Салыстыру барысында жеке тұлғалардың әр түрлі валютада - теңге, рубль, АҚШ доллары мен еурода сақталған депозиттері, қолма-қол сақталған қаражаттары және алтынға салынған инвестициялары есепке алынған.
2016 жылы ең көп табыс әкелеген ресей рублі болған. Қазақстандық және ресейлік банктерге рубль депозиттерінің курстық өзгерістерді қосқандағы табыстылығы 19.4% бен 28.6%-ды құрады. Ал ресей рублін қолма-қол сақтағандардың табысы - 17,8% пайыз.
Теңгелік депозит 14,6% табыс әкелген.
Басқа жинақ қорлары айтарлықтай табысты болмаған және олардың көрсеткіші инфляциядан төмен және кейбірі шығындалған. Мысалы, алтындағы салымдар 6,4 пайыз (алтынның бағасы 8.5% өсті, ал АҚШ долларына шаққанда теңге 2% нығайды), АҚШ долларындағы депозиттер - 1,0%-ға табысты болған. Еуро депозиттері, тіпті, - 2,2% кері кеткен. АҚШ доллары мен еуро депозиттерін салыстырғанда жылдық сыйақы мөлшерлемесі мен курс өзгерістері қатар ескерілген.
Доллар мен еуроны және теңгені қолма-қол сақтау инвестицияның ең тиімсіз түрі. Себебі қолма-қол сақталған доллар 2 пайызға, еуро 5,1 пайызға, ал теңге инфляцияны есептегенде 8,5 пайызға шығынға ұшыраған.