс.
Банк қысқа мерзімді өтімділік деңгейін 100%-дан кем емес деңгейде ұстап тұрады.
Енді ҚР-ғы ЕДБ-дің өтімділік коэффициентерінің орындалысына мән берелік (1-2-кестелер).
2-кесте .
К4.1 (ағымдағы өтімділік коэффициенті ҚРҰБ - 0,3 кем емес)
2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. | |
Альянс Банк | 1,41 | 1,09 | 2,79 |
Каспий банкі | 0,90 | 1,45 | 1,83 |
АТФ Банк | 0,92 | 1,70 | 1,55 |
Еуразиялық Банк | 1,30 | 1,46 | 1,39 |
Банк Центр Кредит | 0,99 | 1,34 | 1,33 |
Халық банк | 0,96 | 1,11 | 1,32 |
Казкоммерцбанк | 0,91 | 0,96 | 1,24 |
Балют Транзит Банк | 0,79 | 1,07 | 1,18 |
Банк Тұран Әлем | 0,75 | 1,12 | 1,09 |
Нұрбанк | 1,22 | 0,87 | 0,96 |
Көзі: ҚР Қаржы агенттігінің мәліметтері
Сонымен қатар, коммерциялық банктердің өтімділік көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау жасап өтейік
2-кесте
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің қысқа мерзімді өтімділігінің коэффициенті К4.2 0,5-тен кем болмауы керек.
2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. | |
Банк Центр Кредит | 0,83 | 1,24 | 1,57 |
Казкоммерцбанк | 0,78 | 1,03 | 1,45 |
Еуразиялық Банк | 1,16 | 1,49 | 1,18 |
АТФ Банк | 0,73 | 1,27 | 1,17 |
Халық Банк | 0,91 | 1,09 | 1,15 |
Валют Транзит Банк | 0,97 | 1,20 | 1,12 |
Нұрбанк | 0,85 | 0,91 | 11,1 |
Касспий Банкі | 0,60 | 1,05 | 1,06 |
Альянс Банк | 1,09 | 1,03 | 1,06 |
Банк Тұран Әлем | 0,67 | 0,83 | 0,92 |
Көзі: ҚР Қаржы агенттігінің мәліметтері
Осы берілген мәліметтер негізінде "Банк ТуранӘлемнің" өтімділік коэффициенттерін талдап өтейік (3-4 кестелер):
2-кесте .
К4.1 (ағымдағы өтімділік коэффициенті ҚРҰБ - 0,3 кем емес)
2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. | |
Банк Тұран Әлем | 0,75 | 1,12 | 1,09 |
Көзі: ҚР Қаржы агенттігінің мәліметтері
3-кесте
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің қысқа мерзімді өтімділігінің коэффициенті К4.2 0,5-тен кем болмауы керек.
2003 ж. | 2004 ж. | 2005 ж. | |
Банк Тұран Әлем | 0,67 | 0,83 | 0,92 |
Көзі: ҚР Қаржы агенттігінің мәліметтері
Банктің өтімділігі жоғары, себебі: БанкТуранӘлем тартылған қаражаттарды орналастыруда консервативтік ұстанымдарды алға қойып отыр, өйткені нақты сектордың жүйелі тәуекелдіктің деңгейі өте жоғары. Сондықтан бұл банкте ресурстарды орналастыруда белсенділік танысуы тиіс.
Банк өтімділігін талдау процесінде келесідей мәселелер қойылады:
- Нақты өтімділікті анықтау;
- Олардың нормативтерге сәйкестігін орнату;
- ҚР Ұлттық банкінің бекіткен өтімділік нормативтерінің нақты мәнінен ауытқуларға алып келген факторларды анықтау.
Коммерциялық банктің өтімділігін талдау – банк қызметінің және оның қаржылық жағдайының жан жақты талдауын жүргізуді қажет ететін көп мөлшерлі мәселелер болып табылады.
Банк өтімділігін талдаудың негізгі мақсаттары:
- банк өтімдідігін коэффициенттер жүйесі есебінің дұрыстығы мен толықтылығын растау;
- банк өтімділігі жағдайы жайлы нәтижелерді қалыптастыру;
- банк балансы өтімділігінің нашарлауын куәландыратын нақты және потенциалды кері тенденцияларды анықтау;
- кері тенденцияларға алып келген факторларды талдау;
- банк балансы өтімділігін тексеру және талдау нәтижелері бойынша банктің ұсыныстарын анықтау.
Банк өтімділігін анықтаудың ақпараттық базасы қызығушылық тудырған тұлғалардың жоғарыда айтылып өткен барлық топтарда әртүрлі. Егер бұл мәселе бойынша банк басшылығы мен қызметкерлерінің сонымен қатар Ұлттық банктің шексіз мүмкіндіктері болса, онда қалған барлық қоғам мүшелері үшін жалғыз ақпарат көзі жарияланатын есептілік болып табылады. Сондықтан, банк өтімділігін бағалау үшін банк қызметкерлері мен қадағалау органдары қолдануы мүмкін көрсеткіштерін ғана білу қажет емес, сонымен қатар, қызығушылық тудыратын банктің өтімділігін бағалауды өз бетінше жүзеге асыра алатын кредиторлар, клиенттер, потенциалды серіктестер мен басқа қызығушылығы бар тұлғалар жарияланатын есептілік негізі көмегімен коэффициенттер жүйесімен ұсынуы қажет.
Банк өтімділігіне әртүрлі фактор әсер ететіндіктен коммерциялық банктердің өнімділігін бағалау үшін қажетті көрсеткіштер жүйесі келесідей көрсеткіштер тобынан құрылуы қажет:
- меншік қаражаттарының жеткіліктілік көрсеткіштері;
- активтік және пассивтік операциялардың, олардың жүзеге асу мерзімі және мазмұны бойынша қатынастардың көрсеткіштері;
- активтердің сапасының, жеке активтік операциялардың тәуекелдік деңгейінің көрсеткіштері;
- тартылған қаражаттарды сипаттайтын көрсеткіштер: депозиттік операциялардың диверсификациялау деңгейі, тартылған ресурстардың көлемі мен сапасы;
- пайдалылықтың рентабельділіктің көрсеткіштері.
Әрбір көрсеткіштің өзіне тән мағынасы және коммерциялық банктердің қызметіне талдау және бақылауда басқару органдары үшін өзіндік маңызы бар. Жеке көрсеткіштер көмегімен өнімділіктің жеке аспектілерін ғана бағалауға болады. Көрсеткіштердің барлық жиынтығын комплексті, жүйелі қолдану жағдайында ғана жалпы банк өнімділігін белгілі бір сенімділік деңгейінде сипаттауға болады. Өтімділік көрсеткіштерінің ішіндегі ең маңыздылары банк қызметтерін реттейтін органдардың назарында болады. Сондықтан бұл көрсеткіштер үшін нормативтік мазмұн жасалады. Сол себептен, коммерциялық банктердің өтімділігін сипаттайтын көптеген көрсеткіштер банк тәжірибесінде міндетті нормативтер түрінде белгілі, яғни нормативтік мазмұны бар.
