Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық валюта бір күнде 6 теңгеге әлсіреді

Ұлттық валюта бір күнде 6 теңгеге әлсіреді

Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,61 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (374,04 теңге $1) ұлттық валюта 5,57 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380,30 теңге, жабылу курсы бір долларға 380 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 85 млн 750 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 190.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 382 теңге, Алматыда – 382 теңге.

Ұлттық Банктің 28 желтоқсандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 375,15 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы