Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Несиенің қызметі мен экономикадағы ролі

Несиенің қызметі мен экономикадағы ролі

Несие  акша сияқты тарихи экономикалық  дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «кгеdо» - сенемін деген мағына беретін латынша «кгеdіtіm» деген сөзден шығады. Ол экономикалык дәреже ретінде әр түрлі экономикалык қоғамдарда кызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашкы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т.б.) қоғамның дәулетті гоптарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Гауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы  түрі тауарға-тауарлы  меншік өндірістікке, өндірістік   тауарлыға   және   тауарлық   қайтадан   ақша   түріне ауысып тұрады, яғни А - Т - Ө - Т - А   капиталдын ауыспалы айналымы   жүреді.   Ауыспалы   айналымның   бірінші   кезеңінде ақша өндіріс корына (машиналар, шикізат жабдық-тары және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде - дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар  сатылып,   бастапқы   ақша  түріне  ауысады.   Капитал-дың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіп-орында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай-ақ оның айналымыда.  Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.

Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.

Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, ал айналым саласы үшін - тауарлы және ақшадай болуын талап етеді.

Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өндірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын амортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге жекелеп аударады, ал олар негізгі қорларды модернизациялап жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал-жабдыктарды ауыстыру (айырбастау) және жөндеу үшін жұмсалатыны себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы жүреді. Бірақ, бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағгдайда ақшаға қажетгілік туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату мен оған деген кажеттілік айналым қорларын пайдалануда үнемі болып тұрады.

І. Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы

1.1. Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы

Шаруашылық жүргі зуші субъектілердің жеке ауыспалы айналымынан туындайтын несиеге қажеттілік несиенің объективті жүзеге асуын төлем қаражаттарын құру және жаңа бекітілген құнды қайта бөлу процесінде оның рөліне жете назар аудармай, оны толық дәрежеде анықтамайды. Ақша эммиссиясының процесі формаға тәуелді емес (қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз) кітаптың алдыңгы бөлімінде анықтағанымыз-дай, несие капиталының бір көзі болып табылатын несие операциялары-ның нәтижесі бар. Түрліше несие қарым-қатынастарындағы несиенің мән-маңызы сол немесе басқа қоғамдық формацияда оның өмір сүруінің объективті себептерімен анықталады.

Құндық қатынастың ерекше формасы сияқты несиенің пайда болуы шаруашылық жүргізуші бір субъектідеи босатан күн шаруашылық мәміледе қолданысқа түсетін бірақ бір уақыттарда жаңа қайта өндіру цикліне ене алмайтын кезде тана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттілігі туып отырған басқа субъектіге өтеді және қайта өндіру процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді. Бірак, несиелік қатынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншік иелері сияқты бір-біріне қарсы тұралатын тауар иеленушілер арасындагы айырбас ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан-қолға өткізу сияқты тауар айырбастау және қызмег көрсетумен ауысу несиелік қатынасгардан туындаған экономикалық жеміс.

Несиелік катынастар пайда болатын және дамитын нақты экономика-лык негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым яғни несиелік қатынастың материалдық негізі боп құн қозғалысы саналатын болады.

Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективі күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.

Сонымен, несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей тізбектеледі:

  • жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналымдық) қорлар айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі;
  • несие беруші мен қарызта алушының заңды тұрғыдан дербестігі;

несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алуышының мүдделік танытуы.

Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық ондіріс процесінде маңызды рол аткарады. Несие акшалай капи-талдың карызга трансформациясын камтамасыз етеді жэне несие берушілер мен карызга алушылардың арасындағы карым-каты-насты білдіреді.

Оның комегімен мемлекеттің, халықтың, үйымдардың жэне кэсіпорындардың табыстары мен бос (еркін) акшалай қаражат-тары жииакталып, уакытша пайдаланудың толеміне аударылатын несие капиталына айналады.

Мысалы, дайын өнімді өткізуден түсетін түсім ақша және шикізат, материалдарды сатып алу, еңбекақысын төлеу үшін бірден бір және жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым ақша қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар-жағармай) өндіріс пен тауар айналы-мының уақыты сәйкес келмеуінен және т.б. туындауы мүмкін.

Капитал айналымында және ауыспалы айналым процесінде ақшалай каражаттың босатылуын және оған деген қосымша қажеттілікті шамамен былайша көрсетуге болады.

Қаражаттың босатылуы және оларға деген қосымша қажеттілік

Осылайша негізгі және айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттың құйылуы (қажеттілік кезде) мен қайтуы (босатылу кезеңінде) болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырак тауар сатушы ретінде және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін. Акқшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдык өндіріс саласы мен айналымда гана туындамайды. Ол мемлекетте бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда сондай-ақ халықта да болуы мүмкін. Мысалы бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың ақша қоры және т.б. бәрі бірдей сәйкес келе бермейді.

Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қьгзметі үшін кажет материалдык және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.

Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.

Несиенің  мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары - несие беруші мен қарызга алушы - экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жердеті шықса, онда бұл жағдайда несие өте кажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушалары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары керек. Ф. Энгельс: «Әрбір қоғамның экономикасы, ең алдымеи мүдде ретінде алға шығуы керек» деп жазды.

Несие беруші мен қарызга алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан - оны алуда несиелік қарым-қатынастар туыыдайды.

Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді.

1.2 Несие капиталы және  несие капиталының нарығы

Несие капиталы экономикалық теорияда қайгару талабымен пайыз түрінде белгіленген төлем мөлшерінде несиеге берілетін ақша капита-лының жиынтығы ретінде дәсгүрлі  түрде қарасгырылады, яғни нарық шаруашылығында туындаған және нарықтық катынастарды көрсететін капиталдың айрықша формасы. Несие капиталының нарығы қызмет көрсетудің кожарасы тұрғысынан бұл қайта өндірудің қажегтілігін несиемен қамтамасыз ету мақсатымен ақша капиталын жинақтауға және қайта бөуге мүмкіндік беретін экономикалық қатынастар жүйесі.

Институциаиалды көзқарас тұрғысынан - бұл несие капиталының қозғалысы олар арқылы жүзеге асатын несие-қаржы мекемедерінің және қор биржаларының жиынтығы. Несие капитадының экономикалық ролі экономиканы дамыту мүддесімен ұсақ шашыраңқы, ақшадай қаражагтарды біріктіру қабілетімен үйлеседі. Несие капиталының мәнін анықтаү үшін ең аддымен оның өнеркәсіп және тауар капиталынан ерекшеленетін айрықша сипаттарын анықтап алу керек.

Несие капиталының өзіндік ерекшелігі қарыз алушыдан қарыз алу-шыға несиені беру және оны қайтару  процестерінен көрініс табады. несие капиталы -- бұл несие берушінің қарыз алушыға уақытша пайда-дануы үшін сататын жеке меншігі; несие капиталы - бұл өзіндік өзге-шелігі бар тауар. Оның өзіндік құны қарыз  алушының қабілетімен, яғни оны тиімді пайдаданумен және белгілі бір табыс пайла алумен өл-шенеді; несие капиталы - шеттетілудің өзіндік ерекшелігіне ие. Қарама - қарсы бап.піа бір мезгілде тауар мен ақшаның сату-сатып алу про-цесінде бірдей орын алатыны, ал несие мәмілесінде несие капиталы бір бағытпен берілегіні белгілі, яғни несие берушінің қарыз алушыға – не-сиені беруі,  ал оны өтеуде - қарыз алушының несие берушіге пайызбен төлеуі. Несие капиталының қозғалысы уақыт бойынша алшақтап оты-рады; несие капиталының қозғалысы қолданыстағы капитал қозғалы-сынан ерекшеленеді. Өнеркәсіп капиталының мынадай үш: акшадай (А). Өндірістік (Ө) және тауар (Т) фермалары бар. Ал, сауда капиталы Т және А формаларын бөлінсе, ал несие капиталы үнемі ақшалай фермада ғана (А-А,) кездеседі; несие капитады өнеркәсіп капиталының ерекшеленген бөлігі болып табылатындықтан несие капиталының мәнін толық түсіну үшін оның қалыптасу ерекшеліктерімен шығу көздерін қарасгырған жөн. Несие капиталы қалыптасуының маңызды шығу көзі - ауыспалы айналымнан босаған ақшалай қаражаттар болып табылады:

  • құнын шығарылатын гауарларға амортизация түрінде бірнешс бөліктерге бөліп ауысгыру барысында жинақгалып негізгі қорды қалпына келтіу ге арналған қаражаттар;
  • тауарларды сату және шикізаттарды, жанар-жағармайды және материалдарды сатып алу уақытының сәйкес келмеуінен оларды өндіру мен еңбекақы төлеуге қажетті айналым капиталының ақшалай түрдегі бөлігі;
  • жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған белгіленген шамаға дейін қорланатын (жиналатын) пайданың бөлігі;
  • нақты бөлінуі мен пайдаланылуына дейін қайта бөлінген пайда бөлігі.
  • Жоғарыда аталған қаражаттың барлығы шаруашылық жүргізуші субъектілерге қызмет көрсететін банктердің есепшоттарда жиналады. Сондықтан, жоғарыда қарастырылған қаражаттар жекелеген жағдай-ларда есеп айырысу түрінің қолма-қол ақшасыз шамасы бойынша несие мекемелерінде жинақталып, несие капиталының қоры немесе олардың несиелік қоры болып саналады. Несие капиталының аталмыш көзінің ерекше тартымдылығы сол - ол банк үшін есепшоттағы бар қаражатты пайдалануга есеп айырысу шоты иесінің келісімін алу қажеттілігінің болмауымен, сондай-ақ бұл қаражагтардың арзандығымен, яғни осы ресурстардың банк үшін нақты тегін болуымен анықталады.
  • Несие капиталының басқа аса маңызды, бірак қымбат (зәру) көзі халықтың жинақ ақшалары мен табыстары болады. Олардың бірсыпыра бөлігін банк табыс тауып, пайызды өсіріп алу үшін еркін түрде уақытша пайдалануга береді. Бұл қаражаттар депозит пен жинақ ақша шоттардың есебіне алынады. Қазіргі уақытта мұндай қаражаттар Қазақстанда жылдан жылға млрд теңге есебімен өсіп отыр.
  • Несие капиталының үшінші көзі - мемлекеттің ақшалай қорланымы. Оның шамасы үкіметтің барлық қызмет түрінен мәселен, мемлекеттік меншікті жалға беруден акция пакеттерін сатудан, мемлекеттік меншікті жекешелендіруден және т.б. алатын мемлекеттік меншіктің ауқымы бойынша келіп түсетін табысымен өлшенеді.
  • Несие мекемелерінде шоғырландырылған бұл қаражаттардың жиынтығы банктің несие ресурстары ретінде ұсынылатын мемлекеттің несие қорын құрайды.
  • Осындай уақытша бос ресурстардың қалыптасуы мен оның пайдаланылуының нәтижесінде несие капиталының нарығы пайда болып, дамыды.
  • Қаржы нарығының бірі ретіндегі несие капиталының нарығын несие капиталының ауыспалы айналымын қамтамасыз ету процестерімен байланысты қаржылық қарым-қатынастың ерекше саласы ретінде анықтауға болады.

1.3  Несие жүйе түсінігі, ролі мен маңызы және оның  құрылымы

Нарықтык экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халықтын жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты екінші кезекте бола тұра, несие жүйесі оған үнемі және едәуір дәрежеде ықпал етті. Ол ақша жинақтарының масштабын бірнеше есеге кеңейтеді, ақша құралдарының бір саладан екінші салаға құйылып қамтамасыз  етіп, сол арқылы өндіріс тиімділігінің өсуіне ықпал етеді.

1.1 Несиеден келген табыс көлемі.

Несие жүйесінің ролі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік салымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік делдалардың үлесі. жалпы төлем айналымы және т.б.

АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі, банктік операциялар-дың шаруашылықтың өндірістік және тұтынушылық аясын қамтуы, несиелік мекемелер жүйесінің әр алуандығы және тармақтылығы, қаржылық капитал топтарынын қуаты бойынша әлемнің басқа елдерінен алда келеді.

Американдық несие жүйесінін әрекет ету ауқымы жөнінде төмендегі цифрлар түсінік бере алады. Несие мекемелері арқылы қолма-қолсыз есеп аудару жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлемдік айналымның басым бөлігі 80-жылдардың басына қарай 60-65 трлн доллар деп бағаланған. Несие жүйесі арқылы американдық шаруашылықта қолданылатын ақша капиталының орташа есеппен 3/д бөлігі өтеді. Несие мекемелері арқылы айналатын ақша қаржыларының орташа жылдық сомасы 1989 жылы 700 млрд долларды құрады.

Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынасгар туындайды. Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Бірақ несиелік қатынастардың мазмұны ақша капитатының жинақталуымен және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік құнға яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем құрал-дарының қосымша массасы қалыптасады. Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол несиелік қатынастардың мазмұнын) толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік мекемелер арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.

Несие жүйесі елдегі ақша айналысын реттейді заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызмегтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық қатынастар туындайды. Несиелік қатынас-тардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субъектілері үшін де несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сакқтау несиелік ресурсгардың құрылуын,  ал оларды экономика мен халықтың қажет-тілігі үшін орналастыру - несие беруді білдіреді. Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі несие жүйесі мен халық мемлекет пен несие жүйесі несиелік мекемелер арасында әр түрлі мемлекеттердің несиелік мекемелері арасында. Жоғарыда анықтағанымыздай несиелік қатынасгар несие экономика-лык категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеғе асырылады. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісін несие формасы сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастардың формасы мен мазмұны диалектика.тық бірлікте болады. Несиелік қатынастардың (формасы олардын мазмұнына сәйкес келіп және олардың дамуын ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынасгар мазмұнының және несие формасының өзгеруіне әкеледі.

ІІ  Несиенің қызметі мен экономикадағы ролі

2.1 Несиенің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері

Несиенің ролін несиелік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын  нәтижесімен анықтауға болады. Несие өзінің қызметі арқы-лы ұдайы өндіріс процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, несиеыің оөз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құнды-лықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін міндеттер қоғамдық дамудын әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыруы мүмкін.

Экономика дамуының сатысана қарамастан, несиенің арқасында қарьп беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруте пайдалануы қамта-масыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуі-не қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді  қамтамасыз етуші  несие кез-келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында өндірістің маусымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғам-дық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жоғарыда көрсеткеніміздей, қорлар айналасының біркелкілік танытпайтындығына байланысты бір полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға деген тапшылық орын алады. Уақытша қаржылық

1.2 Капитал қорының өсу диаграммасы

қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін несие оларға ұдайы өндіріс процесін жалғастыруғаТМҚ үшін акы төлеуді қамтамасыз етуге, еңбекақы төлеуге және т.б. мүмкіндіктер тудырады.

Қазақсганда экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған өңдеу секторын құру мақсатын көздейтін ҚР-ның 2003-2015 жылдарга арналған индустриалдык-инновация-лык даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзінің несиелік қаржыларын осы Бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттайтын несие жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Несиені капиталдық салымдар есебінде пайдаланудың бюджеттік қайта айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда есебінен қарызды өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумен әрі несие шараларының өтелу мерзімі шегінде қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі бақылауға мүмкіндік береді.Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің аткаратын ролі зор. Несиенің комегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өңдірістердің ірі жобадарын іске асыруға, жаңа техниканы  өндіруге жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Несиенің ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша. Ол ақша айналымының үнемделуінен көрінеді. Несие өзінің қызметі - айналысының кұралын құруға байланысты:

-   біріншіден, ақша белгілерін дайындау, шығару, есеп жүргізу мен сақтау  шығындарын қысқартады;

- екіншіден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма-қол ақшасьп есептесулерді қысқартып, айналым шығындарын азайтады;

- үшіншіден, айналымның шығындары маусымдық қажеттіліктерді қосымша қаржылар есебінен көбейткенде қорлардың кемуіне байланысты қысқарады.

Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын банкілердің есеп-шотында сақтау ақша есептерін банкінің есебінде жазу арқылы, яғни қолдағы бар ақшаның қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді. Қолма-қол ақшасын есеп экономикадағы есептесулерді тездетіп. айналымның шығындарын азайтады, мемлекеттік қарыз беру қорын арттырады. Қолдағы ақшалардың айналымға түсуі және оларды айналымнан шығару несиелік негізде жүргізіледі, мұның өзі айналыстағы ақша көлемін реттеп және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен инфляцияның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Экономиканың төмендеп, инфляңияның өрлеген кезінде мемлекет пайыздык ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемін қысу үшін экономикадағы несиелік салымның көлемін қысқаргады. Ал,  эконо-микалық өрлеу кезінде экономиканы жандандырып, әрі өсіру үшін несие экспансиясы саясаты қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кеміту арқылы несие тасқыны көбейіп, ақша көлемі ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтіріледі. Қазақстанда 1993-1997 жылдары несиелердің шектелуі, ал 1998 жылдан бастап несие экспансиясы саясаты жүргізілді.

Несиенің (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын үй құры-лысы, пәтерлер, автокөлік және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашылықты қалыптастыру сияқты қоғамдағы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге қол жетіп отыр. Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып, әлемдік экономикаға араласута мүмкіндіктер туып келеді. Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық субъектілердің өмір сүруі мен жалпы халық шаруашылығының дамуына да, микродеңгейіне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруде несиенің атқаратын ролі өте зор екен. Міне осыған байланысты несиені пайдаланудың шегі қайсы деген мәселе туындайды. Үйлесімді деңгейлерде ғана несиенің экономикаға салынуы пайда бере алады. Несиенің дамуын, оның ролінін күшеюін экономикаға несие салымының артуымен байланыстыруға болмайды. Мұның өзі несиені пайдаланудағы сапалық емес, сандық өзгерісгерді көрсеткен болар еді. Несие ұсынымдарының ұлғайғаны жайлы мәліметтер мен қаржылардың қайнар көздеріндегі несиенің үлесі экономиканың дамуында оның ролінің артқандығы осы процестердің несие объектілерінің кеңекімен, жаңа өнімдер шығару үшін жаңа да, сапалы жобаларды игерумен байланысты болғанда да белгілі болады. Бұл жағдайда несиелік қатынастардын дамуы  жаңа салалардың пайда болуы, капиталдың бір саладан екінші салаға ауысып қайта құйылатындығы жүзеге асатындықтаннесие ролінің артқандығы туралы айтуға болады.

Әңгіме бұл жерде несие шектерінің сапасы мен саны жайлы. Несиелердің көптігі экономиканың даму процесіне, ақша айналымына кері әсерін тигізеді. Ол қарыз алушылардың қаржыларды үнемдеп пайдаланута деген ықыласын бәсеңдетеді. Ал, несие саласын мейлінше тарылтудың да кері әсері бар, себебі төлем қаржыларының жеткіліксіздігінен шаруашылық субъектілері ТМҚ-ны жабдықтарды сатып ала алмайды өзінің қызметкерлеріне еңбекақы төлей алмайды негізгі қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайып келгенде мұның бәрі өндірісте, тауарларды сатып-таратуда өз көрінісін байқатпай қоймайды. Несиенің шектерін негіздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен ұсыныстың, айналымдағы тауар мен ақша көлемдерінің, өндіріс пен тауарларды сатып-таратудың араларындағы үйлесімді тепе-теңдіктерді сақтап тұру үшін маңызы зор.Несиенің сандық шегі несиелік қаржыларды сандық жағынан шектеумен байланысты. Шектеулердің әдісі әр түрлі, тура әдіс. Ұлттық банк міндетті қор көздерінің мөлшерін арттырып, соның нәтижесінде несие көздерінің көлемін азайтады, экономикалык әдіс - пайыздық мөлшерлемені  көтерудің нәтижесінде несиелеу процесін тежейді. Сапалық шектері - бұл жағдайда несие тар көлемдік деңгейде де, кең көлемдік деңгейде де кері әсер етуге мүмкін.

Несиенін экономика циклінің тиісті кезеңіне байланысты кең көлемді деңгейде оң немесе теріс түрде қалай әсер ететіндігі жоғарыда атап көр-сетілді.Несиенің пайдаланылуы мен оның тар көлем деңгейінде әсер етуі көп факторларға ең бірінші несиелік қатынастарға қатысушы жақ-тардың ықыластары мен мүмкіндіктеріне байланысты  болады.

2.2 Несиенің қызметтері  несиелік мекемелердің қызметін қадағалаудың қажеттілігі, мақсаты,  принциптері, міндеттері және негізгі бағыттары

Қоғамымызда және еліміздің экономикасыңда несиелік жүйенің атқаратын ролі мен орны ерекше. Сондықтан ол мемлекеттік орындардың тарапынан мұкият қадағалау мен реттеу объектісі болып табылады Несиелік іс - мемлекеттің жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос қаражатын шоғырланлыру мен тартуға және оларды несиелеу қағидасына сәйкес белгілі бір буындар арасында үлестіруге бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы болып табылады.

Несиелік жүйе ішінара қор қағидасы негізінде қызмет етеді. Бұл мәселен әр банк пассивтерін қамтамасьп етуде   міндеттемелерінің шамалы бөлігін ғана құрайгын өтімді каржысының кажетті минимумын ғана қолдайды дегенді білдіреді. Әдетте баланстың 99г-ға дейінгі пассивтерін банктегі есеп айырысу, ағымдық шоттарда сақталатын басқа біреулердің ақшасы, жеке тұлғалар мен мемлекеттің шаруашылық буындарының резервтері құрайды.

Осы орайда салымшылардың мүдделерін қорғау, барлық несие жүйесінің өтімділігі мен төлем қабілетін және жөнді қьзмет етуін сақтау үшін мемлекет жекелей алғанда несиелік мекемелердің және тұтас несие жүйесін мұқият қадағалайды, бақылайды және реттеп отырады.

Банк опсрацияларының жекелеген түрлерін жүйеге асыратын ұйымдардың қызметі Қазақстан Республикасының «КР-дағы банктер және банк қызметі туралы». «ҚР Ұлттық банкі гуралы», «Акционерлік қоғамдар туралы». «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар шаруашылық серіктеетіктері туралы». «Валютаны реттеу туралы». «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы». «Сақтандыру қызметі туралы». «ҚР-дағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы». «Қаржы лезинингі туралы». «Микро-кредиттік ұйымдар туралы» және т.б. заңдар арқылы реттеледі.

Қаржылык нарық пен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің жәнеқадағаудың мақсаттары мыналар:

-қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасьгз ету және тұтастай қаржы жүйесіне деген сенімді қолдау;

- қаржы қызметі саласында тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың лайықты деңгейін қамтамасыз ету. Қаржы қызметінің тұтынушысы қаржы ұйымының қызметін пайдаланатын және өз қаражаттарын қаржы тетіктеріне салатын жеке және заңды тұлға. Қаржы қызметі сақтандыру және банк нарығына бағалы қағаздар нарығына инвестиция-лық жинақтаушы зейнетақы қорларына және өзге де қаржылық несиелік мекемелерге қатыстылардың қызметі;

-        қаржы-несие мекемелерінің арасындағы бәсекелестікке тең жағдай жасау.

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекепік реттеу мен қадағалау қағидалары мынадай:

  • ресурстар мен реттеу тетіктерін тиімді пайдалану;
  • қаржы ұйымдары мен қаржылық бақылау қызметінің ашықтығы;
  • тәуекелдерді ескеруге негізделген қаржылық операцияларды басқаруды ынталандыру;
  • жаңа қаржы тетіктері мен қызметтерін дамытуды қолдау, сондай-ақ қаржы нарығында жаңа технологияларды енгізу арқылы тұтынушылар мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың кешендігі.

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың міндеттері мыналар:

- қаржы ұйымдары қызметінің стандарттарын қалыгпастыру. қаржы ұйымдарын корпорациялық басқаруды жақсарту үшін ынталандыру тетіктерін жасау;

- қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының мониторингі;

- қаржылық нарығының тәускелге неғұрлым бейім салаларында қадағалау ресурстарын шоғырландыру.

Қаржы-несие мекемелерінін қызметін реттеу арқылы несие жүйесінің қадыптасуы мен дамуына негізінен мемлекет ықпал етеді.

Қадағалау мен мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары мынадай:

  • Орталық банктің несие-қаржы мекемелеріне қатысты саясаты;
  • мемлекеттің барлық деңгейіндегі сынық саясаты;
  • несиелік мекемелердің қызметіне мемлекеттің қатысы;
  • несие жүйесіндегі әртүрлі мекемелердін қызметін заңнамалық реттеу.

Несиелік мекемелердің  қызметтері өзара байланысты болғандық-тан одарды барлық бағыттар бойынша мемлекет реттеп отырады. Белгілі бір кезендерде мемлекет қоғамның несиелік жүйесіне кейбір бағыт-тардың ықпал-әсерін кеңейте алады.