Өтімділік коэффициентін есептеуде мынадай баптар есепке алынбайды:
- стандартты активтерден басқа активтер;
- сенім туралы келісім-шартына сәйкес және кастодиандық келісім-шарт негізінде банктің сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражат қалдықтары;
- Ұлттық банктің офшорлық аймақ тізіміне енбеген, офшорлық аймақта тұратын бейрезиденттерге қатысты талаптар.
Есептік мерзім ішінде банкте кредиторлар мен депозиторлар алдында мерзімі өткен міндеттемелері болса, өтімділік нормативі орындалмаған болып саналады.
2.5 Банк тәуекелдерін басқару әдістері
Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру, табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым-қатынасын табу, белгісіз қаржылық шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің республикамыздың ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.
Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде (алдағы уақытта дамуы үшін де) қолданылуын есептеуге болады. Банктік тәуекелдерді басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік тәжірибенің негізінде зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.
Бұл қағидалар банктердің өз тәуекелдерін басқару мен бөлуіне болатын және басшылар басқарма мен заңгерлер жақсы жұмыс тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасау үшін қолдануына болатынжалпы құрылымды білдіреді.
Бақылау тиімділігі көзқарасы жағынан тәуекелдерді басқаруды құрылымдастыруды қолданады. Бұл кезде банктің басқару ролі тәуекелмен байланысты стратегия, тәуекелдерді жалпы басқару, қолдау функциясының құрылымдық басқарудың тиімділігі, кадрлар сапасы, ақпарат сапасы ескеріледі.
Банкті басқарудың ролі жоғары бағаланады, себебі ірі банктерде жиі кездесетін тәуекелдерді түсіну мен осыған сәйкес бақылау жауапкершілігі нақты басқарылады.
Тәуекелдерді жалпы басқару тәуекелдердің картасын жасаумен түсіндіріледі:
- несиелік тәуекел;
- портфельді топтау;
- ағымдық тәуекел (операциондық);
- бизнес тәуекелі.
Қағидалар келесідей түрде топтастырылады: тәуекелдерді стартегиялық басқару; тәуекелді басқару бойынша функциялар; тәуекеді өлшеу блйынша есеп беру және оларды бақылау; тәуекелдерді басқару жүйесі.
Тәуекелдерді стратегиялық басқаруға жауркершіліктің біртұтас жүйесіне тәуекелдерді анықтау және бағалау, тәуекелдердің шегі кіреді.Қорытынды жаупкершілікті басқарма өз мойнына алады. Тәуекелдерді басқару қызметі тәуекелдерді жедел басқару, тәуекелдерді өлшеу және бағалау арқылы жүзеге асады.
Осындай тәуекелді болдырмау үшін пайда мен шығынға шек қою керек, персоналдарды қадағалау және кадрларды ауыстыруды жоспарлау, нарықтағы міңез-құлық ережесін үйрету, бір операцияны бірнеше жұмыскерлердің есепке алу кезінде жеке бөлімшелер қарасынан кезеңдік бақылауды жүргізу, аудиттің көмегімен бақылау, персоналдарға жоғары қысым көрсетуді алып тастау керек.
Техникамен байланысты тәуекелдер «Рейтер», «Телерейт» сияқты димененттік жүйе және де «СФИФТ» пен «Телекс» төлемдік жүйесін жаппай қолданып жатқандықтан туындайды. Бұл тәуекелділіктер банктік операцияларды жаңарту кезінде персоналдың компьютерлерді қолданумен байланысты. Банк құрылымында осы жүйелерді техникалық қолдау бойынша талдаушылардың және жүйелерге кіруді қадағалау үшін құпия сөздерді қолдану тәуекелдің деңгейін азайтуға мүмкіндік береді.
Басқарудағы қиындықтар, банктің жекелеген бөлімшелеріндегі ұйымдастырушылықтың тиімсіздігі және жауапкершілікті болу кезіндегі келіспеушілік осының бәрі ұйымдастырушылық тәуелсіздігі сияқты тәуекел түрінің тууына әкеледі. Оны төмендету үшін басқарудың қағидалары мен әдістерін уақытылы қайта қарап отыру, бөлімдер мен жеке жұмыскерлердің функцияларының бөлінуін қадағалау, бөлімшелер құрылымының құқықтары мен міндеттемелерін қолданудың тиімділігін талдау және банктің қызметін кезеңдік тексеру мен қайта ұйымдастыруды жүгізуді автоматты бақылау жүйесін жасау қажет.
Ақпараттық тәуекел жалған немесе бұрмаланған ақпараттың түсуі банк құзырындағы тауарлары, қызмет көрсетулері, материалды мүліктері немесе заңды құқыққтарына ақпараттың сәйкес келмеуімен байланысты. Ақпарат өнделген және дұрыс талданған болуы мүмкін, бірақ есеп берудің мәліметтері дұрыс толтырылмаған.
Бұл қағидаларға сәйкес, банктерде тәуекелдерді күнделікті өлшеу, басқару мен бағалауға жауап беретін тәуекелдерді бассқару бойынша арнайы бөлімше болуы қажет.
Тәуекелдерді өлшеу, есеп берушілік және бақылау,несиелік тәуекел,өтімділік тәуекелі, нарықтық тәуекел, тәуекелді басқару, тәуекел көрсеткіштерін біріктіру, шектеу, табыс пен шығындарды бөлу, қызметті бағалау сияқты мәселелерге ерекше көңіл аударуды түсіндіреді. Бұл кезде несиелік тәуекелді, өтімділік тәуекелін, нарық тәуекелін бағалау қиынға түспейді деп есептеледі, ал ағымдық және заңды тәуекелді, бухгалтерлік есеп беру тәуекелін, сатып алу тәуекелін, заңңдылық тәуекелін, жағайлық тәуекелін бағалау қиынға түседі.
Несиелік тәуекелді бағалау банктік қызмет көрсетудің құрылымдық бөлімшелері мен түрлері бойынша бағалау біртектес қағидаларының сақталуын білдіреді.
Есеп айырысу тәуекелділігіне несие бойынша төленбеген мөлшерін қосу, өтеу мерзімін ескеру, әр тараптың тәуекелділікті бекітуін және қарыз тәуекелінің есептеу мүмкінілігін анықтау мақсатты ойластырылған деп есептелінеді. Несиелік және нарықтық тәуекелдердің салыстырмалылығы ерекше мәнге ие болады.
Өтімділік тәуекелін бағалау тек елдің тәжірибесіндегі өтімділік тәуекелінің үш түрін бөлуді ұсынады:
- ақша қаражатының және ақша қаражатында қысқа мерзімді талап етуді қанағаттандыру үшін құнды қағаздар нарығында айналысатын қажетті деңгейін ұстап тұру;
- қаржы құралдарын тарту үшін капитал нарығына өту;
- нарықта позицияны табуүшін немесе жою мүмкіншілігі.
Нарықтық тәуекелді бағалау күнделікті уақыт құнын анықтауды барлық қрылымдық бөлімшелер тәуекелдікті өлшеудің біріңғай қағидасының сақталуынның, тәуекелді өлшеудің қосымша әдістемесін нарықтық тәуекелдің күнделікті есептелуін бекітілген шектеулермен салыстыруды білдіреді.
Тәуекелдің компоненттерін анықтау маңызды жағдай болып табылады. Бұл мақсатта әрбір операцияны қалыптастырушы компоненттерге барлық тәуекелдерді анықтайтын мүмкіншілік болатындай «бөліп» тастау қажет.
Осыдан кейін, барлық анықталған тәуекелдер бақылау жүйесімен салыстырылады, ол әрі қарай тәуекелді басқарупроцесіндегі жетіспеушілік пен әлсіз жерлерін алып тастау бойынша шаралармен анықалады.
Егер айырысу тәуекелі төмендеген салалардың фирманың есептеп қойған төлем бойынша әріптестердің міндетін орындамауға қатысы ретінде бағаланады. Батыс тәжірибесінде мұндай тәуекел алдын ала есептеген тәуекелден бөлек бағаланып, бақыланады. Ағымдық тәуекел, егер серіктес міндетін бүгін орындамаған жағдайда жасалған мәселенің ағымдық қайта қалыптастыру қнын білдіреді. Оның бағалануы нарықтың көрсеткіштеріі бойынша бағалаумен ұқсас.
Потенциалды тәуекел – бұл егер портнер операцияны жүзеге асыру кезінде алдағы уақыттан өз міндетін орындамайтын жағдайдағы мүмкін залалдар.
Біздің республикамыздағы банктер несиеге шектеу қою үшін несиені бағалаудың тәуелсіз процесі, несиелік тәуекелді бағалаудың келісілген стандарты, делдалдармен есеп йырысу орталықтары үшін шектеулер қажет. Бақылау жүйесі жаңа операциялардың тек несиелік сызықты қолдану мүмкішілігі анықталғаннан кейінғана жасалуы кекректігіне бағытталған болуы қажет. Бұл кезде процедура серіктесте заңдылық құқық пен осы келісімдерді жасауға өкілеттілігінің болуын қамтамасыз ету қажет.
Мемлекеттік құрылымдар және басқарушы тараптар заңды құқықтар мен өкіметтердің әсер ету аймағын бекіту үшін қосымша зерттеулер талап етуі мүмкін.
Тәуекелі бақылау мен шектеулерді салыстыру күнделікті жүргізіледі. Несиелік тәуекел, өтімдімлік тәуекелі және нарықтық тәуекел барлық ұйым масштабына жинақталып және бақыланады.
Жинақтау тәуекелдің нақты бағасын осы құнын шегімен салыстырғанда есебі үшін негіз болып табылады.
Тәуекелді банктік операцияны және клиентті басқарудың басты міндеті осы немесе басқа тәуекел түрін өзіне алдын ала сақтау дәресін анықтау және операциялар бойынша мүмкін болатын залалдарды шектеуге бағытталған оңтайлы шешім қабылдау болып табылады.
Банк қызметінің басты мақсаты – пайда табу негізінде басшылық ететіні белгілі. Әлемдік банк жүйеесінің даму тарихы әлемде болса, банк операцияларының табыстылығын арттыру және мүмкін болатын барлық шығындардың ықтималдық азайтудың ашылмаған көздерін іздеу үстінде.
Банктің барлық бөлімшелері мен қызметтері бойынша тәуекелділікті үйлесімді бақылау, тәуекелді басқару іс-әрекеттерінің тиімділігін қадағалау. Осының бәрі әрбір банктің жеке тәуекелді басқару стратегиясын жасауын ұсынады, яғни шешім қабылдаудың негізгі саясаты банктің дамуына өз уақытында жеке кезегімен барлық мүмкіншіліктерді қолдану және осымен қатар тәуекелдерді қабылдауға болатын, әрі басқаратын деңгейде ұстау.
Тәуекелдерді стратегиялық басқару мақсаты мен міндеті банктің жұмыс істеуге мәжбүр сытрқы экономикалық ортадағы жиі өзгерістермен анықталады. Қазақстанның банк ісіндегі сыртқы ортаның өзгеруінің негізгі белгісі сонғы уақыттарда: инфляцияның үдейе түсуі; банктің және оның филиалдарының санының өсуі; Ұлттық банк тарапынан банктер арасындағы бәсекелестіктің шартын реттеу; Ұлттық қатысуымен банктер арасында тәуекелдерді қайта бөлу; ақша және қаржы нарығының кеңеюі; жаңа (дәстүрлі емес) банктік қызмет көрсету түрлерінің пайда болуы; ірі банктердің ұсақ бәсәккелестерді қосып алу жағдайында банктер арасындағы бәсекелестіктің үдейе түсуі; технологияның өзгеуі нәтижесінде несиелік ресурстарға тұтынушылықтың өсуі; айналым капиталына кәсіпорынның тұтынушылық өсуі және клиенттерінің меншікті капиталдағы банктік үлесінің азаюы жағына қарай қаржыландыру құрылымының өзгеруі;несие берушілердің талаптарынан жалтаруымен қатар шағын және орта бизнес аясындағы банкроттықтың тиімді несиелік қайтару бойынша нақты кепілдердің жоқтығы болып табылады.
А) қарыз құралдарының диверсификациясы:
- мерзім бойынша (қысқа мерзімді,орта мерзімді, ұзақ мерзімді). Қарыздарды барынша ұзақ уақытқа берудің артықшылығы мол;
- тартылу түрлері бойынша (заңды тұлға депозиттері, азаматтардың салымдары, банкаралық несиелер, халықаралық қарыздар). Тартылу көздері көп болған сайын, өте жақсы;
- тартылу көздері бойынша (салалар, клиент топтары, азаматтардың әлеуметтік жағдайы бойынша). әртүрлі тарту көздері көп болған сайын, тәуекелдік барынша төмен;
Б) қолданылатын құралдардың диверсификациясы: актив портфелдеріне сенімді құралдарды барынша көбірек үлестіруі қажет. Сонымен қатар активтерді жаңа және экзотикалық үлестіруде құралдар (құрылғылар) шектеулі болуы қажет;
В) ссуда портфелінің диверсификациясы:
- мерзім бойынша. Несиелеу көбінесе қысқа мерзімдік және орта мерзімдік уақытқа берілу тиіс;
- қарыз алушылар бойынша. Ссудалық портфель мүмкіндігінше түрлі қарыз алушылар арсында аз солармен үлестірілуі қажет;
Таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпараттарды иелену барысында келесідей әдістердің көмегіен тәжірибе барысында іске асырылады:
- банк құрылымында банк операцияларын жоспарлауда және болжауларды үйренуде аналитикалық (талдау) бөлімшелердің, заңды тұлға бөлімшелерінің жәе маркетингтік зерттеу қызметтерінің бар болуы;
- банк клиенттері бойынша, банктің қауіпсіздік бөлімінің материалдарды және мерзімдік баспа сөз бойынша ақпараттарды қадағалау;
- мерзімдік басылуларға жазылулар аналитикалық агенттіктер және электронды ақпарат қызметтерін арнайы бағытталған фирмалардан, мысалы: Интернет, Рейтер, Телерейтер, Блумберг және т.б. болып табылады.
