Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Павлодар билігі мен ҚХР бірлескен инвестжобаларды іске асырмақ

Павлодар билігі мен ҚХР бірлескен инвестжобаларды іске асырмақ

Павлодар облысының билігі Қытаймен бірлесіп 5 инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр деп хабарлады аймақ әкімі Қанат Бозыфмбаев.

"Бұл жобалар: электролиз зауытын кеңейту (екінші кезек); 3-4 өңделімдегі алюминий өнімінің өндірісі (дисктер, фольга және т.б.); екі энергоблок құрылысы; Екібастұз құмынан күн тақталарын өндіру; нейлонды алу мақсатында химикаттарды (диаминді) өндіру және дақылдарды өңдеу", - деп мәлімдеді ол сәрсенбі күні халық алдында берген есебінде.

Қазақстан тарабы қытайлық серіктестерді экологиялық нормаларды сақтауға және осы жобаларды, сондай-ақ келешектегі жобаларды іске асырған кезде жергілікті жұмыс күшінің жұмылдыруға көбірек көңіл бөлуге шақырып жатыр.

Әкім Павлодар облысының инвестициялық белсенділігі артқандығын атап өтті. "2014 жылдың ішінде негізгі капиталға 348 млрд теңге тартылды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 19,3%-ға артық", - деді Қ.Бозымбаев.

 

Похожие материалы