Ұлттық Банкте қаржылық реттеушінің қаржы секторымен және халықпен белсенді коммуникациялар саясатының шеңберінде өткізілетін Қазақстанның сараптамалық қоғамдастығының өкілдерімен кезекті кездесуі болды. Бұл туралы банктың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Ұлттық Банктің өкілдері реттеушінің базалық пайыздық мөлшерлемені +/-1% пайыздық мөлшерлемелер дәлізімен ағымдағы 15% деңгейінде сақтау туралы шешіміне түсініктеме берді. Қаржы нарығының сарапшыларына ҚРҰБ жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты бойынша, сондай-ақ базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдаған кезде есепке алынған факторларға түсініктеме берілді. «Базалық мөлшерлемені 15%-ға дейін төмендеткеннен және пайыздық дәлізді тарылтқаннан кейін 2016 жылғы 6 мамырда ақша-кредит жағдайларының біршама жұмсаруы байқалады. Өтімділіктің құрылымдық профицитінің ұлғаюы байқалып отыр, ол валюталық депозиттердің теңгелік депозиттерге ауысуы есебінен, сондай-ақ фискалдық факторлардың есебінен орын алып отыр», - деп атап өтті ҚР ҰБ Монетарлық операциялар департаментінің директоры Ә. Молдабекова сарапшылар алдында сөз сөйлеген кезде. Оның айтуынша, қазіргі уақытта банк жүйесіндегі өтімділіктің артық ұсынылуы салдарынан ақша нарығындағы мөлшерлемелер пайыздық дәліздің төмен шегіне жақын. ҚР ҰБ Зерттеулер және статистика департаментінің директоры В. Тутушкин базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылданған кезде ортамерзімді перспективаға арналған бағалаумен кезекті болжамдық раундтың нәтижелері ескерілгенін хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстанның экономикасына кешенді талдау және ортамерзімді перспективаға – 2017 жылғы 4-тоқсанға дейін болжамды жүзеге асыру орындалды. «Болжамдық раунд үш кезеңнен тұрады, оларда қысқамерзімді, ортамерзімді болжамдар, сондай-ақ ақша-кредит саясатының ортамерзімді перспективадағы жауап қатуы ұсынылады. 3-ші кезеңнің соңында алынған нәтижелер негізінде базалық пайыздық мөлшерлеме бойынша шешім қабылданады», - деп түсіндірді В. Тутушкин. В. Тутушкин халықтың инфляциялық күтулерінің тақырыбын да қозғады. Олар, Ұлттық Банк өкілінің пікірінше, іс жүзінде өзгерген жоқ. «Келесі 12 айда инфляцияның жеделдеуін немесе оның ағымдағы деңгейде сақталуын күтетін пікіртерімге қатысушылардың үлесі 37,7%-ды (сәуірде – 37,1%) құрады, яғни өзгерістер пайыздың оннан бір бөлігінде байқалады» - деген статистиканы келтірді. - Теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамына қатысты айтатын болсақ, 2016 жылғы сәуірден бастап пікіртерім жүргізілген адамдардың 40%-ында пікірі өзгерген жоқ, олар бағам тұрақты болады не нығаяды деп есептейді. Теңгенің айырбастау бағамының әлсіреуін күтетін адамдардың үлесі 2 есеге жуық (қаңтардағы 66,8%-дан мамырдағы 33,8%-ға дейін) қысқарды. Өз кезегінде, шақырылған сарапшылар өткізіліп отырған кездесулердің іс жүзіндегі пайдасын бағалады. Осындай іс-шаралардың ақпараттылығын және көтеріліп жатқан тақырыптардың өзектілігі туралы экономист Расул Рысмамбетов айтты. Ол сондай-ақ қаржылық реттеушіге деген сенімді нығайтуға мүмкіндік беретін, жұртшылықпен ашық сұхбатты реттеудің және қолдаудың қажеттілігін атап өтті. «Қазақстанның банк секторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ашықтыққа және ақша-кредит саясатының түрлі бағыттары бойынша сараптамалық қоғамдастықпен тұрақты сұхбатты қолдауға дайындыққа бағдарланған бағытты қолдайды. Мұндай тәсіл қаржылық реттеушінің іс-қимылдарының алдын ала болжамын арттырады, ал бұл, өз кезегінде, Ұлттық Банк пен нарыққа қатысушылар арасындағы сенімнің өсуіне ықпал етеді, сондай-ақ белгісіздік деңгейін төмендету есебінен ақша нарығындағы мөлшерлемелер деңгейін тұрақтандыруға апарады» - деп атап өтті «HalykBank» АҚ және «Bank RBK» АҚ тәуелсіз директоры – директорлар кеңесінің мүшесі Әнуар Сәйденов. Astana Best Consulting Group бас экономисі Арман Байғанов Ұлттық Банктің мемлекеттік құрылымдардың ішінде бірінші болып ай сайынғы негізде сарапшылармен дөңгелек үстелдер ұйымдастыратынын атап өтті. «Бұл аса жағымды қадам. Осы кездесулердің нәтижесінде қаржы саласындағы кейбір үдерістер, реттеушінің бастамалары басқаша қабылданады. Олар түсініктір әрі қолжетімді болады. Бұл осыдан кейін біздің негізгі кәсіби қызметімізде көрінетін болады», - деп толықтырды ол.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024