Лимиттеу – банктің көлемі, құралдарды, әріптестері және т.б. бойынша жүргізілетін операцияларын шектеу. Банк операцияларының тәуекелділігін шектеу түрлері кең тараған:
- әрбір жеке контр-портнер операцияларына шектеу;
- әрбір құралдарға актив түріне, нақты бөлімшелергенемесе дилерлерге шектеулер;
- бір қарыз алушы үшін максималды ссуда мөлшерін бекіту;
- бір күн ішіндегі ссуда үшін сауда шектеулері;
- баланстан тыс міндеттемелердің максималды көлемі;
- келесі күнге ауыстыру мүмкіншілігінің ашық бағыттағы көлемінің максималдылығы;
- банк бөлімшелерінің әрбір инструменттері, әрбір бағыттары,әрбір пайда және шығындары бойынша шектеуер.
Өзін-өзі сақтандыру. Банктің өзіндік резервті қоры болуы тиіс, ол банк пайдасынан немесе қаражаттардан құралған, сондай-ақ, ссудалар бойынша үмітсіз қарыздардан құтылулар және операциялар бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін мемлекеттен немесе құрушылардан, акционерлерден қосымша алынған қаржылардан құрылуы тиіс.
Сақтандыру. Барлық банк активтерінің тәуелділігі, оған қоса депозиттер, ссудалар, инвестицияларды сақтандыруы тиіс. Сондай-ақ банктің өзіндік мүлкі де сақтандырылуы тиіс.
Хеджирлеу. Қаржы құралдарын ашық бағытта сату-сатып алу барысында кері байланыстар немесе кері бағыттағы орнын толтырулардың ашылуларының арқылы хеджерленуі тиіс.
Сапалық басқару. Тәуекелділікті басқарудағы қазіргі заманға сай бірден бір әдіс болып табылады. Бұл негізінен жоғары маманданған басқарушылардың банк үшін қатаң қиыншылықтар туғанға дейін пайда болған мәліметтерді шектеудегі әдістері негізінде қорытындылады. Негізгі сапалық басқару барысында жақсы маманданған басқарушылардың болуы осыған саяды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:
- несиелік қызметті ұйымдастыру;
- лимиттер белгілеу;
- несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
- несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
- несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
- несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу – несиелерді авторизациялау;
- несиелік мониторинг;
- несиелік портфельді басқару;
- проблемалық несиелерді қалпына келтіру.
Мұндағы, несие шегі (лимиті) – 1) несие берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша несиелік қатынастың шекті деңгейі; 2) қарыз алушының өз айналымында несиелік қаражаттарды пайдаланудың ең жоғарғы шегі.
Несие шегі ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы лимит, ҚР Ұлттық банктің пруденциалдық нормативтер қатарында, бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері ретінде белгіленеді. Ол норматив бойынша тәуекелдің (несие мөлшерінің) банк капиталына қатынасы арқылы есептеледі және оның мәні екі жағдайда белгіленеді: 1) 0,01 нан аспайтын мөлшерде, яғни ол банкпен тығыз қарым-қытынастылар үшін; 2) 0,25-тен аспайтын мөлшерде, яғни ол қалған қарыз алушылар үшін (соның ішінде бланктік несиелер үшін – 0,01).
Ал ішкі шегі несие беруші банктің өзі өзінің қолында бар несиелік ресурс көлеміне және қарыз алушының несие алу мүмкіндігіне қарай белгілейді.
Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесе отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімнің өтімділігін, ауыл шаруашылық өнімдерін, оның қайта өңделуі және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды. Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та, бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, сондай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін. Екіншіден, несиенің шегі экономикалық жағдайларға байланысты, соның ішінде:
- қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
- несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;
- маржа деңгейіне;
- несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
- банкте бар ресурс көлеміне және т.б.
Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.
Несиелік мониторинг – несиені берген күннен бастап, оны толық қайтарғанға дейін бақылауды және қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін үнемі талдап отыруды, несие сапасының төмендеуі немесе несиелік келісім-шарттың бұзылуы анықталған жағдайларда тиісті шаралар қолданылуды қамтитын банктің күнделікті жұмысы.
Несиелік мониторингті жүргізуге арналған ақпарат көзіне мыналар жатады:
- банкте жинақталған қараыз алушы турал ақпарттар;
- қарыз алушыдан алатын ақпараттар;
- өзге көздерден алынатын ақпараттар (жабдықтаушылардан, сапыт алушылардан, өзге банктерден, қаржы ұйымдарынан, үшінші тұлғалардан және т.б.).
Ақпараттың толықтығына қарай несиелік мониторинг ағымдық және тереңдетілген болып бөлінеді.
Ағымдық мониторинг – ай сайын ағымдық мониторинг есебін түрінде рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысы шегінде барлық несиелер бойынша жоспарлы түрде қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы туралы жалпы ақпараттарды алу негізінде жүргізілетін тексеру.
Ағымдық несиелік мониторинг әр ай сайын несие толық қайтарылғанға дейін жасалады. Ағымдық несиелік мониторинг қорытындысы бойынша есеп беру нысаны қосымшада берілген.
Ағымдық несиелік мониторингтің мақсаты – банктің барлық берген несиелер бойынша төлемсіздіктің алдын алу. Мониторинг жүргізуде несиені қайтару кестесі пайдаланылады және оның көшірмесі шот менеджеріне беріледі.
Ағымдағы мониторингтің негізгі қадамдарына мыналар жатады:
- қарыз алушының шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысына бақылау жасау;
- клиентке ескертулер жасау (несиені төлеу мерзімінен екі үш күн бұрын телефон арқылы ескерту, телефон болмаған жағдайда жазбаша түрде);
- клиенттің орналасқан жеріне бару (қарыз алушы кәсіпорынның қаржылық есебінің материалдары негізінде оның қаржылық және шаруашылық жағдайымен танысу және т.б.).
