Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Оңтүстік аудан ежелгі уақыттан бастап Қазақстан мен Орта Азияның тарихында ерекше орын алды. Ұлы Жібек жолы басып өткен өлке барлық жағынан гүлдену үстінде болды. Ежелгі қалалар (Отырар, Испиджаб, Түркістан, Шавгар, Сауран, Арыс және т. б) тек сауда ғана емес, ғылым мен мәдениет орталықтары да болды. Бұл ауданмен Әбу Насыр әл-Фараби мен Қожа Ахмет Йассауидің өмір жолдары тығыз байланысты.
Бұл экономикалық ауданға Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді. Аумағы – 712,2 мың шаршы шақырым.
Оңтүстік Қазақстан — республиканың барынша дамыған экономикалық аудандарының бірі. Ауыл шаруашылығының мамандану бағыты бойынша ол көршілес жатқан Орта Азияға өте ұқсас. Бұл - Қазақстанның бағалы техникалық және дәнді дақылдары - мақта, қант қызылшасы, темекі, күріш, жүгері өсірілетін басты суармалы егіншілікті ауданы. Ол бақ, жүзім және қой өсіру жөнінен бірінші орын алады. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан - республиканың кен өндіру және өңдеу, ауыр өнеркәсіп салалары жақсы дамыған аса ірі өнеркәсіпті ауданы. Аудан жеңіл және тамақ өнеркәсібінің өнімдерін шығарудан да республикада бірінші орын алады.
Оңтүстік Қазақстан суармалы егіншілік дамыған аудан. Мұнда көкөніс, бақша дақылдарын, жүзім өсірумен айналысады. Оңтүстік «валюталық» дақыл-мақта өсіретін бірден - бір аудан, миллиондаған гектар жайылымдық жерлер мал шаруашылығының тамаша базасы болып табылады. Сонымен қатар бұл аудан әлемнің түрлі елдерінен келетін туристер назарын аударатын таңғажайып көркем жер.
Батысында Арал теңізінен бастап, шығысында Жоңғар қақпасына дейінгі және солтүстігінде Балқаш көлі мен Бетпақ дала шөлінен республиканың оңтүстігіндегі шекарасына дейінгі орасан зор аумақты Оңтүстік Қазақстан алып жатыр. Оңтүстік Қазақстанның аумағы батыстан шығысқа қарай шамамен 2000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай — шамамен 700 шақырымға созылады. Ол Батыс Қазақстаннан сәл кіші болғандықтан, аумағының көлемі жөнінен республикада екінші орын алады.
Осынау кең-байтақ аумақтағы кейбір аудандардың революцияға дейін өзара байланысы болмады. Мұндағы бірден-бір темір жол Орынбор — Ташкент магистралінің бір бөлігі ол кезде ауданның батысындағы халық сирек қоныстанған жерлермен өтіп, негізінен, транзиттік маңызы болды. Революциядан кейінгі жылдары жаңадан бірқатар темір жолдар мен автомобиль жолдарының салынуы нәтижесінде Оңтүстік Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы түбірімен өзгерді. Бұл көлік жолдары, ең алдымен, бүкіл Оңтүстік Қазақстанды біртұтас жүйеге біріктірсе, оның өзін Орта Азия республикаларымен, Батыс Сібірмен және Ресей Федерациясының еуропалық бөлігінің аудандарымен байланыстырды.
І тарау Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық жағдайы
1.1 Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының демографиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан халқының саны жөнінен республикада бірінші орын алады. Халқының жалпы саны – 6 млн. 363 мың адам. Мұнда Қазақстан халқының 38%-ынан астамы тұрады. Халқының орташа орналасу тығыздығы 1 шаршы шақырымға 9 адамнан келеді, бұл республика бойынша алғандағы орташа тығыздықтан едәуір жоғары және негізінен Тянь – Шань, Жоңғар Алатауы, Қаратау жотасы мен Сырдария өзені аңғарында шоғырланған. Ол жерлердегі халқының тығыздығы кейде 1 шаршы шақырымға 100 адамға дейін жетеді. Әсіресе, Алматы, Шымкент маңайы, Қаратал, Талас, Асы өзендері аңғарлары мен Сырдарияның төменгі ағысында халық жиі қоныстанған. Ол жерлердегі тұрғындардың тығыздығы 1 шаршы шақырымға 200 адамнан асады.
Алматы қаласының халқы 1 млн. 130 мың адамды құрайды. Шымкентте халық саны 393 мыңнан астам, Түркістан тұрғындары 78 мыңнан астам, Таразда 307 мыңнан астам, Талдықорғанда 119 мыңнан астам, Қызылорда қаласында 153 мыңнан астам.
Балқаш маңы, Мойынқұм, Бетпақдала, Арал маңындағы Қарақұм мен Қызылқұм шөл далаларында халық тым сирек қоныстанған – көбіне 2, тіпті 4 шаршы шақырымға 1 адамнан ғана келеді. Алайда көршілес жатқан Орта Азия республикаларындағыдай, мұндағы халықтың орташа орналасу тығыздығы бірдей емес, өйткені әдетте 1 шаршы шақырымға бірнеше ондаған адамнан келетін халық жиі қоныстанған елді мекендер мұнда халық сирек қоныстанған немесе тіпті мүлде қоныстанбаған шөлді аумақпен кезектесіп келіп отырады.
Халықтың басым көпшілігі Тянь-Шаньның, Жоңғар Алатауының тау бөктерлеріне, Қаратау жоталарына және суармалы егіншілік күшті дамыған Сыр бойына шоғырланған. Бұған керісінше, тау бөктерлері мен ірі өзендердің аңғарларына қарама-қарсы, Балқаш бойының, Мойынқұмның, Бетпақ даланың, Арал маңындағы және Қызылқұмдағы шөлді аумақтарда биік таулы аудандардағы секілді, халық өте сирек қоныстанған.
Революциядан кейінгі жылдары Оңтүстік Қазақстандағы қала халқының үлес салмағы бес еседен астам өсті. Қала халқы, ең алдымен, Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда сияқты ірі қалаларда жоғары көрсеткіштерге жетсе, Текелі, Кентау, Қапшағай, Аралсульфат және басқа жаңа қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстарда да халық саны едәуір өсті.
Оңтүстік Қазақстанда ауылды жерде тұратұн халық басым (52%). Алматы, Шымкент, Тараз, Ленгір, Кентау, Жаңатас, Қаратау сияқты жаңа қалалар, Аралсульфат, Кировск сияқты жаңа қала типті елді мекендер пайда болды.
- Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ірі қалалары
Оңтүстік Қазақстанда 65-тен астам қалалар мен қала үлгісіндегі елді мекендер бар. Республиканың басқа аудандарымен салыстырғанда мұнда кен байлықтарын игеруге байланысты немесе ауылшаруашылық шикізаттарын ұқсату орталықтары және электр энергиясын өндіретін орталықтар ретінде пайда болған жаңа қалалық елді мекендермен қатар, сауда және ұсақ қолөнер орталықтары ретінде ежелгі керуен жолдарында бой көтерген өте ескі қалалар да бар. Оларға Қазақстанның ежелгі қалалық елді мекендері болып есептелетін Тараз және Шымкент қалалары жатады. Оңтүстік Қазақстанның тау бөктерлеріндегі көптеген қалалық елді мекендерге тән нәрсе – олар, негізінен, тау өзендерінің таудан жазыққа шыққан жерлеріне орналасқан. Бұл жерлерде кейін халық жиі қоныстанып, көлемі әр түрлі суармалы егіншілік ошақтары, жеміс бақтары, бақшалар пайда болды.
Шымкент - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, республиканың ең ежелгі қалаларының бірі. Ол Өгем тау жотасының етегіндегі жазықта, Сайрам және Бадам өзендерінің аралығында, Арыстан Тараз бен Алматыға қарай темір жол өтетін тұсқа салынған.
Қазір Шымкенттің негізі қаланғанына 800 жылдай уақыт болды. Ол XII ғасырда-ақ Орта Азиядан Қытайға баратын думанды сауда жолының бойында пайда болған. XIX ғасырдың басында Шымкент Қоқан хандығының құрамында болды. 1864 жылы қала қоқандықтардан Ресей бодандығына өтті. Қазан революциясының қарсаңында Шымкент, негізінен, ұсақ қолөнершілер тұратын шағын қалашық еді. Қаладағы жартылай қолөнермен айналысатын өнеркәсіп орындарының ішінен ол кезде әлемдегі бірден-бір кәсіпорын сантонин зауытын ерекше атап айтуға болады.
Революциядан кейінгі жылдар ішінде Шымкент республиканың маңызды өнеркәсіп орталықтарының біріне және халқының саны жөнінен Қазақстанның Алматы мен Қарағандыдан кейінгі үшінші қаласына айналды. Қаратаудағы қорғасын кен орнының игерілуі, мақта егісінің үлғайтылуы және Түрксіб темір жолының салынуы Шымкентте өнеркәсіптің дамуына себепші болды. Түрксіб темір жолының салынуы нәтижесінде қала Орта Азиядан Сібірге және Мәскеуден Алматыға баратын жол торабына айналды.
