Экономика
Өзара саудаға байланысты Қазақстан мен Ресей арасында келіссөздер жүргізіледі

Қазақстан өзара саудаға байланысты РФ-мен келіссөздер бастайды деп мәлімдеді премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астанадағы кеңейтілген үкімет отырысы кезінде. Бұл туралы kursiv.kz хабарлайды.
Бүгін Ақ Ордада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Баяндама жасаған премьер-министрдің орынбасары Б.Сағынтаев ресей рублінің құнсыздануы мен қазақстандық өнімге сұраныстың азаюына байланысты отандық кәсіпкерлердің жұмыстарында кедергі туып жатқандығын мәлімдеді. "Сіздің 9 ақпанда В.Путинмен телефон әңгімеңіз кезіндегі келісімге байланысты Ресеймен өзара сауда мәселесін шешуге байланысты тапсырмалар жүктелді. Қазір үкімет ресей жағымен екі тарапқа да тиімді шешімдер табу үшін келіссөздер процесін бастады", -деді Б.Сағынтаев президент Н.Назарбаевқа айтқан сөзінде.Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025