Қарызды қайтару күнінде несиені қайтару кестесі бойынша қарыз алушының негізгі қарыздың және пайыздың төленгендігі тексеріледі.
Егер қарыздың қайтаруын кешіктіру қарыз алушының уақытша қаржылай қиындықтарына немес ұмытшақтығына байланысты болса, онда дабыл қағу қажет емес. Бұл жағдайда қарыздың кешіктірілуі қарыз алушының болашақ іскерлігіне кері әсер етіндігін ескерткен дұрыс.
Егер қарыз алушының тексеріп бару барысында несиені қайтармауымен байланысты мүмкін болар мәселлелердің барлығын куәландыратын қауіпті белгілер анықталса, онда тереңдетілген мониторинг жүргізіліп, оның нәтижесінде мынадай сұрақтарға жауап ізделінеді:
- қарызды кешіктіру себетері;
- кешіктірілген қарызды қайтару мүмкіндігі;
- алдағы уақыттары қарызды қайтару кестесін орындау мүмкіндігі.
Тереңдетілген мониторинг - ай сайын тереңдетілген мониторинг есебін түрінде рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысының бұзылуына қарай, жоспардан тыс (кенеттен) немесе қандай да бір алаңдатарлық белгілердің туындауына байланысты қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы туралы барынша толық ақпараттарды алу мақсатында жүргізілетін тексеру.
Терңдетілген мониторинг бойынша есеп беру формасы қосымшада берілген.
Тереңдетілген мониторингтің ұзақтылығы мыналарға тәуелді:
- қарыз алушының несиелік рейтингіне;
- қарыз алушының саласының жағдайына.
Несиелік рейтинг – несиені қайтару ықтималдығы, міндеттемені орындау тұрғысынан қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілгін бағалауды білдіреді. Мұндай рейтингті әдетте банктер немесе мамандандырылған консалтинг агенттіктері анықтайды.
Несиелік мониторинг келесі бір түріне несиелік ресурстардың мақсаты пайдалануын тексеру жатады. Несеиелік ресурсты бергеннен кейін несие менеджері міндетті түрде жобаның іске асырылатын жеріне барып қарыз алушының несиелік ресурсты көздеген мақсатқа пайдалану барысына тексеру жасайды.
Егер жоба бойынша несиелік ресурсты игеру кезең-кезеңімен жүзеге асатын болса, онда жобаның әр кезеңінде игерілген несиелік ресурстың көлеміне қарай, оның көздеген мақсатқа пайдалану барысына тексеру жұргізіледі.
Қарыз алушының несиелік ресурстарды көздеген мақсатқа пайдаланбағаны анықталған жағдайда несие менеджері қарыз алушының мәндеттемені орындамағаны туралы хабарлама даярлап және оны заң қызметкері тексеріп куәландырады. Сөйтіп ол мәселені несиелік Комитеттің алдына қарауына қояды. Несиелік комитет ондай несиелер бойынша қарызы туралы нақты шешім қабылдайды.
Несие қоржыны – несиелік тәуекелдің немесе одан қорғану тәсілдерінің әр түрлі факторларына байланысты критерийлері бойынша жіктелген несиелерге байланысты банктің қоятын талаптарының жиынтығы.
Несие қоржыны банктің берген несиелерінің негізінде қалыптасады. Несие қоржынын жиі талдап отыру қажет, себебі, талдау арқылы ғана несиелік жұмсалымдарды әртараптандыруға болады. Несие қоржынын талдау мына кезеңдерден тұрады: қарыздар сапасын бағалау критерийлерін таңдау, мұндай бағалаудың әдістерін анықтау (номерлік немесе баллды жүйеде бағалау, тәуекел тобына қарай жіктеу, әрбір топ бойынша тәуекел пайызын анықтау, жалпы несие қоржыны бойынша әрбір топтың көлемінде тәуекелдің абсолюттік шамасын есептеу, қарыздар бойынша мүмкін болар зияндарды жабуға арналған резервтер көздерінің шамаларын анықтау, қаржы коэффиценттері жүйесінің, сондай-ақ оны құрылымдық талдау негізінде несие қоржынының сапасын бағалау). Қарыздың сапасын бағалау критерийлеріне әлемдік тәжірибеде мыналар жатады: несиенің тағайындалуы, несиенің түрі, қарыздың мөлшері, қарызды қайтару кестесі, іскерлік тәуекелді бағалаудың толықтығы, несиелік операциялармен байланысты қарыз алушының сапасы, оның меншік нысаны, қарыз алушының несиелік қабілеттігі, ол туралы толық ақпараттың болуы, қарыздың бағасы, қарызды қамтамасыз ету тәсілі.
Несиелік қоржынды басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.
Несиелік қоржынды басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар:
- нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
- несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
- әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
- төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
- жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
- несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.
Сонымен қатар банк қызметіндегі инвестицялық тәуекелді басқаруды банктің инвестициялық портфелін басқару арқылы жүзеге асырылады. Инвестициялық портфелді басқаруды банктің инвестициялық саясаты зор рол атқарады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.
Банктердің инвестициялық саясаты - банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
- компьютерлік қамсыздандыру бағдарламалары.
Консервативті портфель тәуекелі және табысы төмен танымал бағалы қағаздардан тұрады және мұндағы инвестициялау мақсаты – капиталдың құнын сақтап қалу.
Агрессивті портфель тәуекелі және табысы жоғары бағалы қағаздардан тұрады және мұндағы инвестициялау мақсаты – табыс алу.
Бағалы қағаздар (инвестициялық) портфелі – банктердің пайда әкелетін бағалы қағаздарға салынған қаражаттарының жиынтығын білдіреді
Жалпыға ортақ бағалы қағаздар портфелінің қалыптасу принциптеріне мыналар жатады:
- қауіпсіздік;
- табыстылық;
- өтімділік;
- капиталдың өсуі.
Бағалы қағаздар портфелін басқарудың екі әдіс бар: активті және пассивті. Активті басқару әдісі бағалы қағазбен тұрақты жұмыс жасауды сипаттайды. Активті басқарудың әдістері мынадай жолдармен жүзеге асады:
- белгілі бір бағалы қағаздарды таңдау;
- бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату мерзімін белгілеу;
- бағалы қағаз портфелінде тұрақты свопинг (ротация) жүргізу.
Егерде ҚР Ұлттық банкі қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендетін болса, онда төменгі купондық табысы бар ұзақ мерзімді облигацияларды сатып алған дұрыс, себебі, қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің төмендеуі облигация бағамын жоғарлатады. Мұндай жағдайда купондық табысы жоғары қысқа мерзімді облигацияларды сатып жіберу қажет, өйткені олардың бағамы төмендеуі мүмкін.
