Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығы

Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығы

Егемен Қазақстанның дамуының онжылдығы елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің кең көлемді және түпкілікті қайта құрылуымен ерекшеленеді. Осы жылдары радикалды реформалар мемлекеттіліктің орнығуы мен КСРО кезеңінде пайда болған терең экономикалық дағдарысты жеңіп шығуы жағдайында жүзеге асты. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары шаруашылық механизмін жетілдіру, командалық-бөлініс жүйесін әлсірету мен тауар өндірушілердің құқықтарын кеңейту, шаруа ісін жүргізудің рыноктық принциптеріне өтудің алғашқы бағдарламаларын іске қосу бойынша қолданылған шаралардың нәтижесі сәтсіз болғаны белгілі. 90 жылдардың басындағы экономикалық  өндірістің құлдырауы, кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуі, қаржы-несиелік жүйенің бұзылуы, рубльге деген сенімнің жоғалуы, дүкендердің бос сөрелері мен тауар бөлудің талапдық жүйесі тән болды.

Елдегі жүйелік экономикалық қайта құру жолындағы өткен онжылдықты белгілі бір кезеңдерге бөліп қарауға болады. Алғашқы кезең 1992—1993жж. яғни экономиканы түпкілікті реформалаудан өз төл ақшамызды шығаруға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде макроэкономикалық саясат Ресейде белгіленетін еді. Жалпы республиканың бүкіл экономикасы көрші елді қабылданған шешімдерге тәуелді болатын. Инфляция бұрын болмаған қарқынмен өсті. Өткен жылдың желтоқсанының басындағы процентке шаққандағы тұтынушылық құн индексі 1992ж. соңында — 3060-ты, 1993ж. — 2265-ті құрады.

Елдегі нарықтық қайта құрулардың екінші  кезеңі 1993ж. қарашадағы ұлттық валютаның енуімен және дербес макроэкономикалық саясаттың қалыптасуымен басталды. Ол салық салу, бюджеттік және банктік салалардағы, сыртқы экономикалық жұмыстардағы, оның ішінде шетел капиталын тарту мен кеден ісі, нарықтарды дамыту мен нарықтың инфра-құрылымдардағы қатынастарды қалпына келтіріп отыратын нормативтік-құқықтық базаның құрылуымен ерекшеленеді. Инфляцияға қарсы қатаң саясат жүргізілуінің нәтижесінде қаржы тұрақтылығы бойынша алғашқы айтулы нәтижелерге қол жетті, тұтынушылық құн индексі 1994ж. 1258-ге, 1995ж. 160,3-ке, 1996ж. 128,7-ге түсіп, теңгенің валюталық бағамы тұрақталды, бюджеттегі жетіспеушілік азайды, бірқатар экспортқа бағытталған өнеркәсіп салаларындағы өндіріс тұрақты күйге түсіп, біраз жандана түсті.

Реформаның екінші кезеңінің ең басты нәтижесі жаңа экономикалық ахуал болды. Осы ахуалдың нәтижесінде әкімшілік-командалық экономиканы рыноктық экономикаға көшіру процесі маңызды жүйелік қайта құрулардың негізінде қарқынды сипатқа ие болды. Олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналарды жатқызуға болады.

I ТАРАУ. Ұлттық экономикалық теория

1.1. Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру

Экономиканы либерализациялау. Нарықтық регуляторлардың іске қосылу, шаруашылық өмірдегі мемлекеттік регламентация формаларының қысқаруы, сыртқы экономикалық жұмыстардың либерализациялануы, шетел капиталына есік ашылуы, тұрақты валюталық режимге қатысты қамсыздандыру шаралары негізінде трансформациялық жүйенің осы ең маңызды саласын жете келтіруде көңіл толарлықтай ілгерілеу пайда болды.  Мемлекет өз қажетін өтеу үшін рыноктың басқа субъектілерімен тең дәрежеде бірігіп жұмыс істей бастады және форвардтың, фъючерстік және т.с.с. шарттарды пайдалана отырып, биржалық сауданы дамытты. Өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің барынша шектелген шеңбері бойынша  мемлекеттік қадағалау механизмін сақтай отырып, еркін баға қою және сұраныс пен ұсынысқа жауап бере алатындай олардың құрылымдарын қалыптастыру принциптерін жүзеге асыру басталды.

Жеке секторы басым көп қырлы экономика негізінің қалануы. Ортақ экономикалық орта өзгерді, нарыққа бағытталған шаруашылық құрылымдарының дамуы, көп қырлы экономика негізінің орнауы және кеңеюі, іскер және жауапкершілікті мойнына алатын меншік иелерінің қалыптасуы үшін жағдай жасала бастады. Едәуір кідірістерге қарамастан жекешелендірудің кең көлемді процесі аяқталды. Мемлекет меншігінен айыру және жекешелендіру, жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті қайта жасау бағдарламаларын жүзеге асыру, кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және монополиясыздандырудың өткен кезеңдерінің заңды салдары ретінде экономикадағы дамыған жеке сектордың қалыптасуы, тәртіптің рыноктық үлгілеріне мойын бұрған меншік иесінің аяғынан тік тұруы басталды, сондай-ақ кәсіпкерліктің, шағын және орта бизнестің дамуы, рыноктың бәсекеге қажет базаларды кеңейту мен қолайлы жағдайлар жасау өріс алды.

Нарықтық экономика мен инфрақұрылымда институттарының дамуы. Рыноктық инфрақұрылымның негізі қаланды. Оған банктер желісі, инвестициялық және сақтандыру компаниялары, биржалар, аудиторлық фирмалар және басқа да шаруашылық субъектілеріне қызмет ететін, олардың өнім өндіру ісіне, қызметтеріне деген сенімділіктерін арттырып, коммерциялық тәуекелді азайтуға септігін тигізетін объектілер кіреді.

Еңбек, капитал және тауар рыноктарындағы қатынастарды қадағалап отыратын заң шығару ісі кеңейіп, тереңдей түсті. Сауданың, қаржылай-несиелік және басқа да рыноктық экономика институттарының дамуы  елдегі ВВП (внутр. валов. продукт. Каз.) өндірісінің құрылымында айтулы ілгерілеулерге жағдай жасады. Қызмет көрсету бағасының да үлес салмағы өсті.

Сәйкес тепе-тең тұтынушылар рыногының құрылуы. Экономикалық жүйені ауыстыру қысқа уақыт ішінде  сұраныс пен ұсыныстың ара салмағын жөнге келтіруге және тұтынушылар рыногындағы белгілі бір  тепе-теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік берді. Халық тұтынатын тауарлардың басым көпшілігіне деген ұсыныс төлемге қабілетті сұраныстан асып кетті. Бірақ мұның өзі де көңілге медеу ұялатар факт. Алайда ішкі өнім артты десек те, импорттың интенсивтілігі мен халықтың басым бөлігінің жинақ қорларының құнсыздануына байланысты төлемге қабілеттілігі төмендеді, өндірістің тоқтауы, тұтынушылық құндардың аспандап шарықтау орын алды.

Қаржылық тұрақтылық. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде бірқатар табыстарға қол жетті. Инфляция қарқыны мен қаржы рыногының проценттік салымдарының төмендеу динамикасы соның бір айғағы болды. Мемлекеттің алтын-валюталық резервтерін жасау қолға алынды. Теңгенің валюталық курсы біршама тұрақталып қалды. Сыртқы сауда айналымының ақсауы мен қаржыландырылуы инфляциялық әдістерсіз жүзеге асырыла бастаған мемлекеттік бюджет жетіспеушілігіне қатысты оң өзгерістер байқала бастады. Өнеркәсіптің бірқатар салаларында өндірістің тұрақталу тенденциялары көрінді.

Атап өтілген жетістіктермен қатар, ел экономикасын реформалаудың екінші кезеңінде біраз өткір проблемалар да орын алды. Атап айтқанда, экономикалық қайта құрулардың алғашқы жылдары өндірістің айтарлықтай құлдырауымен есте. Бұл әлеуметтік саладағы бірқатар проблемалардың ұшығуына әкеп соқты — халықтың таза ақшалай кірісі осы кезеңде 5 есе төмендеді. Халықтың кіріс көлемі жөнінен таптарға бөліне бастауы етек алды. 1995ж. халықты кіріс көлемі бойынша топтарға бөліп қараудан мынадай қорытынды шықты. Халықтың 10%-інің кірісі бір ең төменгі азық-түлік алымына жетпейді, 42%-ң  кірісі — сондай алымның бірден екіге дейінгі бағасындай, 39%-ікі екіден төртке дейінгі бағасындай және 9%-інің алымның төрттен жоғары  бағасындай кірісі бар болған.

Ең ауқатты және ең тұрмысы төмен таптардың кірістерінің арасындағы алшақтық 11 ден 30 есеге дейін жетті. Бұл әлемдік практикада қабылданған (10 еселік) ең жоғары көрсеткіштен асып түсті. Жұмысқа орналасу проблемалары да ұшыға түсті. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 1996ж. экономикалық ынталы (активы) халықтың 4,1%-ін құрады. Есепте тұрған жұмыссыздар саны елдің жұмыспен қамту қызметтеріне түскен жұмысшыларға деген сұраныстардан 25 есе көп болды. Мәжбүрліктен ұзақ демалыста және толық емес жұмыс уақтысы режимінде жұмыс істеп жатқандардың саны 1996ж. соңында экономикалық ынталы халықтың шамамен 7%-н құрады.

Өндірістің құлдырауы мен соған байланысты туындаған әлеуметтік проблемалардан бөлек республика бірқатар спецификалық дағдарыс тұғызушы факторларға тап болды. Біріншіден, ең көкейтесті проблемалардың бірі бір-біріне әсер етуші факторлардың жиынтығынан пайда болған төлем дағдарысы болды. Бұл факторлардың ішінде бәрінен бұрын өздерінің айналым құралдарын тауысқан және өздеріне ауадай қажет несиелік ресурстар алуға мүмкіндіктері болмаған кәсіпорындардың нашар қаржылық ахуал көп қиындықтар тудырды. Екіншіден, инвестиция саласындағы проблемалар ұшығын тұрды. Инвестицияны қысқартудың көлемі экономикалық басқа салаларындағы құлдырау деңгейлерінен асып кетті. 1993—1995жж. өзінде ғана капиталдық салым көлемі екі еседен асаға дейін кеміді.

Орын алған олқылықтарға қарамастан, экономиканы реформалаудың екінші кезеңінде түркілікті институционалдық қайта құрулар жүзеге асырылып, көңіл көншітерлік макроэкономикалық тенденциялардың қалыптасуы мен тұрақталуына негіз қаланды. Бұл ілгерілеу 1997—2000жж. елдің ұлттық экономикасының дамуының үшінші кезеңінде айқын көрінді. Бұл жылдарды негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасының ерекшелігіне сәйкес жеке этап ретінде қарастыруға болады. 1997—2000ж. аралығында ВВП-ның, өнеркәсіп өндірісінің, инвестиция көлемінің және басқа да маңызды көрсеткіштердің өсуі басталды. Алайда экономика дамуының динамикасын біртіндеп өзінің таралу географиясын кеңейте түскен, сол жылдары  болған әлемдік қаржы дағдарысы біраз тежеп тастады. 1997ж. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде басталған дағдарыс, 1998ж. Ресейге жетті және Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізді: осылайша, 1998 жыл елдің ВВП-сын төмендеуі байқалған осы кезеңнің жалғыз жылы болды. Ал 1999ж. ұлттық валюта айтарлықтай девальвацияға ұшырады. Республика экономикасының әлемдік рыноктор конъюктурасының ықпалына түсуі және оның елде өндірілетін өнімдер бағасына тәуелділігі реформалардың аталмыш кезеңінің негізгі сабақтарының бірі болды. Өңдеу өнеркәсібін дамыту, отандық тауарөндірушілер мен шағын бизнеске қолдау жасау, экономиканың шаруашылық комплекстің шикізат көзі ғана болуын жоюға бағытталған құрылымдың реформаларын тереңдету мәселелері көкейтесті сипат алды.

Аталмыш проблемалардың шешімін табуы реформалардың үшінші кезеңіндегі институционалдық қайта құрулардың айтарлықтай тереңдеуінен көрініс тапты. Экономикалық процестердің нормативтік-құқықтық базасы едәуір кеңейіп, толықтырыла түсті, экономиканың ең маңызды салаларын дамытуға жағдай жасайтын бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды, шаруашылық ортаның дамыған рынок стандарттарына жақындастырылуы бойынша шаралар жасалды. Осы кезеңде жасалған көптеген қадамдардан ең прогрессивті қадамдар ретінде төмендегі макроэкономикалық деңгейдегі шараларды ерекше атап өтуге болады:

жинақтаушылар қорлар жүйесі бойынша азаматтардың зейнетақыларын тұлғаландыруға (персонализация) бағытталған, сонымен бірге қуатты ұлттық инвестициялық институттардың қызметін атқаратын зейнетақы реформаларын жүргізу;

жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқару процестерін жетілдіру;

өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қалпына келтіруді бастауға мүмкіндік берген отандық тауарөндірушілер мен импорттың орнын басуға қолдау көрсету бойынша бірқатар шаралар қабылдау;

отандық банк секторының ары қарайғы нығаюына және инвестициялық процестерге халықты тартуға бағытталған қаржы саласындағы реформаларды тереңдету;

елдің әлемдік рыноктардағы баға конъюктурасының залалды өзгерістеріне тәуелділігін азайтуға мүмкіндік беретін ҚР Ұлттық Қорын құру туралы шешім қабылданды.

Жалпы алғанда онжылдықтың соңғы жылдарын Қазақстандағы экономикалық реформалардың негізгі бөлігінің аяқталу кезеңі деп қараған жөн. Елдің макроэкономикалық дамуының аталмыш кезеңінің негізгі нәтижесі деп мыналарды атауға болады.

