Мәскеу қор биржасында еуро мен доллар құны көтерілді. Мұнай бағасы құлдырап, геосаясаттың шиеленісуі барысында 15 қыркүйектен бері доллар бағамы алғаш рет 67 рубльден асты.
Сейсенбі күні Еуразиялық Сауда Жүйеде (ЕСЖ) АҚШ доллары 67,09 рубльге дейін көтерілді (соңғы жабылу сәтініндегі көрсеткішке +48 тиын). Еуро курсы 71,295 рубльге жетті (+41,5 тиын). Бивалюталық қоржын 68,98 рубльді құрады. Доллар мен еуроның нығаюына мұнай бағасының төмендеуі әсер етті. Brent маркалы мұнай индексінің фьючерстері лондондық биржада 44 доллардан төмен бағада саудаланып жатыр. Бұдан бөлек, қатысушылар геосаясаттық белгісіздіктерден қорқады. Сәрснбі күні, НАТО-ның бас хатшысы, Йенс Столтенберг Украинаның шығысындағы жанжалдың қайта өршіп кетуінен қорқатынын мәлімдеді. Фото: ntv.ruПохожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





