Экономика
"Қорғас-Шығыс қақпалары" ЕЭА осы жылдың қыркүйегінде толық пайдалануға беріледі
"Қорғас-Шығыс қақпалары" еркін экономикалық аймағы 2016 жылдың қырқүйегінде пайдалануға беріледі. Бұл туралы Ұлттық қордан "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында бөлінетін бюджеттің қалыптасуы мен жұмсалуын бақылайтын мәжіліс комиссиясының отырысында "Самұрық-Қазына" қорының басқарма директоры Нұрлан Рахметов мәлімдеді.
Оның мәліметінше, "Самұрық-Қазына" индустриалды инфрақұрылымның екі жобасын іске асырмақ. Біріншісі: құны 83,3 млрд теңге болатын, 2014-2016 жылдарға жоспарланған "Қорғас-Шығыс қақпалары" ЕЭА (еркін экономикалық аймақ) инфрақұрылымының құрылысы, екіншісі - "Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технопарк" ЕЭА инфрақұрылымының құрылысы. Құны 215,5 млрд теңге, 2014-2018 жылдарға жоспарланған."Қорғас-Шығыс қақпалары" ЕЭА-ның жалпы құны 83,3 млрд теңге, олардың ішінде 36,8 млрд теңгесі республикалық бюджетке тиесілі, 46,5 млрд теңге ҚТЖ-ның өз қаржысы. 2020 жылы ЕЭА толық қуаттылығын орындамаған уақытта да жүк өңдеу көлемі жылына 4,4 млн тоннаны құрайды. Инфрақұрылым құрылысы кезінде 939 жұмыс орны құрылады, ЕЭА жұмысын бастағанда 10 мың жұмыс орны болады деп жоспарланып отыр. ЕЭА құрғақ порттан, логистикалық және индустриалды аймақтан тұрады", -деп түсіндірді Н.Рахметов.
Ал екінші жобаға республикалық бюджеттен 201,9 млрд теңге бөлу қарастырылып отыр. Олар инфрақұрылымға жұмсалады. Өзге 13,6 млрд теңге операторды қамтамасыз етуге арналған ағымдағы шығындары жұмсалады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024