  1. Негізінен бұрынғы шаруашылық жүйенің және әлеуметтік-экономикалық формацияның радикалды  трансформациясының күйреуінен туған қиындықтар жойылды. 90-жылдардың басында еліміз тап болған көптеген көкейтесті проблемалар азды-көпті шешілді, елдегі қаржылық-экономикалық ахуалдың жетілген тұрақталуы негізінде болашақтағы дамуға жол ашқан рыноктың типтегі экономика құрылысы болды.
  2. Өткен кезеңдерде басталған қазіргі заманғы рыноктың шаруашылықты жүргізу стандарттарына сай нормативтік-құқықтың базалардың құрылуы аяқталды.  Құнды қағаздар рыногы, қаржы жүйесі, еңбек, рыногы, салық салу, бухгалтерлік есеп, акционерлік қатынастар және басқа да көптеген экономика салаларында дамыған заңдар қабылданды және іске асып жатыр.
  3. Мемлекеттен бөлу және жекешелендіру процестерінің негізгі бөлігі аяқталып, аралас типті экономика қалыптасты, жеке бизнестің қуатты табы пайда болды. Осылай, 01.01.2001ж. Қазақстанда жалпы саны 138549 заңды тұлғалардан 111400-і меншіктің жеке түрімен жұмыс істеді, жеке секторда елдің  ВПП-сының шамамен 70%-і өндіріледі. Өткізілген институционалдық қайта құрулардың негізінде рыноктық және өндірістік инфрақұрылым компанияларының қарқынды дамып келеді. Ел ВВП-сындағы үлесі үнемі өсіп отыратын қызмет көрсету саласының дамуы есебінен ел экономикасының құрылымында орын алып келген диспропорциялар жойылды. Экономиканың көптеген салалары мен шеңберлерінде бәсекелестік орта қалыптасты.
  4. Мемлекеттің қаржы саласында барлық негізгі бағыттар бойынша берік тұрақтылыққа қол жетті: мемлекеттік қаржы, ұлттық валютаның бағасы, банк жүйесінің тұрақтылығы мен беріктігі, Ұлттық банктің алтын-валюталық резервтері, инфляция динамикасы, ақша нарықы мен мемлекеттік құнды қағаздар нарықындағы проценттік салымдар бойынша ілгерілеу байқалды. Осылайша 2000ж. тұтынушылық баға орта есеппен айына 0,8%-ке, мемлекеттік бюджет 01.12.2000 жылы ВВП-ға 2,2%-ке орындалды, Ұлттық банкті қайта қаржыландыруға салым 2001ж. ақпанда 12,5-ке төмендеді, мемлекеттік құнды қағаздардың кірісі қосалқы нарықта жылына 11,4%-тен айналды. Қаржылық тұрақтылық халықтың айтарлықтай бос бөлігін тартуға және банктердің экономиканың маңызды секторларына беретін несиелерінің көлемін едәуір ұлғайтты.
  5. Экономикада инвестициялық-өндірістік процестер қарқын ала бастады. Онжылдық соңында ВВП көлемдерінің, өнеркәсіп өндірісінің, инвестициялық жұмыстардың динамикасында және бірқатар маңызды көрсеткіштерде айтарлықтай ілгерілеу байқалды. Өсім іс жүзінде экономиканың барлық салаларында — өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, транспорт пен байланыста, саудада және т.б. орын алды. Бұл елдің дамуының тұтастай (жалпылама) және жүйелік сипаты жайында әңгіме қозғауға мүмкіндік береді. 1999ж. бастап, реформа жылдары алғаш рет сауда тепе-теңдігі көңіл көншітерлік белгілері байқалды.
  6. Реформалардың үшінші кезеңінің ең маңызды ерекшелігі олардың шынайы құрылымдық қайта құруларға жүйелік түрде бағытталуы болды. Нарық институттары мен шаруа жүргізу механизмдерін қалыптастыру саласында бірқатар батыл қадамдардың жасалуының нәтижесінде Қазақстан экономиканы реформалаудың қарқыны бойынша ТМД елдерінің көбін басын озды. Атап айтқанда Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып зейнетақы реформасы, банктік салымдарға кепілдік беру жүйесі, Ұлттық банк арқылы Бүкіләлемдік банкке қарызды мерзімінен бұрын өтеу, Ұлттық қор құру, банктер мен зейнетақы қорларының салымшыларына ұлттық валютаны девальвациялаудан туған бағамдық шығындар үшін мемлекеттік өтемақы төлеу, экспорттерлардың валюталық көмекті міндетті түрде сатудан бас тартуы, автокөлік иелерінің жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру сияқты шаралар қабылдады. Қазақстанның ТМД елдері арасында шетел инвестицияларын тартудың жан басына шаққандағы көлемі жөнінен ең алдыңғы орында екені даусыз Мемлекет пен шаруашылық субъектілері қаржыны басқару оптимизациясының әдістерін табысты қолданып келеді: құнды қағаздар шетел рыноктарына шығарылуда қайта қамсыздандыру механизмдері іске қосылуда. Үшінші кезеңдегі ел Экономикасын реформалау ісі 90-жылдардың басында орын алған келеңсіз тенденцияларды өзгертуге жол ашты. Онжылдықтың үшінші бөлігінен бастап макроэкономикалық көрсеткіштердің басым бөлігі тұрақтылықты немесе өсімді көрсетіп келеді. Соңғы жылдары жүргізілген қайта қалыптастырулар елдің әлеуметтік саласына да бірқатар игі ықпалын тигізді: халықтың кірісі өсе бастады, жаңа жұмыс орындары ашылды, мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік мұқтаждылыққа шығысы артты.

Елдің шаруашылық комплексін реформалау процестерінде, оның жүйелік қайта қалыптасуында жетекші рольді мемлекеттің экономикалық саясаты атқарды. Тәуелсіздік алған соң Қазақстан экономикалық процестерді ұйымдастырудың ең қиын жүйесін іс жүзінде басынан бастап құру қажеттілігімен бетпе-бет келді, ол сонымен бірге шаруашылық ортаны түпкілікті реформалау ісімен күрделілене түскен қажеттілік еді. Өтпелі кезеңнің бұл объективті қиындықтары экономиканы басқару саласында жеткілікті дұрыс шешімдер қабылдауға әрқашан жағдай жасай бермейтін. Алайда жалпы алғанда өткен онжылдықтың қорытындысы бойынша елде экономикалық саясат жүргізудің рыноктық қоғам принциптеріне лайық жүйесі қалыптасты. Қазіргі уақытта елдің экономикалық саясатын бірнеше шешуші бөліктерге бөлуге болады: қаржы-несиелік, салықтық-бюджеттік, сыртқы экономикалық, инвестициялық, нарықтық блоктар және монополияға қарсы саясат. Реформалардың басынан аяғына дейінгі кезеңдеріндегі экономиканы тұрақтандырудың шешуші бағыты қаржы-несиелік саясат болды. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету көбіне Қазақстан Ұлттық Банкінің 1994 жылдың шілдесінен бері жүргізіп келе қатаң ақша саясатының жүзеге асырылуы байланысты. Ақша саясатын жүргізу инфляцияның төмендеуіне ықпал ететін ақшаны көлемін сомасы бойынша басқаруға, сондай-ақ өнеркәсіптің өсе түсуіне арналған тұрақты айырбастау бағамын қалыптастыруға бағытталды. Қайта қаржыландыруға иек арту инфляцияның іс жүзіндегі қарқынына байланысты  туындады. Ал мемлекеттік құнды қағаздарға деген сенім аукциондық әдіспен анықталды, бұл шынына келгенде, олардың маңызын ашып берді. Екінші дәрежедегі банктерге қосымша талаптардың бекітілу жолын қадағалау өте сәтті жүзеге асырылды.

1995ж. ортасынан бастап Қазақстанның қаржы-несиелік саясатының құралдары дамыған елдерде дәстүрге айналған тағы бір шарамен — Ұлттық Банк өзінің құнды қағаздарға арналған жеке қоржынын жасай бастаған кездегі ашық рынокта жүргізілген операциялармен толықты. Осы мақсатта шығарылу көлемі ақшалай агрегаттар бойынша бағыттарға байланысты белгіленген арнайы құнды қағаздар — Ұлттық банк ноталарын шығару қолға алына бастады. Сонымен қатар ақша көлемін стерилизациялау және теңгенің айырбас құнының тұрақсыздығын жою мақсатында валюталық рыноктағы интервенция сияқты рыноктың экономикаға тән регулятор іске қосылды.

1996 жылдан бастап екінші дәрежедегі банктердің несие саясаты біршама өзгерді. Мұндай банктердің қатары кеміп қалған еді. Ал аталмыш операциялардың негізгі бағыты банк жүйесінің беріктігін сақтау болып қалды. Жеңілдік несиелерін беру мен кәсіпорындардың Ұлттық Банкке несие сұраған тікелей өтініштерін қарау тоқтатылды. Несиелердің бөлінуі аукциондар, банкіаралық рынок, сондай-ақ ломбардтық негізде жүзеге асты.

1997ж. бастап қаржы-несиелік саясаттық жүзеге асырылу әдістемесі дамыған елдердің осыған ұқсас стандарттарына сәйкес түпкілікті қалыптасын бітті және Ұлттық банктің ресми салымының өзгеруін, міндетті түрдегі резервтерге нормалар белгілеуді, ашық нарықтағы операцияларды және ішкі валюталық нарықтағы интервенцияларды қамтыды. Инфляция қарқынының бәсеңдеуі артынан пропорционалды негізде сыйақы түріндегі ресми ставкалар — қаржыландырудың ресми ставкасы, ломбардты несие бойынша сыйақы түріндегі ставка, “овернайт” несиелері бойынша сыйақы түріндегі ставкалар төмендеді.

1998ж. қаржы-несиелік саясат әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында жүргізілді және орын алған жағдайдағы қадағалаудың спецификалық қажеттілігін көрсетті. Бұл оған Қазақстанның қаржы секторын қорғауға бағытталған қатаң сипат берді. Сонда да 1999ж. ұлттық валютаның еркін жүзіп жүрген айырбас бағамының режимі қабылданды, және ол біршама девальвацияға ұшырады. Осы жағдайда қаржы-несиелік саясаттың ең басты міндеті инфляция қарқынының өсуіне тоқтату болды. Сонымен бірге, бұрынғыдай екінші дәрежедегі банктердің кредиттік қабілетінің артуы да көкейтесті мәселе Бүйінде қалды. Осыған байланысты Ұлттық Банк бір жыл ішінде қайта қаржыландыру салымының деңгейін 18%-ке дейін төмендетті. Кейін ол көрсеткіш 2000 жылғы қаржылық ахуалдың түркілікті тұрақталуына қарай 14%-ке, ал 2001 жылдың ақпанында 12,5%-ке түсті.

Экономикалық процестерді қадағалаудың тағы бір негізгі бағыты салықтық-бюджеттік саясат болып табылды. Қазақстан экономикасын реформалаудың бірінші кезеңінде осы салада басты назар негізінен рыноктық стандарттарға сай заңдарды қарастыруға аударылған еді. Нормативтік база салық салу саласында да, нарыққа бағытталған бюджеттік жүйе құру бойынша да құрылған болатын. Бюджеттік саладағы ахуал республиканың рубль аймағында тұрған кезінің өзінде өте қиын еді. Бюджеттік процесс эммисиялық  жұмыстарды бақылап отырған Ресейге тікелей тәуелді болатын. Реформалардың алғашқы жылдары Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің өте үлкен диспропорциялары байқалды. Ұлттық валюта енгеннен кейін бюджеттік жүйені жетілдіруге ұмтылыстар жасалды. Алайда инфляцияның жоғары қарқыны бюджетті қалыптастыруды барынша жетілдіруге мүмкіндік бермеді. Бюджет жетіспеушілігін Ұлттық банк несиелері есебінен жабу кең көлемде қолданысқа енді. Бұл да инфляцияның өсуіне, ақыр аяғында бюджет балансының бұзылуына ықпал етті.

Бюджет саласындағы өзгерістер 90 жылдардың орта шенінде мемлекеттік бюджеттің жетіспейтін тұстарының инфляциялық емес әдістермен қаржыландырылуы жүзеге аса бастап, ал осы көрсеткіштің көлемі кірістер мен шығыстар арасындағы алшақтықтарды болдырмау мақсатында бақылауға алынған кезде басталды. Осы кезеңнің салық жүйесі де белгілі бір өзгерістерге ұшырады. Салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың тиімді әдісі ретінде ғана емес сонымен бірге инвестициялық-өндірістік жұмыстарды жөнге  келтірудің құралы ретінде қарастырыла басталды. Бір жағынан бұл өзгерістер осы уақытта жүргізілген ірі кәсіпорындарды жеке проекттар бойынша жекешелендірумен де байланысты болды. Осы проекттар аясында инвесторлар едәуір салық жеңілдіктеріне ие болды.

Реформалардың үшінші кезеңі бюджеттік-салықтық саясат саласында мемлекеттік бюджетті орындаудың тұрақталуы, мемлекет жетіспеушілігі көлемнің кемуі, салық заңдарының отандық тауарөндірушілерге қолдау жасауға бағытталуы сияқты негізгі ерекшеліктерді қамтыды. Салық механизмдері белгілі бір салалардың дамуын жөнге келтіруге бағыттала отырып, қолданыла бастады. Осылайша, 1999ж. машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің бәсекелестікке қабілетін арттыру мақсатында машина жасау мен химия өнеркәсібі үшін НДС төлеу мерзімін 90 күнге ауыстыру бойынша салық заңына өзгерістер енгізілді. Ал жеңіл өнеркәсіп үшін бұдан бөлек НДС-тің нөлдік ставкасы енгізілді. 2000ж. салық уақының жекелеген ережелеріндегі өзгерістерді орнықтыруға дайындық бойынша жұмыс жалғасын тапты. Ол ережелер ең алдымен машина жасау кәсіпорындарына, ішкі рынокқа бағытталған химиялық, мұнай-химиялық және ағаш өңдеу өнеркәсіптеріне арналған қатаң емес салық режимін қарастырады.

Экспортқа бағытталған экономикалы ел ретіндегі Қазақстанның экономикалық дамуында реформалардың бүкіл өн бойында сыртқы экономикалық саясат үлкен роль атқарды. Елдің сыртқы экономикалық байланыстарындағы реформалар сыртқы сауданы жаңарта түсуге бағытталды. Бұл жаңарту қадағалаудың әкімшілік әдістерін экономикалық әдістермен алмастыруға жол аштты.

90 жылдардың ортасы сыртқы сауданы жаңартумен ерекшеленді. Мұндай жаңарту онжылдықтың басында рыноктың экономикалық талаптарына сай келмейтін қадағаланғандықтың жоғары дәрежесімен ерекшеленді. Атап айтқанда 1994—1995жж. бастап сыртқы сауданы жаңарту тауар экспортына квоталауды жою, лицензияланған өнімдер санын қысқарту, экспорттық кеден салықтарын жою сынды бағыттар бойынша жүрді. Республикада жүргізілген сыртқы экономикалық саясаттың негізінде республиканың сауда тепе-теңдігінің көрсеткіштері біршама жақсарды.

1995ж. шілдеде кедендік бақылау жүйесін қалыптастырған жаңа Кедендік кодекс қабылданды. Сол жылдың қаңтар айында Кедендік одақ туралы Ресей Федерациясымен, Белорусь және Қырғызстанмен келісім-шарт жасалды.

Елдің сыртқы экономикалық саясаты 1998-99жж. әлемдік экономикадағы дағдарысты құбылыстардың өрлеуі мен Қазақстанның негізгі саудалық әріптесі — Ресейдегі қаржы дағдарысынан кейін қарқын алуға маңызды қадам жасады. Қазақстан экспортының негізгі тауарларына әлемдік бағаның түсуі мен рубль девальвациясы экспорттың 15%-ке және импорттың 7%-ке кемуінен туындаған сыртқы сауда айналымының 11%-ке төмендеуіне әкеп соқты. Қазақстанның әріптестері: Ресей, Украина, Өзбекістан, ЕО елдері сияқты негізгі елдерге экспорттық үлес салмағы азайды. Аталмыш келеңсіз тенденциялардың соңы сыртқы сауда саясатына үлкен прагматизм мен отандық тауарөндірушілерді қорғау құралы ретінде жетілдіруге тиіс шаралар енгізуге ұласты. Атап айтқанда заң, шығару базасы кеңейтілді, ҚР энергетика, индустрия және сауда министрлігі жанында бақылау жөніндегі комитет деп аталатын өкілеті орган құрылды. Қазақстандық компартиялардың шетел рыноктарындағы мүдделерін қорғау басталды.

Ұйымдастырылу аясы бойынша сыртқы сауда саясатын жүргізудің қазіргі кезеңі Армения мен Түркіменстанды қоспағанда, ТМД-ның барлық елдерімен еркін сауда режимімен және Қазақстанның ВТО құрамына енуіне күш салудың артуымен ерекшеленеді.

Өтпелі кезең жағдайындағы инвестициялық саясатта  алғашында елде қажетті қаржы ресурстарының болмауы салдарынан күрделі сипатқа ие болды. Аталмыш факторға байланысты инвестициялық саясаттың негізгі бағыты шетел инвестицияларын тартуға және соған сәйкес елге жайлы инвестициялар ахуал қалыптастыруға ұмтылу болды. Инвестициялық саясаттық таңдалған бағытын қолданудың нәтижесінде Қазақстанда елдің шаруашылық комплексіне қаржы ресурстарын тартуды жетілдіру үшін институциональды және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Атап айтқанда, құнды қағаздар рыногының инфрақұрылымы қалыптастырылды, бір ғана өкіметті орган — ҚР инвестициялар жөніндегі Мемлекеттік Комитеті құрылды кесін бұл орган ҚР инвестициялар жөніндегі Агенттігі болып қайта құрылды. Сондай-ақ ҚР Президенті жанында Шетел инвесторларының кеңесі құрылды. Бірқатар инвестицияларға қолдау көрсету және бірігіп қорғау туралы үкіметаралық келісімдер жасалды.

Елдің инвестициялық саясаты инвестициялық жұмыстар приоритетерінің бағытын, ел экономикасының дамуы үшін ең маңызды салалар мен бөлімдерді анықтайды. Аталмыш салаларды қаржыландыруды жөнге келтіру мақсатында 1997ж. ҚР Президенті Жарлығымен тікелей отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін ҚР экономикасының приоритетті секторларының Тізімі бекітілді.

Елдің инвестициялық саясаты сонымен бірге мемлекеттік бюджет: сыртқы займдар мен гранттар, сондай-ақ мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттер емес сыртқы займдар есебінен құралатын қаржыларды қосқандағы республикалық бюджет есебінен бірқатар бағыттарды қаржыландыру ісін жүзеге асыруды алдын ала қарастыруда. Мемлекеттік инвестицияларды бөлу және пайдалану үш жылға жасалатын Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын (МИБ) жасаудың көмегімен жүргізілуде.

МИБ-тің алғашқы құжаты 1996—1998жж.-ға арнап жасалды. Үкіметтің 1999ж. 15-шілдедегі №772 Қаулысымен 1999—2001 жылдарға МИБ бекітілді. Оның негізгі ресурстары ауыл шаруашылығы, су ресурстары,  транспорт пен байланыс секторына бөлінді.

Республиканың деңгейден бөлек Қазақстанның инвестициялық саясаты аймақтардың атқарушы органдарының займы есебінен қаржыландырылатын негізде жергілікті деңгейдегі инвестициялық жобалардың сәйкестігін ұйымдастыруға жағдай жасауда.

Қазақстанның жағдайындағы мемлекеттің макроэкономикалық саясатының тағы бір маңызды тұсы бағалық және антимонополиялық саясат. Оның маңызы монополист-компаниялардың көбеюіне жағдай жасайтын өнеркәсіпке капиталдық тығыз шоғырлануының нәтижесінде артып отыр. Экономикалық процестердің мемлекеттік қадағалануының аталмыш бағытын жүзеге асырудағы ең алғашқы айтулы шаралар 1994-1995 жж. Мемлекеттік акционерлік және холдингтік компаниялардың қайта ұйымдастырылуы болды. Осы процестің нәтижесінде бұрын аталмыш құрылымның құрамында болған кәсіпорындар дербес заңды тұлғаларға айналды, сөйтіп экономиканың көптеген салаларында бәсекелестік орта қалыптаса бастады. Бұдан басқа, 1995ж. бастап тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық пен қалалық жолаушылар тасымалдау салаларының кәсіпорындарын қайта ұйымдастыруға қадамдар жасалды.

Монополияға қарсы саясаттың ең маңызды элементі табиғи монополистер қызметіне тарифті қадағалау болды. Қазақстандағы табиғи монополистер тарифының қадағалануы құрылымдардың көрсететін қызметтерінің бағасының көтерілу мүмкіндігінің дәйектілігі дәрежесін анықтау мақсатында шығын құрылымдарын айқындауға жол ашады. Қадағалаудың аталмыш механизмдері 1999ж. сәуірдегі теңгенің девальвациялануынан кейін ерекше маңызға ие болды. Монополистер қызметіне бағаның тарифтер бойынша тыңдау механизмін қолдану, қызмет көрсету бағасына ықпал ететін өндірістік көрсеткіштерді талдау негізінде бағаның бірден көтерілуіне жол бермеу елде іске қосылған монополияға қарсы қадағалаудың барынша жетілгендігін көрсетті.

Егемендік жағдайындағы Қазақстан экономикасын онжылдық реформалауды қорытындылау ел алдында тұрған көптеген күрделі жұмыстардың табысты жүзеге асқандығын дәлелдейді. Кең көлемді қайта қалыптастырудың нәтижесінде толықтай шаруашылық жүйесі реформаланды, либералды ашық нарықтық экономика принциптеріне негізделген экономикалық қатынастардың жүйесі қалыптасты, дамыған нарық стандарттарына да, ұлттық экономикалық ортаның ерекшеліктеріне де сай жалпылама басқару жүйесі құрылып, даму үстінде.

1.2. Нарықтық реформалары: қиыншылықтары мен табыстары.

Соңғы онжылдықтағы Қазақстан экономикасының негізгі бағыты жүргізілген реформалар мен оның орындалуымен байқалды. Экономика реформасы терең дағдарыс жағдайында жүргізілді.

Бірінші кезең (1992—1994) реформалар экономиканы либерализациялау, нарықтық қатынастың заң шығарушылығы мен институциональды базасын құруға бағытталды.

Жекеменшік, салық, бюджет, сыртқы экономика қызметтері мен банк істерінде нормативті құқықтық базалар негізі салынып құрыла бастады. Сонымен қатар шет елдік капиталдар мен кеден ісі, банкротқа ұшыраған мемлекеттік өндірісті нарықтыққа көшіру істері алға қойылды.

Осы кезеңде өндіріс өнімдерінің барлық салаларында қысқартулар байқалды. Бұрынғы өндірістің құнын инфляция аз уақыт ішінде төменге құлдыратты. Өндіріс орындары сыртқы және ішкі рынокқа қажет емес өнімдерді шығаруын тоқтатқан жоқ. Дайын өнімдер өндіріс қоймаларын мен өндіріс ғимараттары ішінде толып қалды. Өндірістің сыртқы және ішкі рынокқа төмен дәрежеде болу — оның негізгі себебі болды.

1994жылы 1990 жылға қарағанда өнеркәсіптердің өндіріс өнімдерінің көлемі 47,7% кеміді. Жеңіл, химия және машина құрылысы өнеркәсіптерімен қатар құрлыс материалдары өнеркәсіп өнімдері тез қысқартылды.

1994 ж. бастап өнеркәсіп орындарына шетелдік компаниялардың келуінен бастап, инвестицияның өсуі байқалды. Инвестицияның негізгі капиталда өсуі мұнай-газ саласында структуралық өсуіне әкелді. Мысалы 1991ж. 31%-тен 1994ж. 51% көтерілді. Металлургия өндірісінің инвестициялық үлесі 17% деңгейінде қалды.

Екінші кезең (1995—1999жж.) нарықтық реформалар өндірісте жүргізілуі, өндіріс салаларының тұрақталануы мен экспорт өнімдерінің ішкі рынокты қамтамасыз ету болып табылады.

Экономикалық реформалар экономика секторының негізіне айналды, елдің ішкі өнімі жалпы 25,6% болды.

Өндірістерді реформалау оларды реструктуризация жолымен және қаржы жағдайы төмен өнеркәсіптердің банкроттануы Қазақстанның стратегиялық экономика саласында шетелдік инвесторлар келуіне жағдайлар жасалды.

1996—1997жж. реформалануы негізінде өнеркәсіп өндірістерінің дамуы қамтамасыз етілді. 1999—2000жж. бұл өсу 2,7 және 14,6% жетті.

Қазіргі кезең  өндіріс саясатында отандық өнімдерді қолдау, отандық нарық өнімдерін шет елге шығару және  оны сапасыз өнімдерден сақтау жұмыстары жүргізілді.

Салалы бағдарлама бойынша ұлттық компанияларға қолдау көрсету.

Оның негізгі мақсаты экономикалық өсу негізін өнеркәсіптерді дамыту, жоғары технологиялы өнімдердің сапасын көтеру.

Өнеркәсіптік өндіріс динамикасы.

Соңғы 10 жыл уақытында Қазақстанның экономикалық картасында маңызды өзгерістер болды деп айтуға болады.

Өндірістік кәсіпорындар саны 19769 дан 14781-ге дейін қысқартылды; оның ішінде 92,1% жеке мемлекеттік 5,1%, шет елдік меншік 2,8% болды.

Таукен өнеркәсібінің мұнай өндіру саласы 85%-ті қамтиды. Қазіргі таңда Қазақстан ТМД елдері арасында Ресейден кейінгі мұнай өндіруде екінші орында, ал әлемдік бірлестіктегі 90 мемлекеттің ішінде алғашқы 30 мемлекеттің қатарында. “Тенгиз” және “Қарашығанақ” мұнай көздерінен жақын арада 40 млн. тонна мұнай және 30 млрд.куб.м. газ жыл сайын беру көзделуде.

Қазақстан әлемдік рынокта көмір өндіру саласы бойынша ең ірі ондыққа кіреді. (2000ж. 74,8 млн.тонна, немесе жалпы әлемдік көлемде 2,0% шамасында).

Қазақстандағы қара металлургия негізін темір, хром, марганец өндіру орындарынан көруге болады. Темір рудасының қоры бойынша Қазақстан әлемде сегізінші орында. Темір рудасының негізгі аудандары Қостанай мен Қарағанды  облыстары болып табылады. Рудаларды шығару мен өңдеу Қостанай облысында ААҚ “ССГПО” және ААҚ “Лисаковский ГОК”, сонымен қатар Қарағанды облысындағы ААҚ “Атасуруда” болып табылады.

Қазақстан марганец рудасы қоры бойынша ЮАР, Украинадан кейін үшінші орында, бұл руданы өндіруде әлемдік стандарт бойынша 7 орынды иеленеді.

Түсті металл өндіруде, барлық металл түрлері қысқартылды, тек мыс өңдіруді қысқарту жай жүргізілді, оған себеп бұл металдың әлемдік бағасының жоғарылығы мен нақты шикізат көз болып табылды.

Қорғасын өндірісін өндіруді қысқарту жоғарғы шапшаңдықпен жүргізілді.

1994ж. Павлодар глинозем заводы, Өскемен титаномагний комбинаты және Шығыс Орталық пен Оңтүстік Қазақстанның барлық өндіріс орындары тоқтатылуға шақ қалды.

Қара металл өндіру ісінің төмен түсуі өте терең болды. Оған себептер болған жағдайлар өндірісті сату рыногін жоғалту, өндіріс технологиясын жаңартуда инвесторлардың жоқтығы және өндіріс басшыларының орынан көп ауыстылуы болды.

Өнеркәсіп орындарының структурасы.

1994 жылы 1990 жылға қарағанда; электроэнергия 1990ж. — 8,3%, 1994ж. 18,9%, отын өндірісі 10,2% және 21,9%, металлургия 15,6% және  24%. Жеңіл өндіріс 1990ж. 15,6%, 1994ж 3,8%, машина жасау 15,9%, 1994ж. 7,3%, тамақ өндірісі 1990ж. 15,9%, 1994ж. 9,9%, химия өнеркәсібі 1990ж. 6,3%, 1994ж. 3,7% болды.

1995ж. бастап металл өнеркәсібі мен мұнай өндіру іс жоғарылады.

Әлеуметтік даму.

Тәуелсіздік негізінде Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрі өрледі, ұлттық сана-сезімі өсті. Қазақ ұлты топтаса бастады; қазақ тілі мемлекеттік тіл болды; қазақ халқының таңдаулы өкілдерінің есімдері орала бастады, тарихи топонимика қалпына келтірілуде;  ұлттық мәдениеттің гүлденуі үшін жағдай жасалды, көші-қон және азаматтық туралы  заң қабылданды. 1992ж. күзде Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өткізіліп, оған 10 миллион қазақ халқының өкілдері жиналды.

Экономикалық дағдарыс жағдайында республикада табиғи байлықтардың аса мол қоры барлығы негізге алатын, экономикалық қайта құрлыс пен нарықтық қатынастарға өтудің өзіндік үлгісін жүзеге асыруға региондар мен шаруашылық қызметі субъектілерінің баламалы меншік түрлерін қалыптастыру қажеттігі, қорғаныс комплекстерін конверсиялау және ғылыми-техникалық, өндірістік потенциалды неғұрлым тиімді пайдалану бағытын ұстанды. Республика экономикасының мемлекеттік емес секторы белсенді дамытылуда. 1992ж. ортасында оның қатарында 35 акционерлік қоғам, 76 салааралық және  сыртқы экономикалық ассоциациялар, 30 концерндер мен концерциумдар болды. Республикада 120 коммерциялық банк, 60 биржа, 40 қамсыздандыру және 20 лизингалық компания, екі ірі аудиторлық орталық болды. 230 орташа өнеркәсіп орны, 11 мыңдай кооператив, 5,5 мыңнан астам шағын кәсіпорын бар, оларда халық шаруашылығында істейтіндердің 15% жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығында 8 мыңдай шаруа қожалығы бар. 1806 кәсіпорын мен ұйым жекешелендірілді, олардың үштен екі бөлігі ұжымдық меншікке, төрттен бір бөлігі жеке меншікке өтті.

Бұрынғы Кеңес экономикасының ыдырауы салдарынан әлеуметтік-экономикалық жағдайдың шешеленіскен жағдайында нарықтың реформа қиындықпен жүріп жатты. Алайда қазақстандықтардың жалпы ұлттық татулықтың жақсы болатына үміттендірді, бұл татулық Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік жалауында бейнеленген, онда көк жасыл түс бірлік пен ашық аспанды, бейбітшілік пен игілікті бейнелейді, алтын күн — тыныштық пен байлықты, дала қыраны — кеңпейілдік пен қырағылықты, асқақ ой-парасатты, шаңырақ — ата мекенді бейнелейді.

1993ж. 28 қаңтарда Республика Жоғары Кеңесі құқықтық мемлекет құрудың ірге  тасы, оның мемлекеттілігінің, тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, экономикалық, мәдени  және ғылыми-техникалық прогресс жолымен алға басуының кепілі болып табылатын тәуелсіз Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдады. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарына бірдей құқық қамтамасыз ететін демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет. Оның аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және қол сұғуға болмайтындығы атап көрсетілген. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығарушысы, атқарушысы және сот билігіне бөлінетін принципіне негізделінген, мемлекеттік өкімет билігінің бірден-бір қайнар көзі — Қазақстан халқы. Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен тәуелсіздігін,  оның ажырамас құқықтарын ең қымбат қазына деп санайды және  өз қызметін азамат пен қоғамның мүдделері үшін жүзеге асырады. Солай Қазақстан халқы өз тарихын жасай бастады.

1.3. Сыртқы саяси байланыстар

Қазақстан ТМД шеңберінде.

Қазақстанның басты және өзгермес мақсаты — тәуелсіздікті, егемендік пен мемлекеттілікті нығайту. Қазақстан мүдделеріне халықаралық құқықтың берік негізіне орныққан көпполюстік жүйе құру мен көпжақты дипломатия институттарын нығайту. Сөйтіп, Қазақстан бүгінгі күні — көптеген халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі.

Бірақ оның саясатында басты көңіл ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынастарға бөлінеді.

Тәуіелсіз мемлекет Достық жұмыстарына көз жүгірте отырып, шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөліп қарауға болады. Олардың әрқайсысында қатынастардың жаңа түрін қалыптастырудың спецификалық мәселелері шешіліп отырды.

1992ж. мен 1993 жылдың басындағы алғашқы кезеңде халықаралық қатынастардың негізін қалау жұмысы басталды.

Қысқа уақыт ішінде ынтымақтастықтың ұйымдасқан құрылымы — Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, ТМД-ның парламентаралық ассамблеясы қалыптасты. 1993ж. бері Минскіде Достастықтың штаб-пәтері — Атқарушы Секретариат (ТМД Атқару комитеті) жұмыс істеуде. Сыртқы істер министрлері кеңесі,  сондай-ақ салалық ынтымақтастық органдары құрылды.

ТМД мемлекеттерінің экономикалық интеграция жолындағы өзара қарым-қатынастарындағы маңызды сәт 1993ж.  интеграцияға мерзімінен бұрын қол жеткізу — тауарлар, қызметтер, қаражат және жұмысшы күштерінің ортақ рыногын кезеңдерге бөліп құруды айқындаған Экономикалық одақ құру туралы Келісімге қол қойылу болды. Оның мүшелері осындай рынокқа қарай талпынысты еркін сауда аймағын, кезеңдік және төлемдік одақтарды құру арқылы байқады. Экономикалық одақтың (ТМД экономикалық кеңесі) Мемлекетаралық экономикалық комитеті жұмысшы ұжымдық органға айналды.

Осыған байланысты 1994ж. Қазақстанның ұсынысымен ТМД мемлекеттері басшылары еркін сауда аймағын құру туралы Келісімге ал 1999ж. 2 сәуірде  Келісімде көрсетілген нәрселерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Протоколға қол қойды.

1997ж. Достастықтық дамуының жаңа кезеңі басталды.  Бұл уақытта ТМД-ға мүше елдер өз  егемендіктері мен тәуелсіздіктерін нығайтып, халықаралық  және аймақтық ұйымдардың жұмысына атсалысудан тәжірибе жинақтап қалған еді. Мемлекеттердің әрқайсысы ТМД шеңберіндегі ынтымақтастықты қоса алғанда екі жақты да, көп жақты да деңгейде өз қажеттерін айқындап алды.

Сонымен бірге Достастық жұмыстарында ТМД-ға мүше мемлекеттердің өзара бірігіп саяси қимылдар жасаудың аса жоғары деңгейімен экономикалық ынтымақтастық қарқыны арасындағы алшақтық байқалды. Қол жеткізілген келісімдердің, әсіресе экономикалық саладағы шартардың жүзеге асуы көкейтесті мәселеге айналды.

Экономика саласында құқықтық негізі 1994ж. сәуірде қол қойылған тиісті келісімде қаланған еркін сауда аймағын қалыптастыру бойынша жұмыстарды жандандыру туралы пікірлер бір жерден шықты.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998ж. жылғы 28 сәуірдегі ТМД Саммитінде реформалау мен ТМД-ң стратегиялық мақсаттары мәселелері бойынша негізгі баяндамасын оқыды. Н.Назарбаев толық көлемді Келісім жөніндегі ТМД-ны дамытуға байланысты ұсыныстардың бәрін қамтиды, ТМД-да ортақ экономикалық кеңістік құру жөніндегі мәселені құрастыруды ұсынды.

1999ж. 2 сәуірде өткен аталған Форум жұмысының қорытындысы бойынша Достастықтың жарғылық және  басқа да органдарының жұмыстарын  жандандыру мақсатында, Қазақстан жағының ұсынысымен мемлекет басшылары Достастық пен ТМД-ның Атқарушы Секретариатының жаңа схемасын бекітті, Мемлекетаралық экономикалық Комитет аппараты үздіксіз жұмыс істейтін атқарушы, әкімшілік және біріктіруші орган — ТМД Атқару Комитеті болып қайта құрылды. Сонымен қатар Атқару Комитеті қызметкерлерінің штаттық саны қысқартылды, Достастықтың кейбір салалық кеңестері жойылып, олардың өкілеттіктері Достастықтың Атқару комитетіне берілді.

Алайда Достастық органдарының қазіргі жай-күйін талдай келіп, өзара қимыл жасау деңгейінің іс жүзінде барлық өмірлік маңызы бар салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты қалпына келтіріп, дамытуда айтарлықтай нәтиже бермегенін айта кету керек.

ТМД елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың қазіргі жағдайы тұрақсыз Қаржы дағдарысы интеграция жолындағы үлкен бөгет болды және кейбір Достастық елдері экономикалық қатынастарының алыс шет елдерге бағыт алуына түрткі болды.

Сондай-ақ, Достастық елдерінде пайда болып келе жатқан күрделі жағдайдың ұлғаюы мен дағдарысты ахуалдар барлық мүше-мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Осыған байланысты үстіміздігі жылдың 21 маусымындағы Достастыққа мүше мемлекеттер көлемдерінің отырысында 2003 жылға дейінгі кезеңге арналған халықаралық терроризм мен басқа да экстремизм құбылыстарымен күрес жөнінде Бағдарламасы қабылданды, ТМД-ң Терроризмге қарсы орталығын құру  туралы шешімге қол қойылды және осы орталықтың басшысы бекітілді.

Сонымен бірге Достастыққа мүше мемлекеттер көсемдері стратегиялық тұрақтылыққа қолдау жасау мәселесі бойынша Мәлімдемеге қол қойды. Онда 1972 жылғы 2 мамырдағы зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін шектеу туралы келісімнің тарихи маңызы халықаралық қауіпсіздікті қазіргі жағдайда қамтамасыз етудің іргетасы ретінде атап өтілді.

Өкінішке орай Достастықтың өзіне артылған үміті толық көлемде ақтай алмағанын атап өткен жөн.

1991ж. желтоқсанынан 2000 жылғы 5 шілдеге дейінгі кезеңде ТМД шеңберінде 1085 құжат қабылданды, оның ішінде 404-ін Мемлекет басшылары кеңесі және 681-ін Үкімет басшылары кеңесі қабылдады.

Осы құжаттардың 917-сі (84,5%) қол қойылған күннен бастап күшіне енді. Алайда мұнда бұл келісімдердің көпшілігіне қысқарған түрде қол қойылғандығын, яғни бірқатар мемлекеттердің кейбір құжаттарға қол қоймағандығын айта кету керек.

168 құжат (15,5%) олардың Достастыққа мүше мемлекеттерде бекітілуін немесе мемлекет ішіндегі тиісті процедуралардың орындалуын қарастырады. Осы құжаттар ішінен тек 7-уі ғана ТМД-ға мүше мемлекеттердің барлығы үшін күшіне енді. ТМД шеңберіндегі нормативтік-құқықтың сипаттағы үлкен блоктың көпжақты ынтымақтастықтың барлық салаларын жабатынын есепке ала отырып, қазіргі уақытта Қазақстан тарапы оларды жүзеге асырудың нақты да қозғағыш механизмдерін құруды ұсынуда.

Ал Достастық жұмысының оптималды схемаға көшуі үшін Қазақстан төмендегі ұсыныстарды алға тартуда:

  • — ТМД мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының саммитін жылына бір рет өткізіп тұру және онда  Достастық жұмыстарының өткен кезеңдегі қорытындыларын қарастыру, алдағы жылға негізгі бағыттарды белгілеу, ТМД шеңберінде ғана емес, одан да кең көлемде пайда болып келе жатқан үлкен қауіп-қатерлерге бірігіп жауап беру үшін тиісті алғышарттар мен жағдайлар туғызатын шешімдер қабылдау
  • — ТМД Атқару комитетінің салалық кеңестері, комитеттер мен комиссияларға мәселелерді дербес қарастырып, өздеріне берілген өкіметтіктер аясында соған сәйкес шешімдер қабылдау құқығын беру. Қазіргі уақытта Атқарушы комитет жанында әр түрлі салада әскери ынтымақтастықты жұмылдыру жөніндегі штаб мүше-мемлекеттердің үлестік салымдары есебінен жеке қаржыландырылатын құрылымдарды қоспағанда 57 салалық кеңестер, комитеттер мен комиссиялар жұмыс істеуде.
  • — Салалық министрлерге Достастықтың Мемлекет басшылары кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесінің отырыстарына енгізілетін халықаралық құжаттарға қол қою өкілеттігін беру. Өйткені бүгінгі күндері халықаралық келісімдерге Достастықтың мемлекет басшылары, үкімет басшылары мен сыртқы істер министрлері қол қоя алады.

Сонымен бірге Достастықтың өткір мәселелерінің бірі  Атком қажетіне бөлінетін қаражаттың жұмсалуының нәтижесіздігі болып отыр. Ол ТМД-ға мүше мемлекеттер тарапынан тиісті қаржылық бақылаусыз жүріп жатыр. Көптеген тұрақты өкілдіктер елдердің уставтық органдарды қаржыландыру бойынша өз міндеттемелерін қалай атқаруларына қарамастан Аткомның ортақ бюджеті есебінен жұмыс істеуде.

ТМД Атқару комитеті жұмыстарын жандандыру мақсатында Қазақстан мынандай ұсыныстар жасады:

  • — жыл сайын Достастықтың барлық мемлекеттерінің қаржы органдары өкілдерінің қатысуымен Атком органдарының қаржы жұмыстарын тексеру:
  • — қызметкерлердің жалпы санын қосымша қысқарту, Минск пен Мәскеудегі Атқару комитетінің жұмысшы органдарының жұмыстарын жандандыру, Төрағаның жұмыстан босаған орынбасарларының санын мемлекет өкілдерінен тұратын 4 адамға  дейін елдердің алфавиттік реті бойынша қысқарту
  • — Минскідегі аппараттың бір бөлігінің ұйымдастырушылық-саяси мәселелермен және ТМД-ң ортақ бюджетімен, ал Мәскеудегі бөлімнің еркін сауда аймағын құрып, дамытуды қоса алғанда экономикалық мәселелермен айналысатындығын көрсете отырып, Аткомдағы департаменттер санын қысқарту.
  • — 1994ж. ТМД Уставының жаңарған нұсқасын дайындау бойынша құрылған жұмысшы тобының жұмысын жандандыру.

Қазақстанның ТМД Атқару комитетінің жұмысын жандандыруға қатысты ұсыныстары мен ескертпелері үстіміздегі жылдың 21 маусымында (Мәскеу) қабылданған ТМД Аткомы туралы Ережелерде көрсетілген.

Жалпы алғанда Қазақстанның ТМД шеңберіндегі интеграция мәселелері бойынша ұстаған позициясы бұрынғы қалпында қалып отыр. Яғни Қазақстан ТМД-ның нығаюуын, тұрақтылықтың сақталуын, ТМД және басқа да аймақтық ұйымдар шеңберіндегі байланыстардың жан-жақты дамуын жақтайды.

Қазақстан қазіргі заман талаптарына жауап беретін және ТМД-ның ортақ тарихына арқа сүйеген ортақ саяси, экономикалық және әлеуметтік стандарттарға қол жеткізуге ұмтылуда.

Қазақстан ҰҚК шеңберінде

Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге 1992ж. 15 мамырда Ташкентте қол қойылды. ҰҚК-ға 9 мемлекет мүше болды. Келісім 1999ж. сәуірде күшін жойды. 1999ж. 2 сәуірдегі ТМД мемлекеттері басшыларының Саммитінде Әзербайжан, Грузия мен Өзбекстаннан басқа мүше-мемлекеттер ҰҚК-ның ұзартылуы туралы Протоколға қол қойды. Грузия келісімнің қайта  жасалуы бойынша жұмыстар толық аяқталған соң ғана мүшелікке өтуге келісті.

Басқа 6 мемлекет үшін Протокол 2000ж. 22-наурыздан бастап күшіне енді.

Қазіргі күндері ҰҚК Келісімге мүше-мемлекеттердің әскери-саяси саласындағы интеграция үшін шынайы ядро және негізгі құрылымға айналып келеді.ҰҚК-ге мүше-мемлекеттер арасындағы әскери-саяси қарым-қатынастарға Келісімге кірмейтін басқа елдермен саяси байланыстар мен қатынастарға қарағанда көбірек көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар Ұжымдық Қауіпсіздік туралы келісім (ҰҚК) оның мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әзірге жалғыз механизмі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы көлеміндегі инеграциялық процестерді дамытудың маңызды әскери-саяси құрамдас бөлігі болып табылады.

Келісім өзіне жүктелген сенімді әскери құрылыс саласындағы ынтымақтастықты жөнге келтіруге жол ашатын құрал ретінде ғана емес, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті, мүше-мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде де ақтады.

Қазақстанның негізгі мақсаты — Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Келісімде қамтылған, республикалардың ұлттық қауіпсіздігі бойынша көптеген әскери және саяси мәселелерді шешуге арналған потенциалды жоғары деңгейде пайдалану.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ҰҚК-ге мүше-мемлекеттермен бірінші кезекте 2003ж. дейінге  уақытқа арналған халықаралық терроризм мен басқа да экстремизм құбылыстарымен күрес жөніндегі Бағдарлама туралы үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында қабылданған Шешімдер аясында Қазақстан мемлекет Ресейдің  Қауіпсіздік кеңестері шеңберінде және ТМД-ға мүше-мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығымен бірігіп жұмыс істеуде.

Қазақстан Республикасы Келісімнің қатаң блоктық сипатта болмауын, мүше-мемлекеттердің сырт елдермен және халықаралық құрылымдармен әскери ынтымақтастық жасау және дамытуға егемен құқығына қол сұқпауын жақтайды және аймақтағы әскери-саяси ахуалдың ушығуы мүмкіндігін есепке алатын және орын алып келе жатқан құбылыстарға келісімді барынша бейімдей түсуді ұсынады.

Соңғы жылдары халықаралық террористер мен экстремистердің Орталық Азия аймағындағы жағдайды тұрақсыздандыруға үздіксіз ұмтылуларынан туған ахуалдың ұшығуын есепке ала отырып, сондай-ақ Келісімнің жағдай үшін нәтижелілігін арттыруға байланысты практикалық шаралар қолдану мақсатында келісімге мүше-мемлекеттер осы мәселелерді шешуге барынша күш салды.

Осы жылдың 24 мамырында Минскідегі ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің Сессиясында мемлекет басшылары ҰҚК-ң нәтижелілігін арттыру және оны қазіргі геосаяси ахуалға бейімдеу туралы Меморандум Күш қолдану және ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің құралдарын, пайдалану үшін ұжымдық шешімдердің қабылдануы және жүзеге асырылуының тәртібі туралы ережеге, ҰҚК-не мүше-мемлекеттердің Коалициялық стратегиясының негізгі ережелері, т.с. сияқты маңызды құжаттарға қол қойды.

Сонымен бірге Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті нығайту мақсатында үстіміздегі жылы 11-қазанда, Бішкектегі ҰҚ Кеңесінің сессиясында Мемлекет басшылары құрамы шектелген жылдам қозғалатын ұжымдық күш пен олардың басқару органын құру арқылы болуы мүмкін қауіпті жоюды қамтамасыз ететін Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыстарды белгіледі, президенттер әлемдік қауымдастықты Ауғанстандағы ахуалды жөнге келтіру процесін жетілдіруге үндеп, аталмыш мәселеге орай нақты шаралар жасап шығару үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысын өткізуді ұсынды.

Ұлттық, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке төменгі және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұруға байланысты мүше-елдердің бірігіп қимылдауын ұйымдастыру мақсатында Келісім аясында 2001—2005 жылдарға арналған ұжымдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бойынша негізгі шаралардың Жоспары іске қосылған.

Агрессияға немесе халықаралық-террористік бандылардың шабуылына ұшыраған мүше-мемлекеттерге қажетті көмек көрсету жағдайында Келісімнің нәтижелілігін арттыру үшін ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қалыптастыру мәртебесі туралы Келісімге қол қойылды.

Келісімнің қауіпсіздікке төменгі қауіп-қатерлерге қарсы тұра алар іске қосылған халықаралық құрылымға айналып келе жатқанын есепке ала отырып,  қазіргі уақытта мүше елдер сырт елдермен, халықаралық ұйымдармен және құрылымдармен қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық жасауда.

Кедендік Одақ

2000 жылдың  басынан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында “бестік” елдері Президенттері бірнеше рет Кедендік Одақ шеңберіндегі ынтымақтастықтың маңызы жөнінде бір ауыздан мәлімдеді.

Осы мәселеде үстіміздегі жылдың 23 мамырында Минскіде мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі, сондай-ақ осы жылдың 31 наурызында Алматыда Интеграциялық Комитеттің 19 отырысы өтті.

Қазіргі күндері Кедендік Одақта шынайы интеграцияның барлық базалық элементтері құрылды, ТМД-да іске қосылған практикадан бөлек бірлескен қимылдардың формуласы жасалды. Негізі өздерінің экономикалық қарым-қатынастарында “бестік” елдері келісім шарттар бекіту кезеңінен сыртқы экономикалық байланыстардың келісілген параметрлерін белгілеудің  жаңа кезеңіне аяқ басты.

Мемлекет басшыларының Саммиті “бестік” жұмыстарының позитивті нәтижелері мен келешегіне баға бере келіп, кезекті мерзімге Мемлекетаралық Кеңес төрағасы ретінде Қазақстан Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевты сайлады, үкімет басшылары Кеңесінің төрағасы Қ.К.Тоқаевтың, Интеграциялық Комитет Төрағасы Н.К.Есенғариннің өкілеттіктері ұзартылды.

“Бестік” елдері қарым-қатынастарының механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ оған құқықтық субъектілік мәртебесін беру мақсатында мемлекет басшылары КО негізінде халықаралық экономикалық ұйым — Евразиялық экономикалық қауымдастық (Евраз ЭҚ) құру туралы шешім қабылдады.

Тараптар, құрған үкімет аралық топ жұмыс істеп жатқан және қайта қалыптастырылып жатқан интеграцияны басқару органдарының мақсаттарын, міндеттері мен қызметтерін белгілеп, келісті.

Үстіміздегі жылдың 10 қазанында “бестік” президенттері экономикалық қауымдастықты бекіту туралы Мәлімдеме мен Келісімге қол қойды.

Жұмыс істеп жатқан және қалыптасу үстіндегі интеграцияны басқару органдарының құрылымы мен  жұмыс тәртібіне ережелер Бекіткен аталмыш құжаттың қабылдануы “бестік” елдеріне қатынастардың жаңа сапалы деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшыларының пікірлері бір жерден шықты. Бұл кезекті кезең ғана емес, Европалық Одаққа және басқа да халықаралық ұйымдарға жақын принциптерге құрылған қоғамға бағытталған қадам.

Сонымен бірге Қазақстанның Евразиялық одақ туралы идеясын жүзеге асырудағы үлкен қадам. Президенттер қабылдаған Шешімде жалпы саяси еркіндік — өз кезегінде шынайы интеграцияны қамтамасыз ететін көп жоспарлы ынтымақтастыққа жаңа өмір беру көрініс тапқан.

II ТАРАУ. Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығы туралы

2.1.Қ.Р-ның шет елдермен экономикалық қатынасы.

Қазақстан сыртқы саясатындағы маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты жандандыру болып отыр.

Интеграциялық процестердің дамуы аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өзара тиімді экономикалық байланыстарды дамыту, ішкі қайта қалыптастырулар мен реформалаулар мақсатында сыртқы жайлы ортаны қалыптастыру үшін қажет.

Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясы идеясы 1994ж. 30 сәуірдегі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекістанның қатысуымен жасалған Ортақ Экономикалық кеңістік (ОЭК) туралы Келісімге қол қойылумен өзінің шынайы көрінісін тапты. Аталмыш келісім толыққанды мүше болып 1998ж. 26 наурызынан бастап Тәжікстан қосылды. Келісімді дамыту аясында 1994ж. шілдеде Президент Шешімімен Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі институттары — Премъер-министрлер Кеңесі, Сыртқы істер министрлері Кеңесі, Қорғаныс министрлері Кеңесі мен олардың тұрақты жұмыс істейтін органы — Атқару комитеті құрылды. Сол уақытта қаражаты мүше-мемлекеттердің үлестік салымдары арқылы қалыптасатын Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін (ОАЫжОБ) құру туралы Келісімге қол қойылды. Мемлекетаралық кеңес отырысында (1998ж. 17—18 шілде) аймақтық бірлестіктің жаңа атауы — Орталық Азия Экономикалық Қауымдастығы (ОАЭҚ) бекітілді.

1996ж. тамызда Мемлекетаралық кеңеске бақылаушы ретінде Ресей қабылданды. 1999ж. шілдеде өз өтініштері бойынша Грузия, Түркия және Украина осындай мәртебеге ие болды. 1999ж. тамызда Мемлекетаралық кеңеске Армения осындай өтініш жасады.

Саяси мағынада Орталық Азия интеграциясы процестері Достастық шеңберіндегі әр түрлі деңгейдегі және көп сатылы интеграция формаларының бірі болып табылады. Сондай-ақ, бұл құрылым жекелеген державалардың Орталық Азияны өздерінің орнығуы мен идеологияларының біртіндеп кеңейін келе жатқан плацдармына айналдыруға ұмтылуларына қарсы ұжымдық қимыл түрі болды.

ОЭК құру туралы Келісімге қол қойылған сәттен бергі 6 жыл ішінде 200-ден аса көпжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттары, көкейтесті халықаралық мәселелер және республикалардың экономикалық интеграциясы мәселелері бойынша құжаттарға  қол қойылды.

Саяси және әскери саладағы ең маңызды құжаттардың қатарында мыналар бар: Қазақстан Республика, Қырғыз Республика және Өзбекістан Республикалары қол қойған Мәңгілік достық туралы  Келісім (Бішкек қ. 10.01.1997ж.) және Қазақстан Республика, Қырғыз Республика, Тәжікстан Республика және Өзбекістан Республика арасындағы терроризммен, саяси және діни экстремизммен, транснационалды ұйымдасқан қылмыспен және басқа да тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіптермен күрес бойынша бірігіп қимыл жасау туралы Келісім (Ташкент қ. 21.04.2000)

Келісімге мүше-мемлекеттердегі экономиканың негізгі секторларын тұрақтандыру процестерінің тенденциясы экономикалық дамудың ұлттық бағдарламаларын жасауға және аймақтық экономикалық интеграцияның келісілген жолдары мен бағыттарын таңдауда нәтижелі айқындалуға мүмкіндік берді.

Осыған байланысты Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Орталық Азия экономикалары үшін арнайы Бағдарлама жөніндегі ұсынысы өте маңызды. Бұл ұсыныс екі басты мақсатты алға қояды: біздің аймақ мемлекеттері арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түсу және Орталық Азия елдерінің Европа және Азиямен экономикалық интеграциясы. Бағдарлама төмендегі нәрселерге баса назар аударады: транспорттық инфрақұрылым, су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану, шетел инвестицияларын тарту және көмір-сутегі шикізатын әлемдік рыноктарға жеткізудің әр түрлі жолдары.

Интеграциялық процеске мерзімінен бұрындық және өзара тиімділік сипат беру үшін қазіргі уақытта;

— Орталық Азия Экономикалық қауымдастығын интеграциялық дамытудың 2005ж. дейінгі Стратегия қабылданды;

  • — ОАЭҚ-на мүше елдердің 2002ж. дейінгі бірінші кезектегі әрекеттерінің Бағдарламасына қол қойылды;
  • — Экономикалық интеграцияның 2000ж. дейінгі Бағдарламасы белгіленді және Ортазбанк қаржыландыратын интеграциялық сипаттағы алғашқы кезектегі инвестициялық жобалардың тізімі бекітілді;
  • — Кеден ісіндегі ынтымақтастық пен өзара көмекті ары қарай дамыта түсу туралы, сол сияқты монополияға қарсы саясат саласындағы интеграцияны тереңдету туралы Келісімге қол қойылды, 1999—2000 жж.-ға арналған әрекеттер Бағдарламасы келісілді;
  • — Мемлекеттердің май-энергетикалық комплексі саласындағы ынтымақтастықтың Концепциясы жасалды және халықаралық консорциум аясында Нарын-Сырдария су қоймаларының су-энергетикалық ресурстарын комплексті түрде пайдалану туралы Келісім қабылданды;
  • — Теджен мен Мешхед арасындағы темір жол желісінің іске қосылуымен тұңғыш Трансазия темір жол желісі қатарға қосылды, Қарақорым шоссесіне шығуға болатын автокөлік трассасы ашылды.

Әлеуметтік-гуманитарлық салада аймақтағы көші-қон мәселелеріне  баса назар аударылуда. Көші-қон саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссия Басқармасы және көші-қон жөніндегі Халықаралық Ұйым өкілдерінің қатысуымен аймақтық конференция өткізілді.

Денсаулық сақтау мен білім саласында келісімдер жасалып, жүзеге асырылуда.

Есірткінің заңсыз айналымымен күрес бойынша бірігу және өзара бірігіп қимыл жасау үшін есірткі құралдарын, психотроптық бұйымдарды қадағалау жөнінде Мемлекетаралық Комиссия құрылды. Комиссия туралы ережелер мен оның құралы бекітілді.

Ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласында ғылыми-техникалық дамудың Координациялық Кеңесі (ҒТДКК) туралы ережелер мен оның құрамы бекітілді, халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен олардың орындалуына мүше-мемлекеттерінің ғалымдары мен мамандарын тарту тәртібі туралы екі келісімге қол қойылды.

Келісімдер мен шарттардың орындалуын талдау арқылы жалпы алғанда ОАҒҚ-ға мүше мемлекеттердің саяси, сауда-экономикалық, әлеуметтік және әскери мәселелер төңірегіндегі ынтымақтастықты дамытуға, әрбір республикалық мүддесін есепке ала отырып экономикалардың интеграциясын тереңдетуге саяси еркіндігіне куә боламыз.

Қазақстан тарапы Орталық Азиядағы интеграциялық процестердің жалғаса беруін жақтайды.

“Шанхай бестігінің” жұмыстары жайлы.

Бес ел ынтымақтастығының нәтижесі деп Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сыртқы істер министрлер орынбасарларының 1992 жылғы қыркүйектегі Минскіде өткен кездесуі мен аталмыш елдердің Қытай, Халық Республикасымен мемлекеттік шекаралары  мәселелері бойынша келіссөздерін айтуға болады.

1996ж. 26 сәуірде Шанхай қаласында бес мемлекет басшылары Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерация және Тәжікстан Республикасы арасында шекара аймағында әскери салада сенім шараларын нығайту туралы Келісімге қол қойды. (1998ж. 7 мамырда күшіне енді).

1997ж. 24 сәуірде ел көсемдері Қазақстан Республика, Қытай Халық Республлика, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерация және Тәжікстан Республикасы арасында шекара аймағындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы Келісімге қол қойды.

Қарулы күштерді қысқарту туралы Келісім сондай-ақ төмендегі бөлімдерімен ортақ құжат болып табылады:

  • — Белгіленген сызықтары бар, географиялық шектер мен осы сызықтардың өтуінің Мәтіндік сипатталуын көрсететін Карта сүйенетін Келісімнің қолданылуының географиялық шегі туралы протокол.
  • — Келісім аясындағы мәліметтер алмасудың категориялары мен форматтарын белгілейтін ақпарат алмасу туралы Протокол.
  • — Бақылау объектілерінде, қысқарту орындарындағы және тараптар инспекторлары көрсеткен аудандардағы вертификациялық шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілу тәртібін мұқият қарастыратын бақылау мен тексеру туралы Протокол.
  • — Жеке құрам санын қысқартудың, Келісімде көрсетілген қару-жарақ пен әскери техниканы жою немесе 100 км-ден алыс жерге шығарудың нақты формалары мен әдістерін белгілейтін қысқарту тәртібі туралы Протокол.

Келісімнің де 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін, келесі бес жылға ұзартылу мүмкіндігімен күші бар.

1998ж. 3 шілдеде Алматыда РФ сыртқы істер министрі Е.М.Примаковтың қатысуымен Қазақстан, Қырғызстан Республика Қытай және Тәжікстан мемлекет басшыларының кездесуі болып өтті. Сыртқы істер министрлері Алматы кездесуінің мүшелері — Қазақстан, Қытай Халық Республика, Қырғыз Республика, Ресей Федерация және Тәжікстанның Біріккен Мәлімдемесіне қол қойды. Құжат  қажет болған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен Орталық Азияда және жалпы Азия құрлығында ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарау үшін эксперттер, сыртқы істер министрлері, үкімет басшылары мен мемлекет басшылары деңгейінде кездесу шақыруға қағдаластықты бекітті.

1999ж. 24-24 тамызда Бішкекте бес мемлекет басшыларының Саммиті болып өтті. Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерация және Тәжікстан Республикасы мемлекет басшыларының Декларациясына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Қырғыз Республикасы арасында үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы Келісімге қол қойылды.

Шанхай қаласы (26.04.1996ж.) мен Мәскеу қаласында (24.04.1997ж.) қол жеткізілген уағдаластықтарды дамыту үшін 1999 жылдың 1 және 11 қарашасы аралығында Пекин қаласында Сенім туралы келісім мен Қысқарту туралы Келісім аясында құрылған Бірлескен бақылау табының (ББТ) бірінші сессиясы өтті.

ББТ сессиясында мынандай жұмыстар атқарылды:

  1. ББТ жұмыстарының тәртібі туралы Ережелер мен бірінші отырыстық Протоколы толықтай келісіп, оларға қол қойылды. Ережелерде ББТ жұмысының ұйымдастыру формалары мен механизмдері анықталды.
  2. 1998ж. күшіне енген Сенім туралы Келісімнің орындалуына қатысты мәселелер бойынша консультациялар өткізілді.
  3. 1999ж. Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің күшіне енуіне байланысты Тараптар жеке құрам, шекараның екі жағынан да 100 км қашықтықта тұрған қарулар мен әскери техника туралы ақпарат, сонымен қатар Қарулы күштерді қысқарту туралы Келісімде қамтылған әскери техника үлгілерінің альбомдарымен ресми алмасуды жүзеге асырды. Аталмыш факт тұңғыш рет Азияда орын алды және Тараптар жұмыстарында едәуір жетістіктерге қол жетті. Құрлықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мәні жөнінен, оны ОБСЕ мен 1999 жылғы Вена Құжаты аясында әскери ақпарат алмасумен салыстыруға болады.
  4.  2000жылдан бастап, жыл сайын 15 желтоқсанға дейін тек Қысқарту туралы келісімде қарастырылған тиісті ақпарат алмасуға дағдаластыққа қол жетті, өйткені оның көлемі Сенім туралы келісімге сәйкес ұсынылатын ақпаратқа толық сай келеді, тіпті одан асып түседі.
  5. 1999ж. қазанда өткен алғашқы инспекция барысында пайда болған мәселелер және оларды шешудің жолдары талқыланды. Бақылау объектілерінің инспекциялары жөніндегі Есептің мазмұны мен формасына байланысты ортақ шешімдерге қол жеткізілді.
  6. Баспаға беру үшін ББТ-ң бірінші сессиясы туралы хабардың мәтіні келісілді.
  7. Құлақтандырулар туралы және ақпарат алмасу жөнінде жасалған әртүрлі құжаттар үлгілерінің табелін талқылау жалғасты.
  8. Бірлескен делегация шеңберінде Сенімді нығайту туралы келісім мен Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің орындалуы жолындағы өзара бірігіп қимылдаудың принциптері мен тәртібі туралы келісімнің жобасына қатысты пікір алмасу жалғасын тапты.

2000 жылдың 13 және 17 наурызы аралығында Алматыда Қазақстан Республикасының ұсынысымен Бірлескен тараптардың әскери эксперттерінің алғашқы кездесуі өтті. Кездесу нәтижесінде төмендегідей жұмыстар атқарылды.

  • — 2000 жылға арналған Бірлескен тараптардың инспекциялық жұмыстарының жоспары келісілді.
  • — Келесі жылдарға арналған инспекциялық жұмыстарды жоспарлау мәселесі қаралды, сондай-ақ мүше мемлекеттердің біріктіруші орган болып табылатын РФ Қорғаныс министрлігінің ядролық қауіпті азайту жөніндегі ұлттық орталығына жоспар ұсыну мерзімдері анықталды.
  • — “Талап бойынша” инспекциялардың есептері мен “қарулар және  әскери техникаларды қысқарту орындарының” формалалары келісілді.
  • — Жедел хабар жеткізу табелі мен құлақтандырулар форматтары толықтай келісілді.
  • — 2000 жылдың 1 қаңтарына дейінгі Бірлескен тара мен КХР-дың әскери ақпарат алмасуына талдау өткізілді.
  • — Инспекция өткізу барысында Бірлескен тарапқа ортақ бақылау объектілері схемаларының үлгілерін пайдалану мәселесінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
  • — Ресей тарапы кездесуі қатысушыларды КХР-дың Шығыс ауданда алғашқы инспекция өткізудің нәтижелері жөнінде құлағдар етті.
  • — ББТ алдына қытай тарапымен талқылау үшін инспекторлар тізімін ұсыну мерзімін өзгерту туралы мәселені қоюға шешім қабылданды.

2000 жылы 23 мамыр мен 6 маусым аралығында Пекинде ББТ-ң екінші сессиясы өтті.

БТТ отырысында төмендегідей жұмыстар атқарылды:

  1. Тараптар Сенімді нығайту туралы Келісім мен Қарулы күштерді қысқарту туралы келісімнің ББТ-ң бірінші сессиясынан бергі уақыттағы орындалу барысын талқылады және аталмыш Келісімдердің табысты, жүзеге асып жатқандығын қанағаттанғандықпен атап өтті.
  2. Тараптар Қарулы күштерді қысқарту туралы Келісімде қарастырылғандай инспекция өткізуге кірісуге дағдаласты және инспекция өткізудің 2000 жылғы жоспарын келісті.
  3. Тараптар Қарулы күштерді қысқарту туралы Келісім мен Сенімді нығайту туралы Келісімде қарастырылған ақпарат алмасу бойынша құлақтандырулар форматтарын, қару-жарықтар мен әскери техниканы қысқарту орындарына инспекция туралы есеп пен талап бойынша инспекция туралы есеп формалары бекітілді.
  4. Тараптар 2000 жылғы бақылау объектілеріне инспекция жүргізу кезінде инспекциялық топтың инспекцияланатын мемлекет аумағында 3 тәуліктен артық болмауы  белгіленді.
  5. Бірлескен тарап ұсыныс түрінде рекомендациялық құжат ретінде инспекциялық топтарға көмек жасауды ұйымдастырудың әдістемесін жасап ұсынды. Қытай тарапы бұл құжатты назарына алды.
  6. Тараптар 2000 жылдан бастап жылына 2 рет 1 шілдеге және 15 желтоқсанға таман инспектор тізімдерімен алмасуға уағдаласты.
  7. Талаптар ББТ мүмкіндіктерінің сондай-ақ, әскери саладағы сенімнің нығаюы мен кеңеюімен байланысты мәселелерді қарастыру үшін қолданылатындығын баса көрсетті және бұл мәселені ББТ-ның кезекті сессиясында арнайы қарастыруға уағдаласты.
  8. Тараптар ББТ-ң келесі сессиясын 2000ж. күзде Бірлескен тарап елдерінің бірінде өткізуге келісті. Үшінші отырыстың үстіміздегі жылдық қазан айында Мәскеу қаласында өтетіндігі жөнінде алдын-ала уағдаластыққа қол жеткізілді.

Алматы (03.07.1998ж) және Бішкек (25.08.1999ж) қалаларында қабылданған уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында Қырғызстан астанасында 1999ж. 20 қараша мен 2 желтоқсан аралығында бес мемлекеттің құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет басшыларының кездесуі өтті. Кездесу халықаралық терроризммен, есірткі мен қару  контрабандасымен, заңсыз көші-қонмен күрестегі ынтымақтастық мәселелеріне арналды.

Делегациялар басшылары “Шанхай бестігіне” мүше мемлекеттер — Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерация және Тәжікстан Республикасы құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкерінің ынтымақтастығы мен өзара қимыл-әрекеті туралы Бішкек меморандумына қол қойды. Соған сәйкес “Бішкек тобын” құру туралы шешім қабылданды.

2000ж. 29 наурызда Астанада Қазақстанның ұсынысымен бес мемлекет сыртқы істер министрлерінің кездесуі болды. Кездесу барысында әскери ведомстволар басшылары Шанхай мен Мәскеу келісімдерінің орындалу сипатын, сонымен бірге аймақтағы ахуалды талқылады. Өзара  қимыл-әрекетті, халықаралық терроризм, қару мен есірткі контрабандасының көріністеріне бірлесе қарсы тұруды тереңдету бойынша бірлескен шаралардың Жоспарын жасау туралы шешім қабылданды.

Ресей тарапының ұсынысымен 2000ж. 21 сәуірде Мәскеуде “Бішкек тобының” екінші (кезектен тыс) кездесуі өтті. Бес мемлекет құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерінің басшылары Мемлекет басшыларына халықаралық терроризм, қару мен есірткі контрабандасы заңсыз көші-қонмен күрестегі ынтымақтастықтың нормативті-құқықтық базасын құруды ұсынған Жолдау қабылданды. Сондай-ақ, “Бішкек тобының” регламенті бекітілді.

Қырғызстан ұсынысымен 2000ж. 22-23 маусымда Бішкекте сыртқы істер министрлері деңгейінде Ұлттық координаторлардың бірінші кездесуі өтті. Алдын ала көзделгендей, болашақта Ұлттық координаторлар Кеңесі “бестік” шеңберіндегі жұмыстармен байланысты мәселелер бойынша мемлекет басшыларына ұсыныс жасаумен айналысатын болады.

2000ж. 5 шілдеде Душанбе қаласында “Шанхай бестігіне” мүше мемлекеттер басшыларының кезекті бесінші саммиті болып өтті. Тұңғыш рет форум жұмысына Тәжікстан Президенті Э.Рахмановтың шақыруымен Өзбекістан Республика Президенті И.Каримов қатысты.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың ұсынысымен, сондай-ақ көпжақты аймақтың өзара қимыл-әрекеттерді тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерация және Тәжікстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші Кездесуін өткізу туралы шешім қабылданды.

Кездесудің қорытынды құжаты ретінде Душанбе Декларациясына қол қойылды. Онда мүше мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың даму деңгейіне қанағаттанарлық білдіріледі, Тараптардың “Шанхай бестігін әртүрлі саладағы көпжақты ынтымақтастықтың аймақтық құрылымына айналдыруға” ұмтылысы атап өтіледі.

Жақын уақыттарда “бестік” ынтымақтастығы салаларын кеңейту көзделуде. Мүше мемлекеттер алдында қалыптасқан қатынастарды жаңа сапалы деңгейге көтеру міндеті тұр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың елдердің экономикалық өзара қимыл-әрекетін тереңдету туралы ұсынысы дер кезінде айтылған пікір болды. Көрініп отырғандай, “Шанхай бестігінің”  жүзеге асқан әрі нәтижелі ынтымақтастығының құралдарының бірі — “бестік” Үкімет басшыларының кездесуін тұрақты өткізіп тұру болады. Бес мемлекет Премьер-министрнің 2001ж. басында өтетін бірінші кездесуін ұйымдастыру мәдениет министрлірінің кездесуін өткізу де көзделді.

Аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдауға бағытталған “Шанхай бестігінің” жұмыстары бірқатар мемлекеттердің назарын өзіне аударып отыр. Шанхай мен Мәскеу келісімдерінің өзі қол қойылған құжатқа басқа елдердің қосылу мүмкіндігін қарастыратындай нормаларды қамтымайды. Болашақта бірлестікке кірмейтін мемлекеттердің “бестіктің” қысқа және орташа мерзімдік бағдарламаларына қатысуы мәселесін шешу жоспарланып отыр.

Бірінші кезекте мұндай бағдарламаларда мүше елдермен тікелей шектесетін мемлекеттер ынтымақтаса алатын еді. Әрине, “Шанхай бестігінің” барлық мүшелерінің толық келісімімен Әріптес-мемлекеттер бірлескен экономикалық жобаларға, инвестициялық жұмыстарға, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағдарламаларына, халықаралық терроризм, шабуылдаушы сепаратизм мен діни экстремизм, қару мен есірткі контрабандасы, заңсыз көші-қон көріністеріне қарсы тұруға қатысуға мүмкіндік алатын еді.

Өзбекістанның “Шанхай бестігі” жұмыстарын қосылуы ортақ пікір бойынша бұл форумның даму болашағының көрсеткіші, аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болды. “Бестіктің” қазіргі форматының Өзбекістан есебінен ғана емес, басқа да елдердің қосылуы арқылы кеңеюі де мүмкін нәрсе болды. Қолда бар деректердің айтуы бойынша “Шанхай бестігі” жұмыстарына Иран, Моңғолия,  Пәкістан және Үндістан да қызығушылық білдіріп отыр.

Осылайша, болашақта аталмыш форум қандай да бір деңгейде институцияланып, субрегионалды ұйым болып қайта құрылуы мүмкін деуге негіз бар.

2.2. Сыртқы экономикалық байланыстар.

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты тәуелсіздік алған сәттен бастап ең әуелден өзінің сыртқы экономикалық байланыстарды біртіндеп жаңартуға және отандық экономиканың тұтас алғандағы ашықтығына бағытталғандығымен ерекшеленеді. Әлемдік тәжірибе экономиканың ашықтығының сыртқы факторларды дамуды жеделдету мүдделеріне пайдалану мүмкіндігін арттыратынын көрсетуде. Бұл дегеніміз ұлттық экономикада алдынғы қатарлы шетел технологияларын, машиналар мен құрал-жабдықтардың жаңа буындарын, менеджменттің қазіргі заманғы тәжірибесін кең көлемде қолдану, қосымша материалдық және қаржы ресурстарын тарту, халықаралық өндірістік кооперацияға кіру мүмкіндігі.

Қазақстан қысқа мерзім ішінде өз экономикасын айтарлықтай аша түсті. Бұған республика ВВП-сы көлеміндей сыртқы сауда айналымының 1999ж. 73%-ке жетуі дәлел бола алады.

Салыстыру үшін: сыртқы сауда квотасының 1995 жылғы орта әлемдік көлемі 43% болды. 1999ж. экспорттық ВВП-ға шаққандағы көрсеткіші 38%-ті құрады. Бұл Қазақстан экономикасының сыртқы саудаға көп тәуелді екендігін көрсетеді. Салыстыру үшін: бұл көрсеткіштің маңызы АҚШ-та 7%-ті, Жапонияда 6%-ті құрайды. Сондай-ақ мысалы, экспорттық квота 10%-ке тең болса, ашықтық деңгейі тиімді саналады.

Қазақстан Республиканың сыртқы экономикалық қатынастарының деңгейін сыртқы сауда айналымының көлемінен білуге болады. Сонымен қатар ашықтықты күшейту пайда ғана емес, белгілі бір қауіп-қатер де алып келеді. Бұл әсіресе өтпелі экономикалы елдерге қатысты. Мұндай жағдайда жекелеген салалардың әлемдік коньюктураға, өнеркәсіптік дамыған елдердің де, негізгі саудалық әріптестер болып табылатын елдердің де сауда және қаржы саясатына тәуелділігін арттыру, шетелдік бәсекелестердің ұлттық тауар өндірушілерді тұншықтыруы сияқты әртүрлі құбылыстар  орын алды. Тіпті  сыртқы рыноктардан жекелей бөліну де келеңсіз жағдайларға соқтаруы мүмкін. Экспортерлардың түсім рыногын жоғалтып алулары мүмкін, ал мұндай жағдай өндіріс қуатының жұмыс істеу қарқынын бәсеңдетіп, артынша қызметкерлердің бос қалуына әкеліп соқтырады.

Азиядағы қаржы дағдарысы, 1998ж. Ресейдегі тамыз оқиғалары, жалпы алғанда әлемдік экономикалық даму қарқынының төмендеуі мұнай мен басқа да энергошикізаттық ресурстардың бағаларының түсуі, Қазақстанның сыртқы факторларға айтарлықтай тәуелді екендігін көрсетті.

1998ж. сыртқы сауда көрсеткіштерінің көлемінің үлкен қарқыны байқалды. Бұл көрсеткіштердің құлдырау қарқыны материалдық өндіріс саласын басып озды. 1995ж. жылдан бері бірінші рет осы көрсеткіштер бойынша құлдырау байқалды.

Осыған байланысты тек ашықтыққа деген ұмтылыс республиканың сыртқы экономикалық саясатының жалғыз айқындаушы бағыты болып қала алмайды. Сыртқы экономикалық қалыпқа келтіру шаралары ішінен ұлттық өндіріс пен ішкі рынокты сыртқы келеңсіз жайттардан сақтандыру сияқты нәрселерге көбірек көңіл бөлінуі тиіс.

1998 жылғы экономикалық ахуал бір жағынан 1997ж. қол жеткен макроэкономикалық ахуалды, инфляцияның төменгі деңгейін, ұлттық валютаның тұрақты айырбас бағамен сақтап қалумен ерекшеленсе, екінші жағынан Қазақстан экономикасына әлемдік қаржы дағдарысы мен Ресей рублі девальвоциясының әсерінің күшеюімен есте қалды. Бұл Қазақстан өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім өндірудің төмендеуіне ықпал етті.

1998ж. басындағы әлемдік шикізат рыногы конъюктурасының өзгеруі, Қазақстан экспортының негізін құрайтын тауарлардың негізгі тобына бағаның түсуі даму көрсеткіштерін төмендетіп ел экономикасындағы ахуалды қиындатып жіберді.

Теңгенің тұрақты валюталық бағамы саясатына қаржы базасы бойынша көзделген көрсеткіштерді сақтау және теңгенің айырбас бағамының қысқа уақыттағы төмендеуін жөнге келтіру мақсатында қаржы-несие саясатының қосымша құралдарын, валюталық және теңгелік интервенцияларды пайдалану арқылы қол жетті. Осы жағдайда биржадан тыс банкаралық валюталық рынок операциялар көлемі жөнінен халықаралық валюта биржасынан асып түсті.

Сол кезеңде Үкімет жүргізген кепілдік беруде аса сақтықпен ерекшеленген сырттан несие алу саясаты бюджеттің нашар жағдайымен және жиналып қалған сыртқы қарыз көлемімен  түсіндірілді. Сырттан қарыз алуға деген қызығушылықтың төмендеуіне үлкен себеп сол-кездерде орын алған ХҚҚ-ң несиелері мен заимдарына ұзақ мерзімдік тәуелділік болды. ХҚҚ-ң несиелері мен заимдары республикаға халықаралық қаржы ұйымдарының жеңілдетілген заимдары мен несиелік ресурстардың түсуі үшін айқындаушы шарт болып табылады.

Осыған байланысты Үкімет жеңілдетілген несиелер мен заимдарға қолдау жасауды шешті. Алғашқы төлемді 5—10 жылға кейін шегерумен кемінде 12—17 жылда қарызды жабу мерзімі белгіленді.

Мұндай шектеулер республика экономикасының сырттай қаржыландыруға үлкен тәуелділігі жағдайында қаржыландырылуын қысқартты. Басты назар тікелей шетел инвестицияларын тартуға, сондай-ақ инвестицияландыру үшін ең жоғарғы ашықтыққа бағытталған импорттық саясатты жаңарту арқылы инвестициялық ахуалды жақсартуға аударылды.

Осылайша сол жылдары жүргізілген табысты сауда тепе-теңдігі саясаты макроэкономикалық саясаттың бәсекелесуші мақсаттарының мысалы болып табылады. Шетелге үлкен қарызға батушылыққа жол берілмеуіне қарап, мұны дұрыс саясат деуге болады, бірақ құрал-жабдықтардың үлкен импорты арқылы инвестициялық жұмыстарды жандандыру тұрғысынан қарағанда мұндай саясат экономикаға табыс әкеле алмады. Осы жағдайда сауда тепе-теңдігі ұйымдастырылмаған сауданың көлемінің үлкендігінен келеңсіз сипат алды. Мұндай сауданың басым бөлігін “ұсақ-түйекпен айналысу” мөлшерінде қалып жатты. Ал машиналар мен құрал-жабдықтардың үлес салмағы бүкіл импорттың 15—16%-нен аспады.

Дағдарысты құбылыстардың пайда болуын ескерту мақсатында 1998ж. 20-тамызда Үкімет пен Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы рыноктарындағы орын алып тұрған ахуалдар туралы біріккен Мәлімдеме жариялады. Онда әлемдік қаржы дағдарыстарының, оның ішінде Ресейдегі дағдарыстардың Қазақстан экономикасына кері әсерін азайту бойынша әрекеттердің негізгі бағыттарын келтіру шараларын, айырбас бағамы саясатын, мүддені қолдаудың ресми ставкосын көтеруді, банктердің сырттан қарыз алуы арқылы олардың қаржылық тұрақтылығын қадағалауды күшейтуді қарастырды. Ахуалдың айтарлықтай нашарлауы мүмкіндігіне байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық операцияларды қадағалаудың нақты механизмдерін, құнды қағаздар рыногындағы кіріс көлемін, банктік жүйелерден келетін депозиттердің кері ағылуының алдын алу мақсатында мүддені қорғауға иек артуды, банктердің, беріктігіне қолдау көрсетуді, негізгі ақшалай және валюталық банктік ағымдарға бақылауды күшейтуді қамтитын шетелдердегі әр түрлі алдын-ала болжауды қиын дүрбелеңдерде теңгені қорғау бойынша шаралар белгіледі.

Қазақстан тауарларының бәсекелестікке қабілетін арттыру үшін жағдай жасау мақсатында 1999ж. сәуірде еркін жүзуші айырбас баға саясатына көшу,  1999ж. маусымда сыртқы және ішкі сауданың ұлғаюына игі ықпал ете бастады. 1998 жылға тән  болған экспорт көлемінің қысқару тенденциясы баяулады.

1999ж. сәуір айында өткен теңге девальвациясы валюталардың бағамдық арақатынасын қалпына келтіріп, импорттың қысқаруына алып келді. Сондықтан да 1999ж. маусымда аталмыш кезең бойынша 1998 жылдың басынан бастап ең төменгі деңгейге түсті.

Қазақстан сыртқы саудасының ТМД-дан тыс елдерге құрылымдық бағыт алуы жалғасын тапты. ТМД-дан тыс елдердің экспорт бойынша үлесі 55,6%-тен 66,3%-ке өсті. Ал ТМД елдерімен экспорттың үлесі негізінен Ресейге тауар шығарудың төмендеуі есебінен 1998ж. жылғы 44,4%-тен 1999 жылы 33,7%-ке қысқарды. Ұлттық валютаның айырбас бағамының түсуі Ресейде импорттың орнын отандық құныммен алмастыруға алып келді. Алайда Ресей бұрынғыша Қазақстанның сыртқы саудадағы үлес салмағы тауар айналымының жалпы көлеміне шаққанда 30%-ті құрайтын (1998ж. 34% болған) негізгі әріптестерінің бірі болып қала берді.

Жалпы алғанда бір жыл ішінде және соңғы жылдары тұңғыш рет 1999ж. сауда тепе-теңдігінде оң өзгерістерге қол жетті (сомаға шаққанда 200 млн. АҚШ доллары). Бұған жағдай жасаған нәрселер:

  1. Негізінен 1999 жылдың ІІ-жартыжылдығынан басталған өнеркәсіп өндірісінің ұлғаюымен байланысты экспорттың физикалық көлемінің өсуі. Позитивті илгерілеулер өткен жылдың сәуір айында ұлттық валютаның девальвациялану факторымен байланысты. Бұл фактор материалдың шығындардың өнеркәсіп өнімдерінің өз құнының құрылымындағы арзандаудың есебінен өнеркәсіп іркілістерін төмендетуге жағдай жасады. Сондай-ақ бұл факторлардың қазақстандық өнімдердің әлемдік тауар рыноктарында бәсекелестік қабілетінің деңгейінің көтерілуіне игі ықпал етіп, елдің экспорттық потенциалын пайдалануды күшейтуге игі ықпалын тигізгенін де  айтып өтуге болады.
  2. 1999 жылдың ІІ-жартысында шикізатқа әлемдік бағаның өсуі Қазақстанның негізгі экспорттық өнімдерінің әлемдік тауарлық және энергетикалық рыноктарының конъюктурасын жақсартып, ол өнімдерге экспорттық келісімді бағаның өсуіне ықпал етті.
  3. Теңге девалбвациясына байланысты инвестициялық тауарлардың, сондай-ақ аймақаралық қызмет көрсетуге бағытталған “ұсақ-түйек” саудасы импорты көлемінің бірден қысқаруы да отандық азық-түлік тауарларын өндірушілердің қорғаныс шараларын қолдануының нәтижесі сынды.

Осыған байланысты жоғарыда аталған факторлар 1999 жылғы экспорттың жылдық төмендеу қарқыны тенденциясын 1998 жылмен салыстырғанда 15% құлдыраудан 2% өсімге өзгертті.

Қазіргі сәтте өнім экспортының бағалық көлемінің өсуіне өткен жылдары елеулі ықпал еткен экспорттық энтенсивті сипатын жоғалтуына байланысты келешекте экспорттық өсуі тек жоғары қосымша бағасы бар өнімдер үлесінің арту есебінен болуы мүмкін. Сол себепті елдің сауда жүйесін қалыпқа келтіру шараларымен тығыз байланысты, ел экономикасының маңызды секторын қалпына келтіру қажеттілігі туындайды.

ТМД, Кедендік одақ (КО), Орталық Азия экономикалық одағы (ОАЭО) шеңберіндегі интеграция, екіжақты келісімдер.

Қазақстан Республикасы ТМД, КО, ОАЭО елдерімен тығыз қарым-қатынастарды дамытуды тереңдетіп келеді. 1999ж. ТМД мүше-елдерімен қарым-қатынастарға баса назар аударылды. Осы бағыттағы республиканың алдында тұрған басты міндет бірігіп әрекет ету және ТМД шеңберінде қол қойылған көптеген құжаттарда көзделген барлық нормалар мен ережелерді дәлме-дәл сақтауды қоса алғанда ортақ сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру болды.

Нарыққа теңдей енуді іске асыру және отандық өндірісшілердің іркілістерін азайту мақсатында ТМД, КО аясында табиғи монополистердің қызметтері мен тауарларына тарифті келісіп белгілеу көзделуде. Кедендік Одақ пен Ортақ экономикалық кеңістік туралы  Келісім жобасын іске асыру мақсатында КО-ң мүше-мемлекеттерімен бірігіп 1999—2002 жж. арналған Кедендік одақ қалыптастыру мен Ортақ экономикалық кеңістік құруды қамтамасыз ету бойынша шаралар, Бағдарламасының жобасы дайындалып, келісілді. Бұл Мемлекетаралық Кеңестің қолдануына ие болып, қарауына енгізілді.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы, кейінірек 1994ж. қаңтарды Қырғыз Республикасы қосылған, Ортақ экономикалық кеңістік құру туралы келісім аясында құрылған Орталық Азия экономикалық одағы (ОАЭО) өткен кезеңдердегідей сол жылдары да Келісімнің негізгі ережелерін жүзеге асыру бойынша күрделі интеграциялық қайта қалыптастыруларды басынан өткізді. Бұл қиындықтар ең алдымен экономика дамуының әр түрлі деңгейімен, ОАЭО мемлекеттері экономикасының негізгі салаларының шикізатқа бағытталғандығымен, өзара қарым-қатынастардың саяси сипатының аймақтық интеграцияның экономикалық мақсат қоюдан басым болуымен байланысты.

Қаржылық және технологиялық ресурстар ұлттықэкономикалардың шеңберлерімен шектелген. Ұлттық валюталар өзара үйлесім таппады, ұлттық валюталық рыноктардың мемлекеттік қадағалануына қадамдар келісіліп жасалмады.

Түркменстаннан басқа ТМД елдерінің бәрімен еркін сауда режимі жұмыс істеуде.

Өзбекстанмен “Өндірістік кооперация туралы” келісім күшіне енді. Украинамен сауда-экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасына және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерация арасындағы шекаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

III тарау. СЫРТҚЫ САЯСАТ.

3.1. Сыртқы саясаттың қалыптасуы.

Сыртқы саясат — Қазақстан мемлекеттілігінің ажырамас бөлігі. Біздің еліміздің болашағы көп жағдайда дипломаттардың қаншалықты табысты жұмыс істейтіндіктеріне байланысты десек, артық айтқандық болмайды.

Н.Ә.Назарбаев

Тәуелсіздік пен егемендік алғаннан кейін Қазақстанның алдында өз мемлекеттілігін нығайту мен жетілдіруді қалыптастыру міндеттері тұрды. КСРО-ның ыдырауы планетаның басқа аймақтарына қарағанда негізі жоқ жаңа мемлекеттердің пайда болуына емес, тарихи тамыры терең, бір кездері жоғалтылып алынған мемлекеттіліктің жандануына алып келді. Егемен республикаға көптеген маңызды мәселелерді шешу керек болды: а) бір экономикалық жүйеден екіншісіне көшу; ә) демократия процесін дамыту; б) әлеуметтік және ұлтаралық келісімді сақтау және нығайту; в) сыртқы саяси бағытты айқындау; г) аумақтық тұтастықты сақтау; ғ) заң шығарудың өз дамуының қабылданған үлгесіне сәйкес келу мәселесі; д) жаңа мемлекетаралық ынтымақтастық арқылы интеграциялық процестерді дамыту.

Кеңес Одағының бірден ыдырауы және егемен Қазақстанның құрылуы маңызды мәселелерді шешуді — елді басқарудың жаңа мемлекеттік институттарын құруды талап етті. Ең алдыңғы кезектерде биліктің жоғарғы органдарымен қатар, жас тәуелсіз мемлекеттің толыққанды сыртқы саяси ведомствосын құру, онымен бірге мемлекетіміздің әлемдік қауымдастыққа енуіне байланысты қажетті шарттарды орындау үшін тиісті құжаттар дайындау болды.

Тәуелсіздік алғаннан кейін екі айдан аса уақыттан соң (1992ж. 2 наурыз) Қазақстан Біріккен Ұлттық Ұйымының мүшелігін алды, ал бүгінгі күні БҰҰ-ң 50-ден астам әр түрлі ұйымдары мен бағдарламаларының, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі немесе қатысушысы болып табылады. Олардың арасында: Азия Даму Банкі, ОБСЕ, Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы, Бүкіләлемдік Интеллектуалды Мүлік Ұйымы, Бүкіләлемдік Кеден Ұйымы, Тарифтер мен Сауда жөніндегі Бас Келісім Европалық Қайта құрастыру мен Даму Банкі, БҰҰ-ң Европалық Экономикалық Комиссиясы Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы, Интерпол, МАГАТЭ, Халықара Валюта қоры, Біріккен Ислам Конференциясы, БҰҰ-ң Даму Бағдарламасы, “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы, Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ орталығы, т.б.

Егемендік пен тәуелсіздіктің алғашқы алты жылында Қазақстанды әлемнің 120-дан аса елі таныды. Егемен Қазақстанның жас тарихының алғашқы айларының өзінде Қазақстанмен дипломатиялық қатынас орнатқандардың алдыңғы қатарында АҚШ, Жапония, Қытай, Моңғолия, Ұлыбритания, Франция, және т.б. болды. Жаңа мемлекеттерді танудың екі формасы болғанын айтып кеткен жөн: де-факто және де-юре.

Де-факто түріндегі тану толық емес сипатқа ие. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің құрылу фактісінің өзін мойындай (тани) отырып, басқа мемлекеттердің үкіметтері саяси, экономикалық сипаттағы әр түрлі себептермен онымен дипломатиялық қатынас орнатпайды, бірақ әр алуан қатынастар жасайды, мәселен сауда қатынастары. Қазіргі халықаралық практикада де-факто түріндегі тану жалпы алғанда уақытша сипатқа ие.

Де-юре түріндегі тану дипломатиялық қатынастар орнатуды, екі жақты дипломатиялық өкілдіктер ашуды, екі жаққа да тиімді саяси, экономикалық, мәдени және басқа да байланыстарды дамытуды қарастыратын мемлекетті танудың толық дипломатиялық түрі болып табылады. Дипломатиялық қатынас орнату фактісі екі мемлекет басшыларының жеделхаттарында көрсетіле алады. Ереже бойынша екі жақ осы саяси және тарихи әрекет жайында бірін-бірі ресми түрде хабардар етеді. Достық қарым-қатынастың әрі қарай нығая беруіне тілек білдіреді. Өз жолының бастауында Қазақстан Республикасы Ресейде, АҚШ-та, Қытайда, Түркияда өз елшіліктерін ашты. Артынша Алматыға дипломатиялық өкілдіктер мен шетел мемлекеттері елшілерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдерінің үлкен тобы жетті, республикада шетел фирмалары мен компанияларының өкілдері орныға бастады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 47 елшілік жұмыс істеуде, 13 Халықаралық ұйымдардың өкілдіктері бар, 200-ден аса ірі шетел компаниялары республикада өз оазистерін ашты. Мұның бәрі соз жоқ халықаралық практика негізінде Қазақстанның мемлекеттік протоколын жасап, соған сәйкес қызмет енгізу қажеттілігін тудырды. Бұл туралы келесі әңгімелерде сөз болады. Сондай-ақ Қазақстанның дипломатиялық практикасы, дипломаттар арасында қолданылатын терминология жөніндегі негізгі мағлұматтар жайында да айтылып өтетін болады.

3.2. Қ.Р-ның БҰҰ-ға өтуі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылуы Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижелерінің бірі болды. Ұлттар лигасының орнына пайда болған халықаралық ұйым құру туралы келісімге 1954ж. ақпанда Ялта конференциясында қол жетті. Сол жерде Думбертон Окстағы (АҚШ) 1944ж. тамыз-қыркүйектегі келісім кезінде жасалған ережелерге сәйкес ұйымның Уставын дайындау үшін 1945 жылдың 25 сәуірінде Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Конференциясын шақыру туралы шешім қабылданды. Конференция 1945ж. 26 маусымда қол қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставының мәтінін жасап шығарды. Устав 1945ж. 24 қазанда күшіне еніп, жаңа құрылған Ұйымға оның барлық Мүшелерінің егемендік тездігі принципине сәйкес келешек ұрпақтық соғыс зардабынан құтылуы, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту, ұлттар арасындағы достық қарым-қатынастарды халықтардың тең құқықтылығы мен дербестігі принципін қорғау негізінде дамыту, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде және адам құқықтары мен нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан барлық адамға арналған негізгі бостандықтарды сыйлауды қолдау және  дамытудың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша маңызды да жауапты міндеттері жүктеді.

Ұйымның мақсаттары мен принциптері, олардың жетістіктерінің институционалды механизмдері Уставтың 111-бабында көрсетіледі және қарастырылады. 1945ж. бері 5 ресми  тілде — ағылшын, испан, қытай, орыс, француз тілдерінде жарияланған БҰҰ Уставына Қауіпсіздік кеңесі мен Экономикалық және Әлеуметтік Кеңестің ұлғаюымен байланысты бар жоғы бес рет өзгеріс енгізілді.

БҰҰ-ң басты органдары ретінде бекітілгендер: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық жөніндегі Кеңес, Халықаралық Сот және Секретариат. БҰҰ сондай-ақ бірқатар мамандандырылған мекемелерді қамтиды: Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ), Бүкіләлемдік Пошта Одағы (БПО), Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы (БДҰ), Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Атом эенргиясы жөніндегі Халықаралық Агенттік (САГАТЭ), БҰҰ-н дамыту бағдарламалары (БҰҰБАҒ) немесе Балалар қоры (ЮНИСЕФ), т.б. Үздіксіз әрекет процесінде БҰҰ-ң әр түрлі комитеттері жұмыс істеуде.

Өткен жарты ғасырдан астам уақыт БҰҰ-ң жұмыстарында орын алған кемшіліктер мен қиындықтарға қарамастан қажет әрі өміршең Ұйым екендігін көрсетті. БҰҰ аясындағы ынтымақтастық халықаралық қатынастардың ажарамас бөлігіне айналды. Мемлекетаралық байланыстардың дәстүрлі қалыбын ығыстырмастан БҰҰ мүше елдердің қарауына олардың халықаралық қатынастарының маңызы зор механизмін ұсынды.

БҰҰ-на әлемнің 185 мемлекеті мүше. Бұл ауқымды мәселелерді талқылау және шешу үшін мемлекеттердің жауапты өкілдері жиі бас қосатын жалғыз халықаралық ұйым. Ұйым жұмыстарының кез келгенінің көлемді саяси және қоғамдық маңызы бар, қоғамдық пікірдің қалыптассуына елеулі ықпал етеді.

Екінші дүниежүзілік соғыс өртінен пайда болған БҰҰ дағдарыстар мен қақтығыстардан, “Суық соғыстар”, халықаралық күрделі ахуалдың өріс алуынан, мемлекеттер мен блоктардың ыдырауы мен пайда болуынан туындаған сынақтардың астында қалды. Бірақ сонда да Ұйым қайта тіріліп, бүкіл әлемдегі адамдардың игілігіне көп жұмыс атқарды.

БҰҰ-ң ең маңызды қадамдары мен жұмыстарының нәтижелері туралы сөз қозғай отырып, ядролық соғыс  қаупінің сейілуі, адамзатқа тұтас бейбітшілік жағдайында өмір сүруге мүмкіндік берілуі, апартеидтің отаршылдық жүйесінің күйреуі, бірқатар аймақтық қақтығыстардың тынышталуы сияқты жетістіктерді айта кеткен жөн. Сонымен бірге БҰҰ-ң адам құқығы саласында бірқатар универсалды құжаттар жасап, қабылдаудағы және халыаралық құқық қағидаларын іске асырудағы ролінде баса айтып өту керек.

БҰҰ Бас Ассамблеяның 52-сессиясында  оның Бас Хатшысы болып Гана өкілі — Кофи Аннан сайланды. БҰҰ Бас Хатшысының қызметін әр жылдары Трюгве Ли (Норвегия, 1946—1953жж), Даг Яль-мар Агне Карл Хаммершельд (Швеция, 1953—1961), У Тан (Бирма, 1961—1971), Курт Вальдхайм (Австрия, 1971—1981жж), Хавьер Перес де Куэльяр (Перу, 1981—1989), Бутрос Гали (Испания, 1989—1997) атқарды.

БҰҰ-ң мүшесі бола отырып, Қазақстанның көптеген халықаралық мәселелер, ең алдыңғы кезекте өмірлік маңызы бар мүдделер саласына кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға атсалысуға мүмкіндігі бар. Осылайша өз қауіпсізлігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етіп, халықара бейбіт ахуал құру, оның ішінде еліміз экономикасын реформалау арқылы демократиялық қоғам орнауына жағдай жасайды. БҰҰ мінберінен (БА 47 сессиясында, 1992ж.) Қазақстан тұңғыш рет өзін қауіпсіз әлем құруға, әлемдік тұрақтылықты нығайтуға талпынатын мемлекет ретінде жариялады, сондай-ақ әлем қауымдастығын біздің мемлекетіміз әрекеттерінің басты бағыттары халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік, берік әлеуметтік-экономикалық өсім мен мемлекеттің дамуы мәселелері екендігінен хабардар етті.

Әскери құрылыс

Қазақстанның және басқа да республиканың әскери қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын кеңестік жылдары ортақ және көп ұлтты, қарудың қазіргі заманғы барлық түрлерімен жақсы жарақталған және бөлімдерінен есебінен, экипажынан бастап жоғарғы командалық-штабтық инстанцияларға дейін жақсы дайындықтап өткен КСРО Қарулы Күштері қамтамасыз етіп келген. Олардың өмірлерінде қиындықтар мен проблемалар болды, бірақ оларды жеңуге болатындай көрінді және шындығында да солай еді.

1991 жылғы тамыз Одақтың құлауын теңдетті, ал желтоқсан осы істі соңына дейін жеткізді. Басталап кеткен дербестендіру мен демократияландыру эйфориясында радикалды әскери реформа мәселесі бірінші орынға шығып кетуге шақ қалды. Алғашында оның мәні әскердің партиясыздандырылуы мен саясатсыздандырылуына, құрылымдар мен қару-жарақтық санын қысқарту мен жаңартуға келіп тірелді. Әскери қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынасты гуманизациялау, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын жақсарту туралы да көп айтылды. Дегенмен ең басты мәселе Қарулы күштерді ортақ күйінде, немесе тым болмағанда біріккен қалыпта сақтаудың көзделуінде болды.

Алайда 1991ж. қазанда-ақ Украина, одан кейін Әзербайжан мен Молдавия өз әскерлерін құруға бекінді. Бұған жауап ретінде Президент Б.Н.Ельцин “Ортақ бақылаудағы Егемен Мемлекеттер Достастықтың Біріккен Қарулы Күштері” ымырашылдық идеясын ұсынды. Олардың ядросын ядролық күштерді, ерте қолға түсіру, зымыранға қарсы қорғаныс пен ғарыштық барлау жүйелерін қамтитын стратегиялық күштер құрауға тиіс болатын. Стратегиялық құрамалары жоқ ұлттық күштер де ортақ жедел стратегиялық жоспарлар бойынша жұмыс істейтін және кадрлар даярлаудың, қару-жарақ пен әскерлерді басқарудың ортақ жүйесі бар ортақ басқаруға біріктіріледі.

Ахуалды 1991 жылғы 8 желтоқсандағы Ресей, Украина және Белоруссия президенттерінің КСРО-ның өмір сүруін тоқтату туралы шешімі күрт асқындырып жіберді. 1991 жылғы 21 желтоқсандағы Тәуеліздік Мемлекет Достастығын құру туралы шешімде ортақ әскери-стратегиялық кеңістік пен ортақ басқаруды сақтау және қолдау жөнінде сөз қозғалды. Алайда сол жылы желтоқсанның ортасында-ақ Украина президенті артынша Әзербайжан мен Молдавия прездиенттері өздерін бірқатар стратегиялық күштерден басқа осы республикалардың аумағында орналасқан әскерлердің бас  қолбасшысы деп жариялады. 1992ж. басында ортақ қана емес, сонымен бірге ТМД-ң біріккен Қарулы күштерін құру мүмкіндіктері жойылды. Бұл басқа бұрынғы одақтас республикаларды да егемен әскерлерін құруға мәжбүр етті.

ҚОРЫТЫНДЫ

Өз тәуелсіздігімізді алғанымызға 13 жылдай уақыт өтіп, Қазақстан экономикада әлемдік принциптерін енгізіп, онда маңызды орынға ие болды. Оған дәлел ретінде экономикамыздың даму қарқынын қарастыруымызға болады. Сонымен, қатар өз шешімін күтіп тұрған мәселелер баршылық. Солардың бірі ретінде кіші және орта бизнестегі инновациялық жобаларды несиелендіруді көрсетуге болады.

Кіші және орта кәсіпкерлік Республиканың әлеуметтік-экономикалық жән саяси дамуының маңызды факторы болып саналады. Кіші және орта бизнестің субъектілерінің дамуы көптеген мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Атап өтетін болсақ, кедейшілікпен күрес, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, экономиканың көтерілуі, инновациялық технологияларды ынталандыру және тағы басқа. Экономиканың осы сегментінде мықты ұлттық интелектуалды потенциал инновациялық техникалық ресурстар, венчурлық капитал шоғырланған. Бұлар үлкен бизнесті дамытатын негіз болып табылады. Қазақстандағы жағдайға келетін болсақ, кіші бизнес жалпы ішкі өнімнің 17% - ын құрайды. Мемлекетік бюджеттің 11% - ы осы салада кәсіпкерліктің төлемдерінен құрылады. 2005 жылы ЖІӨ - дегі кіші бизнестің үлесін 30% - ға жеткізу мақсаты қойылды. Қазақстанда кіші бизнес сауда делдалдық және қызмет көрсету салаларында жақсы дамуда. Ал анқты сектор мүлдем дамымай жатыр десе де болады.

ҚР-ның сауда және индустрия министрлігінің мәліметі бойынша кіші және орта бизнеспен өндірілген өнім 3% -ды құрайды. Ал кіші және орта бизнестің техникамен қамтамасыз етілу деңгейі өте төмен.Сондықтан да кіші және орта бизнестің инновациялық техникалық саладағы жаңалықтарды енгізіп жұмыс істеуі өте маңызды. Шағын инновациялық бизнес ерекше орын алып мемлекеттің экономикалық дамуына көп әсерін тигізеді. Олар бірқатар артықшылықтарға ие:

4) Шағын инновациялық кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай экономиканың барлық салаларын қамтиды.

5) Ірі өнеркәсіптер қызметі шектелген және ойлаған қызметі жүзеге асқанымен табысының аз болып тәуекел болғандықтан айналыспайтын салаларда өз мүмкіндіктерін қолдану.

6) Ірі фирмалар ғылыми зерттеулермен тәжірибелерді жүргізілуге мүмкіншілігі әлде қайда көп болса да күрделі басқару пирамидалары себебінен инновациялық процесс баяу атқарылады. Сондықтан да ірі фирмалар сыртқы орта әсеріне икемсіз болып келеді. Ал шағын инновациялық фирмалар сыртқы өзгерістерге тез икемделіп, жауап қайтарып процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті.

7) Шағын фирмалар ірір компанияларға қарағанда ғылыми техникалық зерттеулер нәтижелерін инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпте жылдам енгізеді.

АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қорының зерттеулері бойынша ірі компанияларға қарағанда шағын фирмалар 2,5 есе көп жаңалық ашады, өнеркәсіптегі инновациялардың 50%-ы шағын кәсіпкерлік саласымен жасалынған, ал соңғы өнеркәсіпке енгізу процесі шағын кәсіпкерлікте 1 жылға ертерек іске асырылады. Осының бәрі шағын кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығын арттыра түседі.

АҚШ, Батыс Еуропа елдері, Оңтүстік Кореа және тағы басқа мемлекеттердің кіші кәсіпкерлікті және инновациялық шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясаты мынадай бағыттарды ұсынады: барлық мәселелерді жүйелі шешу; қаржы-несиелік қодаудың мықты және тұрақты нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі; кіші бизнес субъектілерін несиелендірудің мемлекеттік кепілдемесі; аймақтарда кәсіпкерлікті дамыту шаралары, әсіресе, экономикалық нашар дамыған аймақтарда; қаржы-несие және салық саласындағы жеңілдіктер; ірі компаниялар мен кіші бизнес арасындағы корпоративті байайланыстарды күшейту; жаңа технологиялар саласында инновациялық қызметті қолдау; қаржы-несие институттарының дамыған инфрақұрылымы; инновациялық жобаларды несиелендіруде жеңілдіктерді беру.

Қазақстанда тіркелген 135,1 мың кәсіпорынның 70%-ы жұмыс сітеп жатыр, 45%-ы белсенді жұмыс істеп жатқандар, оның ішінде инновациялық шағын кәсіпорындар үлесі 6%-ды құрайды.Олардың көбісі Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан және Қарағандыда шоғырланған. Ал енді осы несие алу көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, банкттердің несиелері көбіненсе сауда, өндіріс және ауыл шаруашылығында шоғырланған.

Қазақстанда 1997 жылы құрылған АҚ «Кіші кәсіпкерлікті дамыту қорының» қатысуымен ЕБРР линиясы арқылы кіші және орта бизнесті несиелендіру жүзеге асуда. ЕБРР өз қызметі барысында 23 мың дана несие берілген. Олардың жалпы мөлшері 160 млн. Долларды құрайды. ЕБРР мен қатар несиелендірудің тағы бір көзі жұмыс істеуде. Бұл Азичлық даму банкінің несиелік линиясы. АРР –дің қарыз беру бағдарламасы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін құралдар мен техниканы сатып алуға және көтерме азық-түлік нарықтарымен және басқа нарықтық инфрақұрылымдарды жасуға арналаған. Сонымен қатар, Қарағанды облысында «Кәсіпкерлікті дамытуы мен қолдаудың қоғамдық қоры» жұмыс істейді. Әрине кіші және орта бизнесті несиелендірудің мұндай жолдары болғанымен кестеде (1) көрсетіп отырғандай бұл жолдар жеткіліксіз болып табылады. Бұл беріліп жатқан несиелер көлемі нақты экономиканың дамуына жергілікті емес. Бұл көрсеткіш негізінен 3-4 есеге үлкен болып ЖІӨ-нің 50-70%-ын құрау керек. Ал қазіргі таңда кіші және орта бизнесте ұзақ және қысқа мерзімді несиелер 10,2% құрайды.

  1. Банк несиелерінің қымбаттығы (20-23%)
  2. Несиені берудің ұзақ мерзімі
  3. Банктерде ұзақ мерзімді несиелік ресурсьардың жеткіліксіздігі.
  4. Несиені қамтамасыз етуге қатаң талаптардың қойылуы
  5. Банктердің жоғары өндірістік тәуекелдерімен жұмыс істемеуі.

Бұл жағдай әрине кіші бизнесті несиелендіруде тәуекелдің өте жоғары болуымен байланысты болып келеді. Кіші және орта бизнесті несиелендіру аз уақытқа және қамтамасыз ету мүмкін кепілдемесі тез өтімді болмауы және тәжірибеде несиелік ресурстардың құнсыздануын банк пайыз көрсеткішіне қосуына байланысты пайыз мөлшері жоғары болып келеді. Бұл мәселені шешу үшін ең алдымен банктердің тәуекелдерін төмендету жолдарын қарастыру керек:

- Бар қаржылық институттарды тарту арқылы орталық несие – кепілдемелік қоғамды құру. (Кіші кәсіпкерлікті қолдау қоры және Қазақстан даму банкі) Әрине, бұл құқықтық жағынан бірқатар өзгерістерді жасауды қажет етеді. Ортақ несиелік – кепілдеме қоғамын аукционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектелген серіктестік ретінде құру ұсынылады. Алайда, Даму банк немесе ККҚҚ арқылы қамтамасыз етілген мемлекет үлесі жарғылық капиталдың  51%  құрауы керек. Қалған құжаттарды ашылуы көзделген регтоналды кіші кәсіпкерлікті қолдаудың ұйымдары ұсынады. Облыстар мен Астана, Алматы қалаларына бір ұйымнан барлығы 16. Бұл ұйымдар экономикалыцқ бірлестіктер, шаруашылық кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялар, зейнетақы қорларыболуы мүмкін. Қазақстанда жарғылық капиталы 6 млн. евро (1 млрд. теңге) болатын несиелік кепілдемелік қоғам құрылуда. Сонымен қатар, 4 млн. евроны құрылтайшылардың пайыссыз, қайтарымсыз салымдары құрайды. Бұл қаражат кепілдеме ретінде келісім шартпен байланысқан бір немесе бірнеше депо-банктерде («кепілдемелік қорлар» - банктер, бұларда қоғамдастықтың қаражаттары орналастырылады) банктің өз қаражаттары есебінен немесе несие линиясы бойынша алынған қаражаттар есебінен қысқа, орта, ұзақ мерзімді несиелерді беру мақсатында банктерде сақталады. Бір жылдан бес жылға дейнгі мерзімде әрбір несие алушыға берілген несие көлемі 150 000 евродан аспау керек. Бар кепілдемелік қамтамасыз етуді шегергеннен кейінгі несиені қайтармау тәуекелінің 80%-ын несиелік кепілдемелік қоғам 20%-ын депо банктер көтеру керек. Бастапқы кезеңде несиелік кепілдемелік қоғамның кепілдемелік міндеттемесі 100%- ға банктердің негізгі пайыздық тәуекелін жабу керек. Нәтижесінде, кіші және орта бизнестің инновациялық жобалардың қаржыландыру мүмкіндігі артады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношением. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алма-Ата, 1993. №2.
  2. Валовой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев - М.: Молодая гвардия, 1993.
  3. Владимирова Л.П. Прогнозирование и татрование в условиях рынка. - М. Дашков и К, 2000.
  4. В. Клаус. Десять заповедей чешасой реформы: // Известия. 1994. 5 апреля.
  5. Казахстанская правда, 1997. 25 декабря.
  6. Деловая неделя. 1997. №12,
  7. Государственное регулирование экономики / Под общ. ред. д.э.н. проф. В.И.Кушлина и д.э.н., проф. Н.А. Волгина. — М.: Экономика, 2000.
  8. Государственное регулирование рыночной экономики / Под.ред. Петрова Р.П. СПб, 1999.
  9. Джкевич А.К. К осмыслению опыта экономического развития Япоти // Российский экономический журнал. 1992. №10.
  10. Елемесов P., Жатканбаев Е. Государство и рынок: Учебное пособие. — Алматы: Каржы-Каражат, 1997.
  11. Есиркепов Г.А. Приватизация государственной собственности в Республике Казахтан в условиях перехода к рынку. — Алматы, Уни-верситет «Туран», 1999.
  12. АльПари. 1997. №10.
  13. Вопросы экономики. 1990. №5.

Похожие материалы