Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан жоғары сұранысқа ие 37 нөмір берілген. Мемлекеттік нөмірлер сатылымынан түскен мемлекеттің жалпы табысы 13 миллион 264 мың 024 теңге.
"Жол жүрісі туралы" ҚР Заңының 66 бабының 1 тармағына сәйкес әр жүргізуші көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің цифрлық белгіленуін таңдауға құқылы деп түсінік берді ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Негізінен, клиенттердің ұнататын нөмірлері келесідей: 001, 002, 007, 003, 005, 009, 100, 111, 999, 200, 777, 888, 333 және 800. 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 сынды жоғары сұраныстағы нөмірлердің бағасы 253 мың 724 теңге, ал 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сынды мемлекеттік автокөлік нөмірі 422 мың 256 теңге тұрады. Ал өткен жылдың соңғы екі айында ОҚО ІІД Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан бөлімі халыққа 54 мемлекеттік нөмір таратқан. Бұдан түскен жалпы табыс көлемі 18 миллион 249 мың 608 теңге. Ақпарат көзі: 24.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024