Бағалы қағаздар портфелін пассивті басқару мынадай әдістер арқылы іске асады:
- диверсификациялау;
- индекстік әдіс;
- портфелді сақтау.
Диверсификациялау әдісі бағалы қағаздар портфелін әр түрлі қағаздардан қалыптастыру шараларын білдіреді. Диверсификацияланған портфелдің құрылымы инвестор-банктердің мақсатымен сәйкес келуі қажет.
Индекстік әдіс бойынша басқарғанда белгілі бір портфелді эталон ретінде алады. Эталон-портфелдің құрылымы белгілі бір индексермен сипатталады. Бұл әдісті пайдалану қиындығы негізінен эталон ретінде портфельді таңдаумен байланысты.
Портфелді сақтау әдісі портфелдің жалпы сипатының деңгейін сақтау және оның құрылымын қолдап отыруды білдіреді. Бағалы қағаздармен ірі сомада операция жүргізгенде, олардың бағамдарында өзгерістер болуы мүмкін, ол өзгерістер өз кезегінде, активтердің ағымдағы құндарының өзгеруіне жол береді. Айталық, компанияның акционерлерінің сатқан акцияларының құны олардың сатып алғандағы құнынан жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін сату қажет, сол арқылы, компанияға қайтарған акционерлерді акцияларының құндары өтеледі. Сондай-ақ акционерлердің акцияларды компанияға көп мөлшерде сатуы, олардың бағамдарының төмендеуіне жол беріп, нәтижесінде компанияның қаржылық жағдайына теріс әсер етеді.
2.6 Өтімділік тәуекелін басқару және бағалау әдістері
Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі.
Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Банктің міндеттемелерін нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал, потенциалды немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепіл-хаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т.б. арқылы көрсетіледі.
Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақтысында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.
Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланады.
Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үшін шығыстармен байланысты болмау керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.
Банк өтімділігі мынадай қызметтерді атқарады:
- депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
- тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамасыз ету;
- активтерді зиянсыз сату;
- тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.
Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалымен анықталады.
Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:
- банк капиталының базасы;
- банк активтерінің сапасы;
- депозиттердің сапасы;
- сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
- мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
- сауатты менеджмент;
- банктің жоғары дәрежелі беделі.
Банк капиталының базасы – бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.
Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.
Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті.
Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.
Активтер тәуекелі критерийі, олардың ақшалай формаға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, ссудалық тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға байланысты.
Банк активтердің тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.
Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.
Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресурстарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдық құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.
Банк өтімділігін анықтайтын фактор – банктің депозиттік базасының сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражаттары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттердің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етудің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал, мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.
Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық несиелерге деген тәуелділігімен де сипатталады. Банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуелділігі жоғары болса, онда оның бизнес үшін өз базасының дамуы перспективаларының жоқтығын көрсетеді.
Банк активтері мен пассивтерінің арасында мерзім мен сома бойынша сәйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктің клиенттер алдында міндеттемелерді орындауы инвестицияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдері сәйкес болуын білдіреді.
Менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін және өтімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардың біріне жатады. Банкті басқару сапасы мыналармен анықталады:
- банк саясатының болуы және оның мазмұны;
- стратегиялық және ағымдағы міндеттерді жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін банктің аймақтық ұйымдастыру құрылымы;
- банктің активтері мен пассивтерін басқару механизмі;
- әр түрлі процедуралардың нақты мазмұнын анықтау;
- білікті мамандардың болуы;
- қажетті ақпарат базасының болуы;
- банк қызметін басқару жүйесінің ғылымилығы.
Банктің беделі де банк өтімділігін анықтайды. Жақсы беделі бар банк депозиттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамасыз ете алады.
Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:
- елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;
- бағалы қағаздар нарығының дамуы;
- банкаралық несие нарығының дамуы;
- қайта қаржылындару жүйесін ұйымдастыру;
- Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.
Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторлардың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз банктердің тұрақты депозиттік базаны құруы, операциялардың рентабельділігіне қол жеткізуі, өз құралдарын дамытуы, активтерінің сапалығын жоғарылатуы және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес.
Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың оңтайлы вариантын қамтамасыз ете алады, себебі көптеген шетел мемлекеттерінде банктің активтерін ақшалай қаражаттарға тез арада айналдыру жолы қор нарығының жұмысымен байланысты.
Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер арасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі. Банк өз өтімділігін ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнге болсын, қаражаттарды тарта алады. Банкаралық нарықтан қаражаттарды тарту жылдамдығы жалпы қаржылық конъюктураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырылуына және банктің беделіне байланысты.
Орталық банкі коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі банктердің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы жабуға мүмкіндік береді.
Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікті басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы арасындағы қарым-қатынастың дәрежесін көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктер үшін өтімділіктің белгілі бір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар. Көрсеткіштер банктің өтімділік жағдайын неғұрлым нақты көрсететін болса, соғұрлым банктің өзі және қадағалау органы өтімділікпен байланысты проблеманы уақтысында шешуге мүмкіндігі бар.
Банктің өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторларымен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің өтімділігі бірте-бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әр түрлі тенденцияларымен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді.
Әлемдік банктік тәжірибеде өтімділік тәуекелін басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ондай әдістерге мыналар жатады:
- “Қаражаттардың ортақ қоры” әдісі негізінде банк ресурстарының жалпы сомасын ресурстардың құралу көздеріне қарамастан, активтердің әр түрлі түрлеріне бөлу жатыр. Сызба түрінде бұл әдісті төмендегідей түрде көрсетуге болады (1-сурет келесі бетте).
Осы әдісте қаражат өтімділігінің адекватты деңгейінің, яғни “табыстылық-өтімділік” арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы шарт. Ең біріншіден, активтердің алғашқы резервтер тобында орналасатын қаражаттардың үлесі анықталады. Содан кейін банк қаражаттары активтердің екінші ретті резервтер тобына орналастырылады. Екінші ретті резервтер көлемі несиеге сұраныс пен салымдардың мөлшерімен анықталады, демек, олар неғұрлым көп болса, соғұрлым салымдар көлемі бойынша көп резервтер талап етіледі. Активтердің үшінші тобына, яғни клиенттерге қарызға орналастырылатын қаражаттардың үлкен үлесі келеді. Ең соңғы активтердің тобына салыстырмалы түрде өтелу мерзімі ұзақ жоғары дәрежелі бағалы қағаздар жатады.
