Өндірістік емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен белігі жұмыс істейді.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алын-ган таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту: заң кемегін көрсету үшін, сондай-ақ коғамдық игіліктерді жөне өз мүшелерінің (қатысушыларының) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытгалған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары құрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңи тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Бұл ұйымдардың қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше қоғамдық, қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы деп материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нэтижесінде құрылатын ақша қорларының қозғалысын ортақтандыратын ақша қатынастарының жиынтығын түсінеді.
Коммерциялық емес қызмет түрлері мен салаларында мынадай қаржы қатынастары қалыптасады:
сала мен бюджет арасындағы қаржыландыру ретінде қаражаттарды алумен және кейбір жағдайларда бюджет алдындагы қаржылық міндеттемелерді орындаумен байланысты қатынастар;
қаржы ресурстарын бөлумен жоне орталықтандырумен байланысты жоғарғы және төменгі органдар арасындағы ішкісалалық қатынастар;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, яғни олардың бөлімшелері арасындағы қаржы қатынастары;
салааралық — түрлі салалардың ұйымдары арасындағы ақша қатынастары;
еңбекке ақы төлеу жөніндегі ұйымдар мен олардың қызметкерлері арасындағы қатынастар;
ұйымдар, мекемелер және олардың тұтынушылары арасындағы (көрсетілген қызметтерге ақы төлеу жөніндегі) қатынастар және т.б.
Қызметтің айрықшалықты түрлеріндегі өзара байланыстардың тым қысаң анықтықты сипаттайтын қатынастардың қалыптасуы мүмкін, мысалы:
қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасында жарналарды — кіру және мүшслік жарналарды телеу, сондай-ақ осы ұйымдардың мүшелеріне белгілі бір жетістіктер мен қызмет нәтижелері үшін көтермелеулік сипаттағы төлемдер бойынша;
коммерциялық ұйымдар мен олардың демеушілері арасында ұйымның қызметін қолдап отыру үшін материалдық және ақша нысандарында қаражаттар беру жөнінде;
сақтық компанияларында ұйымдардың белгілі бір контингентінің (әскери қызметшілердің, күш ведомствалары мен салық службалары қызметкерлерінің және т.б.) қарым-қатынастары;
сондай-ақ белгілі бір шарттардағы кредит қатынастарының болуы мүмкін.
Аталынған қаржы қатынастары ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды білдіреді, оларды мынадай негізгі топтарга біріктіруге болады:
ұйымдар мен мекемелердің пайдалану қызметін қамтамасыз ететін қорлар;
күрделі жұмсалымдардың қорлары;
көтермелеу және ынталандыру сипатындағы қорлар;
қызметкерлер мен контингенттерге (мысалы, оқу орындарындағы оқушыларға, емдеу мекемелеріндегі ауруларға) қызмет көрсетушілердің материалдық, әлеуметтік-мөдени және тұрмыстық мұқтаждарын қанағаттандырумен байланысты қорлар;
негізгі қызметті дамыту қорлары.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негізінен олардың ұйымдық-құқықтық нысандары әсер етеді. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшеліктерін анықтау үшін оның құрамына кіретін мекемелерді, ұйымдарды, олардың қызметінің сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдістерін ескере отырып зерделеген жөн.
Коммерциялық емес ұйымдардың шаруашылық қызметін жүргізудің әдістері сметалық қаржыландыру (көрсетілген қызметтер мен игіліктердің өтеусіздігі кезінде) және шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негіздері (өтеулігі кезінде) болып табылады. Рынок жағдайында ұйымдардың көбісі коммерциялық есеп негізінде көшуде — көрсетілетін қызметтерді сұраным бағасы бойынша сатады, өздігінен даму үшін жеткілікті қорланым жасайды.
Сметалық қаржыландыру — меншікті табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндірістік емес мекемелерді ұстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудің көлемі, мақсатты бағыты және оны белу шығыстардың сметасымен анықталады. Сметалық тәртіппен білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері, мемлекеттік биліктің, мемлекеттік басқару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерінің бір бөлігі қаржылавдырылады. Бірқатар мекемелерді сметалық қаржыландыру кезінде шығындарды қамтамасыз етудің қосымша көздері пайдаланылуы, қызметтерді тұтынушылардың жарналары мен толемдері бағытталуы мүмкін. Ақша қаражаттары бюджеттен қаржы бөлуге сәйкес беріледі және мекеменің қаржы жоспарында - шығыстардың сметасында қамтып көрсетіледі, негізгі капиталдарды, материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтерді телеуге, жалақы беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемеде шаруашылық немесе коммерция-лық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кіріс-шығыс сметасында жоспарланады және айрықша тәртіппен пайдаланады.
