Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Ерлан Нығматулин

Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Ерлан Нығматулин

Нығматулин Ерлан Зайроллаұлы – 1962 жылы 31 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Білімі:

1983 жылы - Қарағанды кооператив институтын экономист мамандығын тәмадаған.

Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін бітірген.

Ғылыми атақтары:

Экономика ғылымдарының кандидаты. 1999 жылы "Әлемдік экономиканың жаһандану және дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның инвестициялық саясатының басымдықтары" атты дессертацияны қорғаған.

Еңбек жолы:

1983-84 жылы - Жезқазған облыстық сауда басқармасының ревизоры болды.

1984-1990 жылдары - Жезқазған асхана және рестораңдар трестінің директоры лауазымына тағайындалды.

1990-1991 жылдары - Облыстық сауда басқармасының сауда-саттық базасының директоры болып қызмет етті.

1991-1993 жылдары - «Жезқазған түсті металл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің жұмысшыларды жабдықтау бөлімінің бастығы болды.
Балқаш қалалық сауда бөлімінің директоры қызметінде жұмыс істеді.

1993-1998 жылдары - "Ерқанат" сауда үйінің директоры болып тағайындалды.

1998 жылдары - «Пульс» ЖШС-нің директоры болды.

1999 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі II-III-IV шақырылымының депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2011 жылы - Қазақстан Парламентінің Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелігіне кірді.

1999-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

2011-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде қызмет етті.

Қоғамдық қызметі:

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі.
Америка Құрама Штаттары Конгресімен ынтымақтастық тобының мүшесі.
Әзірбайжан Республикасы Милли Меджилисімен (Ұлттық Жиналысы) ынтымақтастық тобының мүшесі.

Марапаттары:

  • «Шапағат» медалі
  • 2006 жыл - «Құрмет» ордені
  • 2008 жыл -  «Достық» ордені
  • бес медальмен марапатталған.
  • Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы мен Приозерск қаласының Құрметті азаматы
  • 2011 жылы - РФ Мемлекеттік Думасының құрмет грамотасы

Еңбектері:

"Инвестиция и инвестициялық саясат" (1999) кітабының және бірқатар жарияланымдардың авторы.

Отбасы:

Әкесі - Зайролла Гершанұлы Нығматулин.

Әйелі -Серикбаева Бақыт Карибекқызы, 1962 жылы дүниеге келген.
Балалары: Малика - 1982 жылы туған.
Мәдина - 1984 жылы туған.
Кәрім – 1995 жылы туған.

Активтері:

Нығматулин Ерлан - "Вираж Сервис Қарағанды" ЖШС, "Auto logistic Қарағанды" ЖШС, "Qaz Qarbon" ЖШС, "Кварцит" тау-кен компаниясы, "Shygys Ondirisi" ЖШС, "ЭКО ГлобалИнвест" ЖШС, "Ұлытау Нан" ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы. "AgroCapital" ЖШС, "Тренд Капитал" ЖШС, "Trend Плюс" ЖШС, "YDD Corporation" ЖШС, "Тобыл Нан" ЖШС, "Сарыарқа Нан Қарағанды"ЖШС-де үлесі бар.

Бизнесмен - "Атамекен" ҰКП Төралқа мүшесі, ҚР ІІМ жанындағы полиция қызметін бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі.

            Дереккөз: forbes.kz, kk.wikipedia.org, online.zakon.kz

Похожие материалы