Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,61 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (374,04 теңге $1) ұлттық валюта 5,57 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380,30 теңге, жабылу курсы бір долларға 380 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 85 млн 750 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 190.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 382 теңге, Алматыда – 382 теңге.
Ұлттық Банктің 28 желтоқсандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 375,15 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024