Қазақстан қаңтар мен ақпанда мұнай өндірісін ОПЕК келісіміндегі көлемнен асырып жіберді
Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz – Қазақстан 2019 жылдың қаңтар және ақпан айларында ОПЕК+ мәмілесі бойынша мұнай өндірудің белгіленген шегінен тәулігіне 20 мың баррельге асып түсті, - деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
«2019 жылдың екі айында жалпы өндіру 15,2 млн тоннаны құрады, орташа тәуліктік өндіру 257,6 мың тоннаны немесе 1,88 млн баррельді құрады», - делінген ведомство хабарламасында.
«Қазақстанның ОПЕК алдындағы міндеттемелері тәулігіне 1,86 млн баррельді құрайтынын ескере отырып, онда ауытқу тәулігіне 20 мың баррельді құрайды, бұл Қазақстан ОПЕК-те өз міндеттемелерін сақтап қалуға тырысатынын көрсетеді», - деп қосты Энергетика министрлігінде.
Бұған дейін Қазақстан 2018 жылдың қараша айынан бастап тәулігіне 40 мың баррель мұнай өндіруді қысқартуға міндеттеме алды. Осылайша, мұнай өндіру тәулігіне 1,86 миллион баррельден аспауы тиіс.
Хьюстондағы журналистерге берген сұхбатында Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев наурыз айында өндірістің айтарлықтай төмендеуіне байланысты ел ОПЕК-ке байланысты өз міндеттемелерін орындайтынын айтты.
«Наурыздан бастап біртіндеп шамамен 200 мың баррельге дейін төмендейді, ал наурыз айында OPEC+ мәмілесін жүзеге асырамыз, сәуір айында 2,5 еседен асады. Қашағандағы жөндеу жұмыстары 45 күнге созылатын болады», - деді ол.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024