Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге ресейлік астық заңсыз экспортталған. Заңсыз сұр схеманы Қаржы мониторингі агенттігі Павлодар облысы бойынша департаменті анықтады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«ЖШС 2021-2022 жж. 1 млрд теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға экспорттады», – делінген хабарламада.
ҚМА мәліметінше, қазақстандық компания жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруа қожалықтарынан астықты қазақстандық екенін растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған.
«Бұл транзиттік тарифтен жалтарып, «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС-не 150 теңгеге жуық сомасында залал келтіруге әкеп соқты», – делінген хабарламада.