Қаланың аса маңызды кәсіпорны – қорғасын зауыты соғыска дейін салынған. Химия-фармацевтика және ұста-жаныштау жабдықтары зауыттарының даңқы баршаға мәлім. Мақта тазартатын және май сығатын зауыттары, мақта-мата комбинаты. қаракөл, жеміс-консерві және басқа зауыттар ауылшаруашылық шикізаттарын ұқсатады. Қалада тоқыма, шұлық, тігін фабрикалары бар. Республикадағы аса ірі цемент зауыты жергілікті шикізатты пайдаланса, фосфор тұздары зауыты — Тараздан жеткізілетін шикізатты пайдаланып, жұмыс істейді. Таяуда мұңай өңдейтін зауыт салынды. Қазіргі Шымкент — маңызды мәдениет орталығы. Қалада республикадағы аса ірі жоғары оқу орындарының бірі — химия-технология және гуманитарлық университеттер, ондаған арнаулы орта оқу орындары және оннан астам кәсіптік-техникалық колледждер жұмыс істейді.
Түркістан – Қаратау жотасының батысында, тау етегіндегі құнарлы сұр топырақты жазыққа орналасқан. Қала Оңтүстік Қазақстандағы мақта өсіретін ежелгі аудандардың бірінің орталығына жайғасқан. Климатының құрғақ әрі ыстық болуы және Қаратаудан басталатын өзендердің суын жер суаруға пайдалану мұнда мақта шаруашылығын жүргізуге мүмкіндік береді. Бүл жердің өніп-өсу кезеңіндегі температурасының жиьнтығы 4300 градустан асады. Ертеде Хазрет, кейінірек - Йасы деп аталған Түркістан қаласының негізі қаланған уақыт белгісіз болғанымен, ол XV ғасырда-ақ Самарқан мен Бұхардан Хиуа мен Еділге, Солтүстік Қазақстан мен Сібірге баратын маңызды керуен жолындағы ірі қолөнер және сауда орталығы болған. 1897 жылы Түркістанда Шымкенттің халқындай 11,3 мың адам тұрған. Қалада жүздеген сауда орындары, қырық шақты кәсіпорын, оның ішінде мақта тазартатын төрт жартылай майдагер зауыт, бірнеше шағын май айыратын, сабын қайнататын және бір тері зауыты болған. Түркістан сонымен қатар мал айдап өтетін және мал соятын ірі орталық болып есептелетін.
1906 жылы қаланың оңтүстік-батысында 5 шақырым жерден Орынбор - Ташкент темір жолы салынғаннан кейін Түркістанның маңызы күрт кемиді, бірақ Түркістан станциясының және кейінірек осында пайда болған Борисовка қонысының маңызы артады.
Қазіргі уақытта қалада мақта тазартатын және май зауыты, одан 30 шақырым жерде алебастр зауыты жұмыс істейді. Жөндеу-механика және малазықтық антибиотиктер зауыты — қаладағы жаңа кәсіпорындар. Қаланың ескі бөлігі мен жаңа бөлігі айқын байқалады. Қаланың жаңа бөлігі жақсы көгал-дандырылған, арықтарында сылдырап су ағады. Ежелгі ескерткіш ~ ақын әрі XI—XII ғасырларда ісләмді уағыздаушы Қожа Ахмет Йассауи кесенесі — қаланың көрікті орындарының бірі. Бұл кесене Самарқан билеушісі Темірдің бұйрығымен XIV–XVI ғасырларда тұрғызылған. Түркістанның оңтүстігінде Ежелгі Отырар қаласының маңындағы Темір елді мекенінде 1405 жылы Қытайға жасаған жорығынан қайтып келе жатып Ақсақ Темір қайтыс болған.
1991 жылы ірі жоғары оқу орны ~ қазақ-түрік университетінің ашылуына орай Түркістанның тарихи-мәдени маңызы арта бастады.
Университет ғылымның көптеген салалары бойынша, мамандар даярлайды. Бұл оқу орнында Таяу және Орта Шығыс елдерінен келетін жастар да оқитындықтан, оның халықаралық мәртебесі жоғары.
Тараз – облыс орталығы, Талас өзенінің темір жолмен қиылысқан жеріндегі дөңеске, Талас–Асы жазиралы алқабының орталығына орналасқан.
Тараз — Қазақстанның ең ежелгі қалаларының бірі. Бұл "Ұлы Жібек жолындағы" ірі сауда орталығы болған. Кейін монғолдар шапқыншылығы кезінде құлдырап, XVIII ғарырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында ғана қайтадан бой көтерді. Мұнда қоқандықтар бекініс тұрғызды. Оның қасынан Орта Азия қалаларына тән қисық әрі тар көшелері, терезелері аулаға қаратылып, кілең сазбалшықтан салынған үйлері бар Әулиеата қаласы өсіп шықты. Ол ірі сауда және қолөнер орталығына айналды. Бұл жерден солтүстікте Астана мен Омбыға және оңтүстікте Ферғана мен Ташкентке баратын" керуен жолы басталған.
1864 жылы Әулиеата қоқандықтардан босатылды. Осыдан кейін қаланың ескі бөлігінің қасынан кірпіш үйлерден тұратын, ұзын әрі кең көшелері мен саябақтары бар жаңа қала пайда болды. Қала Ташкенттен Бішкек пен Верныйға баратын қатынас жолының үстінде болып шықты. Мұнда ауылшаруашылық шикізаттарын бастапқы ұқсататын шағын кәсіпорындар пайда болды.
Қазіргі Тараз – ірі өнеркәсіп орталығы және көлік жолдарының торабы. 30-жылдары Талас–Асы алқабында қант қызылшасы егісінің пайда болуы және соғыстан кейінгі жылдары Қаратаудағы жоғары сапалы фосфорит қорының игерілуі де қала өнеркәсібінің дамуына септігін тигізді. Мүнда тамақ, жеңіл және химия өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары құрылды, ол жөнінде Қаратау-Тараз аумақтық-өндірістік кешенін сипаттаған сәтте айтып өткенбіз. Тараз республиканың жақсы көгалдандырылған қалаларының бірі.
Талдықорған – XIX ғасырдың 70-жылдарында пайда болған бұрынғы Гавриловка ауылы, қазір Алматы облысының орталығы. Ол Қаратал өзенінің сол жағасына орналасқан.Бұл - жергілікті ауылшаруашылық шикізаттарын ұқсататын ірі орталық. Мұнда жеміс-консерві зауыты, тігін және жиһаз фабрикалары, құрылыс материалдары комбинаты жұмыс істейді. Қала маңындағы Көксу және Қарабүлақ қоныстарында қант зауыттары бар. Қала шетіне аккумулятор зауыты салынған. Бұл зауытты экология тұрғысынан таза ету үшін қазір ағылшын фирмаларының біріндегі мамандардың көмегімен ол қайтадан жабдықталуда. Осының нәтижесінде зауыт көп үзамай-ақ санитариялық нормаға сай жүмыс істейтін болады. Қалада гуманитарлық университет, театр, орта оқу орындары бар. Қала жақсы көгалдандырылған, кейбір көшелерінде екі жақта өсіп тұрған ағаштардың бүтақтары біріне-бірі қарама-қарсы созылып, кейде қосылып та кеткен.
Қызылорда – облыс орталығы. Бұл XIX ғасырдың басында қоқандықтар түрғызған бүрынғы шағын Ақмешіт бекінісі. Оны орыстар жаулап алған соң, 1853 жылы Перовск қалашығы деп атады. Революциядан кейін қала өзінің бұрынғы атымен Ақмешіт деп аталды, ал 1925 жылы Қазақ Автономиялы Республикасының астанасы Орынбордан осында көшірілуіне байланысты ол Қызылорда болып аталды.
Революциядан кейінгі жылдары қала адам танымастай өзгерді. Оның ескі бөлігінен әлі де саз балшықтан жасалған үйлер ұшырасқанымен, енді олар қазіргі Қызылорданың келбетін көрсете алмайды. Қаланың жаңа аудандары, орталық және вокзал маңындағы бөліктері көп қабатты үйлерден тұрады, соңғы жылдары мұндай үйлер Қызылорданың оңтүстік және солтүстік бөліктерінде де бой көтерді. Университеттің, политехникалық, медицина және педагогика колледждерінің оқу ғимараттары қаланы сәндендіре түсті.
Қала төңірегінде ашылған маңызды қазба байлықтар жоқ. Сондықтан Қызылордада, негізінен, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің салалары дамыған. Күріш тазартатын, былғары, сыра зауыттары, ет және сүт комбинаттары, аяқ киім фабрикасы – қаланың ірі кәсіпорындары. Қалада күріш сабаны мен Сырдария өзенінің аңғарындағы құрақты пайдаланатын целлюлоза-картон комбинаты салынған. Жуық арада Құмкөл мұнай кенін игеруге байланысты қалада "Харрикейн-Құмкөл мұнай" акционерлік қоғамы жүмыс істей бастады.
