Бизнес - қоғамдағы көңіл-күй мен моральдық деңгейді тез қабылдап алатын орта. Бизнес қоғам ұсынып отырған кез келген "стимулға" тез әсер етіп отырады. Өкінішке орай, тәуелсіздік жылдары Қазақстан мықты орта топ құра алған жоқ. Адамдардың көпшілігі кедейлік деген санатта қалып қойды. Бұл сапасы мен өндіріс орнына қарамастан тек арзан тауар алу керек деген ұғымды қалыптастырды. Нәтижесінде көпшілік кәсіпкерлер сапалы емес арзан тауар өндіруге немесе әкелуге үйреніп алды. Қоғам сапасына емес бағасына ғана назар аударатын болса, барлық кәсіпкерлер тауардың арзан болуын негізге алады. Бұл өндірушілердің тұтынушыларды алдап, түрлі қулық жасауына әкеліп соқтырады.
Бизнес үшін "өндір, алып кел және қалай қаласаң солай қызмет" деген мотиватор бизнес үшін дұрыс емес. Біздің жаңа стимулымыз "сапалы тауар өндір, саған барынша максималды моральдық және қаржылай қолдауға ие боласың" деген тәрізді болу керек. Сондықтан сапалы тауар өндіретін кәсіпкерлерді қолдау өте маңызды. Бұл ұлт денсаулығы, моральдық денсаулығы және ұлт қауіпсіздік үшін өте маңызды.
Бизнес үшін екінші қате мотиватордың бірі - егер сенің көп қаржың болса, біз сені сыйлаймыз. Сенің оларға қандай болғаның маңызды емес. Мен бұл мотиваторды қоғам үшін өте қауіпті, кейде этикаға сай емес қылық тудыратын құбылыс деп білемін. Кәсіпкерге оның немен айналысатыны және қалай ақша табатындығы маңызды болмай қалады. Қызғаншықтық осыдан пайда болады. Қоғам үшін қосымша қаржы бөлу, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру да аз болады. Сондай-ақ, осы мотиватор шенеуніктер арасында жемқорлық тәрізді құбылысты тудырады. Бұл мотиватор жастарымыздың барлық ниетін шектеп, оларды теріс жолға бұрады.
Бізге "қоғамға пайда келтіру қоғамның сыйластығына тең" деген жаңа мотиватор керек. Біздің ұстанымымызды пайдалану саласы өте көп. Бірақ барлығына жүгірсек, біз ешнәрсе істей алмаймыз. Сондықтан тек алғашқы екі мотиваторды түзеуге үйренуіміз қажет. Активі мен қаржысына қарамастан қоғамға пайда келтіретін барлық адамдарды құрметтеу қажет. Фейсбуктен бастап барлық жерге бұл идеологияны таратуымыз қажет. Әсіресе, журналистерге қатысты. Пайда әкелетін адамдардан көбірек интервью алыңыз. Дәулетті адамның әрбір қадамын жариялап отыруды тоқтатыңыз. Оның қаржысын қалай жұмсағанына емес, қалай тапқанына назар аударыңыз. Жастар мен кәсіпкерлерге жаңа кейіпкер табыңыздар. Біз өзіміз де және өзгелерді де өзгерте аламыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024