Астана. 30 қаңтар. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ пен Жапония бағытына әуе рейсін ашуды тапсырды.
«Әуе тасымалдаушылары, бәлкім Air Astana болар, АҚШ пен Жапонияға әуе рейстерін ашу керек. Бұл үшін қандай көмек керектігін бағамдау қажет. Әуел баста бұл тиімсіз болуы мүмкін, бірақ, әуе рейстерін ашу керек. Ұшақтарды сатып алуға немесе қолда барын пайдалануға көмектесу қажет. Бұл мәселе биыл шешімін табуға тиіс», – деді үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев.
Air Astana – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен британдық BAE Systems компаниясының бірлескен кәсіпорыны. Air Astana-ның 51%-ы ұлттық әл-ауқат қорына, 49 пайызы британдық компанияға тиесілі.