НЬЮ-ЙОРК – Аргентина экономикасы қиын кезеңнен өтіп жатыр. Өткен жылы, ЖІӨ 2,3% -ға төмендеп және инфляция шамамен 40 пайызға жетіп, мемлекет стагфляциядан зардап шеккен. Кедейлік пен теңсіздік, жұмыссыздық өсті. Сонымен қатар сыртқы борыш та үлкен қарқынмен өсуін жалғастырып келеді. Президент Маурисио Макри үшін бұл, кем дегенде, сынаққа толы бірінші жыл болды.
Әрине, Макри 2015 жылдың желтоқсан айында кеңсеге келгенде, оның ізашары Кристина Фернандес де Киршнер жүргізген қайшы макроэкономикалық саясаты салдарынан туындаған күрделі мәселелерге тап болды. Бұл саясат экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен елдің валюталық резервтерін жойып, төлем балансының дағдарысына апарған теңгерімсіздіктерге әкелді.
Бірақ Mакри да жетілмеген макроэкономикалық саясат тәсілін көздеді. Оның әкімшілігі өткен онжылдықта қол жеткізген әлеуметтік инклюзиядағы жетістіктерді жоймай, фискалдық және сыртқы үйлесімсіздікті шешу керек еді. Бірақ оның төрт негізгі ұстанымға негізделген көзқарасы бұлай жасауға мұрша бермеді.
Біріншіден, Mакри басқарған үкімет айырбас бағамын басқаруды босатты және Аргентина өзгермелі валюталық режимге көшіп, 2016 жылы Аргентиналық песо АҚШ долларына қатысты 60% -ға құнсызданды. Екіншіден, Макри үкіметі шикізат тауарлары экспорты бойынша салықтарды төмендеткен, және импорттық бақылауды біршама тоқтатты. Үшіншіден, Аргентинаның Орталық банкі, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін негізінен инфляциялық салыққа (сеньоражға) сүйенген саясаттан инфляциялық таргеттеу режиміне көшуді жариялады.
Соңында, Maкри үкіметі он жылдан астам бойы елдің халықаралық несие нарықтарына қол жеткізуін бұғаттаған құзғын фондтар мен басқа ырыққа көнбейтін кредиторлармен келісімге келді. Мәміле жасалған соң, Аргентина, өзінің ауқымды бюджет тапшылығын шешу үшін, дамушы елдер тарихындағы ең ірі борыш міндеттемелерін шығаруды жасап , жаппай жаңа сыртқы қарыздарды ала бастады. Осы қарыздар бойынша шығындарды төмендету үшін, үкімет бұл заң шеңберінде қарыз алып, жеңіліп отырған қымбатқа түскен шайқасқа қарамастан, Нью-Йорк заңы бойынша жаңа борыш алды.
Maкридің макроэкономикалық саясат жүргізу тәсілі бірнеше даулы болжамдарға сүйенген, соның ішінде бұрынғы үкімет тоқтатқан мемлекеттік қызмет көрсету бағасын ұлғайту және бюджетке жаңа түсімдер беретін салық рақымшылық бағдарламасын жүзеге асыру бар. Ең негізгісі, саяси түбегейлі өзгеріс экономиканың динамикалық өсуі үшін жағдай жасайды деген сенім болды.
Валютаның құнсыздануы сыртқы теңгерімсіздіктер мәселесін шешуге мүмкіндік береді және төменгі экспорттық салықтар көмегімен сатылатын тауарлардың өндірісін күшейтуге ынталандырады деп саналды. Құзғын қорлармен мәміле жасау қаржыландыру құнын төмендетіп, инвесторлардың сенімін арттыруға тиіс болатын, осылайша тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) түсімдерін таруға болар еді. Ал инвестициялар бастаған өсу бүкіл экономикаға көмектесер еді.
Бұл жорамалдардың ешқайсысы жүзеге асқан жоқ. Үкіметтің жоспарына қарамастан, песоның құнсыздануы тұтыну тауарлар бағаларына үлкен әсер етті. Бұл халықтың сатып алу қабілетін төмендетті, ал жиынтық сұраныс әлсіреді, және елдің сыртқы бәсекеге қабілеттілігіне девальвацияның жалпы оң әсері құнсызданды.
