Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандықтар 290 келі алтын сатып алды

Қазақстандықтар 290 келі алтын сатып алды

Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz — Қазақстандықтар екі жыл ішінде 8 мыңға жуық алтын құймасын сатып алды. Бұл туралы Ұлттық Банкте хабарланды.

Ақпаратқа сәйкес, 2017 жылдың 31 мамырынан бастап 2019 жылдың 12 сәуіріне дейін банктер жалпы салмағы 266 кг болатын 6,9 мың өлшеуіш құймаларды іске асырды.

Сонымен қатар, айырбастау пункттері 2018 жылдың 30 қарашасынан бастап қазақстандықтарға 24 кг салмағы бар 882 алтын құймасын сатты.

«Халық үшін тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату және сатып алу бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап 2019 жылдың 12 сәуіріне жалпы салмағы 290 кг болатын 7,8 мың өлшеуіш құйма іске асырылды. Ең танымалы салмағы 10 грамм болатын құймалар», - деп атап өтті Ұлттық банкте.

Қадағалау ведомствосында, құймалардың құны қымбат металдар нарығына қатысушылардың Лондон қауымдастығы (LBMA) бір трой унция үшін белгілеген доллардағы алтынның таңертеңгі фиксингіне, сондай-ақ теңгенің Америка валютасына қатысты ресми бағамына байланысты екенін атап өтті. Баға күн сайын өзгереді.

Айта кетейік, Ұлттық Банк елдің алтын-валюта резервтеріндегі алтын қорын 356,3 тоннаға дейін ұлғайтты.

Похожие материалы