Мұнай бағасының төмендеуі және АҚШ-тағы өсімнің жоғарылауы әлемдік экономика келешегін қамтамасыз етуге жеткіліксіз,-дейді Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард. Оның ойынша әлемдік өсу әзірше «өте төмен, өте нәзік және өте біржақты» және де елеулі қатерлер сақталуда.
«Көптеген елдер әлі де қаржылық дағдарыспен қоса өте көп мөлшерде қарыздану және жұмыссыздықты бастан өткеріп жатыр. » Көптеген компаниялар және үй шаруашылығы болашаққа алаңдағандықтан инвестиция мен тұтынуды қысқартып жатыр», - деді ол, бейсенбі күні Вашингтонда өткен халықаралық қатынастар Кеңесінде.
Әлем экономикасы алдында тұрған кедергілердің бірі дамыған елдердегі "асинхронды" монетизация саясатының тұрақтылығы. Федеральді қордың пайыздық мөлшерлемені жоғарлатуы дамушы елдер мен дүниежүзілік қаржылық тұрақтылыққа жағымсыз салдарлар тудыруы мүмкін.
Екіншіден, дамушы экономикалар үш есе күйзелістен зардап шегуі мүмкін, олар: доллар бағамының өсуі, әлемдегі пайыздық мөлшерлеменің өсуі және капитал ағынының құбылмалылығы. Мұнай және өзге де шикізат бағасының төмендеуінен Венесуэла, Нигерия, Ресей сияқты елдер жоғары валюталық қысым көретіндіктен бұл да алдағы қауіптерді күшейтеді. "Экономикалардың көлемін ескерсек, соңғы оқиғалар аймақтық масштабта елеулі зардаптар тудырады» , - деді Лагард.
Үшіншіден, Еуроаймақ пен Жапония «белгілі бір уақытқа дейін төменгі өсім мен төменгі инфляция деңгейінде болуы мүмкін» деген қауіп бар, деп есептейді халықаралық валюта қоры.
Төртіншіден, геосаяси қауіптер бар. Лаградтың айтқанындай, Украинадағы жағдайларға қолдау көрсететін Халықаралық валюта қорынан қосымша халықаралық көмек керек. Осыған байланысты, ынталандырушы монетарлық саясатты сақтау маңызды. Ал, оның нормализациясы экономикалық өсім мен жұмысбастылық ара-қатынасында орнықты болуға тиіс-деп атап өтті Лагард.
Бұған қоса мемлекеттер құрылымдық, оның ішінде еңбек нарығындағы және жекелеген тауарлар нарығындағы реформаларды жеделдету керек,-дейді Лагард. Мұнай экспорттаушы елдерге өздерінің экономикасы үшін талықсытуды төмендету керек.
Жалпы алғанда, барлық мемлекет экономикалық өсімге қатысты сауалдарға, климаттың өзгеруіне байланысты күреске және әлемдік сауданың дамуына байланысты өздерінің әрекетін жақсартуы тиіс.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024