Сметалық қаржыландыру бюджеттің қаражаттарын пайдалануды қатаң қадағалайды, тек баптардың белгілі бір шеңбері тұрғысында ғана оларды қайта болуге шамалы мүмкіндіктер береді. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелерді қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау қойылған.
Шаруашылық жургізудің шаруашылық-коммерциялық есебі шығындарды матсриалдық емес қызметтер көрсету мен игіліктерді сатудан түскен түсім-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардың қызметгері ақыға көрсстіледі. Бұларға ақылы негізде жұмыс істейтін білім беру мен денсаулық сақтау мекемелері, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бірқатар шығармашылық мекемелері, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдісті коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің кәсіпорындары пайдаланады. Олар қызметпен байланысты әр түрлі ақшалай шығындар жасайды: игіліктер мен қызметтерді өткізе отырып, түсім-ақша алады; кірістердің шығыстардан асып түсуі қорланымды құрайды. Бұл кәсіпорындарда қаржы материалдық өндіріс кәсіпорындарындағыдай ұйымдастырылады.
Шыгындардың өзін-өзі өтеу әдісі ақылы қызмет негізіндегі шаруашылық қызметін ұйымдастыруды қарастырады, бұл қызметтердің бағасы қорланымсыз шығыстардың көлеміне қатысты анықталады. Бұл әдіс мәдени-ағарту қызметі, бос уақытты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсіби машықтар мен білім алу жөніндегі, шет тілдерді, мүдделер бойынша ұлттық клубтарда оқып — үйренудің курстары мен мсктептері) қолданылады.
Негізінен коммерциялық емес қызмет қоғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтерді өндіру және олармен қамтамасыз етудің қажеттігімен айқындалады, олардың мазмүны 10.1. бөлімде баяндалған. Қоғамдық тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруді едөуір ауыс пайдасымен байланысты мемлекет өзіне алады.
Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметінің материалдық, негізі өндірістік емес арналымдагы капиталдар болып табылады, олардың натуралдық және ақша нысандары болады. Натуралдық нысандағы қорларды ұйымдар мен мекемелер сатып алады және олар тұтыну процесінде өзінің құнын жоғалтады. Осылай жасалған игілік пен қызметтердің тек тұтыну құны ғана болады. Материалдық емес өнім мен кызметтерді жасау процесінде жүзеге асырылатын өндірістік емес қорлардың қозғалысы нысандарының, сондай-ақ олардың ұдайы жаңғыртылуының салалық ерекшеліктері болады. Қызметтің бұл түрінде көбінесе жоғары біліктіліктің ой еңбегі қолданылады, сондықтан шығындарда әдетгегідей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материаддық емес өнім қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруга болмайды, бірақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.
Коммерциялық емес сфера мекемелеріңдегі қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, озгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.
Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру процесінде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бірге олардың негізінде ондірістік (коммерциялық) емес сала мекемелері мен ұйымдарының қаржы көздері қалыптасады.
2. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудыц көздері.Қызметтің коммерциялық емес түрлері (мемлекеттік секторды шығара отырып) жөнге келтірілген нарықтық экономикасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, театрларды, әр түрлі қайырымдылық қорларды, кәсіптік бірлестіктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл тәрізді даму қоғамдық игіліктерді өндірушілер пайдаланатын салық жеңілдіктерімен гана түсіңдірілмейді. Жеңіддік беру кезінде мемлекет әр түрлі ұйымдарды, сарайларды, мүндағы басты критерий — көрсетілетін қызметгердің қогамдық пайдалылығының дөрежесі. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін белгілі бір ұйымдарды қаражаттандырады.