1-сурет. “Қаражаттардың ортақ қоры” әдісі
Қаражаттардың көздері | Қаражат- тардың ортақ қоры | Қаражаттардың орналасуы |
Талап ету депозиттері | Алғашқы резервтер | |
Мерзімді депозиттер | Екінші ретті резервтер | |
Акционерлік капитал мен резерв қорлар | Ссудалар | |
Бағалы қағаздар | ||
Ғимараттар мен жабдықтар |
- Өтімділікті басқарудың келесі әдісіне – “банктегі банктер” әдісі жатады (2-сурет). Бұл әдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға және тартылған ресурстардың құрамына байланысты болатынын сипаттайды. Мұнда әрбір қалыптасу көзінің қаражаттары айналымдылығына байланысты әр түрлі қамтамасыз етуді және сәйкесінше міндетті резервтер нормасын талап етеді.
Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын “табыстылық–өтімділік” орталары анықталады. Мұндай орталар “банктегі банктер” деп аталады, яғни банкте “талап ету салымдар банкі”, “мерзімді салымдар банкі” және “негізгі капитал банкі” болады Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді талап етеді, сондықтан “талап ету салымдар банкісі” қаражаттардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастырады. Ал, талап ету салымдарының қалған бөлігі екінші ретті резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа мерзімді ссудаларға беріледі. “Мерзімді салымдар банкі” мерзімді салымдардың басым бөлігін екінші ретті резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзақ мерзімді ссудаларға, сондай-ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды.
“Банктегі банктер” әдісінің “қаражаттардың ортақ қоры” әдісінен артықшылығы есептеудің арқасында жоғары өтімді активтердің үлесін дәлірек анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыздарына салуға мүмкіндік береді.
- Активтерді басқарудың “ғылыми басқару” әдісі. Ол ғылыми әдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағы және табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасында күрделі байланысты талдау үшін қазіргі математикалық аппарат пен өте күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.
Ғылыми басқару әдісі мынадай үш сұрақтарға жауап беруге тырысады: Мәселенің мәні неде? Оны шешудің қандай варианттары бар? Варианттардың ең жақсысы қандай?
Басқару бойынша мамандар өндірістік мәселесін шешу үшін сызықтық бағдарламалау деп аталатын ғылыми әдістерінің бірін қолданады. Бұл әдіс операциялардың табыстылық пен өтімділік жағынан шектеулерді ескеріп, пассивтерді басқарудағы проблемалы активтерді басқару мәселесімен байланыстырады. Сызықтық бағдарламалау бір ғана ықшамды шешімге әкелетін детерминдеу моделін ұйғарады, шектеулердің сипаты дәл анықталуы тиіс. Мақсатты қызметі үздіксіз және нақты анықталуы қажет, яғни шешімді анықтайтын әр айнымалы мақсатты қызметке және шектеулерді көрсететін теңдеуге өз үлесін қосуы керек. Сонда бағдарламаны бірнеше рет қосқанда да, ол бір ғана шешімді беруі тиіс, яғни іс жүзінде басшылар кейбір шектеулердің немесе бағаланатын әрекеттестіктердің өзгеруінің тиімділігін тексеру үшін бағдарламаны бірнеше рет жіберуі мүмкін.
Ғылыми әдістердің негізгі кемшілігі - олар ұсақ банктерде қолданылмайды, себебі оған сәйкес дайындығы бар кеңесшілер немесе қызметшілер және ірі модельдерді есептеуге қуаттылығы жететін есептеуіш жабдықтар болуы керек, ал мұның барлығы үлкен шығындармен байланысты.
Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктің өтімділігі мынадай екі әдіспен есептеледі :
– баланстың өтімділігін көрсететін және баланстар бойынша есептелінетін қаржылық коэффициенттер негізінде;
– сәйкес кезеңдердегі банк балансының активтері мен пассивтері бойынша айнымалдардың талдауын ескеріп, өтімді қаражаттарға потенциалды қажеттілігін анықтау негізінде.
Коэффициенттік әдіс баланс баптары арасында белгілі бір сандық қатынастарды бекітуді білдіреді. Бұл әдіс әр түрлі көрсеткіштерді пайдаланады.
Алғашқы тобының екі көрсеткіші өтімді активтер мен депозиттер арасындағы қатынасты көрсетеді:
- Алғашқы резервтер (касса + Орталық банктегі корреспонденттік шот) / Депозиттер;
- (Алғашқы резервтер + Екінші реттегі (мемлекеттік бағалы қағаздар) резервтер)/ Депозиттер
Бірінші көрсеткіш деңгейі банктің өтімділігін қамтамасыз ету үшін 5–10 %-дан төмен болмау керек, ал екіншінің деңгейі 15–25 %-дан, Жапонияда 30 %-дан төмен емес болуы міндетті.
АҚШ-та өтімділікті бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады. Оның бірі - берілген несиелер мен депозиттер сомаларының қатынасы. Олардың арасында мынадай тәуелділік бар: бұл қатынастың мәні неғұрлым 1-ден көп болса, банк өтімділігі соғұрлым төмен болады. Сонымен қатар, несиелердің жалпы активтер сомасындағы үлесі есептелінеді, ол активтердің диверсификациясын көрсетеді. Бұл көрсеткіш 65–70% аралығында болуы керек. Және активтің қолма-қол қаражаттарға тез алмастыру қабілетін бейнелейтін көрсеткіш: өтімді активтердің жалпы активтер сомасына қатынасы арқылы табылады.
Банктің ресурс базасының сапасын сипаттайтын көрсеткіштер тобы да қарастырылады.
Депозиттер тұрақтылық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш негізгі депозиттер (талап ету депозиттері + жинақ шоттар) сомасының жалпы депозиттер мөлшеріне қатынасы немесе тұрақсыз депозиттердің (мерзімді және жинақ салымдары) тартылған ресурстар сомасындағы үлесі түрінде есептелінеді. Егер негізгі депозиттердің үлесі 75 пайыздан жоғары болса, онда банк өтімді болып есептелінеді.
Банктің ресурс базасының сапалығы коммерциялық банктің сыртқы көздеріне банкаралық несиелерге шығу мүмкінділік көрсеткішпен сипатталады.
Көптеген елдерде, мысалы Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, коммерциялық банктің өтімділік көрсеткіштері мерзім бойынша топтастырылған баланстың активті және пассивті баптардың қатынасы негізінде есептелінеді. Мысалы, 3 ай мерзімге салынған активтер осы мерзімге тартылған талап ету депозиттерге, мерзімді депозиттерге және басқа да ресурстарға қатынасы арқылы өтімділік коэффициенті шығарылады.
Банк өтімділігі динамизм жағдайында болатындығын ескеріп, шетел сарапшыларының пікірлері бойынша, өтімділік деңгейі баланстық қатынастар негізінде есептелген қаржылық коэффициенттерімен толық бағаланбайды. Сондықтан банктің бар активтері мен пассивтері бойынша қолма-қол қаражаттарының ағыны негізінде өтімділікті бағалау тәжірибесі біртіндеп енгізілді.
