Құрылықаралық биржадағы сауда барысында Мәскеу уақытымен сағат 7:07-де Brent маркалы мұнайдың бағасы төмендеді, деп хабарлайды Коммерсант.
Brent мұнайының мамыр айына арналған фьючерс құны 0,686%-ға азайып, барреліне 40,79 долларға дейін төмендеді. WTI маркалы мұнайының бағасы 0,983%-ға, яғни барреліне 38,67 долларға дейін өсті.
Айта кетейік, АҚШ-та бұрғылау қондырғыларының саны қысқаруына (қаңтарда олардың саны 60-қа қысқарып, 654-ті құрады) және Ресейде 20 наурызға белгіленген бірнеше мұнай экспорттаушы ұйым елдері (ОПЕК) мен картельге кірмейтін елдер кездесуіне байланысты соңғы аптада мұнай бағасы өскен еді.