Коммерциялық емес ұйымдар арқылы қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру жоніндегі мемлекеттің іс-қимылы халыққа қызмет көрсету жоніндегі олардың үлкен икемділігімен және жеделдігімен түсіндіріледі. Қызметтің коммерциялық емес түрлерінен алатын пайда немесе табысты пай-даланудың қаржы механизмі, мысалы, АҚШ-та олардың ұйым мүшелерінің арасында бөлінбейтінін анықтайды. Пайда немесе табыс не ұйымның дамуына, не олардың қызметін пайдаланатын тұлғаларға (аурулар, оқушылар, қажетсінетін азаматтар және т.б.) бағытталады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық пракгикасы басқаша іс-әрекет етеді; мүнда кәсіпкерлік қызметтен алынған кез келген табысқа, салық салудың езге де объектілеріне (айналымдар, тауарлар, мүлік және т.б.) сияқты салық салынады. Коммерциялық емес ұйымның сыйақы, грант, кіру және мүшелік жарналар, қайырымдылық көмек, етеусіз берілген мүлік, өтеусіз негіздегі аударымдар мен қайырымдылық түрінде алған табысы салық салуға жатпайды.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бүл құрылымдардың іс-әрекет етуіне, мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады:
бюджет қаражаттары;
мемлекетгік бюджеттен тыс қорлар;
жаппай шараларға билетгер сатудан алынған қаражаттарды қоса, өнім өткізуден түскен түсім-ақша;
түрлі коммерциялық құрылымдардың ақшалай аударымдары, келісімшарттарға сөйкес орындалған жұмыстар менқызметтер көрсеткені үшін түскен қаражат түсімдері;
мүлікті жалга беруден түскен түсім-ақша;
халықтың қаражаттары;
кадрларды дайындаудан (қайта дайындаудан, біліктілікті артырудан және т.с.с.) түскен табыс және басқалары.
Мемлекет тиісті функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттік бюджвттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттік басқару, құқықтық тәртіпті қорғау, қорғаныс, ішінара білім беру жөне денсаулық сақтау жатады. Іргелі ғылыми зерттеулсрге жұмсалатын шығындардың басым бөлігі осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерін: кітапханаларды, мұражайлар мен көрмелерді, сарайларды, тсатрларды, филармонияларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдерді, мемлекеттік теле-және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екінші көзі көрсетілетін қызметтердсн, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (тусім-ақша) түріндегі меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсіпорындарда өнім өндіруден алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның меншігіндегі басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызмет көрсетуден алынған түсім-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған шығындарын жабады және ұйымның одан әрі ездігінше дамуына жеткілікті таза табысты (пайданы) кіріктіреді. Мұндай әдістермен білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерінің қызметтеріне деген халықтың қосымша қажеттіліктері қаржыландырылады.
Меншікті көздердің қатарына сонымен бірге ғимараттарды, құрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкін жалға беруден алынатын қаражаттар, мүлік пен ғимараттарды кепілдікке беруден алынатын қаражатгар жатады.
Қаржыландырудың үшінші көзі — банктердің кредиттері. Бұл көзді ақылы қызмет көрсететін ұйымдардың пайдалануы мүмкін, өйткені қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттігі ұйымның 1997 жылдан бері бюджет ұйымдары бұл к.аражаттарды жергілікті бюджеттерге аударады.
179 кредитті пайдалану уақытынан асып түсетін мерзімі бойынша жақсы жолға қойылған, бірқалыпты жұмыс істеуін керек етеді. Қаржы-ландырудың бұл әдісі, кредит қаражаттарының қамтамасыз етілуі мен өтімділігін кепілдендіретін әдіс ретінде, қарамағында ведомствога қарасты кәсіпорындары бар ұйымдар үшін аса қолайлы бо-лып келеді.
Қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсіптік, шығармашылық одақтар, азаматтардың діни бірлестіктері, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдісі олардың қатысушыларының мүшелік жарналары болып табылады. Олардың каржылық өзара байланыстары қоғамдық бірлестіктердің өздерінің қызметін ұйымдастыруға байланысты өзгешелігімен және сипатымен бөлектенеді. Қоғамдық бірлестіктерді ұйымдастырудың еріктілігі олардың қаржы ресурстарының негізгі көзі кіру және мүшелік жарналары болып келетіндігіне соқтырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушілердің табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етілмейді. Қызметтің қоғамдық сипаты бірлестіктер меншігін олардың мүшелерінің жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкіндігінен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бірлестіюгердің жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.
Материаддық өндіріс сферасының кәсіпорындары мен ұйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, шетелдік мемлекеттердің, ұйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың ізгілікті көмегі әлеуметтік багытылық, мәдени жоне шығармашылық ұйымдары мен мекемелерін, қоғамдық ұйымдарды, қорларды қаржылаыдырудың көзі ретінде қызмет атқарады. Осындай қаржыландырудың алуан түрлілігі ретінде белгілі бір ұйымның немесе қызмет түрінің тұрақтылық белгісімен ерекшеліктенетін демеушілік қаржыландыруы бола алады.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландырған кезде гранттар — жеке адам, компания, фирма, халықаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгілі бір бағыттағы гылыми зерттемелерді, жобаны, ғалымдардың бір тобын немесе жеке ғалымды зерттеуді аяқтап,оның нәтижелерін ендіруге немесе басқаша қолдануға дейін жеткізу мақсатымен етеусіз қолдау әдісі қолдалынады.
Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерін ұстауға және дамытуға арналған қаражатгарды толықтырудың белгілі бір кезі олардың қарамағындағы ресурстардың бір бөлігін коммерциялык және жинақ банктерінің депозиттеріне, сондай-ақ қаржы рыногында бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.
Қаржыландырудың аталған кездері коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерінің ақша қаражаттарын әр түрлі үйлесімдерде және аталған көздердің толық жинақталымында қалыптастыруы мүмкін. Мысалы, білім беру жүйесінде аталған көздердің жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда—екі-үш көздермен шектеледі. Бірақ кез келген нүсқада — қаржыландырудың қосымша кездерінің көп немесе аз болуы — мемлекеттік бюджеттен оның кірістері мен шығыстарының тізімдемесінде қарастырылған қаржыландырудың көлемдері азайтылмайды. Ықпал жасаудың мұндай тұтқасы ұйымдар мен мекемслердің қоғамдық-пайдалы қызметін дамытудағы, олардың жұмысының тиімділігін арттырудағы бастамасы мен шығармашылық ізденісін ынталандыруға шақырады.
- Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары.
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстары қағидада, жарғыда немесе езге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функциялық қызметін қамтамасыз етуге багытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мексме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне (қатыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын әдіске қарай анықталады.
Шаруашылық, есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде іс-әрекет ететін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есептеп, жоспарлайды және оларды кәдуілгі қаржы жоспарының неме-се бизнес-жоспардың көрсеткіштсрінде ресімдейді (4 тарауды қараңыз). Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет керсетуге жұмсалатын шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатынға ұқсас болып келеді, бірақ құрылымында материалдық шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеуметтік салықты қоса) жұмсалатын шығындар басымырақ болады. Басқа құрылымдық ауытқулар болуы мүмкін, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесі үлкен болады.
Коммерциялық емес қызмст жүргізетін ұйымдар мен мекемелер өздерінің қаржы жоспарларын өздері жасайды. Мұның үстінс тек бюджет қаражаттары есебінен қаржыланатын мекемелер шығындардың сметаларын жасайды, онда мекеме қызметінің сипатты көрсекіштері жәнс қаражаттарды сыныптаманың бөлімшелері бой-ынша бөлу қамтып корсетіледі, ал өздерінің қажеттіктерін бюджет қаражаттарымен ғана емес, қаржы ресурстарының басқа да түрлерімен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың сметаларын жасайды.
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорывдардың қаржы жоспарларынан сметаның басты айырмашылығы сол, сметада шығындар анағұрлым егжей-тегжейлі негізделсе, кірістер тек әр түрлі кездер тұрғысынан бейнеленеді.
Жеке мекемелер мен ұйымдар бойынша өтпелі кезеңнің жоспарлы қаржы құжаты ретінде олардың бюджеттік емес көздері бола түрса да шығындардың сметасы пайдаланыла беруі мүмкін: бүл жағдайда көрсетілген ақылы қызметтер шығындардың сметасында бюджеттен тыс қаражаттар ретінде бейнеленуі, не арнайы қаражаттардың ерекше сметасы бойынша жоспарлануы мүмкін.
Экономикалық жіктеме бойынша сметаларда шығындар әдетте санатқа, сыныпқа, ішкі сыныпқа, өзгешелікке топтастырылады.
