Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Павлодарда қоқыс өңдейтін зауыт іске қосылады

Павлодарда қоқыс өңдейтін зауыт іске қосылады

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz — "Павлодар" АЭА аумағындағы қалдықтарды қайта өңдеу зауытының құрылысы 150 млн теңгені құрайды.

Өңірлік индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлауынша, нысан 2019 жылдың IV тоқсанында пайдалануға беріледі.

"Инвестор жобаны өз қаражаты есебінен жүзеге асырады. Инвестицияның жалпы көлемі 100-150 млн теңгені құрайды. Оның қуаттылығы - жылына 15 мың тонна, кейін 30 мың тоннаға дейін қоқыс көбейеді", - деді ведомствода.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп, әкімшілік-тұрмыстық кешеннің құрылысы басталды.

Сонымен қатар, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының деректері бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) кәдеге жарату көлемі 2018 жылы 52 мың тоннаны құрады.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Арман Қожахметовтың айтуынша, Қазақстанда ҚТҚ сақтаудағы апатты жағдай қалыптасты. Бүгінгі таңда елімізде 3,5 мың қоқыс тастайтын жерлер мен ҚТҚ полигондары пайдаланылуда. Оның 82,4% экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келмейді.

Похожие материалы