Орталық банктің инфляцияны бір қалыпты деңгейде сақтау бойынша жаңа мақсатының мәселелерді шешуге көмектесуі екіталай, себебі мұндай саясат экономикалық белсенділікке нұқсан келтіріп, бағаның өсуіне қарағанда жұмыссыздықтан қатты зардап шегетін жағдайы төмен адамдардың тұрмысын одан әрі күрделендіре түседі.
Сонымен қатар, рецессия әсерінен кірістердің төмендеуі салдарынан, Аргентинаның бюджет тапшылығы да өсті. Maкрині сынағандар ескерткендей, ешқандай елеулі ТШИ ағыны болмайды, себебі оның саясаты айналасындағы белгісіздік инвестицияларға бөгет тудыртады.
Үкімет оң бір нәрсе жасады: ол алдыңғы әкімшіліктің араласуынан кейін сенімді жоғалтқан Ұлттық статистика институтының жұмысын қайта дұрыстады. Бірақ жалпы жағдай мұңды болып қалады. Макринің басқаруының алғашқы жылының соңында, Аргентина ол билік басына келген кезде болған баяғы сол макроэкономикалық теңгерімсіздікті сақтады. Бірақ соған қосақазір оның сыртқы борышы да айтарлықтай өскен.
Сонымен қатар, қоғамдық қаһар қайнап келеді, себебі Макри саясаты қарапайым қызметкерлерге тиімді болмайтындай етіп байлықтың қайта бөлінуіне әкелген. Ел бойынша қаптаған демонстрациялар тіпті оқудың бірінші күнін ауыстыруға дейін апарды. Ал алтыншы сәуірде Үкімет алғашқы жалпыұлттық ереуілге тап болды.
Байқасақ, Аргентинаның болашағы белгісіз болып тұр. Сыртқы қарыздар күрделі проблемаға айналып отыр - АҚШ ФРЖ пайыздық мөлшерлемелерді өсіруді жалғастырса, қайта несиелеу шығындары артады. Тұрақсыз макроэкономикалық динамика қайта бұрынғы теңгерімсіздіктер проблемасын жаңғыртып жатыр.
Мысалы, сыртқы қарызбен байланысты капитал ағыны песоға түсетін қысымды өсіреді, ал бұл жұмыс орындарын құру бойынша маңызды секторлар үшін қауіпті.
Биылғы парламентке сайлау қарсаңында, Макри үкіметі көбірек борыш алу арқылы экономикалық белсенділікті ынталандыруы мүмкін. Бірақ борышқа негізделген экономикалық қалпына келтіру қысқа ғұмырлы болар еді, және болашақта одан терең борыштық проблемалар туындайды.
Аргентина бюджет тапшылығын азайтса ғана мұндай борыштық теріс динамикадан құтыла алады. Бірақ ол тек экономиканың тұрақты және инклюзивті қалпына келтіру жағдайында жасалуы мүмкін - және бұл неғұрлым бәсекеге қабілетті экономиканы талап етеді. Ағымдағы жағдайда қаржы қысқарту арқылы мәселені шешу тек рецессияны ауырлатады.
Макри үкіметі даулы емес, сенімді болжамдарға негізделген ұзақ мерзімді макроэкономикалық стратегияны әзірлеуі керек. Елеулі президенттік бағдарға түзетулерін енгізбей, Аргентина еш жақсылыққа апармайтын, тек тұрақсыздандыратын борыш жолымен әлі де кете береді.
Автор туралы: Мартин Гузман - Колумбия университетінің Бизнес мектебінде ғылыми қызметкер және Буэнос-Айрес университетінде доцент, сонымен қатар Колумбияның Борышты қайта құрылымдау және Егеменді банкроттыққа байланысты саяси диалог құру бастамасының басқарушысы және Халықаралық басқару инновациялар орталығының аға ғылыми қызметкері болып табылады.
Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024