Агымдағы шығыстар санаты мына сыныптарды кіріктіреді:
- Ішкі сыныптардың құрамында тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар:
өзгешелігі бар жалақы: негізгі жалақы, қосымша ақша төлемдері, өтемақы төлемдері, жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін міндстті зейнетақы жарналары;
жұмыс берушілердің жарналары: әлеуметтік салық, автокөлік құрадцары иелерінің құқықтық-азаматтық жауаптылығын міндетті сақтандыруға, мемлексттік мекемелердің қызметкерлерін мемлекеттік емес міндетті сақтандыруға төленетін жарналар;
тауарлар мен қызметтерді сатып алу (өзгешеліктері: тамақ енімдері, дәрілік заттар және таңу құралдары, агымдағы шаруашылық мақсаттарына арналған заттар мен материалдар, жұмсақ жабдық және дүние-мүлік, айрықша жабдық пен материалдар, іс сапарлар мен қызмет бабындагы жүріп-тұрулар, ғимаратты жалдау);
коммуналдық қызметтерге, колікке, электр қуатына, жылуға ақы төлеу;
басқа ағымдағы шығыстар (өзгешелігі: жабдық пен құрал-саймандарды, үймереттерді, үй-жайлар мен ғимараттарды ұстау жәнс ағымдағы жөндеу, жалпы міндетті орта білім беру қорының шығыстары, несиегерлік берешекті өтеу жәнс басқалары);
басқадай ағымдығы шығыстар.
- Сыйақылар (мүдделер) төлеу, ішкі сыныптардың құрамындағы
басқадай ағымдағы шығыстар:
ішкі қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу;
сыртқы қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу.
- Ішкі сыныптардың құрамындағы субсидиялар* жөне басқа ағымдағы трнсферттік төлемдер:
субсидиялар;
жске тұлғалар беретін ағымдағы трансферттер (міндетті әлеуметтік қамсыздаидыруға беру, зейнетақылар,стипендиялар басқадай трансферттер);
басқадай субсидиялар;
озгсшелігі бар трансферттер: мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдарға, үй шаруашылығына беру, зсйнетақылар, стипендиялар, жәрдемақылар, сақтандыруға төленетін мсмлекеттік жарналар, басқадай трансферттер;
мемлексттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін басқадай трансферттер, өзгсшілігі: субвенциялар, бюджеттік алынымдар, басқадай ағымдағы трансферттер;
шет жаққа берілетін трансферттер;
әр түрлі басқадай трансферттер.
"Күрделі шығыстар "санаты мына сыныптарды кіріктіреді:
ішкі сыныптардың құрамындағы негізгі капитадды сатып алу;
езгешслігі бар негізгі капиталды сатып алу: активтерді, үймереттер мен ғимараттарды, басқадай активтерді сатып алу;
негізгі капиталды жасау, соның ішінде өзіндік ерекшелікті: үймереттер мен ғимараттарды, жолдарды салу, басқадай күрделі активтерді жасау;
күрделі жөндеу, соның шінде үймеретгерді, жолдарды жөндеу, басқадай жөндеу;
босалқы қорлар жасау үшін тауарлар сатып алу;
жерді және материалдық емес босалқы қорларды сатып алу;
ел ішіндегі күрделі трансферттер, соның ішінде (өзгешелігі): мемлскеттік кәсіпорындарға, қаржы мекемелеріне, мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлерінс беру;
басқадай күрделі трансфеггер;
шет жаққа берілетін күрделі трансфеттер, соның ішінде халықаралық ұйымдар мен шетелдік мемлекеттердің үкіметтеріне беру, шет жаққа берілетін басқадай күрделі трансферттер.
Заңнамалық актілермен белгілснген максаттар үшін коммерциялық ұйымдарға болінетін тегін және қайтарусыз төлемдер.
Төмснгі бюджеттердің жогары тұрған бюджеттерден бекітілген сомалар шегінде алатын ресми трансферттері.
"Кредит беру, үлескерлікпен қатысу "санаты мына сыныптарды кіріктіреді:
ішкі сыныптар құрамындағы кредиттер беру және акционерлік капиталга үлескерлікпен қатысу;
ерекшелігі бар ішкі несиелендіру: мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлерін, мемлекеттік кәсіпорындарды, қаржы мекемелерін, жеке тұлғаларды несиелендіру, басқадай ішкі несиелендіру;
ерекшелігі бар сыртқы несиелендіру: әр түрлі сыртқы несиелендіру;
ерекшеліктері бар шет елдік акционерлік капиталға үлесксрлікпен қатысу;
халықаралық ұйымдар мсн басқадай шстслдік ұйымдардың акцияларын сатып алу;
ерекшеліктері бар заңи тұлғаның акционерлік капиталына салынған басқару органдарының инвестициялары болып табылатын төлемдері.