Алматы – республикалық дәрежедегі қала. Қала республиканың оңтүстік-шығысына, Тянь – Шань тау жүйесінің жалғасы болып саналатын Іле Алатауының бөктеріне, теңіз деңгейінен 750-880 м биіктікте, Үлкен және Кіші Алматы өзенінің таудан шыға берісіне 1929—1931 жылдары салынған Семей—Құлан (Түрксіб) темір жолынан 9 шақырым оңтүстікке орналасқан.
Ол Іле әскери бекінісі ретінде 1854 жылы пайда болған, алайда қаланың тарихы ғасырлар тереңінен басталады. Бұл жерде орта ғасырдың бас кезінде сауда және қолонермен айналысатын Алимату деген елді мекен болған, ол арқылы Византия мен Орта Азиядан Қытайға баратын керуен жолы өткен. XIII ғасырда қаланы монғолдар жермен-жексен еткен. Кейінірек қала бірде қалпына келсе, бірде қайтадан шапқыншылардың қиратуына ұшыраған.
Көп кешікпей Іле бекінісінің, ал 1855 жылдан бастап Верныйдың айналасына казактар мен Сібірдің және Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударған шаруалар орнығып, Үлкен және Кіші Алматы казак станицаларын қүрған, 60-жылдары Семейден шыққан татарлар және ішінара Шығыс Түркістаннан келген үйғырлар мен дүнгендер мекендеген Татар қыстағы пайда болды. Ол кезде қалада тұратын қазақтар өте аз еді, олар қала түрғындарының 6%-ы ғана болды. Сонымен, Верный өзі пайда болған күннен бастап көп ұлтты қалаға айналды. Ол 1867 жылдан бастап жаңадан құрылған Жетісу облысының орталығы болды.
Верный XIX ғасырдың аяғынан бастап белгілі сауда орталығына айналды. Бұған қаланың географиялық орнымен бірге Семей, Ташкент және Батыс Қытайдағы Құлжаға баратын маңызды керуен жолының торабына орналасуы да жағдай туғызды.
Қазан революциясынан кейін, 1921 жылы Верный Алматы болып атанды. Ол 1924 жылдан бастап Жетісу губерниясының, кейінірек — Қазақ АССР-і Алматы округінің орталығы болды. 1929 жылдың мамырында бұл қалаға Қызылордадан республиканың астанасы көшірілді, ал бір жыл өткен соң Түркістан—Сібір темір жолы қатарға қосылып, қала өзінің бүкіл тарихында түңғыш рет Қазақстанның және басқа елдердің аудандарымен темір жол байланысын орнатты. Осы уақыттан бастап Алматыда ірі өнеркәсіп, мәдени-ағарту және коммуналдық-тұрмыстық құрылыс өрістетілді. Қала тез өсіп, көп кешікпей халқының саны жөнінен республиканың барлық қалаларын басып озды.
Қазіргі Алматы — республиканың ондаған зауыттары мен фабрикалары бар аса ірі енеркәсіп орталықтарының бірі. Мұнда тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары басым. Олар өнеркәсіп орындары өндіретін өнімнің 70%-дан астамын береді. Тамақ өнеркәсібінің барлық аса маңызды кәсіпорындары, негізінен, жергілікті шикізаттарды пайдаланып, жұмыс істейді. Олардың көпшілігі өз өнімдерінің басым бөлігін басқа қалаларға жөнелтеді, ет-консерві және жеміс-консерві комбинаттарының республикааралық маңызы бар.
Алматының жеңіл өнеркәсібі тамақ өнеркәсібіне қарағанда, жергілікті шикізатты да, сондай-ақ сырттан әкелінетін шикізатты да пайдаланады. Мұнда мақта иіру, тоқыма, тігін және аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді. Ескі иленбеген қайыс-бұйым зауыты тері комбинаты болып қайта жабдықталды, қалада ірі жиһаз фабрикасы бар. Алайда жылына 77 миллион метр мата шығаратын мақта-мата комбинаты жеңіл өнеркәсіптің ең ірі кәсіпорны болып саналады.
Қаланың ауыр өнеркәсібі бірнеше машина жасау және жөндеу-механикалық зауыттарынан тұрады. Бұл саладағы аса ірі кәсіпорын – ауыр машина жасау зауыты (АЗТМ). Ол домна пештері үшін күрделі жабдықтар, сондай-ақ болат, мыс, алюминий сымдары мен кіші диаметрлі түтіктер жасауға арналған созу стандартын шығарады. Қалада станок жасау зауыттары және көлік құралдарының қажетін өтейтін вагон жөндеу, аспаптар жөндеу, подшипник жөндеу, шина жөндеу және автомобиль жөндеу зауыттары секілді бірқатар кәсіпорындар бар. Кейбір кәсіпорындар ауылшаруашылық машиналарына қосалқы бөлшектер шығарады. Жылу электр станциялары, Іле өзеніндегі Қапшағай СЭС-і, Үлкен Алматы езеніне салынған су электр станциялар тобы қаланы электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Алматы – Қазақстанның ғылым мен мәдениет орталығы. Мұнда республиканың Ғылым академиясы, он бестен жоғары және соншама арнаулы орта оқу орындары, көптеген кітапханалар, театрлар бар. Алматы – бірін-бірі тік қиып өтетін түзу көшелері, жер сілкінуін көтеретін биік үйлері, жаңа алаңдары бар республиканың әсем қалаларының бірі. Жақсы көгалдандырылған бұл қаладан жазғы ыстықтың өзінде де салқын леп есіп түрады.
- Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының шаруашылығы
Бұрынғы ХIX ғасырдың ортасына дейін Оңтүстік Қазақстанның халқы, негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Бұған маусымдық жайылымдардың бір-біріне жақындығы, атап айтқанда, жазғы жайылымдардың тауда, қысқы жайылымдардың шөлді жазықтар мен ірі өзендердік аңғарларында, ал көктемгі, күзгі жайылымдардың тау бөктерлерінде орналасуы барынша қолайлы жағдай туғызды. Мұнда суармалы егіншіліктің де айтарлықтай маңызы болды. Арыс, Келес және Талас өзендерінің алаптарында суармалы егіншілікпен шүғылданды. Дәнді дақылдар өсіріп, бау-бақша жүзім отырғызды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында аудан экономикасының дамуына қазақ және орыс-украин шаруаларының көшіп келуі зор ықпал етті. Көшіп келушілерге Жоңғар Алатауының солтүстік және батыс бөктерлеріндегі, Іле Алатауы мен Қырғыз жотасының солтүстік беткейлеріндегі егіншілікке барынша қолайлы жерлер бөлініп берілді.
Ол кезде өнеркәсіп шитті мақта, жүн, теріні бастапқы өңдеумен айналысатын. Шымкенттегі сантонин зауыты, Қарғалыдағы шұға фабрикасы, Верныйдағы сыра зауыты мен темекі фабрикасы едәуір ірі кәсіпорындар болды. XIX ғасырдың аяғынан бастап Ленгірдің қоңыр көмірі, аздаған мөлшерде Қаратаудың полиметалл кендері игерілді. Алайда ортақ темір жол байланысының жоқтығы Оңтүстік Қазақстан өнеркәсібінің дамуын тежеді.
Революциядан кейінгі жылдары Оңтүстік Қазақстан экономикасында түбегейлі өзгерістер болды, 20-жылдардың өзінде-ақ барлық ауыл тұрғындарының жер мен су жөніндегі аумақтарын теңестіру үшін жер-су реформасы жүргізілді, ал кейінірек — көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын жерге отырықшыландыру мақсатымен бірқатар маңызды шаралар іске асырылды. Соғысқа дейінгі бесжылдықтар тұсында Түркістан - Сібір темір жолы мен ауыр және жеңіл өнеркәсіптің бірқатар кәсіпорындары салынды. Қызылорда Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында ірі суландыру жүйелерін салу жұмыстары өрістетіліп, техникалық және дәнді дақылдар егісін әлдеқайда ұлғайтуға мүмкіндік берді. Соғыстан кейінгі жылдары жаңа темір жолдар мен автомобиль жолдары қатарға қосылды, Қаратаудың фосфориті игеріле бастады, жеңіл, ауыр және тамақ өнеркәсібінің жаңа ірі кәсіпорындары пайда болды. Осының нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан өнеркәсіп өнімдерін өндіру жөнінен республикада жетекші орынға ие болды.
Қазіргі шаруашылық Революциядан кейінгі уақытта ауыр өнеркәсіптің қауырт дамуына Оңтүстік Қазақстанның қазіргі шаруашылығының мамандануында аграрлық-өнеркәсіптік кешен салаларының жиынтыгы – егіншілік-индустриялық және мал шаруашылық-индустриялық циклдер жетекші орын алады. Сонымен бірге, мұнда айқындаушы өндіріс салалары болып табылатын металлургия, кен-химия және машина жасау өнеркәсібі жақсы дамыған. Оңтүстік Қазақстанда егіншілік-индустриялық циклдің мамандануын Солтүстік Қазақстандағы секілді, дәнді дақылдар емес, техникалық дақылдар, негізінен алғанда, мақта мен қант қызылшасы анықтайды.