Көптеген өнеркәсібі дамыған елдерде орталық банктердің саясаты ең алдымен коммерциялық жинақтаушы және өзге де банктерге қатысты болады да мынадай формаларда жүзеге асырылады:

  • Есеп саясаты. Ол коммерңиялық вексельдерді (көнілхаттарды) есептеу мен қайга есептеуден тұрады, ал оларды банк секгоры шаруашылық жүргізуші субьектілер мен тұрғын халықтан өздері берген несиелерді қамтамасыз ету ретінде алады да Оргалық банкке өткізіледі. Орталық банк алынған вексельдерді төленетін несие береді және қайта есептеле алынатын ресми есеп мөлшерлемесін яғни пайызын белгілейді. Есеп саясаты банк секторындағы кез-келген беделді мекемепің несие лимитіп калыптастыруға бағытталады. Несиенін барлық түріндегі өзге несие басы есеп саясатынан туады.

Міндетті резервтер формасының өзгеруі. Міндетті резерв нормасын белгілеу банктерді өз ресурстарының белгілі бір бөлігін Орталық  банктің пайыздық өсімі жоқ шоттарында сақтауды міндеттейді. Мұның негізгі мақсаты - банктердің экономиканы несиелеуге бағытталған ресурстарын реттеу және сол арқылы жинақталған ақша көлеміне әсер ету. Норманын ұлғаюы банктердің несиелік салымының шектелуіне, ал төмендеуі, керісінше, олардың өсуіне соқтырады.

  • Аіііык рыноктағы операциялар. Мемлекеттін бағалы қағаздарына қатысты. Орталық банктің оларды сатуы несиелік мекемелерде ақша ресурстары көлемінің азаюына соқтырады, сол арқылы банктердің несиелік салымының көлемі де азаяды. Ал бұған керісінше, өз қызметін ширата түсу үшін банк несие нарығындағы бағалы қағаздарды сатып алады да сол арқылы кейіннен экономикаға салу үшін ақша ресурстарын босатады.

Мемлекеттің тікелей ықпалы. Несиелік мекемелердін қызметі лицензиялар беру, нұсқаулар, бағыттамалар түріндегі тікелей ұйгарымдар жасау, олардың орындалуын бакылау, ал орындалмаған жағдайда шара қолдану арқылы реттеледі.

Бұрын айтқанымыздай несие жүйесін мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарына Орталық банк тетігінен өзге, мыналар жатады:

  • мемлекеттің салық саясаты, ол несиелік мекемелерде пайданыц салық мөлшерлемесінін өзгеруін білдіреді. Оның ұлғаюы несиелік операциялар көлемінің азаюуына және пайыздык мөлшерлемесінін өсуіне әсер етсе, төмендеуі мұндай операциялардың кеңеюіне және пайыздық мөлшерлеменің кемуіне соқтырады;
  • несиелік мекемелердің қызметіне мемлекеттің қатысуы жекеменшік және аралас мекемелердің мемлекеттік мекемелерге айналуын несиелік мекемелердің біршама акцияларды сатып алуы арқылы жарғылық капиталға үлестік қатысуын, жаңа мемлекеттік мекемелердің құрылуын білдіреді және несие капиталынын сұранымы мен ұсынысына, оның рыногының өлшемі мен несие пайызына ықпал етеді, заңдарды заңға тәуелді актілерді, ережелерді тұжырымдау арқылы несиелік мекемелердің қызметін заңнамалық реттеу. Оларды парламент, орталық және жергілікті билік органдары шығарады.

Сөйтіп, несиелік жүйені мемлекеттік реттеу өзінің қалыптасуында қым-қуыт бейімделу кезеңдерін және күрделі құрылымдық өзгерістерді басынан өткізген өте күрделі, белгілі дәрежеде пәрменді әлі мейлінше кереғар механизм.

2.3 Қазақстандағы несие жүйесінің даму тарихы

Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгеріске ұшырады: Банк жүйесінін барлық компоненттері жалпы әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда. Ғылыми-техникалық революцияның дамуы себепші болган өндірістің шоғырлануы капиталдың шоғырлануымен орталықтандыруын талап етгі, соған сәйкес банктер өз операцияларын несиелік ресурстарды ірілендіру жағына қарай түрлендіре бастады, яғни қазіргі банк жүйесінің экономика дамуының езгермелі жағдайларына бейімделу қатар жүреді; банк жүйесінің құрылымдылық қайта құрылуы көз алдымызда; белгілі мамандандырудың сақталуымен қатар, банк қызметінің шоғырлануы мен әмбебаптануы орын алады; банктік емес несиелік мекемелердің динамизмі байқалады. Банктердің жеке типтерінің арасында банктер мен банктік емес мекемелер арасындағы өзгешеліктердің немесе бөгеулердің жедел жойылуы - соңғы жылдары несие жүйесінің құрылымдық қайта құрылу тенденция-сының маңыздысының бірі.

Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозитгік шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр түрлі несиелер беру, бағалы қағаздарды сатып алу, мүлікті сенімхат бойынша басқару және басқа да көптеген банктік және «банк төңірегінде» қызметтер көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін (кейбір бағалаулар бойынша 200 шамасында) жүзеге асырады. Несиелік мекемелер қызметінің осындай көп мақсатты сипаты қазіргі қаржылык капитал талаптарында мейлінше толық сай келеді.

Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша көрінеді. Біріншісі - дәстүрлі емес банктік операциялардын кеңеюі арқылы. Коммерциялык банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпаратгық-кеңес беру бизнеске және т.б. кіруге тырысады. Олар қаржылық қызмет көрсетудін бұрын тіпті қатыспаған немесе өте сирек қатысқан сферасында -козғалмайтын мүліктік мәмілелерге, бухгалтерлік және компютерлік қызмет көрсетуге, лизингтік істерге қатыса отырып несиелік мекемелердің басқа да топтарымен тікелей конфронтацияға баруда.

Екіншісі - банктік нарықтарда банктік емес мекемелердің (сақтандыру, брокерлік, жинақ, сенімгерлік компаниялар, зейнетақы қорлары және т.б.) енуі арқылы. Соңғылары бүгінгі таңда банктермен инвестициялық қызметте, акпараттық-кенестік қызмет керсетуде, сонымен қатар, таза банктік сфера - депозиттік-қарыз операцияларымен барынша бәсекеге тусуде.

Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық қаржылық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалык қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие онын бір түрі.

Түрдің формадан айырмашылығы - диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудін категориясы болады.

Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:

1.мерзімдері бойынша:

а) қысқа мерзімді (1 жылға дейін)"

ә) орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін),

б) ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары);

2.несиелеу объектілері бойынша:

а) негізгі қорларға берілетін несие

ә)  айналым қорларына  берілетіннесие;

3.несиелеу әдістері бойынша:

а) қалдық бойынша несиелеу;

ә) айналым бойынша несиелеу.

Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар.

Соңғы жылдары банктер мен басқа арнайы қаржы-несие мекемелері арасындағы халыктық және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес ерекше шиеленіскен сипатқа ие болды.

2.4  Нарықты реттеудің мәні және жолдары, несиенің формалары мен  түрлері

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әруақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, кажетті байланыс-тардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байла-ныс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді. Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымең қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекетгік, хзлық-аралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады.

Коммерииялык несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарларды өт-кізуді жылдамдату. Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу бірдей емес уақыт кезеңін және көбінесе белгілі бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің құрылымы вексель - жазбаша қарыздык міндеттеме болып табылады. Ол оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқык береді.Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталис-тердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әрқайсысы коммерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін қажет емес капиталдың шегінде ғана бере алады. Екіншіден, коммерция-лык несие өзінің бағыты бойынша шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал-жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс кәсіп-орнының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммер-циялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал-жабдығы бола алмайды. Монополияға дейінгі капитализм кезе-ңінде коммерциялық несие өндіріс пайызының және тауарларды өт-кізудің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, несиелік жүйенің негізі болды. Қазіргі уакытта фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын - төлемді кейінге қалдыра отырып сатуды белсенді қолданады. Бұл ұсақ және орта фирмалардың төлем қабілеттілігінің шамалылығымен, тауарлар құнының өсуімен, банктік қарыз алуды қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.

Банктік несие - бұл банктердің арнайы несие-қаржылық мекеме-лерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақша-лай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрика-сының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға береді.

Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинактарын капиталға айналдыра отырып, капитал-дың қорлануына қызмет етеді. Банктік және коммерциялық несиенің динамикасы әр түрлі. Ком-мерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының ұлғаюымен жоғарылайды және олардың азаюымен қысқарады. Өнеркәсіптің дамуы кезеңінде оған ұсыныс және сұраныс жоғарылайды, ал дағдарыстар кезінде азаяды. Өндіріс дағдарыстары әсерінен тауарлардың өндірілуі мен өткізілуі де кысқарады, ал қарыздарды төлеу үшін банктік несиеге деген сұраныс өседі. Өндірістің жанданып, жоғарылаған кезінде нағыз капиталдың көлемі өседі, өндірістік мақсаттар үшін банктік қарыздарға деген сұраныс жоғарылайды. Қоғамдық капиталдың ұдайы өнді-рілуі тұрғысынан банктік несие қарыз капиталына (қарыз алушылар қара-жаттарды жұмыс істеп тұрған капиталдың көлемін ұлғайту үшін пай-даланғанда) және ақшалай қарызға (қарыз алушылар қаражатты өзде-рінің қарыздық міндеттемелерін өтеу үшін алғанда) бөлінеді. Жеке капи-талды ұдайы өндіріс тұрғысынан алғанда, бұл бөліну қарыздың камта-масыз етілуіне байланысты және қарыз алушы капиталының шамасына несиенің әр түрлі әсерін көрсетеді. Несие алу кезінде тауар-ларды, бағалы қағаздарды кепілдікке қоя отырып, борышқор банктен қосымша капитал алмайды. Оның көзқарасы тұрғысынан, бұл -ақша карызы.

Тұгыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық (бөлшек сауда орындары арқылы төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды сату) және банктік (тұтыну мақсатына қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті - тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жаганан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан - тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе, қазіргі уақытта нарықтың тауар-лармен толығу жағдайында көрінеді. Ипотекалық несие - жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.

Мемлекетгік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қа-рыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несие-нің негізгі формасы -мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзім-ді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы са-лымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер және де басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюд-жеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде - бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп тұрады.

Халыкаралық несие - валюталық және тауарлық ресурстарды қай-тарылымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қа-рыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар және қарыз алу-шылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік меке-мелер, сонымен қатар халықаралық және аймактық ұйымдар қаты-насады. Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық қаржылық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалык қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие онын бір түрі. .

Түрдің формадан айырмашылығы - диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудін категориясы болады.

Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:

1.мерзімдері бойынша: а) қысқа мерзімді (1 жылға дейін)" ә) орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін), б) ұзақ мерзімді (3-5 жылдан жоғары); 2.несиелеу объектілері бойынша: а) негізгі қорларға берілетін несие  ә)  айналым қорларына  берілетіннесие; 3.несиелеу әдістері бойынша: а) қалдық бойынша несиелеу; ә) айналым бойынша несиелеу.  Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар. Мысалы, тұтыну несиенің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады: 1.несиелеу объектісі бойынша: тауарлы және қаржылық несиелер; 2.экономикалық мазмұны бойынша; сыртқы сауда операция-ларымен байланысты коммерциялық және қаржылық - кез келген мақсат үшін пайдаланылады (қарызды өтеуге, бағалы кағаздарға инвестициялау);3. несие субъектілері бойынша: жеке, үкіметтік және халық-аралық қаржылық ұйымдар беретін; 4. мерзімдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауарлық несие коммерциялык несиеніи алғашкы негізін қалайды. Шаруашылық жұрт ізуші субьектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына өзгереді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие берушіге алынған тауарлық несиенің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа құжаттарды жазып береді, несие беруші оларды ақша формасында ссуда алу үшін банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастардың жүргізуші субъектілері ретінде шаруашылық субъекті-лері және банк саналады. Оның мазмұнындағы өзгерістер салдарынан не-сиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің, ең алдымен банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды.

Несиелік қатынастардың несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадагы несие жүйесі түсінігін құрайды.

Тар мағынадағы несие жүйесі - бұл несие-қаржы қатынастарын ұйымдастырушы ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсететін несие мекемелерінің желісі.

Басқаша айтқанда несие жүйесі банктік және басқа несиелік мекемелердің несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен мәлімдемелерінің жиынтығымен сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастырудың екі жүйесі бар: банктік және банктік емес институттар шеңберінде. Сәйкесінше несиелік жүйенің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік мекемелер мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.

Несие жүйесі несиелік операциялардың көлемінің функционалдық мамандануымен және несиелік мекемелердің санымен сонымен бірге шаруашылықты жүргізудің жекелеген субъектілеріне ұсынылатын қаржы-несие қызметтерінің санымен сипатталады.

Қазіргі кездегі несие жүйесі бұрынғы жүйеден төмендегі белгілер бойынша өзгешеленеді:

- банктік капиталдың және банктік монополиялардың шоғырлануы және орталыктануы;

- несиелік мекемелердің әр алуан түрлері арасындагы бәсекенің күшеюі;

- банктік капиталдың өнеркәсіптік капиталмен байланысуы және қаржылық қапиталдың қалыптасуы;

- несиелік, соның ішінде монополистік мекемелер қызметінің ғаламдануы мен интернационалдануы және континент аралық халықаралық несиелік монополиялардың пайда болуы.

Экономиканың тарихи-экономикалық дамуының әрбір сатысына несиелік істі ұйымдастырудың өз типі, несие-ақша қызметіндегі сәйкес сұраныстарға жауап беретін несиелік жүйенің өз құрылымы сәйкес келеді. Мысалы. КСРО-ның жоспарлық-орталықтандырылған экономи-касына Мемлекеттік банк баскарған несиелік жүйенің катаң орталық-танған құрылымы сәйкес келеді, нарықтық экономика үшін басқасы, яғни банктік және банктік емес мекемелердің демонополизацияланған құрылымының кең желісі сәйкес келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Алматы, 1990.
  2. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» Алматы  1991.

3.Әубәкіров  «Экономика теория негіздері»  Алматы, 1999.

4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б.,  Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев   «Экономикалық теория»  Алматы, 1999.

5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева

  1. «Заң»Республикалық құқықтық, ғылыми практикалық журнал А-2000
  2. История экономических учений Москва, 1994.
  3. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000.
  4. Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994.
  5. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. А-2003.
  6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.
  1. Реуэль А.Л. «Экономических учений» Москва 1972.
  2. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001.
  3. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А-2002.

15.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек  «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік»  Алматы, 2002.

  1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003.
  2. Ядгаров Я.С. «История экономических учений»   Москва 1998.

Похожие материалы