Осы әдістің қиыншылығы – кейбір қаржылық құралдары бойынша төлем мерзімдері талап етілгенге дейінгі депозиттер қарастырылмаған, ал екінші қиыншылығы – бөлек қарыздарды өтеу перспективасын дұрыс бағалауда жатыр. Сол себептен осы әдістің қолданылуы мынаны білдіреді :
- Активтер мен пассивтер бойынша төлем мерзімдері туралы ақпараттың жоғары сапалылығы мен уақтысында алынуы.
- Банктің қарыздар мен депозиттер жағдайының өткен және болашақтағы тенденцияларын талдаудың жоғары сапалылығы.
Осы әдіс Жапония, АҚШ және басқа да еуропа елдерінде кеңінен пайдаланылады.
Біздің тәжірибемізде пруденциалық нормативтер қатарындағы өтімділік коэффициенті көмегімен активтер мен міндеттемелерді өзара салыстыру арқылы банк өтімділігіне баға беріледі.
Коммерциялық банкте қаржы менеджментін жетілдіру жолдары және мәселесі
3.1 Коммерциядық банктердің қаржы тұрақтылығын басқаруды жетілдіру жолдары
Жасалған талдау мен тұжырымдамалар негізінде банк қызметінің тиімділік тенденциясын жақсарту мақсатында келесідей шаралар жасауға болады.
Банк менеджментін дамыту үшін екі бағытқа көңіл бөлу керек:
- Банк қызметкерлерінің қабілеттілігін қайта қарау (оның ішінде басшылардың да);
- Аналитикалық – сараптама қызметтерін күшейту;
- Банктегі маркетингтік қызметті жолға қою;
Банк өтімді қаржыларға қажеттілікті қысқа мерзімге болса да анықтай алатын болуы керек, бұл үшін:
- Қысқа мерзімді несиеге қажеттілікті және негізгі клиенттерден күтілетін салымдар деңгейін талдау;
- Жалпы салым көлемін талдау керек, бұндай болжамға көмекші болатын факторлар: жергілікті нарықтың қаржылық және шаруашылық жағдайы, клиенттердің спецификасын, жаңа нарыққа шығу жолдарын, банк қызметінің даму перспективасын зерттеу болып табылады.
Банк активі мен пассивін басқарудағы саясатты қайта қарау, ол үшін:
─ пассивтер мен активтердің мерзімінің сай келуін бақылаудың жүйесін құру;
─ депозиттік базаны қарау;
а) құрылымы бойынша – мерзімді, жинақ депозиттерінің көлемін онколды міндеттемелерге қарағанда көтеру, себебі оларды табысты активтерге орналастыру тиімді.
б) көздері бойынша жеке тұлғалардың депозиттері – заңды тұлғалардың депозиттеріне қарағанда сенімді және арзан.
Несиелік қоржынның сапасын көтеру мақсатында несиелік саясатты қайта қарау әсіресе, несие алушыны таңдай білу, мониторингті күшейту, сақтандыру элементтерін енгізу, дер кезінде әрекет ету саясатын актив құрылымын қайта қарау және диверсификациялау саясатын ұстанған жөн.
Банктің өтімділікті басқару менеджерлері банктің ірі салымшылары мен несие алушыларының қай уақытта шоттан қаражат алып немесе салымын көбейткісі келетінін көре білу керек.Бұл банк басшылығына өтімділік қаражатының тапшылығы немесе артықшылығы пайда болған жағдайда, өз іс-әрекетін жоспарлауға көмектеседі.
Осылайша, әрбір коммерциялық банк белгілі бір кезең аралығында қалыптасқан өтімділік, қаржылық жағдайына талдау жасап, іс-әрекетінің нәтижесін жоспарлау арқылы, өтімділікті қалыпты деңгейде ұстап тұруды өз бетінше қамтамасыз ету керек және алдағы уақытта жарғылық қор, арнайы құрылған және резервтік қорларды құру, сырттан қаржылар тарту, активтік несиелік операцияларды жүргізу салаларында ғылыми негізделген экономикалық саясат ұстағаны жөн.
Банк клиенттері қаржылық талдау негізінде банктің қаржы жағдайының тұрақтылығын, оның сенімділігін, даму перспективаларын анықтайды. Көптеген банктар өздеріндегі бар қорды жарияламайды. Себебі бұл ақпарат банктің коммерциялық құпиясы болып табылады. Банктік менеджменттің күрт өзгеруі, банкте белгілі бір тауқымет бар екенін көрсетеді. Бұл жүргізілетін саясаттың келіспеушілігімен байланысты.
Сондықтан да банктің қаржы тұрақтылығын тиімді басқару үшін банктік менеджмент нықты болуы керек, яғни кәсіпкерлік қабілеті жоғары мамандар, қажетті ақпараттық базаның жеткіліктілігі, сонымен қатар банк имиджі де маңызды роль атқарады.
Қорытынды
Банктік білім және жұмыс терең ізденісті талап ететін сала.Себебі бұрынғы банктік жүйеге қарағанда қазіргі банктер ел экономикасының аяқ алысымен қатарлас салыстырмалы түрде жылдам дамып келеді.Сол себепті және сол жағдайларды өрбітетін елдегі экономикалық өзгерістерге орай банктік жұмыс, оның ішінде ең бастысы қаржылық менеджменттің ары қарай дамуы, жетілуі заңмен реттелуі қажет.
Осы дипломдық жұмысты жазуда банкті қаржылық тұрғыдан зерттеу барысы кейбір көзқарастар мен ойларды оятты. Сол себепті дипломдық жұмысты осы тақырып бойынша жазғандағы мақсатқа қол жетті деуге болады.
Жұмысты жазу барысында банктегі қаржылық менеджменттің маңызы мен банктік жұмыста туындайтын мәселелерді шешу мен жетілдіру жолдарын іздеу, табу қарастырылады.
Іздену барысында банктегі қаржылық менеджментке әлі де болса теріс ықпал етуші төмендегідей кейбір факторлар сақталып отырғанына көз жеткізілді.
- Банкте қаржылық менеджментке жауап беретін және оны жүзеге асыратын қызметкерлерді таңдау әлі де болса субъективтік сипатта.
- Банкте өтімділік активтерін қажеттілік деңгейде анықтау назардан тыс қалып қоятын тенденциясы бар. Бұл көрсеткіштің тым аздығы, не тым көптігі де банктің кірістілігіне теріс әсер етуі мүмкін. Өтімді активтердің тым аздығы – банк өтімділігінің төмендеуіне әкелсе, тым көптігі – қажеттен тыс активтердің кірісті операцияларға орналастыра алмау себебінен банк кірісінің азаюы.Бұған дәлел ретінде мысалы, онколды міндеттемелердің барлық міндеттемелердегі тиімді көлемі 0,2-0,4 деңгейі арасында. Үш жылда 0,6-0,5-тен – 0,4 әрең әкелінген.