Нығматулин Ерлан Зайроллаұлы – 1962 жылы 31 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1983 жылы - Қарағанды кооператив институтын экономист мамандығын тәмадаған.
Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін бітірген.
Ғылыми атақтары:
Экономика ғылымдарының кандидаты. 1999 жылы "Әлемдік экономиканың жаһандану және дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның инвестициялық саясатының басымдықтары" атты дессертацияны қорғаған.
Еңбек жолы:
1983-84 жылы - Жезқазған облыстық сауда басқармасының ревизоры болды.
1984-1990 жылдары - Жезқазған асхана және рестораңдар трестінің директоры лауазымына тағайындалды.
1990-1991 жылдары - Облыстық сауда басқармасының сауда-саттық базасының директоры болып қызмет етті.
1991-1993 жылдары - «Жезқазған түсті металл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің жұмысшыларды жабдықтау бөлімінің бастығы болды.
Балқаш қалалық сауда бөлімінің директоры қызметінде жұмыс істеді.
1993-1998 жылдары - "Ерқанат" сауда үйінің директоры болып тағайындалды.
1998 жылдары - «Пульс» ЖШС-нің директоры болды.
1999 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі II-III-IV шақырылымының депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.
2011 жылы - Қазақстан Парламентінің Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелігіне кірді.
1999-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
2011-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде қызмет етті.
Қоғамдық қызметі:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі.
Америка Құрама Штаттары Конгресімен ынтымақтастық тобының мүшесі.
Әзірбайжан Республикасы Милли Меджилисімен (Ұлттық Жиналысы) ынтымақтастық тобының мүшесі.
Марапаттары:
- «Шапағат» медалі
- 2006 жыл - «Құрмет» ордені
- 2008 жыл - «Достық» ордені
- бес медальмен марапатталған.
- Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы мен Приозерск қаласының Құрметті азаматы
- 2011 жылы - РФ Мемлекеттік Думасының құрмет грамотасы
Еңбектері:
"Инвестиция и инвестициялық саясат" (1999) кітабының және бірқатар жарияланымдардың авторы.
Отбасы:
Әкесі - Зайролла Гершанұлы Нығматулин.
Әйелі -Серикбаева Бақыт Карибекқызы, 1962 жылы дүниеге келген.
Балалары: Малика - 1982 жылы туған.
Мәдина - 1984 жылы туған.
Кәрім – 1995 жылы туған.
Активтері:
Нығматулин Ерлан - "Вираж Сервис Қарағанды" ЖШС, "Auto logistic Қарағанды" ЖШС, "Qaz Qarbon" ЖШС, "Кварцит" тау-кен компаниясы, "Shygys Ondirisi" ЖШС, "ЭКО ГлобалИнвест" ЖШС, "Ұлытау Нан" ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы. "AgroCapital" ЖШС, "Тренд Капитал" ЖШС, "Trend Плюс" ЖШС, "YDD Corporation" ЖШС, "Тобыл Нан" ЖШС, "Сарыарқа Нан Қарағанды"ЖШС-де үлесі бар.
Бизнесмен - "Атамекен" ҰКП Төралқа мүшесі, ҚР ІІМ жанындағы полиция қызметін бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі.
Дереккөз: forbes.kz, kk.wikipedia.org, online.zakon.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024