Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Өзара саудаға байланысты Қазақстан мен Ресей арасында келіссөздер жүргізіледі

Өзара саудаға байланысты Қазақстан мен Ресей арасында келіссөздер жүргізіледі

Қазақстан өзара саудаға байланысты РФ-мен  келіссөздер бастайды деп мәлімдеді премьер-министрдің орынбасары Бақытжан Сағынтаев Астанадағы кеңейтілген үкімет отырысы кезінде. Бұл туралы kursiv.kz хабарлайды.

Бүгін Ақ Ордада  ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен  үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.  Баяндама жасаған премьер-министрдің орынбасары Б.Сағынтаев ресей рублінің құнсыздануы мен қазақстандық өнімге сұраныстың азаюына байланысты отандық кәсіпкерлердің жұмыстарында кедергі туып жатқандығын мәлімдеді. "Сіздің 9 ақпанда В.Путинмен телефон әңгімеңіз кезіндегі  келісімге байланысты  Ресеймен өзара сауда мәселесін шешуге байланысты тапсырмалар жүктелді. Қазір үкімет ресей жағымен екі тарапқа да тиімді шешімдер табу үшін келіссөздер процесін бастады", -деді Б.Сағынтаев президент Н.Назарбаевқа айтқан сөзінде.  

Похожие материалы