"Қаржыландыру " санаты мына ішкі сыныптарды кіріктіреді:
өзгешеліктері бар ішкі борышты өтеу: мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлерінс қарыз борышты өтеу, ішкі рынокқа орналастырылған мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша борышты өтеу, басқадай ішкі борышты өтеу;
кәсіпорындар мен халықтың арасында орналастырылатын ішкі қарыздарды өтеу;
сыртқы борышты өтеу.
Коммерциялық емес қызметтің жеке бағыттары мен түрлері үшін өзіндік сипаты бар шығындарды құрайтындардың басым болып келуі оған тән қасиет. Мысалы, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында, әсіресе үй шаруашылыгына берілетін трансферттсрдің озіндік салмағы жоғары. Бұған балалары бар отбасына бсрілетін жәрдемақылар, тұрмыс құнының қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақылар, соғыс ардагерлеріне, экологиялық апаттардың нәтижесінде азап шеккен азаматтарға берілетін әр түрлі өтемақылар және т.б. жатады.
Денсаулық сақтаудың емдеу мекемелерінде сипатты шығыстар дәрілік заттар мен таңу құралдарына, тағам онімдеріне, жұмсақ жабдыққа жұмсалатын шығыстар болып табылады.
Қорғаныс жүйесіңце оскери арналымдағы тауарлар мен әскери техниканы сатып алуға, азық-түлікпен қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің ақшалай жабдықталымын төлеуге жұмсалатын шығындар маңызды орын алады.
Кәсіподақ, партия, қоғамдық қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар шығыстарының құрамында съездерге, конференцияларға, митингіге дайындалу және оларды өткізуге, үгіт-насихат жұмысын жүргізуге жұмсалатын шығыстар сипатты шығыстар болып табылады. Ардагерлердің қоғамдық ұйымдарында олардың қатысушыларына материалдық қызмет көрсету шығыстары басым болады.
Мәдени-ағартушылық мекемелерде (кітапханаларда, мұражайларда, тұрақты көрмелерде) едәуір қаражаттар қітап қорларын, экспонаттарды, коллекцияларды толықтыруға жұмсалады.
"Күрделі шығыстар" санаттарына жұмсалатын шығыстар күрделі құрылыс, негізгі ендірістік смес қорларды жасау мен молайтуды жүргізетін, сондай-ақ оларды күрделі жөндеу туралы жұмыс қабілеттілігінде ұстауды жүзсге асыратын қызметтің коммерциялық емес түрлерінің барлық ұйымдары мен мекемелері үшін сипатты болады. Бұл санат бойынша сондай-ақ материалдық активтергс, жерге құқықты сатып алуға жұмсалатын шығыстар, қаржы мекемелсрінің жарғылық қорына төленетін жарналар тіркеледі.
"Кредит беру, үлескерлікпен қатысу" санаты бойынша шығыстар басқа экономикалық бірліктердітерді несиелендіруді, олардың айналысқа шығарылған бағалы қағаздарын сатып алуды, мемлекетгік кәсіпорындарға, қаржы мекемелсрінс, жекешс кәсіпорындарға түрлі крсдиттер беруді жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелер үшін қарастырылады.
"Қаржыландыру" санаты бойынша шығыстарды ішкі және сыртқы берешектерді өтейтін ұйымдар мен мекемелер, негізінен мемлекеттік және үкіметтік құрылымдар жүзеге асырады.
Өндірістік емес сфера салаларына бағытталған қаражаттардың көлемі олардың қызметінің нәтижелеріне қоғамның қажеттіліктерімен, сондай-ақ ендірілген ұлттық табыспен анықталады. Алайда қазіргі кезде ол көбінесе мемлекеттік бюджеттің ахуалына, жүргізіліп отырған қаржы саясатына байланысты болып отыр.
Әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың ондаған жылдар бойы үстем болған "қалдық қағидаты" өзінің шамасыздығын әлдеқашан дөлелдегеніне қарамастан әлі де орын алып отыр. Сонымен бірге өндірістік емес салалардың материалдық өндіріске ұдайы өндірісті жұмыс күшімен қамтамасыз ете отырып, белсенді ықпал жасап отыратынын ұмытуға болмайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024