Ауыл шаруашылығының негізгі саласы — егіншілік. Ол көп мөлшерде тауарлы өнім беріп, шаруашылықтарға мол табыс келтіреді, өйткені егіншілігінің басты мамандану бағыты — техникалық дақылдар өсіру.
Оңтүстік Қазақстанда жауын-шашын аз. Аумағының көбіне жылына 100—200 мм ғана жауын-шашын түседі. Бұл егіншілік үшін жеткіліксіз. Оның есесіне күннің мол жылуы мен қолдан суаруды пайдаланып, Қазақстанның басқа аудандарына көндікпейтін бағалы техникалық дақылдар өсіруге болады.
Су қорының молдығы және оның біркелкі орналасуы — Оңтүстік Қазақстанда суармалы егіншілікті дамытудың маңызды факторы. Оңтүстік Қазақстан облысында Досан Қарабас және Шәуілдір, Жамбыл облысында Талас — Асы және Георгиевка, Алматы облысында Қаратал суландыру жүйелері, Шу және Қызылорда бөгеттері, Арыс – Түркістан каналы, Сырдарияда Бөген су қоймасы салынған.
Бидай, арпа, тары тәрізді дәнді дақылдар суармалы жерлерде де, суармайтын жерлерде де өсіріледі. Дәнді дакылдар егісінің 70%-ын күздік бидай құрайды, өйткені бұл аудандарда қыс біршама жұмсақ, қар көп түседі, сондықтан оны күзде егуге болады.
Оңтүстік Қазақстан - ірі бақ және жүзім өсіретін аудан Тараз, Шымкент алқабында, Арыс пен Келес аңғарында жүзім өсіру күшті дамыған.
Оңтүстік Қазақстан өнеркәсібі дамуының негізі - жер қойнауы байлығы емес, ауыл шаруашылық шикізаты. Сондықтан жеңіл және тамақ өнеркәсіптері басым дамыған Бүкіл республика бойынша осы салалар өндіретін жалпы өнім мөлшерінің 87%-ы Оңтүстік Қазақстанның үлесіне келеді.
Орталық және Шығыс Қазақстанмен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстанның жер қойнауы онша бай емес. Дегенмен, бұл жерде барланған аса мол фосфорит кені қоры бар Қазақстан, Орта Азия және Ресейдің көптеген суперфосфат зауыттары Қаратау фосфориттерін пайдаланып жұмыс істейді.
Оңтүстік Қазақстанда түсті және сирек металдар — қорғасын, мыс, ванадий, вольфрам кендерінің қоры бар. Алматы облысынан ірі көмір кен орындары табылды.
Оңтүстік Қазақстан өнеркәсібінің барлық салаларын үш топқа бөлуге болады.
- Бірінші топқа жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін, атап айтқанда, мақта мата және жүн мата, шұлық-ұйық бұйымдары, ішкі және сыртқы трикотаж, аң терісі, былғары, аяқ киім өндірістерін жатқызуға болады.
Оңтүстік Қазақстан азық-түлік заттарынан республика бойынша өндірілетін құмшекер, жеміс консервілері, жүзім, темекі бұйымдарының 100%-ын, тағамдарының жартысына жуығын өндіреді.
- Екінші топқа түсті металлургия мен цемент өнеркәсібі жатады. Полиметалл кендері базасында Ащысай полиметалл және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты жұмыс істейді. Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында Қаратау фосфориттерін пайдаланатын Қаратау кен-химия комбинаты, минерал тыңайтқыштар мен фосфор тұздарын өндіретін зауыттар бой түзеді. Цемент шикізаты кен орындары базасында Шымкент пен Сазтөбе цемент зауыттары салынды.
- Үшінші топқа машина жасау және металл өндеу, сондай-ақ ағаш өңдеу өнеркәсібі жатады. Машина жасау негізінен Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облысында дамыған. Оңтүстік Қазақстанда фарфор-фаянс және зергерлік бұұйымдар зауыттары салынған.
Оңтүстік Қазақстан — республикадағы негізгі суармалы бағалы дәнді және техникалық дақылдар, бақ және жүзім өсіретін аудан. Сондай-ақ мұнда мал шаруашылығы, қаракөл елтірісі, өте сапалы меринос жүнін өндіру дамыған.
Ауыл шаруашылығының өнімдері (көбі көкөніс, жеміс) Қазақстанның басқа аудандарына шығарылады, өйткені көкөніс, жеміс, жидек дақылдары Солтүстік және Шығыс аудандарға қарағанда 1,5—2 ай ерте піседі.
Солтүстік Шығыс аудандарда өнеркәсіптің қарқынды дамып, осыған байланысты халық санының тез өсуі азық-түлікпен (негізінен көкөніс, жеміспен) қамтамасыз ету проблемасын тудырып отыр.
Осы тұрғыдан алғанда Оңтүстік Қазақстанда көкөніс және жеміс шаруашылығын күрт өркендету міндеті алға қойылуда.
Оңтүстік Қазақстанда минералды тыңайтқыштар өндіріледі, ал бұл ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Алайда өндіріс процестерін механикаландыру және электрлендіруді күшейтуге байланысты Оңтүстік Қазақстанның ауыл шаруашылығы энергияны көп қажет ететін салаға айналып отыр. Егіс даласында көп машина, механизмдерді (трактор, комбайн, автомашина, су айдайтын қондырғылар, т.б.) қолдану жанармай және жағармайдың көп мөлшерін қажет етеді. Соңғы кезге дейін жанармай және жағармай сырттан тасып әкелінетін, ал тасымал жұмысы қымбатқа түседі, бұдан ауылшаруашылық өнімі қымбаттайды. Яғни оның өзіндік құны артады. Қазіргі кезде Батыс Сібірдегі Түмен облысынан Оңтүстік Қазақстанға мұнай құбыры тартылып, Шымкентте мүнай өңдейтін зауыт салынды. Ол негізінен жанармай, мазут және жағармай өндіреді.
Оңтүстік Қазақстан қазіргі кезде энергетика қорымен жеткілікті қамтамасыз етілмеген. Ленгір мен Көлжатта тас көмір кені бар. Бірақ көмір кен орындарын игеру қымбатқа түседі. Дегенмен, бұл көмір кендері игерілуде.
Іленің төменгі ағысында, Бақанастың төменгі жағында ірі көмір кен орындары ашылды. Осы көмір кен орнының толық іске жаратылуымен ауыл шаруашылығының да, өнеркәсіптің де энергетикалық қажеті қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ шағын тау өзендерінде су электр станцияларын салу арқылы да электр энергиясы өндіріледі.
Бұл ауданға жеткізілген Орта Азия газы көптеген өнеркәсіп орындарын энергиямен қамтамасыз етті. Мүбәрек — Алматы газ құбыры Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының облыстарына көп газ береді. Газ құбырының Оңтүстік Қазақстандағы жалпы ұзындығы 666 км, ол негізгі өнеркәсіп орталықтары — Шымкент, Тараз, Алматы арқылы өтеді. Сонымен қатар бұл газ құбырынан өнеркәсіп тораптары мен пункттеріне тарамдар тартылған.
Басты өнеркәсіп орындары мен электр станциялары және басқа да обьектілер газды пайдалануға көшірілген. Тараздағы қуатты электр станциясы (жобалық қуаты 1200 мың кВт/сағ.). Орта Азия газын пайдаланып жұмыс істейді, бірақ бұл энергетика проблемасын шешудің тиімді жолы емес. Өйткені табиғи газ химия өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат болып табылады, ал біз оны отқа жағамыз. Ал егер осы газды металлургия, химия кәсіпорындарында шикізат ретінде пайдалансақ, одан көптеген бағалы өнім түрлерін алған болар едік.
Оңтүстік Қазақстан келешекте бірыңғай энергетикалық жүйе арқылы электр энергиясын көп мөлшерде Орта Азиядағы Тоқтағүл, Шарбақ сияқты ірі су электр станцияларынан алатын болады.
Бұл жерлерде шаруашылықтың қазіргі кезде дамыған салаларына энергия жетеді. Бірақ мұнай өңдеу негізінде химия өнеркәсібі, түсті металлургия, мұнай-химия (мұнай-химия шикізатын пайдаланатын) сияқты энергияны көп қажет ететін салаларды дамыту үшін Оңтүстік Қазақстанда қазіргі кезде энергетикалық мүмкіндіктер жоқ. Демек, энергияның жетіспеуі энергияны көп қажет ететін салалардың дамуын тежейді.
Оңтүстік Қазақстанда металды онша көп қажет етпейтін, бірақ оның есесіне жұмыс қолын көп пайдаланатын машина жасау (немесе еңбекті көп қажет ететін машина жасау) дамыған. Олардың ең ірілері Алматы мен Шымкентте орналасқан.
Оңтүстік Қазақстанда тамақ өнеркәсібі (қант, жеміс-көкөніс, шарап ашыту, темекі, май шайқау,) жеңіл өнеркәсіп салалары (мақта-мата, трикотаж, тігін, мех, мақта тазарту және т.б.) жақсы дамыған.
Бүкіл республика бойынша жеңіл өнеркәсіптің 55%-ы, тамақ өнеркәсібінің 40%-ы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан.
Жеңіл және тамақ өнеркәсібіне ауыл шаруашылығы шикізат береді. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан бойынша мақта өсіретін жалғыз аудан. Мақтаны басқа аудандарда да өсіруге әрекет жасалды, бірақ жылу жетпей-тіндіктен ойдағыдай нәтиже болмады. Бұл жерде күріш жақсы өседі. Оның орташа өнімділігі гектарына 34—40 центнерге жетеді. Жекелеген шаруашылықтар тіпті әр гектардан 70—90 центнерге дейін өнім алады. Күріш өте бағалы дәнді дақыл, оған деген сұраныс жоғары.
Күріш өндіру ірі қара өсірумен ойдағыдай ұштасуда. Күріштің ауыспалы егістерінде беде егіледі. Беде бір жылдың ішінде 1 га жерге 100 кг азот жинап, топырақтың құнарын арттырады әрі бағалы жемшөп болып табылады.
Мал шаруашылығын дамытуға өте қолайлы жағдай бар. Жазда мал тауға, ал қыста жазыққа — шөл және шөлейт далаға айдалып бағылады. Қаракөл, биязы жүнді және ет беретін қой өсіру, ет-сүт беретін ірі қара өсіру, түйе, шошқа шаруашылығы жақсы дамыған.
Мол шикізат базасы, еңбек қорының көптігі жеңіл және тамақ өнеркәсібін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Дегенмен өте үлкен, қуатты кәсіпорындар салу әруақытта тиімді емес. Оларды шикізатпен, еңбек қорымен тоқтаусыз қамтамасыз ету кейде мүмкін болмай қалады. Мәселен, Алматы мақта-мата комбинатында, Шымкент шина жөндеу зауытында шикізаттың жетіспеуінен іркіліс болып тұрады.
Суғарылатын жерлерде көкөніс және жүзім шаруашылығы жақсы дамыған. Өсімдік шаруашылығының шикізаттарын ұқсату негізінде өнеркәсіптің қант, көкөніс және жеміс-консерві, мақта тазалау, мақта майын шығару, мақта-мата, тоқыма салалары дамыған.
Оңтүстік Қазақстандағы мал шаруашылық-индустриялық циклдің негізгі тармақтары - етті ұқсату және б ы л ғ а р ы - а я қ к и і м шығару. Олар қой және ірі қара шаруашылығының өнімдерін пайдаланады. Бұл аудан қой мен ешкінің саны жөнінен республикада бірінші орында тұр, ал ірі қара, жылқы және шошқаның саны жөнінен Солтүстік Қазақстаннан ғана кейін қалады. Мал шаруашылығының жемшөп базасы, негізінен, тау бөктерлері мен биік таулардағы түрлі маусымда пайдаланылатын жайылымдар мен шабындықтардан тұрады. Мұнда сонымен қатар астық, бау-бақша шаруашылықтары мен тамақ өнеркәсібінің, атап айтқанда, қант қызылшасы, ұн тарту, шарап ашыту кәсіпорындарының қалдықтары да малға жемшөп ретінде кеңінен пайдаланылады.
Оңтүстік Қазақстанда суармалы және т ә л і м і егіншілікті шалғайдағы жайылымдық және қолда бағылатын мал шаруашылығымен ұштастыруға жер қорын орналастыру сипаты да себепші болғанын атап көрсету керек. Әдетте, тау бөктерлеріне орналасатын орталық елді мекендерде суармалы жерлер болады, бау-бақшалар орналастырылады, табиғи ылғалы жеткілікті қыраттарда — тәлімі егістер, тауларда — ж а з ғ ы ж а й ы л ы м д а р, ал шөлдерде — қ ы с қ ы жайылымдар орналасады. Бұл аудан егіншілігі дәнді дақылдарға емес, техникалық дақылдарға байланысты болатындықтан, Оңтүстік Қазақстан егіншілігі республиканың кез келген басқа бөлігіндегіге қарағанда әрі интенсивті, әрі табысты болып келеді.
Оңтүстік Қазақстанның металлургия өнеркәсібі Қаратау мен Жоңғар Алатауында полиметалл кендерін өндіріп, олардың концентраттарын жасау ісімен тығыз байланысты. Қорғасын концентраттары Шымкент қорғасын зауытына, ал мырыш концентраттары — Өскеменге жөнелтіледі. Кен-химия циклінің салаларынан Қаратауда фосфорит өндіру мен байыту және Таразда суперфосфат шығару жақсы дамыған.Машина жасаудың, негізінен, қызмет көрсету саласында ғана маңызы бар, ол сырттан әкелінетін металды пайдаланып, жұмыс істейді. Ауданда құрылыс материалдары өндірісі және ең алдымен цемент шығару өндірісі күшті дамыған. Екі ірі су электр станциясы - Қапшағай және Шардара су электр станциясы мен көптеген жылу электр станциялары өнеркәсіптің энергетикалық негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең қуаттысы Бұхардан келетін табиги газбен жүмыс істейтін Тараз аудандық электр станциясы.
Оңтүстік Қазақстанда үш ірі және бірнеше ұсақ өнеркәсіп тораптары дамып келеді. Бұлардың ішіндегі неғұрлым дамығаны Алматы өнеркәсіп торабы, ол, негізінен, халық тұтынатын тауарлар шығаруға маманданған. Мұндағы аса ірі кәсіпорындар ретінде мақта-мата және шұға комбинаттарын, тоқыма, тері және тігін фабрикаларын, қант және сыра зауыттарын, жеміс-консерві комбинатын, ауыр өнеркәсіп салаларынан металл өңдейтін станоктар, көмір шахталары, металлургия зауыттары, ауылдағы электр станциялары үшін жабдықтар, байланыс құралдарын шығару өндірісін ерекше атауға болады.
Қаратау-Тараз өнеркәсіп торабы Қаратау фосфоритінің негізінде химия өнеркәсібінің аумақтық-өндірістік кешені ретінде қалыптасқан, мұнда тамақ және жеңіл өнеркәсіптің үлес салмағы да жоғары. Шымкент-Қаратау өнеркәсіп торабы - республикадағы аса ірі тораптардың бірі. Ол қорғасын өндіру мен қорытуды, фосфор тұзы, цемент, фармацевтика бұйымдары, пресс-автомат станоктары өндірісімен, сондай-ақ мақтаны, жеміс және мал шаруашылығы шикізаттарын ұқсатумен ұштастыра жүргізеді. Қызылорда және Арал өнеркәсіп тораптары қуаты шағын тораптар болып табылады.
ІІ тарау Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік – экономикалық жағдайы
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы
Облыс ауқымды өндірістік – экономикалық әлеуетімен, еңбек ресуртарының көптігімен ерекшеленетін аумақ. Республикада шығарылған трансформаторлардың 98,6%-ы, фармацевтикалық препараттардың 70,1%-ы, минералды және газды сулардың 51,5%-ы, мотор майының 38,9%-ы, оның ішіндегі бензин, рафинатты қорғасынның 23,6%-ы, сыраның 23,6%-ы, ценменттің 27,9%-ы, эксковатор, мақта талшығы, мақта майы түгелдей дерлік облыста өндіріледі. Сонымен бірге облыс иері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон бұйымдарын көптеп өндіретін әрі жеткізіп беретін аймақ болып табылады.
Облыс ежелден өнеркәсіп ерекше дамыған өңір саналады. Химфарм, қорғасын, фосфор, цемент, шина, полиметалл, уран сондай – ақ жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өңдірумен танылған. Шымкент пен Кентау қалаларындағы небір алып өндіріс орындары кезінде әйгілі болды.
Бүгінде облыс өнеркәсібі жылпы өндіріс өнімнің 33 - 35%-ын өндіреді. Облыста 147 ірі және орта көлемдегі өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Олардың қатарында «Петро Казахстан Ойл Продакшн» ААҚ, «Южполиметалл» АҚ, «Шымкентцемент» ААҚ, «Асбоцемконструкция» ААҚ, «Шымкентмай» ААҚ, «Химфарм» ААҚ, «Шымкентсыра» ЖШС т.б. бар.
Облыстың өнеркәсібі әлемнің 37 елінде экспортқа өнім шығарады, 66 елінен өнімдер алады. Экспортталатын өнімдер ішінде мақта өнімдер 43,3%, металлургия өнеркәсібі өнімдері 14,5%, минералдық өнімдер 17,2%, мал және өсімдік өнімдері, дайын азық – түлік өнімдері 17,3%, химия өнімдері 4,3%. Ал импорт құрылымында машиналар, машина жабдықтары, көлік құралдары, түрлі приборлар мен аппараттар 42,8%, химия өнімдері 18,8%, мал және өсімдік өнімдері мен дайын өнімдер 9,6%, металлургия өнеркәсібінің өнімдері 6,9%, минералды өнімдер мен ағаш өнімдер 7,9%-ды құрайды. Облыста «Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды инновациялық дамуының 2004 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» жасалған. Өнім сапасын халықаралық стандартарға сай ету жұмыстары жан – жақты жандандырылуды.
2004 жылы тұрғын үй құрылысына жалпы алғанда 2043750 теңге бөлінді. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар үшін коммуналдық тұрын үй құрылысына қайтарымсыз негізде 393750 теңге несие негізінде 165000 теңге ипотекалық несиелеу жолымен іске асырылатын тұрғын үй құрылысына бөлінген.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің басшылығымен коммуналдық тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы есебінен Шымкнт қаласында Желтоқсан көшесіндегі жалпы алаңы 8100 метр шаршы шақырым 9 қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталды. Пәтерлер тұрғындардың әлеуметтік қорғалған бөлігіне бөлінді.
Облыстың аудан, қала, ауылдық әкімгершіліктерімен бірлесіп, ипотекалық несиелей жүйесіне оңтайлы қатысушылар саның анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Сол жұмыстар барысында 8 аудан анықталып, 2004 жылдың өзінде жалпы алаңы 87387 шаршы метр бір қабатты тұрғын үйдің және 16 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылыстары басталып кетті.
Тұрғын үйлерді жобалау мен құрылыс жұмыстарына Оңтүстік Қазақстан облысының 96 кәсіпорны және мекемелері тартылған. Құрылыста жұмыс істеушілердің саны 3000 адамға жетті.
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік құрылымы
Облыс жері арқылы 445,0 км қос бағыттағы темір жол, 5,3 мың км автомобиль жолы, азаматтық авиация жұмыс істейтін 27 мың әуе жолы өтеді.
Облыс орталығында Орынбор – Ташкент және Түркістан – Сібір халықаралық магистралі түйіседі. Сонымен қатар, Ташкент – Шымкент – Тараз – Алматы және Ташкент – Шымкент – Түркістан – Самара автомагистралі өтеді. Облыс тұрғындарына барлық меншік нысанындағы 50 автокөлік кәсіпорны қызмет көрсетеді, олардың 21 кәсіпорыны қаларалық және ауданаралық бағыттарда, 17-і Шымкент қаласының тасымалдау бағыттарының барлық түрлеріне қызмет етеді. Облыстың автомобиль жолдар желісі 525 бағыттан тұрады, олардың 175-і қалааралық және 199-ы қала маңы бағыттары. Шымкент қаласында 1282 кестеден тұратын 126 автомобиль бағыты қызмет көрсетеді. Жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 4467,7 км.
«Шымкент» әуежайы 1931 жылдың наурыз айында іске қосылды. Ол уақыттағы ұшақтардың барлығы «ПО-2» машиналары болатын. Бүгінде әуежайдың «ТУ-154» , «ТУ-204», «ИЛ-96-300», «ИЛ-76», «АН-124», «БОИНГ-747SР», «БОИНГ-300ЕР», типті ұшақтарды, басқа да әуе кемелерін және тікұшақтардың барлық түрлерін қабылдауға мүмкіндігі бар.
«Шымкент» әуежайы Европадан Оңтүстік - Шығыс Азияға, Таяу және Шығыс елдеріне баратын әуе көлігі жолдарының қиылысында орналасқанын. Сондықтан да тікелей және транзитті халықаралық әуе рейстерін орындауға өте қолайлы. Қазіргі уақытта «Шымкент» әуежайынан Ресей, БАЭ, Түркия, Армения және Сирия елдеріне ұшатын әуе қатынасы орнатылған. Рейстерді «Аэротранс», «СКАТ», «Трансаэро», «Аir Astana», «GST Aero» авиакомпанРесей,иялары атқарады.
«Шымкент» әуежайы тәулік бойы жұмыс істейді, мұнда кедендік, шекаралық және санитарлық – карантин бақылауы орнатылған. «Сирена», «Габриель» бронь жүйелерінің көмегі арқылы әуе билеттерін сатады. Жүк терминалымен және 500 шаршы метр алаңға орналасқан. Уақытша жүк сақтау қоймасымен жабдықталған.
«Темір жол бөлімшесі» тасымалдау процесін басқарушы құрылым ретінде облыс аумағында 1949 жылдың 1-қазанында Ташкент темір жолының құрамындағы Арыс станциясы басқармасында құрылды. 1959 жылы Қазақ теміржолының құрылуына байланысты Ташкент темір жолы құрамындағы Арыс станциясы Қазақ темір жолының құрамына кірді.
Шымкент темір жол бөлімшесі арқылы тәулігіне әртүрлі бағыттарға (Өзбекстанға, Қырғызстанға, Ресейге және республика ішінде) қалааралық поездар жүреді. «Шымкент – Шенгелді» қала маңы поезды 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап Сарыағаш станциясына дейін ұзартылып бдұрынға ескі вагондардың орнына жаңа және экологиялық таза электропоезд қатынайтын болды.
Шымкент тасымалдау бөлімшесі орташа есеппен тәулігіне отыз жұп жүк поездарына қызмет көрсетеді. Темір жол желісінің пайдаланылатын ұзындығы 497,3 кмғ, оның ішінде екі және одан да көп желілердің ұзындығы 415,7 км.
- Оңтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені
Облыстың жалпы жер көлемі 11724,0 мың га. Суармалы жерді тиімді пайдалану нәтижесінде егіншілік пен мал шаруашылығы дамып отыр. Облыстың табиғи климаттық жағдайының қолайлы болуына байланысты дақылдардың көптеген түрі егіледі.
Облыс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөніндегі аса ірі аймақтарының бірі. Республикадағы мақта егісі түгелдей осында. Облыстың мақта егетін аудандарында мақта табыстың басты көзі болып табылады. Ауыл шаруашылық алқаптары 10268,4 мың га құрайды, оның 844,9 мың га егістік (430,5 суармалы), көп жылдық екпе ағаштар 30,9 мың га, жайылым 9104,8 мың га және тыңайған жерлер 145 мың га. 2004 жылы ауыл шаруышылық дақылдары 762,6 мың гектарға орналастырылды. Оның 226,0 мың га дәнді, 306,4 мың га техникалық дақылдар, 51,3 мың га картоп, көкөніс, бақша. Малш азықтық дақылдар 178,8 мың гектарға орналастырылған. Негіңзінен ауыл шаруашылық дақылдарының егіс көлемі айналымға тыңайған жерлер қосу есебінен. Экономикалық тиімділігіне байланысты дақылдарының егіс көлемі жылдан жылға артуда. Негізінен мақтаның жоғары өнім беретін «А-3031» , «МА-3044», «С-4727» сорттары егілуде. Сол сияқты бидайдың «Стекловидная-24», «Красноводская-210», «Безостая-1» сорттары егіліп, жоғары өнім алынуда.
Облыс мақта өңдеумен айналысатын бірегей өңір. Соңғы жылдары осы дақыл егілетін жер алқабы көлемінің артуы тұрақталды. Егер 1998 жылы 118 мың га жерге мақта егілетін болса, 2004 жылы егістік 219 мың гектарға жетіп, 466 т шитті мақта дайындалды. Облыстың негізгі мақта егілетін аумағы Мақтаарал ауданы.
Облыстағы мақтаны қайта өңдеу кәсіпорындары жыл сайын 120 мың тоннаға жуық мақта талшығын қайта өңдейді. Қазір облыста мақта кластері деп аталатын мақта шикізатын қайта өңдей жөніндегі технологиялық тізбек жасау мәселесі қаралуда, бұл іске мақта өңдірушілермен қатар тоқыма өнеркәсібі орындары да тартылатын болды.
Мақта талшығын терең қайта өңдеумен «Меланж» АҚ айналысып келеді. Қазіргі таңда осы кәсіпорында әлемдік стандарттаға жауап беретін мақта матасын шығаруға мүмкіндік беретін германдық және швецарлық жабдықтарды орнату арқылы тоқыма, бояғыш және өңдіріп шығару өндірістерін толық жаңалау мен қайта жаңарту жұмысы жүргізіледі. Осы саладағы тағы бір кәсіпорын «ЮТЕКС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Кәсіпорының өндірістік қуаты жылына 6 мың тонна жіпті құрайды. Сондай-ақ мақта талшығын өңдеу жөніндегі бірлескен кәсіпорын «Қазақ – орыс тоқыма альянсы» жауапкершілігі шектеулі кәсіпорнында және “INADAA TEXTILE” қазақ – қытай құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Облыстыңэкономика және бюджеттік жоспарлау департаменті мақта кластерін құрудың техникалық - экономикалық негіздемесін жасау жөнінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Маркеттингтік талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғаммен шарт шасасты.
Қазіргі уақытта облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде тоқыма өнеркәсібін дамытудың ІІІ кезеңнен тұратын іс-шаралар жасалынуда. Республикада мақта кластерін іске асырған кезде оған қосымша құн салығы салынады да, ал оны мемлекеттен тыс жерде жүзеге асыру нольдік ставка бойынша іске асырылатын болады. Нәтижесінде мақта талшығының 95%-ы шикізат түрінде шығарылады.
Жүзім шаруашылығы, жеміс шаруашылығы және оларды өңдеу арқылы шығарылатын өнімдер облыс ауыл шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі болып табылады. Қазіргі таңда жүзімді және оның өнделген өнімдерін қайта өңдеумен 24 шарап жасау кәсіпорны мен шағын цехтар айналысады.
Жеміс – көкөніс өнімін қайта өңдеумен «Оңтүстік жеміс консерві» ЖШС, «Принир 2004», «Шымкент бизнес» сияқты кәсіпорындар мен 18 шағын цех айналысады. Облыстың экономикалық дамуының стратегиялық басты құрамдасының бірі болып табылатын шарап жасау, көкөніс пен жеміс – жидектер қайта өңдеу кластерін қалыптастыруға қажетті инвестицияны тартуға болады. Қайта өңдеу кәсіпорындарын кластерге біріктіру жеміс өнімдерінің дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетін арттыруына мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығы. Облыс аумағында 1991 – 1992 жылдарға дейін мал шаруашылығы саласында негізінен сиырдың «Әулиеата», «Қарала» тұқымдары, биязы жүнді «Қазақтың оңтүстік мерриносы» қойы, қаракөл қойлары, жылқының «Ақалтеке», жартылай таза қанды Қостанай, орыстың «Орлов», «Орыс желгіші» тұқымдары және қосөркешті түйе өсіріледі.
Асыл тұқымды сиыр малы Мақтарал, Қазығұрт, Сайрам, Төлеби,Түлкібас аудандарында, биязы жүнді «Қазақтың оңтүстік мерриносы» қойы Бәйдібек, Қазығұрт, Еділбай қойы Бәйдібек, Ордабасы, Қаракөл қойы Созақ, Шардара аудандары мен Түркістан қаласының шаруашылықтарында өсіріледі.
Биязы жүнді «Қазақтың оңтүстік мерриносы» қойын өсірумен 41 кеңшар, 34 ұжымшар, Қаракөл қойын өсірумен арнайы мамандандырылған 31, мақта өсіретін 9 және түрлі бағыттағы 3 ұжымшар айналысқан.
Негізінен сиыр малының «Қарала» тұқымы Сайрам, Мақтарал, Сарыағаш, Қазығұрт аудандары мен Түркістан қаласының ауылдық округтерінде, жылқы Бәйдібек, Мақтарал, Сайрам, Түлкібас аудандарында, «Ақалтеке» жылқысы Бәйдібек, «Қарабайыр» тұқымы Мақтаарал, Отырар аудандарында өсірілуде.
Облыс шаруашылықтарының барлық санаттары бойынша сиыр, қой мен ешкі, жылқы, түйе саны өсіп келеді. Қазір облыста 55331 ауыл шаруашылығы құрылымы, оның ішінде 54320 шаруа қожалығы, 999 өндірістік кооператив, ЖШС т.б. бар.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін кітап қайта өңдейтін мемплкеттік кәсіпорындары, атап айтқанда ет және сүт комбинаттары, құс фабрикалары мен жеміс өнімдері зауыттары қайта құрылды. Облыста тағам өнімдерін шығару мен 70-ке жуық ірі және орташа кәсіпорындар, сондай-ақ ұсақ цехтар мен шағын кәсіпорындар айналысады. Тамақ өнімдері өндірісінің үлес салмағы - 17,6%. Ауыл шаруашылығын техникамен, қосалқы бөлшектермен, минералды тыңайтықштармен және өсімдік қорғау жабдықтарымен қамтамасыз ету ісін негізінен жекеменшік кәсіпорындар атқарады. Техника жөндеумен түрлі сервистік қызмет мекемелері айналысады. Қазір облыста 50 МТС жұмыс істейді. Облыста ауыл шаруашылық дақылдарының аса маңызды түрлерін мақта, мақсары, жүзім өсіру, сондай-ақ тұқым шаруашылығын өркендету, мал тұқымын асылдандыру жөнінде арнайы бағдарламалар қабылданған.
2.4. Оңтүстік Қазақстан облысының сыртқы экономикалық қызметі мен әлеуметтік саласы
Сыртқы экономикалық қызмет. Облыста 1993 жылдың желтоқсан айында құрылған сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру жөніндегі құрылымының негізгі мақсаты алыс және жақын шет елдермен сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту, облыс экономикасына тікелей инвестиция тарту, жарнамалық-ақпараттық компанияларды белсенді түрде өткізу үшін инвесторлар үшін заңнамалық кепілдіктер мен жеңілдіктерді қамтамасыз ету болып табылады.
Халықаралық қайта құру және даму банкі «Ирригация және құрғату жүйелерін жетілдіру» жобасын қаржыландыру үшін Қызылорда облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданына 15 млн. АҚШ доллары соммасында қарыз ұсынды. Аталмыш жобаны қаржыландырудағы Азиялық банкінің үлесі 40 млн. АҚШ долларын құрайды.
2004 жылы Азиялық даму банкі 5 жылға арналған ауылды сумен жабдықтау және ауыл аймақтарына канализация жүргізу жобасын жүзеге асыруға кірісті. Мұндағы Азиялық даму банкінің үлесі 34,6 млн. АҚШ долларын құрайды.
Республикадағы тәуелсіз сыртқы экономикалық бағыттың қалыптасуы және жүзеге асырылуы аймақтарда да сыртқы экономикалық қызметтің даму үрдісіне септігін тигізуде. Облыстағы сыртқы экономикалық қызмет шетел серіктестерімен сауда-экономикалық байланыстарды тереңдетуге, облыс экономикасына шетел инвестициясын тарту және аймақты онан әрі әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған.
Облыстардың сыртқы экономикалық қызметін дамыту үшін қолайлы елдер ретінде ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа, Батыс Еуропа, Бельгия, Недерланды, Италия, Түркия, Қытай т.б. елдер анықталған. Осыған байланысты сыртқы экономикалық қызметті дамыту жөніндегі мақсатты жұмыстар Орталық және Шығыс Еуропа, Батыс Еуропа елдеріне сапар жасаудан басталады және осы мемлекеттер бизнес-делегацияларының сапарлары ұйымдастырылады. Аймақтың инвестициялық мүмкіндіктерін насихаттау мақсатында шет мемлекеттерде Оңтүстік Қазақстан облысының тұсау кесерін өткізу түріндегі жаңа жұмыс түрі енгізілді.
Бірінші тұсау кесер Венгрия, Чехия, Словакия, Хорватия, Испания, Румыния және Франция елдері өкілдерінің қатысуымен Будапешт қаласында өтті. Облыстың осындай тұсау кесері Израиль мемлекеттерінде өтіп, Израиль компаниялары мен фирмалары қызығушылығын тудырады. Батыс Еуропада облыстың тұсау кесері алғаш рет Бельгия Корольдігінің Батыс Фландрия провинциясы Кортрик қаласында өтті.
Сыртқы экономикалық қызметтегі негізгі басымдықтар өңдеуші өндірістердің дамуымен, оның ішінде тоқыма және тігін өндірісі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, дайын өнімдерді шығаратын өндірістер құру, шетел инвесторларының қаржыларын тарту арқылы инновациялық жобаларды іске асыру қызметін жүзеге асырумен тікелей байланысты.
Негізгі капитал ағымымен инвесторлар қызығушылығының инфрақұрылымы дамыған аймақтарға бағытталуына байланысты шетел кәсіпорындарымен біріккен компаниялардың көбі Шымкент қаласында, Сарыағаш, Сайрам, Созақ аудандарында және Түркістан қаласында шоғырланған. Облыста 127 бірлескен және шетел кәсіпорындары жұмыс істеп, олардың 31 кәсіпорыны өнім шығарады.
Әлеуметтік сала. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының құрылу тарихы 1919 жылдан басталады, осы жылы Шымкент уездік әлеуметтік қамасыздандыру бөлімі құрылды. Осы азамат соғысының мүгедектеріне, соғыста мерт болғандардың жесірлеріне, бұрынғы қызыл партизандар мен қызыл гвардияшыларға, панасыз балаларға, кедей шаруаларға т.б. азаматтарға әлеуметтік көмек ұйымдастыру жұмыстарымен айналысты.
1931 ж. Үкімет қаулысымен «Қосшы» деп аталған «Қоғамдық өзара көмек кассалары» құрылды. Олардың жұмысын ұйымдастыру, басшылық жасау ісін облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі жүргізді.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі госпитальдарда жаңа мамандықтарға оқыту курстарын ашты. Бұл оқу жүйесіне балдақпен жүретін даралылар ғана емес, сонымен бірге төсекке таңылып жатқандар да тартылды. Олар курсты аяқтаған кезде есепші, бухгалтер, зоотехник, бағбан, ара өсіруші, баланысшы мамандықтарын игеріп шықты. Ал еңбек етуге қабілетті балалар үшін госпитальдарда аяқкиім жөндеу, тігін, түптеу, сызу, суретке түсіру шеберханалары ашылды.
1990 жылы 30-наурызда облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы деп аталды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі сол жылы еңбек жағдайларын сараптау қызметін ашу жөнінде қаулы қабылдады. Осыған сәйкес Шымкент облыстық атқару комитетінің 1991 жылғы 18 қаңтардағы шешімімен еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі облыстық бөлімнің құрамында еңбек жағдайларын мемлекеттік сараптау қызметі құрылды. 1993 жылы әлеуметтік қорғау басқармасының құрамына ҚР зейнетақы қорының облыстық филиалы, 1996 жылы кәсіподақ комитетінің мемлекеттік сақтандыру қоры енгізілді.
1997 жылы облыстық еңбек Бас басқармасы облыстық халықты әлеуметтік қорғау және еңбек қорғау басқармаларымен біріктіріліп, облыс әкімшілігінің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі бас басқармасы деп аталды. Облыс әкімінің 1999 жылғы 25 ақпандағы шешімімен Бас басқарма облыс әкімшілігінің еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті деп аталды.
Еңбекке жарамсыз және күнкөрісі төмен азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін қайта құру қажеттілігі туды. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасына сәйкес халықтың әр түрлі жіктері мен топтарының мүдделерін ескере отырып, оның әлеуметтік саяси белсенділігін көтеру, ішкі-саяси тұрақтылыққа қол жеткізуді көздеген әлеуметтік қорғау жүйесін түбегейлі реформалау ретінде танылды. Облысымызда бүгінгі таңда 154 мыңнан астам зейнаткер, 265 мыңнан астам мемлекеттік әлеуметтік және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар тіркелген. Зейнетақы мен жәрдемақылар үшін ай сайын республикалық бюджеттен 1,8 млрд. теңге, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар үшін облыстық бюджеттен 245,0 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бағытында көптеген шаралар атқарылуда. Облыста 65 мыңнан астам мүгедек есепке алынған. Олардың ішінде 1330-дан астамы-екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектері, 55 мыңнан астамы 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар. Халықты әлеуметтік қорғау саласының аса өткір мәселесінің бірі-кедейлік деңгейін төмендету. Халықты әлеуметтік қорғаудың 2002-2005 ж.ж. арналған облыстық кешенді бағдарламасы 3 мыңнан астам соғыс ардагерлерімен, 100 мыңға жуық көп балалы аналардың, 8 мың мүгедек балалардың, 8 мыңнан астам оралмандар отбасыларының проблемаларын кешенді түрде шешуді ұйымдастыруды бағдар етіп ұстанған. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасына сәйкес халықтың әр түрлі жіктері мен топтарының мүдделерін ескере отырып, оның әлеуметтік саяси белсенділігін көтеру,ішкі-саяси тұрақтылыққа қол жеткізуді көздеген әлеуметтік қорғау жүйесін түбегейлі реформалау ретінде танылды. Жыл сайын «Ардагерлер үйінде» 3 мыңға жуық, «Сарыағаш», «Манкент» шипажайларында 1 мыңға жуық адамдарды сауықтыру ісі қолға алынған.
Жаңадан ашылған «Мейір» ем қабылдау-демалу орталығында 1416 азамат демалады. 2004 ж. 392 әйел емдеу мекемелеріне, оның ішінде 102 әйел республикалық ана мен баланың денсаулығын қорғау ғылыми-зерттеу орталығына жіберілді. Спорт мектептерінде 46 спорттық-сауықтыру топтары ашылған, оларда 900 бала мен жасөспірім, мүгедек балалар жаттығуда.
Мұқтаж мүгедектерді кресло-коляскамен қамтамасыз ету мәселесі шешілген. 80 жастан асқан 37 мүгедек ай сайын зейнетақыларына 950 теңгеден қосымша алуда. 2003-2004 ж.ж. 1752 мүгедек қажетті протез бұйымдарымен, 1131 мүгедек есту аппараттарымен, 1042 мүгедек тифлотехникамен қамтамасыз етілді.
Қорытынды
«Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданының әлеуметтік – экономикалық жағдайы» тақырыбындағы курстық жұмысты қорытындылай келе, республиканың басқа аудандарына қарағанда, Оңтүстік Қазақстан аумағын ертеден көшпелі қазақтар ғана емес, сонымен бірге егіншілікпен айналысқан әр түрлі түрік-иран тайпалары мекендеген. Ерте заманнан бері аудан аумағы арқылы Батысты Шығыспен, Жерорта теңізі бойын Қытаймен және Үндістанмен байланыстыратын маңызды сауда жолдары өткен. Ондай жолдардың бірі тарихта "Ұлы Жібек жолы" деген атпен белгілі, өйткені бұл жол арқылы өтетін алуан түрлі тауарлардың ішіндегі ең бастысы Қытайдың жоғары сапалы жібек маталары еді. Осынау ежелгі сауда жолдарында шағын сауда-қолөнерлік елді мекендер, Отырар, Манкент, Исфиджаб (Сайрам), Тараз, т.б. қалалар пайда болған. Негізгі керуен жолдарынан солтүстікке - Орталық және Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалардың қонысына қарай баратын жолдар тараған. Жол бойындағы құдықтардың маңында қеруен сарайлары пайда болған, олардың қираған орындары күні бүгінге дейін сақталған.
Оңтүстік Қазақстан аумағының едәуір бөлігін Қоқан хандары басып алған кезде, XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында бұл жерге Қоқан мен Ферғанадан өзбектер көшіп келген. Іле аңғарында үйғырлардың пайда болуын да шамамен осы кезге жатқызуға болады, олардың Қытайдан Жетісуға жаппай қоныс аударуы кейінірек XIX ғасырдың 80-жылдарында басталған.
XIX ғасырдың ортасында, орыс әскерлерінің Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына шабуылы барысында, Солтүстік Жоңғар маңында және Сырдарияның сағасында алғашқы орыс қыстақтары - Қапал, Лепсі, Верный, Арал, Қазалы пайда болды. Оңтүстік Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін (1864 ж.) оны орыс казактары мен қоныс аударушы шаруалардың мекендеуі күшейе түсті. Орталық Ресейде адам айтқысыз жұт пен аштық орнаған XIX ғасырдың 90-жылдарында қоныс аударушылардың алғашқы толқыны келді, олардың екінші толқыны 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін келді. Оңтүстік Қазақстанның кейбір бөліктеріне халық Қазан революциясынан кейін қоныстанды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мырзашөлдің жаңадан суландырыла бастаған жерлеріне қазақтар 1918 жылы-ақ қоныстана бастаған. Мұнда 1924 жылы "Мақтаарал" кеңшары ұйымдастырылғаннан кейін, бұл даланы қоныстау ерекше күшейді. Түркістан–Сібір темір жолы салынған кезеңде Талдықорған маңындағы Үштөбе аңғарында алғашқы қазақ және орыс-украин елді мекендері пайда болды. Бұл аңғар 1934-1938 жылдары халықтың қарқынды қоныстанған жеріне айналды. Сонымен, Оңтүстік Қазақстанның кең-байтақ аумағын әр түрлі уақытта түрлі халықтар мекен етті. Сондықтан республиканың кез келген басқа бөлігімен салыстырғанда, мұндағы халықтың ұлттық құрамының барынша ала-құла екенін байқау қиын емес.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- К. Ахметова «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы». «Мектеп» баспасы Алматы 2001.
- «Оңтүстік Қазақстан облысының 1993-2003 жылдардағы демографиялық потенциалы». – Шымкент, 2004. 60-б.
- Есназарова Ұ.А. «Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын оқыту». Алматы, Рауан. – 1994.
- Кунхожаева Н.Р. «Қазіргі Қазақстанның экономикасы: жағдайы және болашағы». Алматы 1998.
- Ярмухамедов М.Ш. «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы». Алматы, Рауан – 1997.
- «Экономические проблемы размещения сельского хозяйство Казахстана». Алматы, Қайнар – 1977.
- Есназарова У.А. «Экономическая и социальная география Республика Казахстан.
- «География» Алматы, Шың кітап. 2006.
- Көкеев Ә. «Оңтүстік қазақтары хақында қосымша мәліметтер // Қазақ тарихы. – 2001, №3.
- «Шымкент тарихы – ақпараттық жолбасшы». – Шымкент. Кітап ЖШС, 1998.
- Насыров Р. «Оңтүстік Қазақстан». – Шымкент: Қайнар, 1990.
- Федченко А.П. «Путешествие в Туркестан». М., Географгиз, 1950
- Тасболат Б., Кенжебаева Р.Н. «География». – Шымкент, 2006.
- Сәбит Жолдасов. «Шежірелі Оңтүстік». – Алматы, 2002. 204-б.
- Кенжебаева Р.Н. «Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық және экономикалық географиясы». – Шымкент, 2008.
- Қазақ Ұлттық энциклопедиясы.
- Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы.