Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұрсұлтан Назарбаев "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға вето қойды

Нұрсұлтан Назарбаев "Мемлекеттік қызмет туралы" заңға вето қойды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Мемлекеттік қызмет туралы" жаңа заңға вето қойды.  "Мен бүгін мемлекеттік қызмет туралы заңға вето қойып, парламентке қайтардым. Менің өзгерістерімді қарау туралы өтініш білдіремін",- деді Н.Назарбаев Ақордадағы кеңейтілген үкімет отырысында.
"Мемлекеттік қызметкерлердің зейнетақыға шығуына байланысты нақты ұстаным жоқ. 25 жыл бойы барлығын ұстадық, енді жіберу керек. Әрқайсысының өз мерзімі бар. Кеңес уақытында 2-3 жыл ішінде жіберсе, қуанып, кететін еді. Қазір ешкімнің кеткісі келмейді", - деп түсіндірді Мемлекет басшысы. Оның сөзінше, зейнетке шығатын нақты мерзім бар. "Бүкіл Қазақстан бойынша, барлық деңгейде ондай қаншама адам отырғанын білемін. Бірақ ереже барлық саяси қызметкерлерге де таралуы қажет. Тек президент тағайындайтын саяси қызметкерлердің зейнетке шығу мерзімін президенттің рұқсатымен 1-5 жылға дейін созу немесе ұзартпау туралы мәселені қарастыруды сұраймыз", - деп түсіндірді ол. Еске салайық, "Мемлекеттік қызмет" туралы заң жобасы 22 қазанда қабылданған еді. Фото:today.kz

Похожие материалы