Жақында да ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекет тұтынушылық несиелері бар адамдардың банк алдындағы борыштарын өтеді, сондай-ақ өсімпұл мен айыппұлдарды кешірді. Алайда, шара бірреттік екенін ескерсек, онда әрбір адам қарызын өзі өтеуге қабілетті болуы керек екенін түсінікті. Көп жағдайда адамдар қаржылық сауаттылықтың жетіспегенінен және ақшаны басқара алмағандықтан қарыздан шыға алмайды. Негізінде, нақты іс-әрекет жоспары болса, бір емес, тіпті одан да көп борышты өтеуге болады. Осы ретте 7kun.kz қарыздан құтылуға көмектесетін бірнеше кеңесті ұсынады.
Қарызыңыздың мөлшерін біліңіз
Кімге және қанша қарызыңыздың барын нақты білетін болсаңыз, онда мәселені шешуге алғашқы қадам жасалады. Сондай-ақ, бұл борышыңызды басқаруға көмектеседі. Төмендегі көрсетілген пунктерді толтыра отырып, қарыздарыңызды жазыңыз:
- Қарыз берушінің немесе компанияның аты;
- Борыштың нақты сомасы;
- Әрбір кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме;
- Әр қарыз бойынша ең төменгі ай сайынғы төлем.
Сонымен қатар, несие картасының үзінділері де қарызыңызды толық өтеу үшін қанша ай төлем жасайтыныңызды көрсетеді. Оны да тізімге қосып қойыңыз.
Мүмкін болса, пайыздық мөлшерлемелерді төмендетіңіз
Жоғары пайыздық мөлшерлемелермен сіздің борышыңыз өте тез өседі, ал бұл оның өтелуін баяулатады және қиындатады. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету тәсілдерінің бірі - қаражатты басқа банктің несие картасына аудару (әрине, кредиттік рейтингіңіз мүмкіндік берсе). Ол банктегі несие бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен болуы керек.
Пайыздық мөлшерлемені төмендетудің басқа жолы – тікелей қарыз берушіге немесе несие картасын пайдаланатын компанияға қоңырау шалу және төмендетуді сұрау. Егер олардың бұрыннан келе жатқан және жақсы клиенті болсаңыз, сіздің адалдығыңыз үшін алғыс ретінде өтінішіңізді орындауы мүмкін.
Сондай-ақ, шоңырландыру тәсілін пайдалансаңыз болады: барлық несие карталары бойынша төлемдерді төмен пайыздық мөлшерлемемен бір төлемге біріктіріңіз. Дегенмен, есте сақтаңыз, ұзақ мерзімді қарыз жылдар бойы төлем жасайсыз дегенді білдіреді, ал бұл сізге көп шығын әкеледі.
Ай сайынғы жалпы төлемді есептеңіз
Жоғарыдағы тізімді қайта ашыңыз. Әрбір несие карталары бойынша барлық ай сайынғы төлем сомасын және басқа да қарыздарды қосыңыз. Шыққан сома - ай сайын міндетте түрде төлейтін қарызыңыз. Егер ай сайынғы төлемді есептей алмасаңыз — несие калькуляторын қолданыңыз. Есеп үшін: несие сомасын, несие мерзімін және пайыздық мөлшерлемені енгізу қажет.
Толық әрекет жоспарын жасаңыз
Ай сайынғы жалпы төлем сомасының көлемін білгеннен кейін, оны өтеу қаншалықты мүмкін екенін анықтаңыз. Егер жағдайыңыз қарызды төлеуге жетпесе, келесі қадамдарды ойластыру үшін банкроттық мәселелер бойынша адвокатпен немесе кредиттік кеңес беру агенттігіне хабарласыңыз.
Ал төлем жасауға қабілетті болсаңыз және бюджеттегі қажетсіз шығындарды қысқарта алсаңыз, келесі әрекеттерді орындаңыз:
- Бірінші болып өтелуі тиіс борышты таңдаңыз. Ең алдымен, несие картасының қарызын төлеуге назар аудару керек, өйткені бұл жағдайда пайыздық мөлшерлемелер, студенттік несиелер, автокредиттер және ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жоғары болады. Несиелік карта бойынша немесе ең жоғары пайыздық ставкасы бар кез келген қарызға басымдық беріңіз және оны төлеуге ақшаның көп бөлігін бағыттаңыз.
- Ең аз қалдықтарды автоматты түрде барлық басқа қарыздарға төлеу параметрін қолданыңыз.
- Әр айда мүмкіндігінше сомасы көп қарыздарды төлеуге тырысыңыз.
- Бірінші кезектегі қарызыңыз өтелгеннен кейін, тағы біреуін таңдап алып, соған көңіл бөліңіз. Жоғарыдағы қадамдарды барлық борышыңызды өтегенше қолданыңыз.
Әрекетіңізді бақылаңыз
Ай сайынғы төлемнің барысын бақылау маңызды. Осылайша, өзіңіздің мақсаттарыңызды қадағалап отырғаныңызға көз жеткізіп, баяу, бірақ дұрыс бағыт алғаныңызды түсінесіз. Әрбір борыштың өтелуіне мән беру керек. Төлемді өтеу процесінде сізге төмендегі міндеттерді жүктеледі:
- Кредиттік рейтингіңізді үнемі бақылауда ұстаңыз, сол арқылы оның жақсарғанын көре аласыз. Кредиттік рейтинг - қаржылық әлеуетіңіздің көрсеткіші.
- Мүмкін болса, балансты басқа қолайлы картаға көшіріңіз немесе несиені шоғырландырыңыз.
Осы іс-шаралар жоспарын қатаң ұстанатын болсаңыз, өзіңізге және отбасыңызға қарызсыз өмір сүруге тез жол ашасыз. Егер өсімі көбейген борышты төлеуге қосымша қаражат керек болса, көбірек жұмыс істеуге тура келеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024