Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұнай бағасы қайтадан түсті

Мұнай бағасы қайтадан түсті

Құрылықаралық биржадағы сауда барысында Мәскеу уақытымен сағат 7:07-де Brent маркалы мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды Коммерсант.

Brent мұнайының мамыр айына арналған фьючерс құны  0,686%-ға азайып, барреліне  40,79 долларға дейін төмендеді.   WTI маркалы мұнайының бағасы   0,983%-ға, яғни  барреліне 38,67 долларға дейін өсті.

Айта кетейік, АҚШ-та бұрғылау қондырғыларының саны қысқаруына (қаңтарда олардың саны 60-қа қысқарып, 654-ті құрады) және Ресейде 20 наурызға белгіленген бірнеше  мұнай экспорттаушы ұйым елдері (ОПЕК) мен картельге кірмейтін елдер кездесуіне байланысты соңғы аптада мұнай бағасы  өскен еді.

Похожие материалы